Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 18:14, лекция
«Табиғатты пайдалану» ғылыми ұғым ретінде алғаш рет ғылыми әдебиеттерде 1958 жылы КСРО Географиялық қоғамының біріккен отырысында пайда болды және онда «табиғатты пайдалану» ұғымының аясына қоршаған табиғи ортаны пайдаланудың барлық түрі, оның ішінде таби,ат ресурсатрын пайдалану, оларды қорғау мен қайта қалпына келтіру процестері де қосылады делінген.
Әлеуметтік-экономикалық факторлар пайдалы қазбаның маңыздылығын және халықшаруашылығы үшін одан алынатын өнімге деген сұраныспен қамтамасыздандыру ережесі және белгілі бір пайдалы қазбаға деген жаңа кен көзін игеру қажеттігін көрсетеді. Халықшаруашылығының минералды шикізаттың белгілі бір түріне деген сұранысы кен орнының халықшаруашылықтық маңыздылығы сипаттайды. Ол өнеркәсіп саласының соған сәйкес даму болашағын оның минералды шикізат қорымен қаншалықты қамтамасыздандырылғандығы негізінде қойылады. Осы мақсаттағы қазба кен орнын бағалауда сол қарастрылып отырылған шикізат қорының балансымен, сонымен қатар өндірістің балансы және одан алынатын дайын өнімді тұтыну қарастырылады.Оларды жергілікті аудандық, республикалық масштабта жалғайды. Нәтижесінде бір-бірімен бәсекеге түсетін кен орындарын немесе кен орындарының топтарын анықтап, бағалау процесінде игеруге арналған алдыңғы кезектегі нысандар алынады. Сонымен қатар минералды шикізаттың жаңа түрлерін пайдалану мүмкіндігін және шикізатты алмастыратын жоспарларды іске қосу, кен орнын игеру технологиясын жетілдіру, өңдеу және пайдалы қазбаны пайдалануды ескеру қажет.
Тау-кен – геологиялық факторларға пайдалы қазба кен орнының баланстық қорын, пайдалы және зиянды компоненттердің құрамын, морфологиясын, минералды шикізаттың технологиялық қасиетін, кен орнын игерудегі тау-кен-геологиялық жағдайды сипаттайтын маңызды мәліметтер жатады.
Тау-кен-геологиялық факторлар тау-кен өндірістік кен орнының игерілу мерзімін, игерудегі тау-кен техникалық жағдайын, пайдалы қазбаны өңдеудің технологиялық схемасы мен онан алынатын дайын өнімді алдын ала анықтайды. Кен орнының тау-кен-геологиялық сипаттамасы неғұрлым жақсы болса, соғұрлым кен орны бағалы болады.
Минералды шикізат кен орнының экономикалық тұрғыдан бағалауда пайдалы қазба қорының сандық және сапалық сипаттамаларының маңызы зор. Пайдалы қазбаның сапалық сипаттамасына оның химиялық, физикалық, техникалық және технологиялық қасиеттері жатады. Олардың арасында көбінесе пайдалы қазба кен орнының құндылын анықтайтын минералды шикізаттарға пайдалы және зиянды компоненттердің құрамы болып табылады. Минералды шикізаттардың технологиялық қасиеті оның құрамына және минералдардың пайдалы компоненттермен зияны қосылыстардың таралуы мен мөлшеріне байланысты. Бұл қасиеттер минералдық шикізатты өндірудің экономикалық қажеттілігінің керектігімен мүмкіндігін оны байытудың технологиясын анықтайды.
Экономикалық-географиялық факторлар кен орны орналасқан ауданның табиғи және экономикалық жағдайн сипаттайды. Оларға кен орны орналасқан ауданның қаншалықты игерілгендігі, жергілікті құрылыс материалдарының болуы, еңбек ресурстармен еркін қамтамасыздануы, электр энергиясын су және транспорттық жағдайы, әр түрлі материалдық ресурстармен қамтамасыздандырылуы, өнімді тұтынушылардың қаншалықты қашық жатуы, жергілікті жердің климаты, жер бедері және т.б.с.с. жатады. Бұл факторлардың барлығы минералды шикізат кен орнының өнеркәсіптік игерілуін қиындатады немесе қолайлы жағдай туғызады.
Қазақстанда мекендейтін жабайы аң, құстар.
Зоология деректері бойынша ХХ ғасырдың басында Қазақстан жерінде жабайы аңдар мен жануарлардың 250-ге жуық, құстардың 800-дей түрі мекендеген. Қазіргі уақытта аңдар мен жануарлардың – 150, құстардың 300-ге тарта түрі ғана қалған.
Кәсіптік маңызы бар тұяқты аңдар саны: қарақұйрық – 540 мың; бұлан – 3700; қабан – 9000; марал – 18000; елік – 25000; таутеке – 18000. Бұлардың аулауға болатын шегі: бұланның – 10-20%-ы; қабанның – 50%-«ы, маралдың – 10-15%-ы; еліктің - 20%-ы, таутекенің – 10-15%-ы, қарақұйрықтың жылына – 75-120 мыңы ауланады,
Аң етін даярлау жұмысын дұрыс жолға қойғанда қазіргіден екі есе артық өнім алуға болады.
Терісі бағалы аңдардың 24 түрі ауланады. Оның ішінде: суыр, байбақ, саршұнақ,ақ тиін, құндыз, қасқыр, қорқау қасқыр (шакал),түлкі, т.б.
Республикада аң терілерін дайындауға 2-3 есе арттыруға мүмкіндік бар. Құстарды қорғау үшін олардың тіршілік ету ортасын сақтау қажет. Қорықтар,қорықшалар ұйымдастыру маңызды. Елімізде тұқымы жойылып бара жатқан сирек кездесетін жануарлар «Қызыл кітапқа» енгізілген. Онда жойылу қаупі төнген омыртқалы жануарлардың 18 түрі, олардың 7-еуі сүтқоректілер, құстардың 8 түрі , балықтың 3 түрі жазылған. Сонымен қатар «Қызыл кітапқа» сирек кездесетін жануарлардың 69 түрі тіркелген.
Арнайы қорғалатын территориялар
Өсімдіктер мен жануарларды, табиғат және мәдениет ескерткіштерін қорғау үшін қорықтар, қорықшалар, ұлттық парктер және ерекше қорғалатын территориялар ұйымдастыру аса маңызды. Мұнда олардықорғаумен қатар, ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Қазақстанда ұйымдастырылған қорықтар: Ақсу-Жабағылы (1926ж.), Алматы (1931ж.), Наурызым (1934ж.), Қорғалжын (1958ж.), Марқакөл (1976ж.), Барсакелмес (1939ж.), Үстірт (1984ж.), Батыс Алтай (1992ж.), Алакөл (199 ж.).
Елімізде ұйымдастырылған 59 қорықша бар, оның 39-ы зоологиялық, 17-сі ботаникалық,, 1-еуі ботаника-геологиялық, 2-еуі кешенді.Олар – 5762 мың га жерді алып жатыр.
Елімізде 5 табиғат паркі бар: Қарқаралы, Іле Алатауы, Бурабай,Алтын Емел. 25 табиғат ескерткіштері бар. Республикада 85- тен астам емдеу-сауықтыру мекемелері жұмыс істейді.
Қазақстанда орман қорының жері 21,2 млн. га, оның ішінде ағашты алқап – 9,1 млн.га. Орманнан жылына 2,0-2,4 млн,м3 ағаш даярланады, ал есептелген кесуге болатын шамасы 3-3,5 млн м3-ге жетеді. Еліміз жылына 11 млн. м3-ге жуық ағаш өнімдерін тұтынады. Қазақстанда ормандар негізінен табиғат қорғау қызметін атқарады.
1 га орман тәулігіне 220-280кг көмірқышқыл газын сіңіріп, 180-200 кг оттегін бөліп шығарады.
Информация о работе «Табиғатты пайдалану мәселелері» пәні бойынша дәрістер