«Табиғатты пайдалану мәселелері» пәні бойынша дәрістер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 18:14, лекция

Краткое описание

«Табиғатты пайдалану» ғылыми ұғым ретінде алғаш рет ғылыми әдебиеттерде 1958 жылы КСРО Географиялық қоғамының біріккен отырысында пайда болды және онда «табиғатты пайдалану» ұғымының аясына қоршаған табиғи ортаны пайдаланудың барлық түрі, оның ішінде таби,ат ресурсатрын пайдалану, оларды қорғау мен қайта қалпына келтіру процестері де қосылады делінген.

Содержимое работы - 1 файл

лекция прородпольз 3 курс (2).doc

— 96.00 Кб (Скачать файл)

 

Дәріс № 11-12. Жер ресурстарын экономикалық-географиялық бағалау және оның критерийлері.

 

Құн заңына сәйкес жер өзгерісінен жаңа құн тудырмайды. Топырақ құнары әртүрлі жерлерге бірдей еңбек жұмсалған болса онан түскен өнімнің мөлшеріне (санына) қарамай құны бірдей болуы керек.

Топырақ құнарлығы жаңа құн тудырмайтын болса, ол қосымша баға да әкелмейді, яғни жер рентасына айналатын қосымша табыс та жоқ. Ал шындығында, жердің  құнарлығынан қосымша өнім, сол арқылы қосымша табыс, рента алынады. Бұл жерде біз құн мен тұтыну құнының, тауардың құны мен бағасының қайшылықтарын көреміз. Осы қайшылықтарға сәйкес үш түрлі жағдай болуы мүмкін.

  1)Тауардың бағасы құнына сәйкес, яғни тауардың бағасы оған жұмсалатын еңбектің мөлшерімен анықталады. Олай болса, еш жерде қосымша ақшалай табыс жоқ..

  2)Баға тұтыну құнына сәйкес анықталады, яғни тұтыну құны тек тауарлар еңбектің шығындалу мөлшеріне қарамастан тең бағаланады. Мұнда тауарды аз еңбек жұмсап өндіретін болсақ, қосымша пайда – рента аламыз.

  3) Баға тауардың құны мен тұтыну құнының аралығындағы шама.Бұл реттелмеген базар нарығында болатын жағдай.

              Баға тұтыну құнына сәйкес белгілегенде әртүрлі жердің өнімділігі әр түрлі болғандықтан бірдей өнімге еңбектің жұмсалу шамасы да бірдей емес, сондықтан жер рентасы пайда болады.

              Жерді әр түрлі мақсатта пайдаланғанда бір белгіге сүйеніп бір әдістеме бойынша бағалау керек пе, болмаса әр түрлі бағалана ма – деген сауалдар қарама-қарсы көзқарастар тудыруда.

              Бір ғалымдар жердің бағасы әрқашан бірдей және бір белгіге қарап бір әдіспен анықталады десе, екіншілері – ауыл шаруашылығында пайдаланғанда балл көрсеткіші бойынша бағаланады, ал оны басқа мақсатқа алғанда абсолюттік бағалау қолданылады дейді.

Алғашқылары мынадай дәлел келтіреді. ауыл шаруашылығында жерді салыстырмалы бағалау жеткілікті  және оны техникалық-экономикалық есептеулерде қолдануға жарамайды, ал жер басқа мақсатқа алынғанда ғана ақшалай құнын анықтау қажет.

Қазіргі күнде жерді ренталық қағида бойынша, дифференциалдық  рентаның негізінде бағалау туралы ізденістер жүріп жатыр.     

 

Дәріс №13 Орман ресурстарына жалпы сипаттама.

              Ұзақ жылдар бойы орман қорын экономикалық бағалау жүргізілмей келеді. Мұның себебі 1-шіден орман рентасын мойындамау болса, 2-шіден өздігінен өскенорман ағаштарына адам еңбегі шығындалмағандықтан, оның құны жоқ деп есептелінеді. Осы қағидадан шыға отырып, жалпы орманның бағасы жоқ, бірақ жеке тұлғаларға ағаш кесуге берілгенде бағасы таксасы) бар болды.

Орман орналасқан жердің ағашынан басқа, орман ішін аң-құстар мекендейтін болғандықтан, дәрілік т.б.  құнды өсімдіктер қоса өсетіндіктен, оның эстетикалық және сауықтыру қасиеттерін ескеріп бағалаған жөн. Бұлай бағалау мынадай қажеттіліктерден туындайды:

А) Орман қоры – ұлттық байлық;

ә) орман шаруашылығындағы материалдық өндірістің жеке салас,яғни орман ағаштарын өсіріп, халық шаруашылығының басқа да салаларын қажетті ағаш (целлюлоза, картон, қағаз, ДСП, ДВП, жасанды талшық пластмасса, жем, спирт, қайың шырыны, ашытқы, глюкоза, т.б.) материалдармен қамтамасыз етеді;

Б) Орман жерлерінің географиялық, табиғи климаттық жағдайына байланысты оны өнімділігі де әр түрлі;

В) Орман шаруашылығын жүргізудегі барлық шығындар олардан алынатын өнімдерден толық қайтарылуы тиіс, ал дифференциалдық рента орман иесіне тиесілі болуы шарт;

Г) Орманды өсіру, қорын арттыру, тиімді пайдалану сияқты шаралар экономикалық тұрғыдан ынталандырылуы қажет және орман қорын бүлдіріп, өртке жол беріп, басқа да зиян келтірушілер заңды жауапкершілікке тартылады.

Жалпы орман ағаштарынэкономикалық бағалау, орман ағаштарына такса белгілеу басқа табиғи ресурстарынан бұрын басталды. Орманды экономикалық бағалау жүргізгенде ондағы ағаш қоры мен орман өскен жер екеуі екі бөлек бағаланып келді. Кез-келген бағалау, атап айтқанда экономикалық бағалау шығындар мен нәтижелерді салыстыру арқылы жүргізіледі. Осы нысандардың негізінде экономикалық бағалаудың бірнеше әдістері белгілі болды.

1.       Орташа алынатын пайда бойынша, оның ішінде:

а) таза  пайдамен немесе

ә) жалпы түсетін пайда мөлшерімен.

2. Нақты пайда мөлшерімен, оның ішінде:

а) Аймақтағы сұранысты есепке алып,

ә) Дайындалған ағаш санына қарай.

3. Орман шаруашылық пайдасын ауыл шаруашылық пайдасымен салыстырып бағалау.

Орман қорын экономикалық бағалауда оның бірнеше жоғарыда атап өтілген ерекшеліктері ескерілуі қажет.

Орман ағаштарын отырғызып, оны баптап, қорғауға ұзақ жылдар кетеді де уақыт тұрғысынан алғанда оған жұмсалған шығын бірден емес, бірнеше жылдан кейін қайтарылады, яғни ағаштың пісіп жетілуі ескеріледі. Орман орналасқан жердің бедері де алуан түрлі болып келеді. Оның үстіне орманда әртүрлі ағаштар өседі. Ормандар негізгі тасымалдауға қажет жол магистралдарынан әртүрлі қашықтықта орналасады. Осы жағдайларды ескере отырып, орман қорын экономикалық бағалауда оның потенциалдық өнімділігіне сүйену қажет.

Орман қорын бағалағанда оны тек материалдық ресурс ретінде бағалау жеткіліксіз, оның табиғат қорғау қызметі де бағалануы тиіс. Бірақ, бір қиыншылығы ағаш қорына байланысты орманның экономикалық тиімін нақты есептеуге болатын болса, оның экологиялық құндылығы дәл өлшеуге келмейді.

Осы аталған ерекшеліктер орман қорын ренталық қағида негізінде экономикалық бағалаудың мүмкін екенін көрсетеді. Шығын мен нәтиженің уақыталшақтығын ескеру үшін ерекше дисконттау тәсілі қолданылады. Орманды тиімді кешенді пайдаланудағы алынатын барлық потенциалдық экономикалық, экологиялық, әлеуметтік тиімдерді, яғни орманның халықшаруашылық құндылығының ақшалай өлшемін орман қорының экономикалық бағасы деп айтамыз.

              Орман қорын бағалау дегенде ондағы өсіп тұрған ағаштармен бірге орман орналасқан жер, қосымша және жанама өнімдер, орманның атқаратын экологиялық қызметтерін бірге қосып бағалау деп ұғыну қажет.

              Орман бағалаудағы халықшаруашылық тиім орманның барлық қызметтері бойынша орман өнімдерінің кадастрлық бағасы немесе шеткі шығын мен дербес шығындардың айырмашылығымен анықталады. Шеткі шығын орман алқаптары бойынша белгіленеді. Шеткі шығын шамасы орман алқаптарының атқаратын негізгі қызметіне сәйкес анықталады. Шеткі шығын өсіп тұрған ағаш қорын (кесілген ағаты емес) бағалауға қолданылады. Сондықтан бұл шығын тек қана орман өсіруге, күтіп баптауға, қорғауға кетеін шығындардан құралуы тиіс.

 

         Дәріс №14  Су ресурстарына жалпы сипаттама.

Су ресурстарын экономикалық бағалаудың мақсаты: суды тұтынатын өндіріс кәсіпорындарын тиімді орналастыру, суды ластанудан қорғау, ысырапсыз үнемді пайдалануға экономикалық тұрғыдан ынталандыру механизмдерін жетілдіруді және ұлттық байлық құрамында есептеуді көздейді.

Жалпы табиғат ресурстарын пайдалану тиімділігін анықтау үшін оның табиғи қасиеттерін, экономикалық-географиялық орналасу жағдайын таңдау қажет. Ол үшін алдымен, табиғат ресурстарын игеруге байланысты қоғамдық қажетті шығындарды анықтау қажет болады. Ең жоғарғы деңгейдегі қоғамдық қажетті шығындар шеткі шығындар деп қабылданған.

Су ресурстарын экономикалық бағалау үшін осы шеткі шығын шамасы қолданылады.Су ресурстары көп жағдайда оқшау орналасуына байланысты аумақтың су тапшылығын немесе жеткілікті болуын қалыптастырады. Сол себепті шеткі шығын шамасын ауданның, аймақтың су алаптары бойынша белгілеу керек.

Суға шеткі шығын шамасын оптималдық су шаруашылық баланстар негізінде анықтайды. Су пайдалануда, жүргізілетін экстенсивтік және интенсивтік шаралармен қатар  басқа да мүмкін боларлық жолдары қарастырылады.

Экстенсивтік шаралар дегеніміз бұл пайдаланылатын су көлемін арттыру, баланстың кіріс жағын көбейту. Мәселен, Қазақстанда игерілмеген су көзі қалмағандықтан экстенсивті жүргізілетін шаралардың мүмкіндігі шектеулі.

Қазіргі күнде интенсивтік шаралар басым. Оны мындай жүргізілетін шаралардан байқауға болады, яғни суды үнемдеу, ысырабын азайту, суды аз тұтынатын немесе суды мүлдем тұтынбайтын технологияларды қолдану, суды қайта тазартып пайдалану.

Су ресурстары өзен-су жүйесінде қалыптасады. Бұл жүйеге өзендер мен өзен асты суларды қоса барлық су шаруашылық объектілерін  (су қоймалары, құдықтар, каналдар және т.б.) қамтитын су бөлуді, реттеуді жүзеге асыратын су алабы жатады. Бұл жүйеде су ресурстары пайдалану талабына сәйкес сапасы мен саны сәйкес келтірілгенде жүйенің өніміне айналады. Су ресурстары өнім ретінде қарастырылғанда оған қойылған талаптың ішінде судың сауықтыру (Сарыағаш минералды суы), табиғи түзеуші  (орман қорғау) сияқты қасиеттері де қарастырылады.

Өзен суы жүйесінің пайдалануға болатын ресурс деп  оның белгіленген қажеттілікті өтейтін орташа жылдық көлемін түсінеміз.

Өзен алабында дербес су шаруашылық баланстары бар бірнеше су айрықтар немесе су шаруашылық аудандары болуы мүмкін. Олардың әрқайсысындағы шеткі шығын бір-біріне тәуелсіз дербес айқындалады. Өзеннің  төменгі сағасындағы шеткі шығын оның бастауына қарағанда төмендеу болады.

     Су шаруашылық баланстарын түзегенде судың сапасын да түзеген жөн. өйткені судың сапасын сақтау, жақсарту су қорғау шараларына едәуір қаржы бөлуді талап етеді. Сол себепті шеткі шығын шамасында судың сапасын белгілі деңгейге жеткізу шығындарының шегі  болып табылатын шығындар қоса есептелуі тиіс. Шеткі шығын шамасын бегілегенде бұл принципті ұстану өте маңызды. Себебі ол жергілікті су ресурстарын  үнемдеуге сәйкес келеді. Осыған байланысты шеткі шығын құрамында су көздерінде суды пайдалануға даярлау, сапасын талапқа сәйкестендіру, шеткі шығындарды есептеу арқылы суды дәлірек бағалауға болады.

     Су ресурстарын ренталық бағалау әдісі бағалаудың басқа әдістеріне қарағанда өзінің артықшылығының басымдылығымен ерекшеленеді. Ренталық қағидада тиімнің дифференциалдық және ренталық сияқты екі категориясы бар.

Дифференциалдық тиім ол табиғат пайдалануда ысырапты азайтатын, экологиялық таза жаңа техника-технологияны пайдалану, жұмысты дұрыс ұйымдастыру арқылы еңбек нәтижесін арттыру, жеке  табиғат пайдаланушы кәсіпорынның дербес шығыны қоғамдық қажетті шығындардан азаятын жағдайда пайда болады. Мұндай тиімділік, басқа табиғат пайдаланушы кәсіпорындар осындай жаңалықтарды пайдаланғанға дейін  ғана болады, оданк кейін жоғалады. Сол  себепті де бұл тиім тұрақсыз, әрі рентаға айнала алмайды. Оны су ресурстарын пайдалануға байланысты алуға болатын тиімнен көруге болады. Мұнда әсіресе өзен жүйелерінде көптеген факторларға байланыстф тиімдер өте үлкен шамада ауытқиды. Мысалы өзенде су мол болған жылы тиімді көбірек алуға болады. Бірақ ол рента емес,  рента табиғи факторға байланысты тұрақты болады.

Рентаны анықтаудың басты принципі нақты ресурсты пайдаланғанда алуға болатын  халық шаруашылығына ең жоғары тиімді анықтағыш болуға тиіс. Осыған байланысты су пайдаланудың рационалды режимін қамтамсыз ететін, су тұтынуды азайтатын, табиғат ресурстарын ең тиімді пайдалану бағыттары қарастырылуы керек. Бұл тек табиғат пайдалану саласымен ғана шектеліп қалмайды. Ол салааралық сипатта және барлық салаларда үйлесімді іс-әрекет жасауы тиіс.

Қазіргі күнде суды көп пайдаланатын өндірістерді сусыз технологиямен ауыстыру үшін оның барлық мүмкіндіктерін салыстырмалы түрде жан-жақты қарастыру қажет. Мысалы қара металлургияда сусыз технологияны қолдана бастағаннан кейін, суды пайдалану азайғанымен, есесіне өндірістің басқа шығындары арта түсті. Сондықтан барлық шығынның ең аз шамасына сәйкес келетін су тұтыну шамасын анықтау қасиеттігі туындайды.

Қазақстанда 2174 үлкен-кіші өзен бар. Өзен бұлақтарды қоса есептегенде 85 мыңға жетеді. Мысалы: Ертіс,сырЖайық, Есіл өзендерінің әрқайсысының ұзындығы 1000 км-ден асады. Барлық өзендерден жылына 102 млрд. м3 су ағып өтеді.

Қазақстанда жер асты су қоры – 45 млрд. м3. одан жылына 750 млн м3 су алынып пайдаланылады. Болашақта пайдалануға болатын су қоры шамамен 53 км3.

Көлдердегі тұщы су қоры 57 км3, ал ащы суды қоса есептегенде 190 км3. Арал, Каспий теңіздерінен басқа 48 мыңнан астам көл бар. Су бетінің (акватория) аумағы 45 мың км2. Оның ішінде аумағы 1 км2-ден аспайтын шағын көлдер жалпы санының 94%-ын, ал аумағының 10%-ын алады. Аумағы 100 км2-ден асатын көлдер 21 – жалпы ауданы 27 мың км2. Республика аумағында көлдердің орналасуыбіркелкі емес.

Алтай, Сауыр, Жоңғар, Теріскей, Күңгей, Іле Алатауларында 2700-дей мәңгі мұздықтар бар.Олардың жалпы су қоры 95 км3. Жылына олар 2 км3 су береді.

Су ағыны маусымдық реттеп отыратын су бөгендеріндегі су қоры 48 км3. Бөгендердің жалпы саны 180-нен астам.

Жылдық атмосфералық жауын-шашын суының көп жылдық орта шамасы 662 км3.

Су қорын пайдалануда пайдаланып – тұтыну және пайдалану ұғымдары бар.

Су пайдалану  ұғымында су көзінен бөлініп алынбайды. Мысалы: суда балық өсіру, су тасымалы, энергия өндіру, климат түзеу, демалыс сауықтыру үшін пайдаланылады. Өнеркәсіпте, егіншілікте, коммуналдық шаруашылықта ауыз суға су тұтынылады,бұл кезде су көзінен су бөлініп алынады.

Қазақстанда  соғы жылдары су тұтыну жылына 83 млрд. м3-ге жетті, оның ішінде тікелей  су тұтыну 44%,40%-ға су тұтынуды қамтамасыз етуге жұмсалады. 16%-ы ысырап болады.

 

Дәріс №15. Минералдық шикізат ресурстары бағалау ерекшеліктері.

Минералдық шикізат ресурстарының кен орындарын халықшаруашылығындағы құндылығы геологиялық, географиялық, тау-кен техникалық және халықшаруашылықтық факторлармен анықталады. Бұл факторлардың барлығы шартты түрде 3 топқа біріктірілген: әлеуметтік-экономикалық, тау-кен геологиялық және экономикалық-географиялық.

Информация о работе «Табиғатты пайдалану мәселелері» пәні бойынша дәрістер