Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 13:44, доклад
Көптеген елдердің ғалымдары ерте кезден бері Жер шары және ондағы табиғат жағдайлары туралы алуан түрлі мәліметтер мен нақты деректерді жинақтады. ХЫХ ғасырдың соны мен ХХ ғасырдың басында осы мәліметтерді талдау мен қорытындылаудын нәтижесінде географиялық қабық туралы ілімнің негізі қаланды. Географиялық қабық туралы ілімнің қалыптасуында, әсіресе А. Гумбольдт, В. В. Докучаев және В. И. Вернадский енбектерінің маңызы зор болды.