Қарағанды
Көмір Алабы
Қарағанды Көмір Алабы – Сарыарқадағы тас
көмір және қоңыр
көмір кендері шоғырланған алқап. Қарағанды
облысыныңсолтүстігінде орналасқан, Қарағанды
қаласының төңірегіндегі 3600 км2 аумақты қамтиды.
Ұзындығы 120 км, ені 35 – 50 км. Абсолюттік
биіктігі 540 – 650 м. Қарағанды Көмір Алабы
құрылымдық жағынан Қарағанды квазисинклинорийінің
батыс бөлігінде орналасқан. Алап Алабас
антиклиналі мен Майқұдық көтерілімі
бойынша үш ірі (батыстан шығысқа қарай): Шерубайнұра,Қарағанды және Жоғарғы Соқыр синклинальдарына
бөлінеді. Олар өз кезегінде ұсақтау мульдалар
мен антиклинальдардан тұрады. Жоғарғы
Соқыр синклиналіндегі палеозой құрылымдары
қалың юра тысымен жабылған. Қарағанды
Көмір Алабы қабылданған геологиялық-өндірістік
аудандау бойынша төрт көмірлі ауданға
бөлінеді: Тентек пен Шерубайнұра – алаптың батыс бөлігінде, Қарағанды
– орталықтарында және Жоғарғы Соқыр
– шығысында. Қарағанды алабының көмірін
алғаш 1833 ж. жергілікті қойшы Байжанов
Аппақ ашқан, оның өндірістік бағамын
1920 ж. А.А.
Гапеев бастап жүргізген зерттеулер анықтады.
Содан бері Қарағанды Көмір Алабы үздіксіз
зерттеліп келеді. (Г.Ц.
Медоев, Г.Л.
Кушев, М.В.
Голицын, Л.Ф.
Думлер, И.В.
Орлов, М.Ә.
Ермеков, т.б.). Қарағанды Көмір Алабы жекелеген
аудандарының зерттелу дәрежесі әр түрлі.
Ең толық зерттелгені – Қарағанды ауданы
Ал Шерубайнұра ауданының орталық бөлігі
мен Тентек ауданының солтүстік бөлігі
түбегейлі барланған. Алаптың оңтүстік
бөлігі мен Жоғарғы Соқыр ауданы толық
зерттелмеген. Қоңыр көмір Қарағанды ауданындағы
Дубовка кен орнының «Орталық» телімі
мен Жоғарғы Соқыр ауданындағы «Күмісқұдық»
телімінде барланған. Қарағанды Көмір
Алабы геология құрылысына Жоғарғы девон, тас
көмір, юра және кайнозой түзілімдері қатысады. Алаптың іргетасы
негізінен девонның жанартаулық және
жанартаулық-шөгінді жыныстарынан құралған.
Өнімділіктілері – тас көмір және юра
түзілімдері. Жалпы қалыңдығы 4000 м шамасындағы
тас көмірлі түзілімдері көмірлігі, литол.
құрамы, фаунасы, т.б. белгілері бойынша
жеті шоғырға (свитаға) бөлінеді (төменнен
жоғары қарай): көмірсіз төменгі визелік
аққұдық (қалыңдығы 500 – 700 м), көмірлі төменгі
және орта визелік ащылыайрық (585 – 600 м),
Жоғарғы визе-серпухов жікқабаттарындағы
өнімді қарағанды (695 – 755 м), көмірсіз қарағанды
үсті (450 – 550 м), орта тас көмірлік өнімді
долинка (450 – 550 м) мен көмірлі тентек (520
– 560 м), Жоғарғы тас көмірлік шахан (350
м). Бұл шоғырлар негізінен сұр түсті аргиллит, алевролит, құмтас, тас
көмір қабаттары мен қабатшаларынан, туфқұмтас, туффит және күлді туфтың сирек жұқа қабатшаларынан
тұрады. Тентек шоғырында конгломерат
горизонттары кездеседі. Қарағанды үсті
және шахан шоғырларында түрлі түсті тау
жыныс қабатшалары бар. Алаптың өнеркәсіптік
көмірлілігі тас көмір және юра түзілімдерімен
байланысты. Тас көмірдегі жоғары өнімді
қарағанды, долинка және көмірлі ащылыайрық,
тентек шоғырларынан тұратын қат-қабатта
80 көмір қабаты мен қабатшалары бар, олардың
жиынтық қалыңдығы 87 м. Орташа алғанда
жиынтық қалыңдығы 40 м болатын 30 жұмыстық
қабаттың баланстық көмір қоры есептелген.
Көмір қабаттарының орташа есептік қалыңдығы
ащылыайрық және тентек шоғырлары үшін
1,0 – 1,2 м, ал қарағанды және долинка шоғырларында
1,6 – 1,7 м. Көмір қабаттары 1200 м тереңдікке
дейін барланған. Қарағанды Көмір Алабы
тас көмірінің петрографтар құрамы күрделі.
Өнімді қат-қабат қимасында көмір қабаттарының
сапасы төменнен жоғары қарай жақсарып,
жылтыр және жартылай жылтыр көмір түрлерінің
мөлшері артып, жартылай күңгірт және
күңгірт түрлері азаяды. Алап ауқымында
көмір аймақтық метаморфталуға шалдыққан.
Көмір метаморфталуының дәрежесі алапта
оңтүстік бағытқа қарай артады: солтүстік
бөлігінде ІІ – ІV сатыдағы, ал оңтүстігінде
– ІV – VІ сатыдағы көмірлер таралған.
Метаморфталу дәрежесі көмірдің элементтік
құрамын да анықтайды. Қимада төмен қарай
метаморфталудың артуына байланысты заңдылық
бойынша көмірдегі көміртек мөлшері тентек
шоғырының қабаттарында 84 – 86%-ға, ащылыайрық
қабаттарында 87 – 90%-ға дейін артса, сутек
мөлшері тиісінше 5,1 – 5,4%-дан 4,5 – 5,0%-ға
дейін азаяды. Оттек пен азоттың мөлшері
тентек көмір қабаттарында тиісінше 4
– 7 және 2 – 3%, ал ащылыайрық қабаттарында
4 – 6 және 1 – 2%. Көмірдің күлділігі қима
бойынша жоғары қарай ащылыайрық және
қарағанды шоғырларының төменгі қабаттарында
29 – 44%, қарағанды шоғырының негізгі бөлігінде
20 – 37%, долинка шоғырында және тентектің
төменгі жағында 16 – 27%. Көмірдің жанғыш
массаға шаққандағы орташа жылу бөлгіштігі
8100 – 8700 ккал/кг, төменгі көрсеткіші 4500
– 6700 ккал/кг. Күкірт мөлшері бойынша көмір
аз күкіртті (1,5%-ға дейін) және орташа күкірттіге
(1,5 – 2,5%) жатады. Көмірдегі фосфордың мөлшері
біршама көп 0,01 – 0,13%, байытылғаннан кейін
ол 20 – 30%-ға азаяды. Ұшпа заттардың шығымы
8 – 32%. Көмірдің барлық маркалары кокстеуге
жарамды, бірақ күлділігінің төмендігіне
байланысты қарағанды мен долинка шоғырларының
қабаттарынан ғана кокстелетін көмір
өндіріледі. Қарағанды Көмір Алабы пайдаланудың
кен-геол. жағдайлары біршама күрделі,
ол көмір қабаттары мен жапсарлас тау
жыныстарының сулану дәрежесімен, орнықтылығымен
және газдылығымен анықталады. Кен қазбаларына
су жиналу мөлшері Қарағанды ауданында
3 – 12 м3/сағ, Шерубайнұра мен Тентек аудандарында
25 – 60 м3/сағ, ал тектоник. жарылымдарда
150 – 250 м3/сағ-қа жетеді. Көмір қабаттарын
тікелей жабатын тау жыныстары көбінесе
орнықсыз. Алаптың газсызданған тереңдігі Қарағанды мен Шерубайнұра аудандарында 60 – 170 м, Тентек ауданында
250 – 350 м. Газсызданған белдемнен төмен
жатқан қабаттарда газдану дәрежесі күрт
артып, 25 – 30 м3/т-ға жетеді, газ негізінен
метаннан тұрады. Өндірілген көмір өз
бетінше жануға қабілетті. Шахталардың
барлығы шаңдылық пен силикоз бойынша
(бос кремнезем 10%-дан асады) қауіпті. Геотермикалық
градиент 1,2 – 2,2°С/100 м. 1000 м тереңдікте
темп-ра әр түрлі телімдерде 20 – 32°С аралығында.
Құрамында қоңыр көмірі бар юра түзілімдері
Қарағанды және Жоғарғы Соқыр ойпаңдарын
толтырған. Олар көмірлілігі мен литол.
құрамының сипаттамасы бойынша төрт шоғырға
(төменнен жоғары қарай) жіктеледі: саран
және дубовка (төменгі юра), күмісқұдық
(төменгі-ортаңғы юра), михайловка (ортаңғы
юра). Шоғырлардың жалпы қалыңд. 500 – 900
м. Өнеркәсіптік көмірлілік дубовка мен
михайловка шоғырларына тән. Михайловка
кенінен көмір ашық әдіспен өндірілген.
Юра қоңыр көмірі, негізінен, жартылай
жылтыр, ылғалд. 13 – 21%, күлділігі 16 – 32%,
аз күкіртті (0,5 – 0,8%), орташа және көп фосфорлы (0,01 – 0,08%), көміртек мөлшері 73 – 78%, сутек 4,8 – 5,8%, ұшпа заттардың шығымы 43 – 53%,
жанғыш массасының жылу бөлгіштігі 6800
– 7600 ккал/кг, жұмыстық отынның ең төмен
жылу бөлгіштігі 3800 – 4500 ккал/кг. Көмірі
орташа және қиын байытылады. Қоңыр көмір
өнеркәсіптік және тұрмыстық отынға жарамды.
Қарағанды Көмір Алабындағы жалпы көмір
қоры 43,7 млрд. т, оның ішінде кокстелетін
тас көмір 10,8 млрд. т, ал баланстық көмір
қоры 9,3 млрд. т. Қоңыр
көмірдің жалпы қоры 2,4 млрд. т.
Қазіргі кездегі
көмір өнеркәсібі
Қазіргі кезде Қазақстанда
100-ден астам көмір кеніштері
орналасқан, олардың геологиялық
қоры 176,7 млрд. т. Олардың ішінде барланған
қор – 38,63 млрд. т және қазіргі
кезде өндіруге жарамды көмір
қоры 34,1 млрд. т. Республика бойынша тас көмірдің қоры 14,33 млрд.
т, соның ішінде 12,39 млрд. т – А+В–С1 санатына,
1,94 млрд. т – С2 санатына жатады. Тас көмірдің
негізгі кеніштері – Қарағанды, Екібастұз
алаптары, Қошеке кеніші. Кокстелетін
көмір Қарағанды алабында өндіріледі
және көмір өндіру көлемінің 50%-ын құрайды.
Кокстелетін көмірдің жалпы қоры 6,12 млрд.
т-ға тең, олар, негізінен, А+В+С1 (5,82 млрд.
т) және С2 (0,31 млрд. т) санатына жатады.
Қоңыр көмір қорлары – 24,3 млрд. т, олардың
21,55 млрд т-сы – А+В+С1 және 2,55 млрд. т-сы
С2 санатын құрайды және Торғай, Төменгі
Іле алаптарында, Майкөбі кенішінде шоғырланған.
Республика аумағы бойынша көмір қорлары
мынадай тәртіппен орналасқан:
Шығыс Қазақстанда 4,5 млрд.
т жалпы геологиялық қор және
3,04 млрд. т барланған қор;
Батыс Қазақстанда тиісінше – 2,9 млрд. т және
1,79 млрд. т;
Солтүстік
Қазақстанда 81,8 млрд. т және 18,52 т;
Оңтүстік Қазақстанда
– 33,0 млрд. т және 0,48 млрд. т. Салада
62 өнеркәсіп орны мен өндірістік
бірлестік жұмыс істейді (1998),
олардың өндіріс көлемі 2698,5 млн. теңге болды.
Аса ірі көмір өндіруші
елдер
Мем-р 2003 2004
2005 2006
2007 2008
2009 Үлесі Запас
қанша уақыт
Қытай 1722.0 1992.3 2204.7
2380.0 2526.0 2782.0 3050.0 45.6 %
38
АҚШ 972.3 1008.9 1026.5
1053.6 1040.2 1062.8 973.2 15.8 %
245
Үндістан 375.4 407.7 428.4
447.3 478.4 521.7 557.6
6.2 % 105
Аустралия 351.5 366.1 378.8 385.3
399.0 401.5 409.2 6.7 %
186
Ресей 276.7
281.7 298.5 309.2 314.2
326.5 298.1 4.3 %
500
Индон. 114.3 132.4
146.9 195.0 217.4 229.5
252.5 3.6 % 17
ОАӘ 237.9
243.4 244.4 244.8
247.7 250.4 250.0 3.6 %
122
Германия 204.9 207.8
202.8 197.2 201.9 192.4
183.7 2.6 % 37
Польша 163.8 162.4
159.5 156.1 145.9 143.9
135.1 1.7 % 56
Қазақстан 84.9 86.9
86.6 96.2
97.8 111.1 101.5 1.5
% 308
Дүниежүзілік өндіріс
5,187.6 5,585.3 5,886.7
6,195.1 6,421.2 6,781.2 6,940.6
100 % 119
Пайдаланылған әдебиет
↑ Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік
географиясы: Жалпы білім беретін мектептің
9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков,
Т. Казановская, А. Усикова, Г. Зөбенова.
2-басылымы, өңделген. - Алматы: Атамұра,
2009. ISBN 9965-34-934-7
↑ “Балалар Энциклопедиясы”,
V-том
әл-Фарабы атындағы Қазақ
ұлыттық университеті
Сөж
Тақырыбы: Көмір
Орындағандар: Ештаева Асель, Кенесова
Мадина
Тексерген: Акашова А. С.
Алматы 2012ж