Қазақ көмірі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2012 в 17:45, реферат

Краткое описание

Көмір өнеркәсібі – еліміздегі пайдаланатын отынның 1/2 бөлігі-көмірдің үлесіне тиеді. Елдің халық шаруашылығындағы және минералдық-шикізат кешеніндегі базалық салалардың бірі.

Содержимое работы - 1 файл

қазақ көмiрi.doc

— 273.00 Кб (Скачать файл)

қазақ көмiрi

Тарихы

Көмір өнеркәсібі – еліміздегі пайдаланатын отынның 1/2 бөлігі-көмірдің үлесіне тиеді. Елдің халық шаруашылығындағы және минералдық-шикізат кешеніндегі  базалық салалардың бірі. Ол энергетиканы, металлургияны, химия өндірісін, өнеркәсіптік және коммуналдық қазандықтарды, ауыл шаруашылығын, халықты отынмен қамтамасыз етеді, сондай-ақ қазба көмірді өндіру және өңдеу (байыту мен брикеттеу) шараларын да қамтиды. Көмірден түрлі әдістермен шаруашылықтың әр саласына қажетті 350-ден астам құнды заттар алынады.

1833 ж. қойшы Байжанов  Аппақ Қарағанды мекенінен “отқа  жанатын қара тасты” кездейсоқ  тауып алған. Бірақ 23 жыл өткеннен  кейін ғана өнеркәсіп иелері  кен орнына назар аудара бастады.  Қарағанды кенінен алғашқы 30 жылда  (1857 – 87) 303 мың т немесе әр жылы орта есеппен 10 мың т көмір өндірілді. Ал, кейінгі 21 жылда (1899 – 1920) мұнда 860 мың т көмір қазылды.

    1905 ж. Қарағанды  көмір кеніне француздар, сонан  соң ағылшындар қожалық етті. Ол кезде көмір қазатын құрал  қайла, күрек болды, тасымалдауға сүйретпе шана пайдаланылды. Көмір, негізінен, “Кариб”, “Карно”, “Герберт” секілді шағын шахта-кәсіпорындарда қазылды. Мұнда небәрі 1 қызмет үйі, балшықтан қаланған 3 үй, кірпіштен салынған 1 үй, 2 бу қазаны және 1 желдеткіш қана болды.

1920 ж. кен орнында 125 жұмысшы істеп, олардың әрқайсысы айына 26 т-дан көмір өндірді.

    19 ғасырдың  аяғында Қазақстан аумағында  тағы да бірнеше кен орындары, соның ішінде Екібастұз көмір  кеніші де ашылды. Бірақ олардың  барлығынан алынған көмір небәрі 500 мың т-дай ғана болды.

Қазақстанда кеңестік көмір  өнеркәсібі 1930 жылдан құрыла бастады. Осы жылы Қарағандыда алғашқы 4 шахта  ашылды. Қарағанды көмір алабында көмір өндірісін дамытуға үкімет тарапынан ерекше көңіл бөлінді.

 

    1937 ж. Қарағанды  көмір тресі 3,5 млн. т-дан астам көмір өндірді, мұның өзі 1936 жылмен салыстырғанда 10,1% артық еді. 2-дүниежүзілік соғысқа (1941 – 45) дейінгі кезеңде 23 шахта ашылып, олардан 6 635 мың т көмір алынды. Осы жылдарда Қазақстан Кеңес Одағында өндірілген көмірдің 4%-ын берді. Көмірді қазу, қопару жұмыстары толық механикаландырылып, жұмыстың 80%-дан астамы көмір қопарғыш машиналармен атқарылды. Жер астынан көмірді тасып шығару жұмыстарын механикаландыру деңгейі артты. Жұмысшылардың еңбек өнімділігі айына 42,6 т-ға дейін жетті.

    Соғыс жылдарында Қазақстанда көмір өндіру көлемі шұғыл артып, жылына 12 млн. т-ға дейін (одақ бойынша 8%) өсті. Бұл кезеңде Қарағанды Кеңес Одағының негізгі отын базасына айналды.

    1945 ж. 39 шахта  мен 3 тілік жұмыс істеді.

    Соғыстан кейінгі 10 жылда (1946 – 55) Қарағанды алабында жаңа шахталардың салынуы, Саран, Шерубайнұра тіліктерінің игерілуі, сондай-ақ, шағын шахталарды біріктірудің және көмірді ашық әдіспен алудың дамытыла бастауы нәтижесінде көмір өндіру 2 еседей артып, жылына 28 млн. т-ға дейін жетті. Салада аса өнімді комбайндарды, жер астынан дүркін-дүркін көмір таситын электровоздардың орнына толассыз конвейерлерді, механикаландырылған құралдарды пайдалану нәтижесінде көмір өндіру қарқыны арта түсті. Көмір тіліктерінде алымы аз бір шөмішті экскаваторлардың орнына, сағатына 5 мың т көмір өндіретін көп шөмішті роторлы экскаваторлар, паровоздардың орнына электровоздар қолданылды.

    1955 жылдан бастап  Қазақстанда көмір өнеркәсібінің  дамуы елеулі кезеңге аяқ басты.  Осы жылы Екібастұз алабында 3 тілік пайдалануға берілді. Солардың бірі – жылына 50 млн. т көмір өндіретін дүние жүзіндегі ең ірі “Богатырь” тілігі. Екібастұз алабындағы көмір қоры (10 млрд. т) жер бетіне таяу жатыр әрі көмір қабаты 200 м-ге дейін жетеді. Осыған орай мұнда көмір ең тиімді ашық әдіспен қазылып алынады.

    Қазақстанда  көмір өнеркәсібі орындары 1980 ж. 115 млн. т, 1985 ж. 131 млн. т көмір  өндірді.

    Көмір өндіру  көлемінің ең жоғары деңгейіне  1988 ж. қол жеткізілді (143 млн. т). Экономикалық реформалар жағдайында  жүргізілген құрылымдық өзгерістерге байланысты көмір өндіру көлемі республикада 1989 жылдан бастап (138 млн. т көмір өндірілген) азая бастады.

    1990 ж. республикада 131 млн. т көмір өндірілген болса, 1997 ж. өндірілген көмірдің көлемі 72,6 млн. т болды.

Тәуелсіздік ·

Көмір халық шаруашылығы мен өнеркәсіп кешенінде кеңінен қолданылатын өнім. Ол – энергетика, металлургия, химия өндірісі, коммуналдық шаруашылық саласында және халықты отынмен қамтамасыз етуде маңызы зор. Көмірді түрлі әдістермен өңдеу арқылы шаруашылыққа қажетті 350-ден астам құнды заттар алуға болатынын біреу білсе, біреу білмеуі мүмкін. 2007 жылы Қазақстандағы көмірдің барланған қоры 28,6 млрд. тоннаны құраса, оның ішінде тас көмір – 3,2 млрд. тоннаға, қоңыр көмір – 25,4 млрд. тоннаға жеткен. Есептелген қордың 63 пайызы Қарағанды, Екібастұз, Теңіз-Қоржанкөл бассейндерінің, Қушоқы, Бөрілі, Шұбаркөл, Қаражыра сынды кеніштерінде орналасқан. Ал, қалған 37 пайызы Торғай, Төменгі Іле, Майкөбе бассейндері мен басқа кен орындарында жинақталған.

Стратегиялық отын

Қазақ жерінде көмір өндіру ісі ерте замандарда пайда болғаны белгілі. 1833 жылы Аппақ Байжанов мал жайып  жүріп, Қарағандыда алғаш рет  «отқа жанатын қара тасты» кездейсоқ  тауып алғанын тарихтан жақсы білеміз. Осы оқиғадан кейін 23 жыл өткеннен кейін ірі кәсіпорын иелері еліміздегі көмір кеніштеріне назар аудара бастады. 1857-1887 жылдар аралығында Қарағандыда жылына орта есеппен 10 мың тонна көмір өндірілген. Ал 1899-1920 жылдары жыл сайын қазып алынатын көмір 860 мың тоннаға жеткен деседі. Тарих беттерін парақтасақ, 1905 жылдары Қарағанды көмірін француздар мен ағылшындардың игергенін байқаймыз. Ол кезде көмір қазатын құрал қайла мен күрек болса, тасымалдауға сүйретпе шаналар пайдаланған. Көмір, негізінен, «Кариб», «Карно», «Герберт» секілді шағын шахта кәсіпорындарында қазылған. Дерек көздерін саралағанымызда 1920 жылдары көмір кеніштерінде 125 жұмысшы істеп, олардың әрқайсысы айына 26 тоннадан көмір өндіргеніне көз жеткіземіз. ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстанда бірнеше кен орындары, соның ішінде Екібастұз көмір кеніші ашылады. Кеңес өкіметі кезінде көмір өндіру қарқынды түрде дамып, 1930 жылы Қарағандыда алғаш рет 4 шахта ашылады. 1937 жылдың өзінде-ақ Қарағанды көмір тресі жылына 3,5 млн. тоннадан астам көмір өндіріп, бүкіл одаққа танылғаны мәлім. Ал Ұлы Отан соғысы жылдары көмір өндіру кең көлемде жүргізілгені белгілі. 1941-1945 жылдар аралығында Қарағандыда 23 шахта ашылып, миллиондаған тонна көмір өндіріліп, ірі өндіріс ошақтарының тоқтаусыз жұмыс істеуіне жағдай жасады. Соғыс жылдары Қазақстан Кеңес Одағында өндірілген көмірдің 8 пайызын бергенін айта кетуіміз керек. Көмірді қазу, қопару жұмыстары толық механикаландырылып, жұмыстың 80 пайызы көмір қопарғыш машиналармен атқарылған болатын. Дәл осы уақытта жер астынан көмірді шығаруда мейлінше механикаландыру ісі қарқынды жүрді. Жұмысшылардың еңбек өнімділігі айына 42,6 тоннаға дейін жетіп, Қазақстанда көмір өндіру жылына 12 млн. тоннаға өскенін байқаймыз. Бұл кезеңде Қарағанды Кеңес Одағының негізгі отын базасына айналып үлгерген еді. Ал соғыстан кейінгі 10 жылда Қарағанды көмір алабында жаңа шахталар салынып, Саран, Шерубайнұра тіліктері игерілді. Сондай-ақ, шағын шахталарды біріктіру, көмірді ашық әдіспен өндіру жолға қойылды. Нәтижесінде көмір өндіру екі есеге артып, жылына 28 млн. тонна қара отын өндіретін деңгейге жеттік. 1955 жылдан бастап Қазақ жерінде көмір өндіру елеулі кезеңге аяқ басқанын байқау қиын емес. Дәл осы жылы Екібастұз алабында 3 тілік пайдалануға беріліп, жылына 50 млн. тонна көмір өндіретін дүниежүзіндегі ең ірі «Богатырь» кеніші пайда болғанын қазақ кеншілері мақтанышпен еске алады. Мамандардың пайымдауынша, Екібастұз алабындағы көмір қоры 10 млрд. тоннаны құрайды. Сондай-ақ, жер бетіне таяу, әрі көмір қабаты 200 метрге дейін жетеді. Сондықтан мұнда көмір әлі күнге дейін ең тиімді ашық әдіспен өндіріліп келеді. Ал 1988 жылы Қазақстанда 143 млн. тонна көмір өндіріліп рекордтық деңгейге жеткен.

1990 жылы  елімізде 131 млн. тонна көмір өндірілсе, 1997 жылы өндірілген көмірдің көлемі 72,6 млн. тоннаны құрады. Ал 1990-1997 жылдары елімізде көмір өндіру деңгейі 44,6 пайызға дейін құлдыраған еді. Нарықтық экономикаға көшудің өтпелі кезеңінде көмір өндіру саласында мұндай дағдарыстың орын алуының өзіндік себебі бар. Біріншіден, одақ тарқағаннан кейін еліміздің отын-энергетика кешенінің (ОЭК) жұмыс істеу жүйесі өзгерді. Бұрын сандық көрсеткіш көмір өндірісінің басты сипаты болса, ендігі жерде көмір стратегиялық шикізат қорына айналды. Екіншіден, нарық заңдылықтары бойынша көмір кеніштері мемлекет меншігінен жеке және ұжымдық меншіктердің қарауына өткені белгілі. Нарықтық экономика талаптарына орай, көмір өндіретін кәсіпорындардың санын қысқарып, басқару қайта ұйымдастырылды, тиімсіз, залалды шахталар жабылғанын білеміз. Тәуелсіздік жылдары отын-энергетика кешенін өндіруде экологияға тигізетін әсері бірінші орынға қойылды. Осындай қиыншылықтарды бастан өткерген көмір өндірісі 1999 жылдың екінші жартысынан бастап өндіріс қарқыны қайта үдей бастады. Көмір өндіру көлемі 2000 жылы 74,8 млн. тоннаға өсті. Тәуелсіздік жылдары Қарағанды көмір алабында көмірді ашық және жерасты тәсілдерімен өндірудің арақатынасы айтарлықтай төмендеп, Екібастұз көмір алабының рөлі артқаны белгілі. Қазіргі таңда елімізде өндірілген көмірдің жалпы көлемінің үштен екі бөлігін Екібастұз кеншілері өндіруде. «Богатырь Көмір» және «Шығыс» кеніштерінде жаңа технологиялар мен заманауи техникалар енгізіліп, еңбек қауіпсіздігі артып, еңбекшілердің жалақысы жақсарғанын айтуға тиіспіз.

Нарықтық  экономика жағдайында «Богатырь Аксес Көмір» Қазақстан-Американ компаниясы құрылып, «Богатырь» кенжармасы соның қарамағына берілді. Екібастұз көмір алабының елдің отын-энергетика балансындағы рөлі арта түскендіктен Үкімет «Екібастұз көмірі» бағдарламасы мен «Екібастұз тас көмір алабын игерудің кешенді жобасы» әзірленгені белгілі. Бұл бағдарламалық құжаттар жер қойнауының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етуге, көмір өндіру көлемін Қазақстан тұтынушылары мен экспорттың қажеттері деңгейіне дейін жеткізуге, өткізу рыноктарын сақтауға бағытталған болатын. 2001 жылы көмір экспортының жалпы көлемі 27 млн. тоннадан асып түсті. Көмір өнімін шет елге шығару аумағы кеңейтілді, Тәуелсіздіктің арқасында Қазақстан көмірін Румыния, Польша, Эстония тұтына бастады. Қазіргі таңда елімізде өндірілген көмірдің 30-35 млн. тоннасы жыл сайын сырт елдерге экспорттайтынын айтуға тиіспіз. Соңғы жылдары Шұбаркөл, Шөптікөл және Қаражыра кеніштері пайда болып, елімізде сапалы көмірдің үлесі молайа түскен. Қазіргі таңда Қазақстанда 100-ден астам көмір кеніштері орналасқан, олардың қоры 176,7 млрд. тоннадан асады. Соның ішінде барланған көмір қоры – 38,63 млрд. тонна болса, бүгінде өндіруге жарамды көмір қоры 34,1 млрд. тоннаға жетіп отыр. Тас көмірдің негізгі кеніштері ретінде Қарағанды, Екібастұз алаптарын атауға болады. Осы ретте кокстелген көмір Қарағандыда өндірілетінін және оның үлесі 50 пайызды құрайтынын айта кетуіміз керек. Кокстелетін көмірдің жалпы қоры 6,12 млрд. тоннаға тең. Олар, негізінен, А+В+С1 (5,82 млрд. тонна) және С2 (0,31 млрд. тонна) санатына жатады. Елімізде көмір қорлары мынадай тәртіппен орналасқан. Шығыс Қазақстанда 4,5 млрд. тонна (3,04 млрд. тоннасы барланған), Батыс Қазақстанда 2,9 млрд. тонна (1,79 млрд. тоннасы барланған), Солтүстік Қазақстанда 81,8 млрд. тонна болып жіктеледі. Бүгінде еліміздің көмір өндірісінде 62 кәсіпорын табысты жұмыс істеуде. Осы ретте Үкімет «Көмір өнеркәсібін дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын» қабылдаған. Бұл құжатта көмір өндіру көлемін 2007 жылғы 98,90 млн. тоннадан 2020 жылы 158,35 млн. тоннаға дейін жеткізу көзделген. Өндіру өсімі көрсетілген кезең ішінде 59,45 млн. тонна көмірді немесе 60,1 пайызды құрайды. Жаңа тұжырымдама еліміздегі көмір өндіру ісіне жаңа деңгейге көтеріп, ел ырысын арттыратыны анық. 1897 жылы Семей облысының тау-кен инженері Коцовский Екібастұз көмірі жайында «Бұл жаңа кен орны Семей облысының басқа кен орындарынан әлдеқайда жақсы, мұқият зерттелді» деп жазған едi. О баста Екібастұз көмірін өндіруге тиісті деңгейде көңіл бөлінген жоқ. Тек 1892-1893 жылдар аралығында тау-кен кәсіпкері А.И.Деровтың бұл жерге назар аударып, тапсырыс беріп, кен орны зерттегені белгілі. 1895 жылы Қосым Пішенбаев кенішінде шурф қазылып, алты метр тереңдіктен таза көмір алынады. Ол жаңа барлау жұмыстарының басы болғаны анық. Арада біршама уақыт өткеннен кейін қалыңдығы 12 сажын (шамамен 24 метр) оңтүстік-шығысқа қарай құламалы көмір қабаты табылды. 1896 жылы тау-кен инженері Мейстердің барлау жұмыстарынан кейін аймақта көмір қорының мол екеніне толық көз жеткізілген еді. Сол жылдары Сібір теміржол құрылысы да аяқталып, теміржолдың Омбы учаскесін көмірмен қамтамасыз етілгені белгілі. Ол кезде Оралда шығаратын көмір аз, ал Кузбаста көмір кеніші ашылмаған еді. Сондықтан Омбы теміржолы Екібастұз көміріне ғана сенім артқаны белгілі. 1896 жылы сол кездегі темір жол қатынасының министрі князь Хилков «Зайсан» бу кемесімен Воскресенск приставына келіп (қазіргі Ақсу), Екібастұзға соғады. Осы кезден бастап өндірістік компанияны құру, шахталардың жобасын сызу, Ертістен Екібастұзға дейін теміржол тарту істері қызу қолға алынған болатын. Екібастұздың көмірін зерттеген мамандар Петербордан Парижге дейін барып, даланың байлығын игеретін капиталистерді тартқанын тарихтан білуге болады. Кен орнын мұқият зерттеген геолог Жорж Де Кателен: «Екібастұз көмір бассейнінің байлығы ұшан-теңіз. Біз Еуропада мұнан басқа қуатты көмір кені бар деп ойламаймыз» деп ой түйіндегенінен Еуропаның шонжарлары қазақ көміріне қаншалықты қызыққанын байқау қиын емес. Осылайша Екібастұздағы Воскресенск тау-кен ХХ ғасырдың басында Қазақстанда ғана емес, бүкіл Сібір өлкесінде ең ірі тау-кен өндірісі орталығына айналғаны белгілі.

Осы ретте  Екібастұз көмірі күміс пен мыс  алатын қорытқыш зауыттарының дамуына жол ашқанын да айта кетуіміз керек. Мәселен, Қарабидайық көлінің жағасында ұзындығы – 62, ені – 18, биіктігі – 8 метрлік болып салынған Вознесенск мыс қорытқыш зауыты іске қосылған болатын. Бұдан басқа Көктас, Сарыадыр, Күміс төбе, Елемес, Бала Қоянды, Жуалы, Жанғабыл, Екітөбе, Қазанауыз сияқты мыс кеніштері пайда болғаны белгілі.

Әлемге  аты мәлім Екібастұздағы «Богатырь» кенішінің еліміз үшін стратегиялық маңызы зор кеніш. Ашық әдіспен көмір  өндіретін «Богатырь Көмір» кеніші Екібастұз көмір қазаншұңқырындағы 70 пайызға жуық көмір тиесілі. 1996 жылдары «Аксес индастриз» атты америкалық компанияның қарауында болғаны белгілі. Америкалық қожайын кеткен соң, «Самұрық-Қазына» қоры мен ресейлік «РУСАЛ» компаниялары алып кеніштің бұдан арғы тағдырына жауапты болды. Бұл күндері оның 50 пайыз акциясы отандық қорға қарайтынын айта кетуіміз керек. Қазіргі таңда бір ғана «Богатырь Көмір» кешені еліміздің 11 электр стансасы мен ірі кәсіпорындарын және Ресейдің 6 бірдей электр стансасына қажетті көмірді өндіріп отырғанын мақтанышпен айтуға болады. Кеніштегі өндірістің барлық жүйесі жаңаша бағыт алып, жаңа заман талабына сай өзгеріске енген. Кеніште жаңа заман жүйесі тетіктерімен жабдықталған 5 роторлық экскаватор жұмыс жасап жатыр. Яғни, көмір кеніштен сыртқа ескі «БелАЗ» жүк көліктерімен, вагондармен тасылса, қазіргі күні оларды жапондық ауыр жүк машиналары алмастырған. Сондай-ақ, гидравликалық экскаваторлар мен ауыр жүк көліктері, қайта тиеу пункттері, ленталы конвейерлер мен ұсақтағыш кешен жабдықтарда өндірістің қуатты арттыра түскен. Заманауи технология өнімділікті арттырып, ауаға көтерілетін шаң-тозаңды мейлінше азайтқанын айтуға тиіспіз. Өндірістік шығындарға жол бермей, кеніштің жылына 50 миллион тоннаға дейін көмір өндірілуде. Кейбір дерек көздеріне назар аударсақ, кеніш пайда болғалы бері 1 миллиард 370 миллион тонна көмір өндіргенін байқаймыз. Қолға алған, жоспарлар толық іске асқанда, кенiштің жылдық өндірісі 55 миллион тоннаға дейін жететін болады. «Богатырь Көмір» серіктестігінің бас директоры Виктор Щукин алып кәсiпорын Павлодар облысының индустрияландыру бағдарламасынан тыс қалғанын алға тартты.

  • Тәуелсіздіктің арқасында Қазақстан көмірін Румыния, Польша, Эстония тұтына бастады. Қазіргі таңда елімізде өндірілген көмірдің 30-35 млн. тоннасы жыл сайын сырт елдерге экспортталады.
  • Қазіргі таңда Қазақстанда 100-ден астам көмір кеніштері орналасқан, олардың қоры 176,7 млрд. тоннадан асады. Олардың қоры – 38,63 млрд. тонна болса, бүгінде өндіруге жарамды көмір қоры 34,1 млрд. тоннаға жетіп отыр.
  • ҚР Үкімет «Көмір өнеркәсібін дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын» қабылдады. Бұл құжатта көмір өндіру көлемін 2007 жылғы 98,90 млн. тоннадан 2020 жылы 158,35 млн. тоннаға дейін жеткізу көзделген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Екібастұз көмір алабы , Сарыарқаның солтүстік-шығысында, Павлодар обл. жерінде. Дүние жүзіндегі аса ірі көмір кендерінің бірі. Мұндағы қоңыр көмірді 1876 ж. жергілікті зергерҚосым Пішенбаев тапқан. Алғашқы барлау жұмыстары 1896 ж. жүргізіліп, көмір шахталардан өндіріле бастады. Құрылымы бойынша Екібастұз көмір алабы – солтүстік-батыс бағытта созылған асимметриялық мульда, оның ұзындығы 24 км, ені 8,5 км. Алаптың жалпы аумағы 155 км2. Оңтүстік-шығыс және солтүстік-батыс жиектерінде көмірлі шөгінділердің еңістік бұрышы 5 – 20°-тан 10 – 40°-қа дейін. Қатпарлы көмір қабаттары бар тас көмір жүйесінің қимасы төменнен жоғары қарай Ащылыайрық, Екібастұз, Қарабидайық және Ақбидайықшоғырларына жіктеледі, олардың жалпы қалыңдығы 1500 м. Шоғырлардың литол. құрамы сұр және қара сұр аргиллит, алевролит, әр түрлі түйіршікті құмтас, әктас және туф қабаттарынан тұрады. Көмір қабаттары негізінен ең төмендегі Ащылыайрық (6-, 5-қабаттар) және Екібастұз (4 – 1-қабаттар) шоғырларында 6-, 5-қабаттардың орташа қалыңд. 7,6 м, 4-, 1-қабаттардың жалпы қалыңдығы 130 – 230 м аралығында. Көмір қабаттарының заттық-петрограф. құрамы өте күрделі. Витринит (таза көмір) мөлшері қима бойынша жоғары қарай 29%-дан (6-қабат) 51 – 80%-ға (1-қабат) артады. Көмірдің күлділігі 26 – 60%. Күлдің құрамында айырып алуға болатын Tі, Zn, Pb, Cu, Sn, Sc, Zr, Ag сияқты пайдалы элементтер кездеседі әрі ол құрылыс материалы ретінде пайдаланылады. Тауарлық көмірдің орташа қызулығы (жылу бөлгіштігі) 4170 ккал/кг. Технол. көрсеткіші бойынша алаптың көмірі «ОС» маркасына жатады. Көмір өндіру ашық әдіспен жүргізілуде. Екібастұз көмір алабында Қазақстан – Ресей бірлескен кәсіпорны жұмыс істейді. Алаптың жалпы көмір қоры 11,3 млрд. т. Жылына 87 млн. т көмір өндіріледі. Өндірілген көмірді Қазақстан, Ресей және басқа көршілес мемлекеттердің ірі энергетикалық орталықтары пайдаланады.

Торғай Қоңыр  Көмір Алабы                                    


 

Торғай Қоңыр  Көмір Алабы – негізінен Қостанай облысының, ішінара Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстары жерін қамтитынкөмірлі аймақ. Ауданы 150 мың км2. Алаптың кейбір кен орындары 19 ғасырдың соңында белгілі болды, қалғандарының көпшілігі 1942–1952жылы ашылған. Алапты әр жылдары М.М.Пригоровский, И.С.Яговкин, К.Я.Бабич, А.П.Тюрин, А.С.Богатырев, А.М.Сульман, Е.И.Новиков,М.В.Бунина, Р.В.Шулятникова, И.В.Орлов пен Е.Г.Буковскийлер, т.б. ғалымдар зерттеген.

 

Көмір өндірісі.

Көмірлі шөгінділер табанында палеозой тау жыныстары орналасқан жас платформалық формацияғажатады. Алап свиталары литологиялық құрамы жағынан аргиллиттерден, алевролиттерден,гравелиттерден, конгломераттардан тұрады. Торғай қоңыр көмір алабының кен орындары мен көмірліқұрылымдары аумақтық белгісі және құрылымды-геологиялық ерекшеліктері бойынша алты топқа біріктірілген. Олардың ішіндегі ең бастылары: Обаған, Есіл, Байқоңыр топтары. Обаған тобы Торғайалабының солтүстік-батыс бөлігінде шоғырланған. Мұндағы жақсы зерттелген кен орындары Құсмұрын,Егінсай, Приозерное, Харьковское, Черниговское, т.б. Көмірлілігі құсмұрын (төменгі юра) мен дүзбай (ортаңғы юра) свиталарымен байланысқан. Дүзбай свитасындағы көмір қабаттарының жиынтық қалыңдығы 50 м-ге дейін, Құсмұрында 118 м-ге жетеді. Обаған тобындағы кен орындарының көмірқабаттары 25–100 м-ге дейінгі тереңдікте жатыр. Есіл тобы алаптың шығыс бөлігін алып жатыр. Ол ірі (15–25×80–120 км) әрі терең грабен тәріздімеридиан бағытына және солтүстік-шығысқа созылған ойпаңдардан тұрады. Мұнда Орловск, Мақат, Қызылтал, Савинковское, Жаныспай, т.б.кен орындары бар. Көмірлігі дүзбай свитасымен байланысқан, көмір қабаттарының орташа қалыңдығы 30–147 м. Байқоңыр тобы алаптың оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Оған игеріліп біткен Байқоңыр мен Қияқты кен орындары кіреді. Құрылымы жағынан күрделі болып келетін 4 көмір қабаты ортаңғы юратүзілімдерінде шоғырланған. Бұл топтағы көмірлі құрылымдар толық зерттелмеген. Көмір маркасы Б2; ылғалдылығы 31–35%, жылу бөлгіштігі 6,5–6,9 мың ккал/кг, күлінің балқу t 108–1660°С, ұшқыш заттары 28–59%, күл 13–29%, күкірт 0,3–1,1%, тығыздығы 1,220–1,230 г/см3, кокстеу кезінде бөлінетін гумус қышқылы 12–31%, битум 4–6%, шайыр 5–19%. Алаптыңкөмірі аса тиімді отынға жатады, барлық энергетикалық қондырғыларда пайдалануға болады. [1]

Информация о работе Қазақ көмірі