Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2011 в 17:44, реферат
Даярланған талдау материалдарының ерекшелігі бәсекелестікке қабілетті тауар шығару үшін болашақтағы ең бір маңызды мәселелердің бірі - құрылымдық өзгерістер жасау болып табылады, яғни мал шаруашылығын қалпына келтіріп және оны одан әрі дамыту, ол азық-түлікпен қамтамасыз ету талаптарымен анықталады және ауыл шаруашылығын жүргізу жүйесіндегі мал шаруашылығының өз ролін қамтамасыз ету, сонымен қатар, етті мал шаруашылығы, қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығын дамытуды қарастырады.
Аграрлық саясаттың қазығы болып есептелінген ірі кәсіпорындарға иек арту негізінде дұрыс болатын. Мұндай өндіріс әсіресе өнеркәсіп технологияларды қолданып жұмыс істейтін мамандаңдырылған кәсіпорын еңбек өнімділігін арттыру мен табиғи, материалдық - техникалық еңбек ресурстарын тиімді пайдаланудың үлкен мүмкіндіктеріне ие болады. Бірақта ірі өндірісті абсолюттеу, шағын және орта өндірісті, оның ішінде шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтарды елемеу республиканың ауыл шаруашылығына нұқсан келтірері хақ .
Қазіргі кезде экономикалық қатынастар мен өндіріс жағдайының өзгеруіне байланысты нарықтық қатынастарға көшу кезіндегі ауыл шаруашылығы өңдірісінің экономикалық тиімділігін анықтау қажетті деңгейде дей алмаймыз. Бұл жағдай ең алдымен бағалаудың теориялық және әдістемелік аспектілерін нақтылауды кажет етеді.
Республикамыздың
Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің
әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мен
реформаның іске асуын бағалай келе
былай дегенді. « ... жүргізіліп отырған
саясат пен мемлекеттің нарықтық
экономикаға көшу тәжірибесіндегі
нақтылы қызметті тиімділігінің төмен
болуы объективті түрдегі кедергі факторлардан
басқа кейбір жағдайларда ойланбай қабылданған
шаралар мен шешімдердің әсер етуінен,
тактикалық қателерден болды». Сондықтан
ауыл шруашылығындағы экономикалық ахуалды
жан-жақты талдау қажет. Қазір реформалау
үдерісіндегі ауыл шаруашылығы жағдайы
мәнде деңгейде өзгерді.
1.3
Агроөнеркәсіп
кешенінің экономикасы
– реттеу объектісі
ретінде
Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және ол экономикалык, дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіпті дамыту, саяси және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөль атқарады. Көптеген жылдар бойы өнімді еңбекке ынталандыру тетіктерін жете пайдаланбағандықтан аграрлык, салада терең дағдарыс қалыптасты. Одан шығудың бірден-бір жолы, сөзсіз, осы салада кешенді және жүйелі түрде экономикалық реформа жүргізу еді. Ал оның қалай жүзеге асырылып жатқандығына талдау жасайтын болсақ, ең алдымен нарықтық қатынастарға көіпу тактикасындағы орын алған қателіктерді атап өту керек. Бұл ауыл және барлық халық шаруашылығында реформа жүргізудің стратегиялық бағытын жүзеге асыруда қолдан жасалынған қиыншылықтар тудырды. Әуелі көптеген жылдар бойы орталықтан басқару жағдайында қалыптасқан шаруашылықпен айналысу мен еңбек ету психологиясын жекеменшік өрістеген жағдайға бейімдеу революциялық емес, эволюциялық процесс екені ескерілмеді. Әсіресе мал шаруашылығын дамытуда жергілікті халықтың еңбек ету "философиясы" назарға алынбады. Эволюциялық өзгерістер нарыққа өтуге дайын емес ортаға "секіріспен" ауыстырылды.
Агроөнеркәсіп кёшенінің 1-ші және 3-ші сала кәсіпорындарының монополиялық жағдайында бағаны біржақтылы босату, жекешелендірудегі ұйымдық-экономикалық және хүқықтық ретсіздік, жергілікті жерлердегі өз бетімен кетушілік ұдайы өндіріс процесінің бүзылуына, қоғамдағы дағдарыстық жағдай мен әлеуметтік шиеленісудің күшеюіне алып келді. Мүның өзі аграрлық секторды нарық жағдайына бейімдеу тәжірибесін ескере отырып төмендегідей түжырымдар жасауға мүмкіндік береді:
- аграрлық
сектордың өндірістік-әлеуметтік
ерекшелігіне
қарай онда нарықтық механизмді ешқандай
шектеусіз және
түзету енгізусіз "таза" күйінде
пайдалану өндірістік потенциалды
қолдану тиімділігінің төмендеуін және
әлеуметтік мәселелердің
шиеленісуін тудырады;
-
меншік пен шаруашылық
-
аграрлық сектор нарықтық өзін-өзі реттеудің
"бастапқы
алаңы" ретінде нарықтың дамуы үшін
реттеу мен қолдаудың ерекше мемлекеттік
саясаты енгізілетін эковомиканың бірінші
саласы болуы қажет; оның мәні - әкімшілік
емес, экономикалык, құралдарды (баға,
салық, несие, т.б.) өзара байланысқан жүйе
ретінде пайдалану болып табылады. Ең
алдымен экономикалық реттеуде жер реформасы
- мемлекет деңгейіндегі үлттық мәселелерді
қамтитын аса күрделі процесс. Әлемдік
тәжірибеде жерге шексіз жеке меншіктік
құқығын бермей, мемлекет және қоғамдык,
мүдделердің артықшылығын қамтамассыз
ететін әртүрлі шектеулер бар. Мұндай
хұқықты беру- мақсат емес, тек жерді пайдалану
тиімділігін арттыру үшін пайдаланатын
құрал. Ауыл тұрғындарын көбірек толғандыратын
мәселе - жерге жеке меншік орнатудан гөрі,
одан алынатыны өз еңбегінен тускен нәтижеге
иелік ету хұқығы. Атап айтқанда, кеңінен
етек алған бұрынғы тәжірибені, яғни алдымен
ауылдың бар өнімін, пайдасын алып қойып,
соңынан дотация, қарыздарын өтеу түрінде
біртіндеп қайтарудан арылу мүмкіндігін
беру қажет болды.
Ауыл еңбеккерлері жерді сенімді пайдалану үшін республи-камыздың Ата заңымызға сәйкес жерді үзақ мерзімге жалга, немесе өмірлік мұрагерлікке беру өте тиімді екенін баса айту керек. Сондықтан жер туралы заңда бұл процессті аяғына дейін жеткізу мәселесін қарастыру өте маңызды іс екені белгілі.
Жер қатынастарын реттеудің негізгі бағыттары: а) ауыл шаруашылығында өндірістің негізгі құралы ретінде жердің бағасын анықтау; ә) жердің сапасына қарай жер салығының мөлшерін белгілеу; б) ауыл шаруашылығына қолайлы жерлерді қорғау мен тиімді пайдалану жөніндегі іс-шараларды жузеге асыру, оның ішінде жердің құнарлылығының сақталуы мен жақсаруын бақылау. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімдерінің айырбасындағы біздер әуел баста жіберіп алған баға қайшылығы қүн заңын сақтамаудың, ал, нақтырақ айтқанда, ерікті баға белгілеудің қағидасын дүрыс пайдаланбаудың салдарынан болғанын өмір көрсетіп отыр. Ауылшаруашылық өнімінің бағасын реттеу жүйесі тұтынушылардың да, өндірушілердің де мүдделерін қорғауы керек, Нарықты тез арада азық-түлікпен толықтыру үшін агроөнеркәсіп кешенінің 2-ші саласында баға қүрылу процесі барынша ерікті болғаны тиімді. Бүл жағдайда аграрлық сектор үпіін өндіріс қүралдарын шығаратын барлық монополист кәсіпорындар үшін (агроөнеркәсіп кешенінің І-ші саласы) келісім бағасының жоғарғы мөлпіерін мемлекет деңгейінде белгілеу керек те, ал 3-ші салада ауылшаруашылық ұйымдық құрылымы баға белгілеумен айналысқаны жөн болар еді.
Ауыл шаруашылығында экономикалық қарым – қатынастарды реттеу үшін залогтық (кепілдікті) сатып алу операциясы бойынша есеп айырысуды енгізу жөніндегі ұсыныстардың едәуір мәні бар. Бүл жағдайда шикізатты өңдеп, дайын өнімді алғаннан соң тауар өндірушілерге шикізат құны мен нақтылы төленген аванс сомасы арасындағы айырмашылықты залогтық баға бойынша төлеу қажет. Кепілдіктік-сатып алу операциясын жүзеге асыру үшін дайындаушы және өңдеуші кәсіпорындарды кепілдікті сатып алу ұйымдары етіп қайта құратын болсақ нарықтық баға құрылымын және ауылшаруашылық тауарын өндірушілердің алатын пайдасын реттеуге жағдай жасалынады. Бүл операциялар, біріншіден, нарықтағы ұсынысты азайтады, екіншіден - фермерлерге несие беруге мумкіндік жасайды. Өйткені оның көлемі кепілдікке өткізілген ауылшаруашылық өнімінің мөлшерімен анықталады. Кепілдікті баға өндіруші қолданып отырған бағаның төменгі мөлшерін білдіреді.Пайда табудың ең төменгі қажетті мөлшерін қолдау үшін жәрдемақы деңгейін анықтау мақсатында мемлекет мақсатты бағаны белгілеуі тиіс. Сонда ол дайындаушы ұйымдар арқылы ауылшаруашылық тауар өндірушілері табысының құралу көздерін де реттейді. Осылайша бағаның құрылу процесін мем-лекеттіқ реттеу механизмі қалыптасар еді.
Аграрлық секторда тауар өндірушілердің тұрақты жұмыс істеуі үшін түрақты қаржы-несие жүйесі әлі құрылмаған. Банк процентінің жоғарғы мөлшері ақша айналымын және өндірісті тұрақтандыруға мүмкіндік бермейді. Негізгі мәселелердің бірі -бүл қаржы қорларының үнемі жетіспеуі және ауылға тиімді несие беру механизмінің жасалынбағандығы.
Республика халқын азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ету үшін жыл сайын дайындаушы, өңдеуші, сатуіпы үйымдардың және жеңіл өнеркәсіп орындарының тауар өндірушілерімен форвардты, фьючерстік контрактілер жасап, кепілдікті сатып алу операцияларын жүзеге асыруы қажет. Сонда тауар өндірушілер алдын-ала процентсіз несие алу мүмкіндігіне ие болады. Өйткені, форвардтық операциялар - бұл болашақтағы өнімді қазіргі сату бағасымен контрактілі өткізу де, фьючерстік оперциялар - белгілі бір көлемдегі, саладағы бола-шақтағы өнімнің контрактісін болашақтағы нарықтық баға негізінде сату. Алдағы жылдың өнімін сату - бұл процентсіз несие алумен қатар ауылшаруашылық бағалы қағаздар нарқын құруға, түрақты сұраныс пен өнімді кепілдікті өткізуге, сатып алушылардың қаржы қорларын тиімді жұмсауына және инфляциялық процесстердің төмендеуіне мүмкіндік береді.
Агроөнеркәсіп кешенінің шаруашылык, жүргізуші субъектілеріне мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларда қарастырылған іс-шараларды жүзеге асыруы үшін 5 жылдық мөлшерге дейін узақ мерзімдік несие беру тиімді болар еді. Ол үшін мемлекеттің қаржы-несие саясатында мынадай талаптарды орындау қажет:
- жеңілдікті салық салу.
Ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің қаржы жағдайына сатылған өнімге уақтылы есеп 'айырысудың сақталмауы қатты әсер етеді. Сондықтан өзара есеп айырысудың бақылау мерзімін бекіту керек.
Мемлекеттік салық саясатында ауыл шаруашылығына қатысты жеңілдікпен салық салу арқылы олардың ынталанды-рухы функциясын күшейту керек, Салық салудың негізгі объектісі ретінде жалпы табысты ғана алу тиімді болар еді.
Жер салығы, оның мөлшерінің экономикалық негізделуі аса төмен болғандықтан, жердің сапасы мен өнім бағасының өзгеруін тұрақты анықтап тұру қажеттігінен негізгі салыққа жанама толықтырушы ретінде қолданылуы мүмкін,
Қазіргі жағдайда тұтастай республика ауылшаруашылық кәсіпорындары бойынша салықтар мен төлемдердің мөлшері жоғары болып отыр. Әртурлі зерттеулер мен шетел тәжірибелері көрсеткеніндей салықтар мен төлемдер жалпы табыстың 20-25%-тінен аспауы керек. 25-50%-тің салық. мөлшері тек жай ұдайы өндірісті қамтамасыз етеді, ал одан жоғары болса өндірістің қысқаруына әкеліп соғады.Аграрлық салада салық салу жүйесінен жол қорына, т.б. түрлі даму қорларына аудары-латын салықтар мен төлемдерді шығарып тастау жөн болар еді.
Мемлекеттің
инвестициялық саясатына
-
ауылдың денсаулык, сақтау, білім беру,
мәдениет, бала-
бақша (және қарттар үйі) объектілерінің
құрылысы мен оларды
қамтамасыз ету;
-
жоғары білімді мамандар дайындау, күрделі
ғылыми зертте-
улер жүргізу және т.б.
Мемлекеттің ауыл шаруашылығына қатысты экспорт – импорт операцияларын реттеуінде негізгі мақсат тұтыну нарығын то-лықтыру және әлеуметтік шиеленісушілікті жою. Бұл бағытта жақын шет елдермен бұрынғы өндірістік және сауда байланы-старын қалпына келтіру тиімді. Сондай-ақ алыс шет елдермен экономикалық байланысты дамытудың да мәні зор. Оның негізін сыртқа шығаратын внімдер құрайды: мал шаруашылығы бойынша – жөн, қай түрілері; егін шаруашылғында - астық, мақта, кейбір көкөніс түрлері. Ал сырттан алынатындарына, бірінші кезекте, ауылшаруашылық кішігірім техникасы мен технологиялар жата-ды. Мүндай сыртқы экономикалық іс-әрекеттерді жүзеге асыру-да мемлекеттің белсенді рөлі сөзсіз қажет. Өйткені мемлекеттік реггеусіз еліміздің зор табиғат байлығы пайдасыз болып, талан-таражға түсетіні белгілі. Екіншіден, сырттан әкелінетін өнімдерді қадағаламасақ ішкі тауар өндірушілердің мүддесіне зиян келтіріледі. Бүл жерде жалпы халықтың мүддесін қорғау мақсатында мемлекеттік реттеу шаралары батыл жүргізілуі тиіс.
Аграрлық салада экономикалық реформаны жүзеге асыру, ең алдымен, басқару жүйесін түбегейлі өзгертуді қажет етеді. Мемлекеттік реттеу шараларын жүзеге асыру ісінде мемлекеттің және шаруа қожаларының функцияларын айқын ажыратудың мәні зор Мемлекеттік басқару органдарының функцияларын төмендегідей етіп қарастыруға болар еді:
- агроөнеркәсіп кешенінің,