Шет тлiн уйрету барысында ана тiлiн ескеру ерекшелiктерi немесе шет тiлiн ана тiлiнде уйренемiз

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2012 в 18:22, доклад

Краткое описание

Ең әуелі жалпы тіл жене тіл аухалы мәселесіне біраз тоқталғанды жөн көрдік.Тілдік аухал – бұл тілдің қоғамда нақты қолданылуының көрінісі.Оның пайда болуы және одан әрі қалыптасуы түрлі жағдайларға, атап айтқанда, тлдік және тілдік емес (әлеументтік, саяси, экономикалық, психологиялық, тарихи т.б.) факторлардың өзара әсеріне байланысты. Қоғамның тіл өміріне саналы түрде араласуы, жеке адамнан бастап мемлекетке дейінгі деңгейді қамтиды. Әрине әркімнің өзі пайдаланатын ана тілін қолдап пікір білдіру мүмкіндіктері артты, алайда бүгінгі таңда Қазақстанда іс жүзінде тілдердің сан алуандығы орын алып отыр.

Содержимое работы - 1 файл

Документ Microsoft Word (3).docx

— 16.76 Кб (Скачать файл)

УДК 378.14 

ШЕТ ТЛІН ҮЙРЕТУ БАРЫСЫНДА АНА ТІЛІН ЕСКЕРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ НЕМЕСЕ ШЕТ ТІЛІН  АНА ТІЛІНДЕ ҮЙРЕНЕМІЗ 

К.М.КУДАЙБЕРГЕНОВА 

Д.Серікбаев  атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік  техникалық университеті, Өскемен қ., Қазақстан республикасы 

     Ең  әуелі жалпы тіл жене тіл аухалы мәселесіне біраз тоқталғанды жөн  көрдік.Тілдік аухал – бұл тілдің қоғамда нақты қолданылуының  көрінісі.Оның пайда болуы және одан әрі қалыптасуы түрлі жағдайларға, атап айтқанда, тлдік және тілдік емес (әлеументтік, саяси, экономикалық, психологиялық, тарихи т.б.) факторлардың өзара әсеріне  байланысты. Қоғамның тіл өміріне  саналы түрде араласуы, жеке адамнан  бастап мемлекетке дейінгі деңгейді қамтиды. Әрине әркімнің өзі пайдаланатын ана  тілін қолдап пікір білдіру  мүмкіндіктері артты, алайда бүгінгі  таңда Қазақстанда іс жүзінде  тілдердің сан алуандығы орын алып отыр.

     Қолданылып  отырған шараларға қарамастан, қазақ  тілінің мемлекеттік мәртебесін толық іске асыру әлі мүмкін болмай отыр. Мұның негізгі себебі –  тіл мәртебесі тек ресми тұрғыда  жарияланғанымен, оның жер-жерде үйретілуі  мен қолдалынуын асырар тетік  күні бүгінгіге дейін жеткілікті дәрежеде іске қосылмай отыр.

     Мәселен бұған қайшы жағдай Шығыс-Қазахстан  мемлекеттік техникалық университетінде  орын алды. Аталмыш университеттің шет тілдер кафедрасында бірінші  және екінші курс студенттеріне ағылшын, неміс тілдерін үйрету жүргізіледі. Ал өткен жылдың соңынан бастап кәріс, қытай, түрік, француз тілдері де үйретіле басталды.

     Оқытудың  кредиттік технология жүйесіне көшуге байланысты ағылшын тіліне үйрету интерактивті лекциялар арқылы жүзеге асырылады. Ал өткен жылдан бастап бұл лекциялар  қазақ тіліне аударылып, қазақ топтарында ана тіліндеоқылады. Бұл әрине  үлкен жетістік, өйткені ауылдан  келген қазақ балалары орыс тілін  білгенімен, олар үшін шет тілін  шет тілі арқылы үйрену аса қиынға түсетін.

     Шет тілін оқытудың негізін қалайтын жалпы әдістемелік қағидаларының  бірі – ана тілінің ерекшеліктерін ескеру қағидасы екені мәлім. мұны мойындайтын  негізгі факторлар бар. Олар :

     1.Шет  тілін оқымастан бұрын оқушының  ана тілінде қалыптасқан дағдысы  мен іскерлігі.

     2. Әлем тілдерінің көбісінің тілдік  жүйесіне тән тілдік компоненттерінің  болуы.

     Аталған факторлар жоғарғы оқу орнының  студенттерін ағылшын тіліне оқыту  процессінде маңызды қызмет атқарады. Мәселен студенттердің ана тілінің  граматикасын білуі ағылшын тілі грамматикасын меңгеруде қолайлы  фактор болы есептелінеді. Өйткені ол ағылшын тілінің грамматикалық құбылыстарын түсінуге әсер етеді. Ал тілдік компетенция дегеніміз тек қана автоматты түрде қалыптасқан тілдік іс-әрекетті орындау емес керісінше тілдік құбылыстарды терең түсіну болып табылады.

     Ана тілінің еркшеліктерін ескеру қағидасын  сипаттайтын жоғарыда аталған факторлардың ішінде тілдік универсалдардың, яғни әлем тілдерінің көбісінің тілдік жүйесіне тән тілдік компоненттерінің болуы  да маңызды. Универсалды тілдік категориялардың  болуы лингвистикалық сипат беріп  басқа бір тілді меңгеруді  жеңілдетеді. Ана тілі механизмін біле отырып, тіл үйренуші сол білімді  шетел тілін меңгеру процесінде қолдануға мүмкіндік табылады.

     Қазақ және ағылшын тілдерін салыстыратын болсақ недәуір ұқсастықтар бар. Мәселен фонетиканы алсақ, ағылшын  тіліндегі бірнеше фонемалар  қазақ тіліндегі фонемаларға  өте ұқсайды. Мысалы:

       girl [g3:l] “қыз” деген сөзде  [3:] фонемасы қазақ тіліндегі ө  дыбысына ұқсайды

       cat [kәt] “мысық” деген сөзде  [ә]  фонемасы қазақ тіліндегі ә  фонемасыны ұқсайды.

     Грамматиканы  қарастыратын болсақ, ағылшын тілінде  зат есімдер екі септік формасында ғана бола алады: обьектный және притяжательный. Бұлар қазақ тіліндегі атау және ілік септіктеріне сәйкес келеді. Мысалы:

      a father - әке;  father's - әкенің

     Немесе  “I’m a student” сөйлемінде “am” яғни “to be” етістігінің бірінші жақтың жекеше түріне арналған формасы қазақ  тіліндегі бірінші жақтың жекеше түрінің -пін тәуелдік жалғауына  сәйкес келеді.

     Шетел тілін оқытуда ана тілінің  тиімді ықпалымен қатар тиімсіз  ықпалы да болатыны мәлім. Бұл құбұлысты  интерференция деп атаймыз.Тіларалық  интерференция- ана тілінің ықпалымен  оқылатын шетел тілінің тілдік нормасының бұзылуы, байланысатын тілдік жүйелердің өз ара тиімсіз әсерәнің нәтижесі.

       Мәселен қазақ тілі мен ағылшын  тілдерінде зат есім категоряларында  біршама айырмашылықтар бар. Соның  бастысы қазақ тілінде зат  есімнің род категориясының жоқтығы,  көп жағдайда қазақ аудиториясы  студенттері ағылшын тіліндегі  зат есімнің артикль немесе  артильсыз қолданылу жағдайларында  қателеседі.

     Психологиялық зерттеулерге келсек, интерференция-бұрын  қалыптасқан дағдының жаңадан оқылатын шет тілі нормаларына сәйкес емес дағдылардың қалыптасуына ықпалы, яғни дағдылардың ауысуы.

     Сонымен ана тілінің ерекшеліктеріне  сүйену қағидасы студенттердің ағылшын  тілінің құбылыстарын меңгеруде  кездесетін қиыншылықтарды болжап олардың  алдын алу және оларды жоюдың неғұрлым тиімді жолдарын табу іскерлігін игеруде  маңызды роль атқарады. Ал бұл салыстырмалы анализді  шет тілін үйретуді тек ана тіліде жүргізу арқылы жүзеге асыруға болады.

Информация о работе Шет тлiн уйрету барысында ана тiлiн ескеру ерекшелiктерi немесе шет тiлiн ана тiлiнде уйренемiз