Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2011 в 17:05, биография
1897 жылы 28 қыркүйекте Семей облысы Шыңғыс болысындағы Аяққараған мекенінде (Бөрлі қыстауының маңында) көшпелі қазақ Омархан Әуезовтың отбасында Мұхтар есімді ұл дүниеге келді. Мұхтардың бабасы Бердіқожа шешен және сауатты кісі еді, ол ата-бабаларының салт-дәстүрлерін сақтаған, қызыл тілдің хас шебері болған адам.
1925 жылы жаз айында
Мұхтар Әуезов Жетісу
Ленинградтан Пішпекке және Жетісуға Қордай асуы арқылы арбамен жүрген осы сапарда ол 1938 жылы «Жапон тыңшысы» деген айыппен атылған. І.Жансүгіровпен танысады. Ақынның зайыбы «педагог пен ағартушылық рухы ғажайып сұлулығымен үйлесім тапқан» Фатиманы Алматыдан Семейге, содан кейін Меркеге жер аударады. М.Әуезов «Халық жауының» зайыбымен көңіл қосады да 1943 жылы Мұрат есімді ұлы дүниеге келеді.
1925 жылы күзде Ленинградқа қайтып оралған ол университетті 1928 жылы бітіреді. Оқытушылардың арасынан академик В.Щерба, А.А.Шахматов, Пушкин мен Лермонтов шығармаларының Абай аудармаларына қатты қызығушылық танытқан профессор Сиповский, пушкинтанушы Н.Оксман, ол кезде әлі жас жігіттер С.П.Обнорский мен В.В.Виноградов және университеттін жуырдағы түлектері Б.Эйбенхаум мен В.Жирмунский дараланады. Шығыс факультетінде Мұхтар Әуезов академик Бартольдтің, Самойловичтің және басқа да шығыстанушы ғалымдардың дәрістерін тыңдайды. М.О.Әуезов өміріндегі алаңсыз және бақытты кезі. М.Әуезов пәтер жалдаған Декабристер көшесі 14-ші үйден екі қадам жерде – Таврия саябағы. Әдебиетте жаңа бағыттар пайда болды: акмеизм, ОПОЛЗ – поэзиялық тілді оқып-үйрену жөніндегі қоғам, нақты өнер бірлестігі «Ағайынды Серапионовтар» және т.б.
1926 жылы үшінші
курстың студенті М.Әуезов
1921 жылы «Қилы заман» повесі жарыққа шығады.
Ленинград университетін
бітіргеннен кейін жас ерлі-
Тұңғыш перзенттері Елдестің шетінеуі, қыздары Ләйләнің дүниеге келуі. 1929 жылы Ташкентте «шағын әңгіме нұсқасындағы ең озық дүние» (Н.Анастасьев) «Көксерек» повесі жазылды. Қолға үйретілмеген қасқыр –кейіпкердің опатқа ұшыраған тарихында – суреткердің өзінің және тұтас дәуірдегі суреткерлердің жолы көрсетіледі.
М.Әуезов терминологиялық
комиссияның ғылыми хатшысы болып
тағайындалады, Орта Азия университетінің
аспирантурасына түскеннен
1930 жылы 1 қазанда
«Алқа» ұйымына байланысты
М.Әуезов 30-шы жылдарда «Октябрь үшін», «Айман-Шолпан» (1934), «Тартыс», «Тас түлек», «Алма бағында», «Түнгі сарын», «Ақ қайың», «Шекарада» аталатын бірегей пьесалар, «Хан кене» тарихи пьеса жазады.
Шынтуайтына келгенде, тұңғыш абайтанушы М.Әуезов 1933 жылы Абай өлеңдерінің бірінші түпнұсқалық жинағы «Абай Құнанбайұлы. Толық жинақ» кітабын шығарады, кітапта ақын өмірі туралы очерк бар (Қызылорда, латын қарпі). 1936 жылы Абай шығармалырының бірінші ғылыми басылымын даярлауға басшылық етіп, әрбір жеке сөздерді, сөз орамдары мен тұтас өлең жолдарын қалпына келтіру арқылы орасан үлкен, мәні бойынша баға жетпес жұмыс жасайды.
Драма театрынан 1934 жылдың бас кезінде бөлініп шыққан қазақ музыкалық театры М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясының қойылымын қоюдан өз жұмысын бастайды. 1937 жылы мамырда Қазақстан Жазушылар Одағының бірінші пленумы өтті, пленумда жанрдың айрықшалығы жөніндегі білімінің тереңдігімен тәнті еткен М.Әуезов драматургия туралы сөз сөйледі. 30-шы жылдардың орта шеніне қарай Мұхтар Әуезовтың Қазақстан әдебиетіндегі бас тұлға болғаны даусыз. Оның атағы бүкілодақтық дәрежеге ие болды. Ол республикадағы ең көп қойылатын драматург. 30-шы жылдардың орта шенінде Солтүстік Қазақстанның түлегі Вячеслав Иванов қара сөзбен жазылған «Мен, қазақ әнімін, соны шырқаймын» өлеңін орыс тіліне аударады. Бірақ 1937 жылы 27 қарашада театр бөлімінен М.Әуезовтың «Алма бағында» пьесасының 16 данасы және «В яблоневом саду» пьесасының 4 данасы тәркіленеді. Актіде жазылғандай осы әдебиет жойылып, өртелінген. Қазақ ССР ХКК жанындағы өнер істері жөніндегі басқармасының 1938 жылғы 29 қаңтар-дағы N 38 Бұйрығымен М.Әуезовтың «Шекарада» пьесасын қою туралы өтініш қабылданған жоқ. Сонымен қатар суретшілер кеңесінің 1934 жылғы 29 маусым-дағы Хаттамасымен Абайдың ең озық бейнесі үшін конкурс өткізу ұсынылды, Жюридің құрамына М.Әуезов кірді. Қазақ мемлекеттік драма театрында «Ревизор» спектакліне сіңірген терең зерделі жұмысы үшін М.Әуезов жолдасқа ССР ХКК жанындағы өнер істері жөніндегі Басқарма алғыс жариялайды. 1937 жылы оны қызметтен босатады.
1933 жылы 11-ші қыркүйекте
Қазақстандағы ОГПУ-дың
1939 жылы күзде
Мәскеудің маңындағы
М.Әуезов соғысқа дейін 1938 жылы А.Зильбердің «Беккет» операсына либретто жазады. А.Жұбанов пен Л.Хамиди «Абай» операсының партитурасын жасайды. 1944 жылдың бас кезінде Алматыдағы опера және балет театрында «Абай» операсының премьерасы үлкен табыспен өтеді. М.Әуезов фильмнің сценариін жазады, фильмді Г.Рошаль мен Е.Арон қоюға тиіс болатын. 1945 жылы 22 қыркүйекте Мәскеуде фильмнің қазақша және орысша нұсқаларын мамандар көреді.
1942 жылы М.Әуезов
панфиловшылар дивизиясының
1943 жыл – СССР Каз ФАН тіл, әдебиет және тарих Институтының аға ғылыми қызметкері.
Абайдың туғанына 100 жыл толуына орай 1945 жылы М.Әуезов «Абай» операсына либретто, «Абай әндері» көркем кинофильмінің сценарийін, Абай өмірбаянының жаңа нұсқасы мен ақын туралы бірнеше мақала жазды. Мәскеуде «Абай» романының бірінші кітабы шықты. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. 1947 жылы «Абай» романының қазақ тіліндегі екінші кітабы, 1948 жылы екі кітап та орыс тілінде басылды. 1949 жылы романға бірінші дәрежелі Сталиндік сыйлық берілді.
1946 жылы А.Бектің «Волоколомск тас жолы» романы бойынша киносце-нарий жазу ниеті пайда болады (Ғ.Мүсіреповпен тең авторлықта).
1947 жылы Қазақстан
компартиясы ОК «Қазақ ССР
ҒА тіл және әдебиет
1946 жыл. Филология ғылымдарының докторы ғылыми атағы беріліп, профессор болып бекітіледі, Қазақ ССР Ғылым Академиясының толық мүшесі болып сайланды. Қаз ССР ҒА тіл және әдебиет Институтының қазақ әдебиеті тарихы секторының меңгерушісі.
Қазақ ССР Ғылым Академиясы құрылған 1946 жылдан бастап, оның академигі болған ол өмірінің соңына дейін республикадағы әдебиеттану жұмы