Кәсіпорын қаржылық

Автор работы: y*******@yandex.com, 28 Ноября 2011 в 14:27, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Кәсіпорындар қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамыту үшін қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Мұндай даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында ұлттық шаруашылықты басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3
І. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МӘНІ---------------------------------------5
1.1. Экономикада кәсіпорынның алатын орны----------------------------------5
1.2. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын тиімді басқару-----------------------7
1.3. Кәсіпорынның қызметінің тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер---12
ІІ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕУЛЕР ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ------------------------------------------------------------------------------------16
2.1 Кәсіпорындағы еңбек өнімділігінің тиімділігінің көрсеткіштерін факторлық талдау--------------------------------------------------------------------------16
Кәсіпорынның өзін-өзі қаржыландырудың мәні мен сипаты---------18

2.3 Кәсіпорын қаржылық жағдайындағы қаржы нарығы--------------------21
ІІІ.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру жолдары ------------------23
Қорытынды-------------------------------------------------------------------------25
Қолданылған әдебиеттер ------------------------------------------------------26
Қосымшалар ------------------------------------------------------------------27-28

Содержимое работы - 1 файл

курс жум.doc

— 140.00 Кб (Скачать файл)

Қорыта  айтқанда, кәсіпорынның қаржы жағдайы: талдауда аудиторлық түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдануға еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып, осы талдауды жүргізудің дәйектілігіне байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып, аудитор қаржылық жағдай терең, жан-жақты әрі кешенді талдау жүргізе алады, сондай-ақ объективті және анық баға береді, қаржы тұрақтьқтың нығаюы мен кәсіпорынның табыстылығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.         
 

ІІ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ФАКТОРЛЫҚ  ТАЛДАУ    

2.1 Кәсіпорындағы еңбек  өнімділігінің тиімділігінің  көрсеткіштерін факторлық  талдау    

Кәсіпорындағы есурстарды қолданудың тиімділігін  келесі көрсеткіштер сипаттайды:    

-еңбек  өнімділігінің жоғарылауы;     

-еңбек  өнімділігінің жоғарылауы есебінен  өндірілген өнімнің жоғарылауы;    

-базистік  кезеңнің шарттарымен салыстырғанда  есептік кезеңдегі жүмысшылар  еңбегін салыс-тырмалы түрде үнемдеу;     

- еңбекақы қорын салыстырмалы  түрде үнемдеу;                                         :    

- еңбек өнімділігі мен орташа  еңбек ақы қорының қатынасы.    

Осы көрсеткіштердің негізінде еңбек  тиімділігін бағалау үшін кәсіпорындардың  мәліметтерін қолдана отырып талдау жасайық.     

Жеке  жұмыс күшін қолданудың нәтижесі-бұл жұмысшының нақты еңбегі, ол өндірілген нақты өніммен есептеледі, сондай-ақ жұмысшының қол жеткізген еңбек тиімділігімен анықталады.    

Еңбек өнімділігінің жоғарылауы есебінен өндірілген өнім көлемінің өсімшесін өткен кезеңдегі еңбек өнімділігіне бөлетін болсақ еңбек күшін салыстырмалы үнемдеу мөлшерін алуға болады:    

     

Еңбек өнімділігінің 6766,87 сомаға жоғарылауы есебінен өндіріс көлемінің артуының өсімшесі жұмыс күшін 368 адамға үнемдеуге мүмкіндік берді. Бұл есептік кезеңдегі еңбек өнімділігі жағдайында кәсіпорын базистік өнім көлемін 368 адамға аз жұмысшылар санымен қол жеткізе алатындығын дәлелдейді.    

Еңбекақы   шығындарының   тиімділігін   талдау   еңбекақы   қорын   салыстырмалы   үнемдеу, жұмысшылар санының әсерін, орташа еңбекақы мөлшерін, еңбекақы қорына еңбек өнімділігі мен өндірілген өнім көлемінің факторлық талдауын, сондай-ақ орташа еңбекақы мен еңбек өнімділігі өсімшесі қарқынының қатынасын анықтаумен сипатталады.    

Еңбекақы  қорының жұмысшылар саны мен орташа еңбекақы мөлшеріне тәуелділігін келесі түрде көрсетуге болады:               

V = К*Ү                                                             

мұндағы, У-еңбекақы қоры;    

К-жұмысшылар саны;     

Ү-бір  жүмысшының орташа еңбекақысы.    

Абсолюттік  айырмашылықтар әдісі тәжірибеде басқару шешімдері мен қорытындылар жасау үшін қолданылады, бірақ оның нәтижелері әрқашанда нақты емес.    

Еңбекақы  бойынша шығындардың абсолютті  үнемделуі есептік және базистік кезеңдердегі еңбекақы қоры мөлшерлерінің  айырмашылығы ретінде анықталады. Бұл көрсеткіш шығындардың абсолютті өзгерістерін сипаттайды, бірақ олардың өзгерістерінің нәтижелілігін көрсетпейді, сондықтан да еңбекақының салыстырмалы үнемделуін анықтау керек.     

Еңбек тиімділігінің әдістемелік мәселелерінің  арасында оны анықтаудың принциптері туралы сұрақтар аса маңызды орынға ие. Тиімділік жөніндегі көзқарастарда персонал еңбегінің нәтижесі техникалық, технологиялық, ұйымдастырушылык, әлеуметтік, экономикалық және т.б. көрсеткіштермен сипатталады. Тиімділік элементінің қатынасы (нәтиже және шығындар), оны жоғарылатудың келесі мүмкіндіктерімен түсіндіріледі: шығындарды өзгертпей нәтижені жоғарылату, нәтижені өзгертпей шығындарды төмендету, шығындардың жоғарылауына қарағанда салыстырмалы түрде нәтижені тез қарқынмен үлғайту. Жұмысшылар еңбегінің ерекше сипаты мен оның өндіріс нәтижесіне әсерін ескере отырып, тиімділікті кешенді түрде бағалау керек. Жұмысшылар еңбегінің тиімділігін жоғарылату қоғамдағы нарықтық қатынастардың дамуы жағдайындағы көсіпорындағы оның негізгі мәселелерін дұрыс бағалап, оңтайлы шешімдер қабылдаумен түсіндіріледі.    

Тиімділіктің  жоғарылауын кәсіпорынның интенсивті даму факторларына жатқызады. Интенсификациялау  процесін сипаттау үшін тірі және заттанған  еңбекке жүмсалған шығындарды ескеру қажет. Бірақ, соңғы кезекте еңбек тиімділігі - өндіріс тиімділігін жоғарылату мен интенсификациялаудың жалпылама көрсеткіші болып табылады.    

Еңбек туралы ғылым кешенді түрде еңбектің экономикалық тиімділігін жоғарылату, адамдық капиталдың шығармашылық потенциалын  үтымды түрде қолдану, еңбек мотивациясы мен ұйымдастырылу әдістерін түрақты түрде жетілдіру, адамның еңбектік іс-әрекеттерінің шарттарын жақсарту мен оның әлеуметтік жағынан қорғалуын қамтамасыз етуді қарастырады.     

Әлемдік тәжірибеде, ең басты ендіргіш күш  адам болып саналады. Әрбір жұмысшы, жеке топтар мен толықтай қоғам еңбектік қызметгі жүзеге асыру мүмкіншіліктері мен қабілеттеріне ие және оның тиімділігін іске асырады.    

Еңбек процесінің тиімділігін жоғарылату еңбектің техникалық базасын жетілдіру және оны үтымды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін барлық элементтерін қарастыруды талап етеді.     

 

    1. Кәсіпорынның өзін-өзі қаржыландырудың мәні мен сипаты
 

    Кәсіпорынның  өзін-өзі қаржыландыруы  — нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің табысты болуының міндетті шарты. Бұл қағидат өнім өндіру мен кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасын ұлғайту жөніндегі шығындардың толық өтелуіне негізделеді, ол әрбір кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын меншікті көздері есебінен жауып отыратындығын білдіреді. Қаражаттардың уақытша жетіспеушілігі кезінде оған деген қажеттілік банктің қысқы мерзімді кредиттері мен коммерциялық несие есебінен (ағымдағы шығындарға пайдаланылады) және ұзақ мерзімді кредиттер есебінен (күрделі жұмсалымға пайдаланылады) қамтамасыз етілуі мүмкін, олар кәсіпорынның қарамағында қалатын пайданың есебінен өтелінеді.     

Нарықтық  экономика мен жекешелендіру  процестерінің дамуы жағдайында өзін-өзі қаржыландыру қағидатын  қамтамасыз етуге акционерлік капиталды, бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен пайыздарды, қаржы операцияларынан алынған табысты (пайданы) пайдалану арқылы қол жетеді.    

Бюджеттік және салалық қаржы көздері өзінің маңызын жоғалтты және олар негізінен  экономиканың құрылымдық қайта құрылуын қаржыландыруға, конверсияға қолданылады.     

Өзін-өзі  қаржыландыру кәсіпорындардың толық  қаржы дер-бестілігімен және жауапкершілігімен тығыз байланысты. Оларға өздерінің меншікті ресурстарын өз бетінше ұйымдастырып басқаруға, тартылатын және қарыз қаражаттарын іздестіріп, айналымға салуға құқық берілген. Мемлекет кәсіпорындардың қаржы ресурстарын қайта бөле алмайды. Қаржы қатынастарын мемлекет тарапынан реттеу бюджетке салық алудың, амортизациялық қорды қалыптастырудың, валюталық түсім-ақшаны бөлудің, бағалы қағаздарды өткізудің, шығындарды өзіндік құнға жатқызудың және т.т. жүйесі мен тәртібін белгілеу ақылы жүзеге асырылады.     

Кәсіпорынның  өзін - өзі қаржыландыру таза  пайда  экономикалық  санатының  маңызды  және кез келген   коммерциялық   мекемелері   қызметінің   негізгі мақсаты  болып табылады. Нарықтық қатынастарда  пайда экономикалық санаты ретінде құрылған материалдық өндіріс саласының таза пайдасын қамтиды.    

Пайда баланстың және есептеулік болып  бөлінеді. Жалпы баланстық пайда  мынадан құралады:    

•  тауарлы өнімдерді сатудан түскен пайда;    

• тауарлы өнімнің  құрамына жатпайтын басқа өнімдерден   және   қызмет   көрсетуден   түскен   пайда немесе зиян;    

• сатылатыннан   тыс   операцияларды   жоспарлаудан түскен   пайда   немесе   зияндар.   Оған   жататындар: айыппұлдар, сыйлықтар және т.б.    

Есептеулік пайда - бұл негізгі өндірістік және айналмалы  иормативтік қорларды жзне банктерден алған несиелерді шегергендегі бюджетке түсетін жалпы баланстың пайда болуынан.      

 Өндірістің өзін - өзі қаржыландырудағы  пайда жоспары бағалар мен  келісім-шарттар, салыстырмалы және қазіргі қолданылып жүрген бағалар не-гізінде жасалады. Пайда көлемін анықтау тікелей есептеу немесе талдау әдістерімен жүргізіледі. Пайданы тікелей есептеу әдісімен анықтау — өнімнің әрбір жеке түрлерін көтерме бағамен есептегендегі сатудан түсетін ақшалай түсім және оның өзіндік құнның арасындағы айырмасы болып табылады.    

Екіншіден, пайда ынталандыру нысанына ие болады.  мазмұны, ол бір жолгы қаржы нәтижесі және қорынның   қаржы   ресурстарының   негізгі   элементтері болып табылады.    

Үшіншіден, пайда  бюджеттің түрлі деңгейін  қалыптырудың бірден-бір көзі. Ол бюджетке салық түрінде түседі және басқа да табыс түсімдерімен қатар қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін қаржыландыруға пайда-ланады.    

Кәсіпорынның  пайдасы әр түрлі қызмет есебінен алынуы мүмкін. Барлық пайданың жиынтық деңгейі — кәсіпорынның жалпы пайдасы. Жалпы пайданың негізгі жиынтық элементтері болатындар:    

•  өнімді   сатудан,   қызмет   атқарудан,   қызмет   көрсетуден түсетін пайда;     

•  негізгі   қорларды,   сол   сияқты   басқа   да   кәсіпорынның мүліктерін сатудан түсетін пайда;    

•өткізуден  тыс операциялардың қаржы нәтижелері. Кәсіпорынның  пайдасы   екі   көрсеткішке   байланысты: өнім бағасы және оны өндіруге кететін шыгындар. Нарыктағы өнім бағасы — сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылының нәтижесі.   
     

2.3 Кәсіпорын қаржылық  жағдайындағы қаржы  нарығы   

        

  Қаржы рыногы — рыноктық экономиканың қалыптаскан элементтерінің бірі. Өз аясына капитал рыногын, валюта рыногын ғана емес және бағалы қағаздар рыногын ендіреді. Бұл рыноктарды өз кұрамына енгізудің мақсаты — еркін козғалыстағы акша ресурстарын мемлекеттің, кәсіпорынның және акционерлік коғамның мүддесіне жұмсау. Әкімшілдік-әміршілдік жүйеде қаржы рыногының кызметін мемлекеттік бюджет, банктің ңесие жоспары, министрліктің каржы жоспары т.б. тетіктер аркылы жүргізілген.     

Экономикалық  реформа кезінде кәсіпорын өз шаруашылығын жаңа түрде жүргізіп қаржы ресурстарын қалыптасқан тәсілмен бөліп, қолдануға барынша шектеу қойылды. Ресурстардың министрліктер арқылы ішкі сала бойынша бөлінуін барынша қысқартты. Сондықтанда қаржы нарығы құрудың кажеттілігі пайда болды. Оның экономикалық негізгі кәсіпкерлердің қаржы ресурстарына кажеттілігінен туып, оны беру мүмкіндігін кыскартты.     

Қаржы рыногы - өзінің инфракұрылымымен айқындалған  күрделі механизм және жаңа ақпараттық ағымдармен ерекшелінеді. Қаржы рыногын кұру үшін кешенді мәселелерді меңгеру қажет. Оған бағалы қағаздар эмиссиясы жане оның курсының өзгеруі, инфракұрылым мен ақпаратты қамтамасыз етуді жатқызамыз. Рыноктық экономикаға өтуде қаржы нарығын дамыту несие -қаржы жүйесін қайта құруды талап етеді. Әлемдік тәжиірибе көрсеткендей, нарықтық экономикаға екі түрлі қаржылық қатынастар әсер етеді бюджеттік және рыноктық. Мемлекеттік бюджет пен баска денгейдегі бюджеттер және бюджеттік емес орталық қаржы қорларының қалыптасуы, әдетте кәсіпкерлер отбасының қайтарылмайтын бір бөлігінен және азаматтар табысынан тұрады. Осы табыстар мемлекеттің қабылдаған міндеттері мен мақсаттарына қайтарылмайтын бюджеттік қаржыландыру жолымен қолданылады.  

Ақша ресурстарын бюджеттік пайдалану нарықпен толықтырылып отыруы қажет. Қаржы нарығында ақша толыққанды тауар ретінде жұмыс атқарады. Оның қолдану бағасы рынок санына сәйкес сұраным мен ұсыным негізінде белгіленеді. Қаржы рыногы жағдайында кәсіпорын ұғымдар, тұрғындар тұрақты ақшалай қорланған табысты қалыптастырып, оны алуға ұмтылыс жасайды. Ал халық шаруашылығы қосымша қаржы кезеңдеріне ие болады. Мұндай капитал нарықсыз кәсіпорындарды өзін-өзі қаржыландыру мүмкін емес. Олардың инвестициялық мүмкіндіктері тек өздерінің  құрал-жабдықтарына шектеліп, басқадай толтыру көздері жоқтың қасы.    

Біздің  шаруашылық өмірімізде ақша ресурстарын пайдалануда бюджеттік әдіс кеңірек белең алып, қаржы нарығы тіпті болғанда жоқ. Ақшаның барлық коры мемлекеттің колында болып, мемлекеттІк бюджет арқылы ұлттык табыстын үштен екісі бөлінді. Несие жүйесінде тек қана мемлекеттік банктер жұмыс жасады.  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
  
     

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ  ЖОЛДАРЫ    

3.1. Кәсіпорын қызметінің  тиімділігін арттыру жолдары     

Информация о работе Кәсіпорын қаржылық