Автор работы: y*******@yandex.com, 28 Ноября 2011 в 14:27, курсовая работа
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Кәсіпорындар қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамыту үшін қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Мұндай даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында ұлттық шаруашылықты басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.
КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3
І. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МӘНІ---------------------------------------5
1.1. Экономикада кәсіпорынның алатын орны----------------------------------5
1.2. Кәсіпорынның қаржы ресурстарын тиімді басқару-----------------------7
1.3. Кәсіпорынның қызметінің тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер---12
ІІ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕУЛЕР ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ------------------------------------------------------------------------------------16
2.1 Кәсіпорындағы еңбек өнімділігінің тиімділігінің көрсеткіштерін факторлық талдау--------------------------------------------------------------------------16
Кәсіпорынның өзін-өзі қаржыландырудың мәні мен сипаты---------18
2.3 Кәсіпорын қаржылық жағдайындағы қаржы нарығы--------------------21
ІІІ.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру жолдары ------------------23
Қорытынды-------------------------------------------------------------------------25
Қолданылған әдебиеттер ------------------------------------------------------26
Қосымшалар ------------------------------------------------------------------27-28
Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұрақ та арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты "өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процессінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы" деп түсіндіреді... Қаржылық тұрақтылық - меншікті және қарыз қаражаттарының байланысы деп жазады.
Енді біреулер "өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар, материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін уақтысында қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады" деп жазады.
Бұл ұғымды А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфуллин өте ықшам түрде анықтайды, Олардың ойынша "Қаржылықі тұрақтылық - бұл әрдайым төлем қабілеттілігін кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы".
В.М. Родионова мен М.А. Федотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді: "Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән айнасы - қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркш пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ кәсіпорынды кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның қаржы ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады". Осы еңбегінде бұл авторлар одан әрі мына анықтаманы келтіреді.
"Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мек несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы".
В.Г. Артеменко мен М.В. Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді; "Қаржылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және " кәсіпорынның жалпы тұрақтылығыкың негізгі бөлігі болып табылады" (9), Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз еткен ақша ағымының қозғалысын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына қөптеген факторлар әсер етеді, оларды В.М. Радионова және М.А. Федотова келесідей түрлерге жіктейді:
1) пайда болу орнына байланысты - ішкі және сыртқы;
2) нәтижесінің маңыздылығына
3) құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі;
4) әрекет ету уақыты бойынша - тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.
Негізгі ішкі факторларды
қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы
ең бірінші өндіріс шығындарымен
үздіксіз байланысқан өндірілген өнім
мен көрсетілген қызметтің
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі - активтердің тиімді құрамы. мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері - кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшік қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.
Кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
• кәсіпорынның
салалық топқа жатуы;
• шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар
- сұраныстағы үлесі;
• төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
• шығындардың
көлемі, олардың ақшалай табыспен
салыстырғандағы динамикасы;
• қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
• кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.
1.3 Кәсіпорынның тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер
Кәсіпорын қызметінің
тиімділігі өндірістің нәтижесін (тиімділігін)
шығындар мен қолданылған ресурстарды
салыстыру жолымен өлшенеді. Қол жеткізілген
өнімділікті (табыс, өнім) авансталған
немесе қолданылған ресурстармен (шығындар)
салыстыра отырып кәсіпорын қызметінің
тиімділігінің бірқатар көрсеткіштерін
анықтауға болады. Оларды шартты түрде
екі топқа йөлуге болады:
1) қорытындылаушы;
2) техника-экономикалық.
Өндірістің экономикалық өсуіне экстенинтенсивтік немесе интенсивтік тәсілмен қол жеткізуге болады - өнімңің өсу қарқынының ресурстардың немесе шығындардың өсу қарқынынан артық болуы экономикалық өсудің басым интенсивті екендігін дәлелдеді. Өндірістің экономикалық тиімділігінің жоғары қарқынды және бірыңғай өсуін қамтамасыз ету мүмкіншілігі тек дамудың интенсивті түріне өтуіне жағдайдай жасайды. Бұдан шығатын қорытындыны жан-жақты интенсивтендіру - оның тиімділігін нығайтудың шешуші себебі. Сөз ең алдымен, әрбір материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының бірлігінің құрылымын арттыру үшш непзп өндірістік қорларды тек паидалану туралы болып отыр.
Өндірістің тиімділігінің ең басты көрсеткіші еңбек өнімділігі болып саналады, ол өндіріс нәтижесі мен, жұмыс істеушілердің орташа тізім саныньң арақатынасымен немесе еңбек сыйымдьлығымен, өнім бірлігіне кеткен жұмыс уақытының шығындарымен өлшенеді. Жапонияда өнімділік, кәсіпорынның іскерлік белсенділігін сипаттайтын көрсеткіштер қатарьша жатқызылады. Бұл елдің кәсіпорьшдарының қаржылық есебінде есептелген түрінде мынадай еңбек өнімділігі коэффициенттері келтіріледі:
Бір жұмыс істеушіге шаққандағы сату көлемі = Сату көлемі / қызметкерлердің жылдық орташа саны.
Бір жұмыс істеушіні ұстау үшін кеткен шығындар = Еңбекке кеткен шығындар / Қызметкерлердің жылдық орташа саны.
Бір жұмыс істеушіге пайда
негізгі қызметтен негізгі қызметген
түскен пайда = негізгі қызметтен түскен
пайда / Қызметкерлердің жылдық
Біздің кәсіпорындарда еңбек өнімділігінің негізгі көрсеткішіші бір жұмыс істеушіге шаққандағы жылдық өнім болып табылады. Оның шамасы бір жұмысшыға шаққандағы орташа өндірлген өнім мен жұмыс
істеушілер құрамындағы жұмысшылардың үлес салмағына байланысты.
Бұл тәуелділік мына формуламен көрсетіледі:
W = ДN / R = Д N x r /R x r = Д N / r x r/R
Мұнда: Дн -өнімді сатудан түскен табыс (ақша);
К - жұмыс істеушілердің тізімдік орташа саны;
г - жұмысшылардың тізімдік орташа саны;
—— бір жұмысшыға шаққанда жылдық ор-г
таша өндірілген өнім; г ------жұмыс ютеушілер құрамындағы жұ-
мысшылардың үлес салмағы. Формуладан, біз бөлшекті бір санға (г) көбейтіп; және бөліп көбейткіштер алдық, одан бір жұмысшыға шаққандағы өндірілген өнім және оның үлес салмағы көп болған сайын, бір жұмыс істеушіге есептелген орташа жылдық өндірілгені де жоғары болатынын көреміз
Факторльқ талдау
- бұл жекелеген факторлардың (себептердің)
қорытынды көрсеткішке
Айта кеткен жөн, кәсішорынның қаржылық жағдаиы-талдау жүргізудің дәйектілігі жөніндегі басылып шығарылған әдістемелік зерттеулердегі авторлардың тыныстары оқырмандардың назарын аударады. Жалпы редакциясын В.И. Стражева басқарған, Беларусь Республикасының Мемлекттік экономикалық университетінің авторлар ұжымы кәсіпорынның қаржылык жағдайын талдауды алдымен оның активтері мен пассивтерін талдаудан бастау ұсынылады, содан кейін кәсіпорынның төлеу қабілеті мен қаржылық тұрақтылығын, сондай-ақ активтердің қайтарымдылығын тал-дауға және оның қаржы жағдайьш қысқа мерзімді болжауға кеңес беріледі.
О. В. Ефимов өзінің "Қаржылық жағдайды қалай талдау керек" деген еңбегінде талдау әдістемесін, әрбір шаруашылық жүргізушінің маңызды міндетінің бірі болып табылатын және де кәсіпорынның төлеу қабілеті мен өтімділігіне қосымша баға беруге мүмкіндік беретін мұліктік массаның құрыльшын бағалаудан бастайды.
И. М. Лоханина мен 3. К. Золкина алдымен есеп беруді құрастырудың сапасык тексереді, содан кейін оны оқуды жүргізіп, соның негізікде кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалайды, одан кейін кәсіпорын-ның мүліктік жагдайына және оның қалыптасу көздеріне, қаржылық дербестігіне және талдау қабілеттілігше терендетілген талдау жасайды.
Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаудың соңғы ерекше) әдістемесін А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфулин ұсынады. Ол талдаудың келесі бөліктерінен тұрады: қаржылық жағдайдың жалпы бағасы және есепті кезедцегі оның өзгерісі; кәсіпорынннң қаржылық тұрақтылығын талдау; баланс өтімділігін талдау; кәсіпкерлік скерлік белсенділігін және төлеу. қабілетін талдау.
Қаржылық жағдайды және оның есепті кезеңдегі өзгерісін салыстырмалы аналитикалық баланстың бойынша бағалау, сондай-ақ қаржылық тұрақтылықты абсолюттік көрсеткіштерін талдау, олардың ойынша кәсіпорынның қаржылық жағдайьш талдаудың басты бөліктерін дамытуға тиісті оның негізгі пунктін құрайды. Баланс өтімділігін талдау, тұрақтллықты талдаудан туындап, ағымдағы төлеу қабілетл лігін бағалап, болашақтағы төлем қабілеті мен қаржы лық тепе-теңдіктің сақталу мүмкіндігі туралы қорытынды жасауға тиіс.
В.А. Андреев және В.В. Ковалев кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалауға байланысты жұмысты екі модульді құрылым түрінде ұйымдастыруды ұсынады: экспресс-талдау және тереңдетіп талда) Экспресс-талдаудың негізгі мақсаты - бұл шаруашылы субъектісінің даму динамикасын және қаржылы жағдайын бағалау болып табылады. Оның шеңберінд қойылған мақсатқа көрнекті және жай қол жеткізуг мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіштердің аздаған санының динамикасына есеп, бақылау және талдау жұ| гізіледі.
Тереңдетіліп нақтыланған талдау экспресс-талдауды бөлек төртібІн кеңейтеді, толықтырады және дәлелдейді Оның мақсаты - шаруашылық субъектісінін, қаржы жағдайы туралы, оның өткен есепті кезеңдегі қызметінің нәтижесі, сондай-ақ кәсіпорыннын; болашақтағы даму мүмкіндіктеріне соңғы толық баға беру болып табылады. Осыған байланысты нақтылау дәрежесі аудитордың өзінің ықыласына байланысты.