Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2012 в 18:32, реферат
Қазақстан егемендігін жариялау, елдің экономикасы мен банк жүйесін реформалау сенімділігі, қауіпсіздігі мен тиімділігімен ерекшеленетін, жедел жəне көп тəуекелсіз төлемдер жүзеге асыруға мүмкіндік беретін төлем жүйелерін құру қажеттілігін тудырды.
Орталық банктер өз міндеттерін толық оқшауланып атқара алмайды. D міндеті орталық банк (қадағалау органы жəне/немесе оператор рөлінде) пен өзге билік органдары немесе қаржылық қадағалаудың дербес органы арасындағы ынтымақтастықтың қажеттігін мойындайды. Бұдан басқа, орталық банкке Басты қағидаттарға жүйені сəйкес келтіруді қамтамасыз ету үшін сыртқы жəрдемнің қажет болуы мүмкін. Мысалы, Нидерландыда Ұлттық Банк пен бағалы қағаздар нарығын реттеу органының арасында бағалы қағаздармен операциялар жөніндегі есеп айырысу жүйелерін қадағалау жəне бақылау жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім жасалды.
Италия мен Францияның орталық банктері де клирингтік палаталардың қызметін реттеу саласында бірлескен іс-əрекеттер жөнінде мүдделі органдармен тиісті келісімдер жасады.
Ақпарат технологиясы дамуының осы кезеңінде төлем жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуінің техникалық жəне бағдарламалық қамтамасыз етуге тəуелділігі төлем4 жүйелерінің жұмыс істеуінің қауіпсіздігіне жəне нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды тұрақты түрде арттыруға мəжбүр етеді. Бұдан басқа, төлем жүйелерін қадағалау жөніндегі орталық/ұлттық банктердің функцияларын дамытуға əлемдік үрдістерді күшейтуге қатысты Қазақстан Ұлттық Банкінің алдында төлем жүйелерін қадағалауды неғұрлым мұқият жəне ауқымды ұйымдастыру қажеттігі тұр. Қазіргі уақытта төлем жүйелерін қадағалауды жүзеге асыру төлем жүйелерінің мониторингін жүргізумен, төлем жүйелерінің барлық қатысушыларынан қажетті статистикалық ақпарат алумен жəне төлем жүйелеріне кірудің қауіпсіздігін тексерумен ғана шектелмеуі тиіс.
Осыған байланысты,
төлем құжатын дайындаудан
Төлем жүйелерін қадағалаудың мақсаттары мен бағыттары
Төлем жүйелерін қадағалаудың негізгі мақсаты жүйенің жəне оның қатысушыларының тəуекелдердің кез келген немесе барлық түрін қандай да болмасын құрылымдық салдарсыз (ақша төлемдері мен аударымдарына байланысты қаржылық, операциялық, техникалық, құқықтық тəуекелдерді барынша төмендету) басқару мүмкіндігін қамтамасыз ету болып табылады
Жүйелік мəні бар төлем жүйесінің əзірлеушісі жəне операторы жүйенің Басты қағидаттарға сəйкес келуін қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікті атқарады. Егер орталық банк жүйенің операторы болып табылмаса, онда оның рөлі жүйенің аталған қағидаттарға сəйкес келуін қадағалауға, сондай-ақ оператордың өз міндеттерін орындауын бақылауға əкеп тіреледі.
Қадағалау үшін негіз қандай болмасын, қадағалау тиімділігіне қол жеткізу мақсатында Ұлттық Банк қабылдағаны жөн болатын бірқатар шаралар бар:
• төлем жүйелерін қадағалау мəселелері бойынша қажетті нормативтік құқықтық базаны əзірлеу (ең төменгі талаптарды жəне стандарттарды белгілеу жəне т.б.).
• қадағалау объектісі
болып табылатын жүйелерді
• жұмыс істеп тұрған жүйелік мəні бар төлем жүйелерінің əрқайсысын олардың Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық құжаттарына, сондай-ақ барлық Басты қағидаттарға сəйкес келуін қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылуын жəне жұмыс істеуін тексеру мен бағалау.
• Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық құжаттарының талаптарына сəйкес келмеу анықталған кезде қолайлы мерзімдерде қажетті іс-қимылдарды қабылдауды қамтамасыз ету.
• Ұлттық Банктің талаптарына сəйкес келтіру процесін оңтайландыру үшін əзірлеу сатысындағы жаңа жүйелерді бағалау.
• жүйенің операторларынан олардың жұмысын талдау үшін ақпарат жинау, тиісті тексеру мүмкіндіктері болу үшін жобаның немесе жүйе жұмысының кез келген болжанған өзгерістері туралы ақпаратты алдын ала алу.
• төлем жүйелері инфрақұрылымының қызмет көрсету провайдерлерінен ақпарат сұрату жəне алу.
• төлем жүйелерінің
қатысушыларынан олардың іс-
• ақпарат жинауды, тұрақты мониторингті, сондай-ақ төлем құжатын дайындау сəтінен бастап оны орындағанға дейін төлем құжаттарын орындаудың жəне төлемдер жүргізудің толық тізбегі бойы төлем жүйелерінде тəуекелдердің туындау мəселелері бойынша іс-əрекет жүргізу.
• төлем жүйелері қатысушыларының қызметін Ұлттық Банктің нормативтік актілерінің талаптарын сақтауына тексеруді жүзеге асыру.
Қорытынды
Төлем жүйелерін қадағалау тұжырымдамасын əзірлеу төлем жүйелерінің қаржы жүйесіндегі жəне тұтастай алғанда ел экономикасындағы атқаратын басты рөлін түсінуге жəне тануға байланысты, ол үшін Қазақстан төлем жүйелерін үнемі реформалап отырады. Төлем жүйелері жұмысының кейінгі жылдары Ұлттық Банк олардың тиімді жəне тұрақты жұмысын қамтамасыз ететіні, сонымен қатар төлем жүйелері əлемдік іс-тəжірибедегі соңғы жетістіктерге сəйкес тиісті ақпарат технологиясымен жəне техникалық жарақтандырумен қамтамасыз етілетіні болжанып отыр. Ұлттық Банк туындаған тəуекелдерді төлем жүйелерінің қызмет көрсету операторларын, төлем жүйелерінің техникалық жəне бағдарламалық қамтамасыз ету провайдерлерін, төлем жүйелерін пайдаланушыларды, сондай-ақ төлем құралдарының пайдаланылуын бақылау жəне мұқият қадағалау арқылы басқаруға қабілетті болатыны күтілуде. Осы тұжырымдама төлем жəне есеп айырысу жүйелерін реформалауға ықпал етуге арналған, бұл жаңа технологияларды дамытуға, ақша төлемдері мен аударымдарын жүргізудің тиімділігі жəне қауіпсіздігі мəселелерінің маңыздылығын күшейтуге тікелей байланысты, сондай-ақ Ұлттық Банктің төлем жүйелерін жетілдіру, төлем жүйелерін қадағалаудың тиімді жүйесін ұйымдастыру жөніндегі кейінгі стратегиясын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі