Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 22:47, отчет по практике
«Kaspi bank» Қазақстанның қаржы нарығында ең қалаулы жұмыс беруші болуы үшін барын салып жұмыс істеуде. Адам капиталына инвестиция салу арқылы банк қызметкерлерге іштей және сырттай оқуға мүмкіндік бере отырып кәсіби деңгейлерінің өскенін қалайды.
Ынталы да жоғары білікті мамандардан команда құру «kaspi bank» үшін басымды мақсат болып табылады, адамдық капитал – бірінші құндылық. «Kaspi bank» АҚ адамдардың бойындағы кәсіпқойлықты, құзыреттілікті, серпінді дамып келе жатқан банктің алдында тұрған мақсатқа жетуде командамен жұмыс істей алатындарды бағалайды.
Кіріспе
Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банк жүйесі жұмыс атқарады:
ерекше құқықтық мәртебеге ие «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ басқа, барлық коммерциялық банктер.
2004 жылдан бастап
барлық қаржы институттар
Қазіргі кезде Республикамызда 34 екінші деңгейлі банктер, 14 шетелдік банктер (сонымен қатар 9 еншілес банктер, Қазақстан Республикасының резидент емес банктері) және еікнші деңгейлі банктер қатарына жатпайтын «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ.
Қазақстан Республикасының банк секторына активтердің жоғары шоғырлануы, сонымен қатар заңды және жеке тұлғалардың дипозиттері тиесілі. Бұл секторда соңғы жылдары жетекшілік тізгінін «Казкоммерцбанк» АҚ, Банк Туран Алем» АҚ, «Халық Банк» АҚ сияқты ірі банктер ұстап тұр.
«Kaspi bank» Қазақстанның қаржы нарығында ең қалаулы жұмыс беруші болуы үшін барын салып жұмыс істеуде. Адам капиталына инвестиция салу арқылы банк қызметкерлерге іштей және сырттай оқуға мүмкіндік бере отырып кәсіби деңгейлерінің өскенін қалайды.
Ынталы да жоғары білікті мамандардан команда құру «kaspi bank» үшін басымды мақсат болып табылады, адамдық капитал – бірінші құндылық. «Kaspi bank» АҚ адамдардың бойындағы кәсіпқойлықты, құзыреттілікті, серпінді дамып келе жатқан банктің алдында тұрған мақсатқа жетуде командамен жұмыс істей алатындарды бағалайды. Банктің қызметкерлері Harvard, Oxford, ҚМЭБИ, Қазақстан-Британдық Техникалық Университеті, Әл-Фараби атындағы ҚазМУ және т.б. әлемдік және қазақстандық жетекші ЖОО-ның түлектері болып табылады.
Банкте енгізілген корпоративтік университет қызметкерлерді үзбей оқыту жүйесі сәтті жұмыс істеуде. Deloitte; Ernst & Young; PriceWaterhouseCoopers; Oxford Financial Training; Management Development Center; Global Education Provider және т.б. халықаралық компаниялар қызметкерлерді оқыту және дамытуда банк серіктестері болып келеді.
Бизнес-жобаларға қатысу арқылы мамандар, жетекші шетелдік банктер мен қаржы институттарында жұмыс істеген көшбасшылардың озық тәжірибелерін алу және пайдалану мүмкіндігін иеленеді
Тәжірибе өтудегі мақсатым, барлық теориялық білімімді тәжірибе жүзінде тексеру, банк жүйесін меңгеру, жинақтаған тәжірибелік білімімді қорытындылау,диплом алдындағы дайындығымды көрсету.
Өндірістік тәжірибенің міндеттеріне кіретіндер:
Өндірістік тәжірибе есебінде банк туралы жалпы мағлұмат, банктің құрылу тарихына, басқарылу құрылымына тоқталдым, банктің қаржы көрсіштерін талдадым, кадрлық саясатын қарадым.
1 «Kaspi bank» АҚ-ның тарихы, жалпы сипаттамасы
1997 жылғы сәуірде «Каспийский Банкі» ЖАҚ мен «Қаздорбанк»
ААҚ (1989 жылдың 13 қаңтарында құрылған және
тіркелген) серіктестік және ынтымақтастық
туралы Келісімге отырды. Серіктестер
арасындағы өзара іскерлік қатынастың
сындарлы стилі және ақпаратпен, жоспарлармен
ашық алмасу, қызметкерлердің өзара тағылымдамасы
нәтижесіндегі терең түсіністік серіктестердің
бәсекелестіктегі артықшылықтары мен
әлсіз жақтарын айқындап, екі банктің
бірігуі мен қайта ұйымдастырылуы екі
жаққа пайдалы екеніне көз жеткізді. Қаржы
нарығындағы жағдай мен Қазақстан Республикасының
банк жүйесінде байқалған банк капиталдарын
шоғырландыру жөніндегі үрдістер, сондай-ақ
банк санының қысқаруы, серіктес банктердің
қосылуына оң жағдай туғызды.
1997 жылғы 12 желтоқсанда «Каспийский» Банкі» ЖАҚ пен «Қаздорбанк»
ААҚ өз еріктерімен қосылуы нәтижесінде
құрылған «Каспийский» Банкі» ААҚ Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі №245 бас
лицензиясын берді.
2000 жылғы 16 ақпанда Банк «Қазақстандық жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қоры» ЖАҚ қатысушысы болады.
2002 жылғы қаңтар айында Банк бөлшекті бағыттағы жұмысын белсенді дамытып, жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктері арасында жеке тұлғалардың шұғыл салымдарының рейтингінде көшбасшылар ондығына кірді.
2003 жылғы 1 тамызда 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес «Каспийский» Банкі» ААҚ «Каспийский Банкі» АҚ болып өзгертілуіне байланысты әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуден өтті.
2003 жылғы 2 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы №408 Қаулысы бойынша «Каспийский» Банкі» АҚ халықтық акционерлік қоғам мәртебесі берілді.
2006 жыл әлемнің дамушы нарығындағы ең табысты
инвестициялық қорлардың бірі «Бэринг
Шығыс Капитал Партнерс» институционалды
инвесторының «Каспийский» Банкінің акционері
болып келуі елеулі оқиға. «Бэринг Шығыс»
ТМД-да жалпы мөлшері 1.8 млрд. доллардан
астам төрт тікелей инвестициялар қорының
активтерін басқарады.
«Бэринг Шығыстың» басқаруындағы
қорлардың инвесторлары арасында Еуропалық
қайта құру және даму банкі, Халықаралық
қаржы корпорациясы, Нидерландтық FMO дамыту
агенттігі секілді танымал халықаралық
қаржы институттары, тағы басқа зейнетақы
қорлары, үкіметтік инвестициялық корпорациялар,
Америка, Еуропа және Азиядағы университеттік
қорлар бар. «Бэринг Шығыс» ТМД, Азия, Үндістан,
Еуропа мен Латын Америкасында $3,5 млрд.
активі бар тікелей инвестициялау қорларын
басқаратын «Baring Private Equity International» тобының
құрамына кіреді.
2008 жылы «Каспийский» Банкі» АҚ-ы «Кaspi bank» АҚ болып өзгертілді.
2009 жылы 3 желтоқсанда
Лондонда «The Banker» (Financial Times) журналының
жыл сайынғы марапаттауы
2007 жылғы 1 қазандағы
жағдай бойынша CASPIAN GROUP B.V. (Амстердам,
Нидерланд Корольдігі) банктің ең
ірі акционері (
Caspian Group B.V. акциясының 51% Baring Vostok Capital Partners тікелей инвестициялау қорына және 49% «Кaspi bank» АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы Вячеслав Кимге тиесілі.
Baring Vostok тікелей инвестициялау қорларын басқаратын, Азияда, Үндістанда және ТМД-да $2,5 млрд. активтері бар Baring Private Equity International тобының құрамына кіреді.
1-сурет – «Кaspi bank» АҚ-ның Директорлар Кеңесінің құрамы
«Кaspi bank» АҚ-ның басқару құрылымына келетін болсақ, Басқару құрылымының қаулысына байланысты банктің әкімшілік құрылымы келесідей:
Жоғары ұйым – Акционерлердің Жалпы жиналысы;
Басқарманың құрамына:
Бөлшек бизнес бөлімінің басқарушы директорының құрамына:
Дамыту бойынша басқарушы директор құрамына:
Басқарма мүшесі құрамына келесілер кіреді:
Fitch Ratings рейтинг агенттігі kaspi bank-інің ұзақ мерзімді ЭДР B деңгейінде тұрғанын растады.
Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі kaspi bank-інің шетел валютасындағы ұзақ мерзімді ЭДР (Long-term Issuer Default Rating IDR) В деңгейінде тұрғанын растады. Рейтингтерді растау басқа банктермен салыстырғанда құрылыс секторы мен банктің несие портфеліндегі валюталық қарыздардың біршама төмен үлесіне негізделген. Сондай-ақ kaspi bank-інің рейтингін капиталдандырудың жоғары деңгейі, сыртқы қарыздың төмен деңгейі және депозиттің едәуір өсімі ұстап тұр. Әлемдік нарықтағы қиын ахуалға қарамастан, банк табысты дамуда, «барлық осы көрсеткіштер агенттікке kaspi bank-інің рейтингін растауға көмектесті», – деп жазылған Fitchratings халықаралық рейтинг агенттігінің баспасөз релизінде.
1- кесте – Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігінің бағасы
№ |
Банктің атауы |
Шетел валютасындағы |
Шетел валютасындағы |
Жеке |
1 |
«АТФБанк» АҚ |
BBB |
F3 |
D/E |
2 |
«Қазақстанның Халық Банкі» АҚ |
B+ |
B |
D/E |
3 |
«ЦентрКредитБанкі» АҚ |
B+ |
B |
D/E |
4 |
«Kaspi Bank» АҚ |
B+ |
B |
D/E |
5 |
«КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ |
B- |
B |
E |
6 |
«Еуразиялық Банк» АҚ |
B- |
B |
D/E |
7 |
«БТА Банк – «ТЕМIРБАНК» АҚ» АҚ ЕҰ |
RD |
RD |
F |
8 |
"Альянс Банк" АҚ |
RD |
RD |
F |
9 |
"Нұрбанк" АҚ |
- |
- |
- |
Ескертпе – Fitch рейтинг агенттігінің ресми сайты мәліметтері |
Сонымен қатар Fitch Ratings Банктің жеке рейтингін (Individual Rating) оны басқа да жетекші банктердің рейтингімен және Қазақстан Халық Банкі мен ЦентрКредитБанкіне қатысты сәйкестендіре отырып, D-дан D/E-ге өзгертті, деп атап өтілген рейтинг агенттігінің баспасөз релизінде. Банктің рейтингі еліміздің банк жүйесіндегі ең жоғарылардың бірі. Тәуекелдерді бағалаған кезде рейтинг агенттіктері менеджменттің сапасына, капиталдың бірдейлігіне, несие портфелінің сапасына және тәуекелдердің бағасына басты назар аударды. Шоғырландырылған халықаралық аудит жүргізілген қаржы есептілігіне сай, kaspi bank-інің капиталының бірдейлігі жылдың соңында 25% астамды құрады, ал бұл қажеттісінен де едәуір көп. Сонымен қатар тәуекел-менеджмент жүйесін, әсіресе бөлшек бизнеске қатысты, әрдайым жақсарту әрі жетілдіру – банктің негізгі басымдықтарының бірі. Барлық осы факторлар kaspi bank-інің рейтингін растаған кезде халықаралық агенттіктің талдаушыларының назарына алынды.