Әлемдегі банктік несие жүйесі дамуының қазіргі тенденциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2013 в 20:47, курсовая работа

Краткое описание

Шаруашылық құрылымдардың дамуында кәсіпорындар, ұйымдар мен халықты несиелеуді ұйымдастыруда несие жүйесі маңызды рөл атқарады. Ақша-несие механизімінің үздіксіз және нәтижелі жұмыс істеуінен бірлі шаруашылық ұйымдары ғана емес, түгел елдің экономикалық дамуы да тәуелді. Сонымен қатар, несиелеу жүйесінің эволюциясы мемлекеттегі экономикалық жағдаймен, басқарушы формалары мен механизімімен анықталады. Әрбір халық шаруашылығының тарихи-экономикалық даму сатысына жекелеген экономика салаларының қаржы-несие қызмет көрсету қажеттіліктерін қанағаттандыратын өзінің несиелік ұйымдастыру,несиелеу жүйесінің құрылымы тән.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................3

І Бөлім. Несие жүйесі..............................................................................................4
Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы.........................................4
Несиелеу объектілері мен субъектілері......................................................8

ІІ Бөлім. Несие түрлері.........................................................................................11
2.1 Банктік несие және оның экономикалық мағынасы................................11
2.2 Банктік несие беру процесі және несиені қайтару кезеңі ......................13
2.3. Несиелік механизм және несиелік процесс ............................................18

ІІІ Бөлім. Әлемдегі банктік несие жүйесі дамуының қазіргі тенденциялары.22
3.1. Қазіргі несиелеу жүйесінің ерекшеліктері .............................................24

Қорытынды............................................................................................................27

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................29

Содержимое работы - 1 файл

Несие ж_йес_1.doc

— 244.50 Кб (Скачать файл)



 

Мақыш “Коммерциялық  Банктер операциялары” С.Б Мақыш  – Алматы, Қазақ Униерситеті 2002ж-30бет.

 

     Кесте-3

          Екінші  деңгейлі банктердің несиелері* 

                                                                                   жылдың соңында млн т

 

1991**

1992**

1993

1994

1995

1996

Кредиттер,барлығы

57095

987672

14564

44683

42985

60953

Қысқа мерзімді

50033

953422

13879

42733

38819

41387

Орта мерзімді

         

16769

Ұзақ мерзімді

7062

34250

986

1950

4166

2797


 

*- Қазақстан Республикасының Ұлттық  банкінің көрсеткіштері бойынша

**- млн теңге

 

 

1997

1998

1999

2000

2001

01.07.2002

Барлығы

71702

93442

148830

276218

489817

552121

Қысқа мерзімді

51208

57927

75426

143195

241135

248438

Орта мерзімді

15313

26978

37194

71592

136112

159507

Ұзақ мерзімді

5180

8537

36210

61430

112569

144177


Информационно-аналитический  сборник. Қазақстан 91-2001. Сұлтанбеков 408бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Несиелеу объектілері  мен субъектілері

 

Несие құрылымы несие беруші мен  қарыз алушыдан, сондай-ақ қарыз  капиталынан тұрады. Мұндағы несие  беруші мен қарыз алушыда несиелік мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынастар субъектілері деп атауға болады. Несие берушіге мемлекет, банктер (орталық және коммерциялық) , банк типтес мекемелер мен қаржылық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары да жатады.

Несиелеу объектісі – бұл  несиенің пайдаланылған заты, яғни несиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады.

Несиелеу объектісі материалды құндылықтар, өндіріс және айналыс  шығындары түрінде, сол сияқты, егер несиенің материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда, банк шаруашылық ұйымның міндеттемесі ретінде болады. Материалды қамтамасыз етілген несиелеу объектісіне өндірістік шикізат қорларын, сатып алады. Жартылай өнімдер, азық – түліктер және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және сауда ұйымдарындағы тауарлардың маусымды қорлары жатады.

Ұзақ мерзімді несиелеу объектісіне жататындар мынадай түрлерге бөлінеді:

    • өндіріс объектісінің құрылысы;
    • өндіріс объектісін қайта құру, техникалық жағынан қайта қаруландыру, кеңейту;
    • техникалар, құрал-жабдықтар және көлік құралдарын сатып алу;
    • жаңа өнімді шығаруды ұйымдастыру.

Несиелеу принциптері негізінен  несиелік процесс, яғни банктік несиенің берілуі, пайдалануы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне  байланысты банктік несиелердің  берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижесіндегі және т.б. анықталады.

Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру  принциптері 2 топқа бөлінеді:

І – топқа. Жалпы экономикалық тәртіптегі принциптер:

  • несиенің мақсаттылығы;
  • несиенің дифференциалдығы.

ІІ – топқа. Несиенің мәнін бейнелейтін принциптер.

  • Несиенің мерзімділігі;
  • Несиенің қайтарымдылығы;
  • Несиенің төлемділігі;
  • Несиенің қамтамасыз етілуі.

Несиені қамтамасыз етудің келесі бір  жолы – несиені сақтандыру.

Несие әдістері – несиенің берілу және қайтарылу ерекшеліктерімен байланысты болатын, банктік несиенің кәсіпорынның қаражат айналысының шеңберіне қатынасу тәсілдері.

Реформалауға дейінгі кезеңдегі  отандық банктік тәжірибеде несиелеудің 2 әдісі қолданылған:

  1. қалдық бойынша
  2. айналым бойынша

Қалдық бойынша несиелеу барысында несие қозғалысы (яғни, несиені беру және қайтару) несиелнетін құндылықтар қалдықтарымен тығыз байланысты болып келеді. Ондай құндылықтарға: әр түрлі тауарлы – материалды құндылықтар (шикізат, негізгі және қосымша материалдар, қосалқы бөлшектер, тауарлар т.б.), аяқталмаған өндіріс, алдағы кезеңдегі шығыстар, дайын өнімдер және жөнелтілген тауарлар жатады. Мұндай несие әдісіне компенсациялық сипатта болады, өйткені, компенсациялық несие жай несиелік шоттар бойынша беріледі. Сондай-ақ бұл несиенің қайтарылуы есеп айырысу шотынан шегеру жолымен жүзеге асырылады.

Айналым бойынша несиелеу (тауар  айналымы) әдісінің ерекшелігі ондағы несие қозғалысы материалдық  құндылықтар айналымымен, яғни олардық  түсу және жұмсалуына байланысты анықталады. Мұнда несие төлемдік сипатқа ие болады, себебі несиенің берілуі тікелей төлемдегі қатысты және ең бастысы, заемдық қаражаттарға деген қажеттілік туындаған кезде жүзеге асырылады. Айналым бойынша несиелеу әдісі төлемдік сипаттағы несиенің көмегімен жүргізіліп, арнайы несие шарттары бойынша беріліп отырған. Бұл жерде несиенің қайтарылуы өнімді сатудан түскен ақшалай түсімдер есебінен банктік несиелік шотқа түсу арқылы жүзеге асқан.

Қазіргі банктік тәжірибеде несиелеу әдісінің үш түрі қарастырылады:

  • айналым бойынша несиелеу әдісі;
  • қалдық бойынша несиелеу әдісі;
  • айналым – қалдықтық.

Айналым бойынша несиелеу барысында  несие несиелеу объектісінің айналысындағы  қозғалысын жалғастырып отырады. Несие  қарыз алушының шығындарын оның ресурсы  босағанға дейін аванстайды. Несиеге  деген объективті қажеттілікті ұлғайту шараларына байланысты несие мөлшері өсіп, бұл қажеттіліктің азаюына байланысты несие қайтарылады.

Қалдық бойынша несиелеу барысында  несиенің несиеге деген қажеттілік тауарлы-материалды құндылықтар және шығындар қалдықтары мен өзара байланыс. Қалдық бойынша несиелерді несиелеу объектісін кішкене бөлігі қамтылса, ал айналым бойынша несиелерде несиелеу объектісі толығымен қамтылады.

Айналым және қалдық бойынша несиенің іс жүзінде ұштасуының нәтижесінде  айналым-қалдық тық әдісі түзіледі. Мұндағы бірінші кезеңде, несие деген қажеттіліктің туындалуына байланысты несие берілсе, ал екінші кезеңде, берілген несие қатаң түрде өтеледі. Бірінші кезеңде несие туарлы-материалды құндылықтарды кепілге ала отырып, шығындар айналыстың бастапқы кезеңінде берілсе, ал екінші кезеңде несие клиенттің банкалдындағы мерзімді міндеттері негізінде өтеледі. Несие берудің мұндай формасын несие желіні ашу деп атайды.

Несиелік желі – келісілген лимит  негізінде белгілі бір мерзім ішінде қарыз алушыға несие беріп отыратындығы заңдастырылған, яғни банктің  алдыңғы міндеттемесі. Жаңартылған несиелік желі әдісінің сыртқы көрінісі жағынан отандық, яғни ірі объектінің айналым бойынша несиелеу әдісіне көбірек ұқсастығы да болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ Бөлім. Несие түрлері

2.1 Банктік несие және  оның экономикадағы рөлі

 

Банктік несиенің рөлі оның экономикадағы  мемлекеттегі және халықтағы қолданыс нәтижелерімен және оларды әдістерімен  ерекшеленеді. Әдістері туралы айтатын  болсақ, олар әдетте қаражаттың ақылы  ұсынылуымен  кредиттің қайтарылымын белгілі дәрежеде шартталады. Бұл несие операциясының қатысушыларының жауап кершілігі мен қызығушылығын арттырады, олардың қарыз  қаражат (немесе мақсатқа сай) қолдануына себеп болады.

Несиелік қатынастарға қаражатты  пайдаланғаны үшін төлеген құнына қоса қаражаттың қолданылатын қаражат мөлшері мен оларды пайдалану уақытын үнемдеудің қызығушылығын  арттырады.

Берілген несиелік қатынастардың ерекшелігі бюджеттік  қаржыландырудың суммсының кемуінде материалдық қызығушылықтың, оларды пайдалану мүлдем жоқ болатын қайтарылмайтын бюджеттік қаржыландырумен теңестіргенде байқалады.

Белгіленген ерекшеліктер, әсіресе, қайтарылымдығы, жеделдігі  және ақылығы ресурстардың үнемдеуінде  несиенің маңызын арттырыды.

Несиені пайдалану  нәтижелері маңызды және алуан түрлі қаражаттың қайтарылуы үшін қолданылатын несие өндіріс процесіне тауарды өткізу мен тұтымына және ақша айналымының салаына ықпал етеді.

Несиенің рөлі коммерциялық, банктік, мемлекеттік  тұтыну және ипотекалық несиелерде пайда  болатын несиелік қатынастардың алуан түрлерін іске асыру нәтижесінде анықталады. Әр бағыттағы несиенің әсері неисиелік қатынастардың қандай да бір түрі басты, яғни доминантты орынды алады.

Несиелік қатынастардың  жүйесінде несиелеу операцияларын  орындау үшін қаражатты тарту өте маңызды. Бірақта ондай әрекет әр түрлі несиелік қатынастар үшін бірдей емес. Мысалы, коммерциялық несие қолданғанда несие алушының басқа жақтан қаражат тарту керегі жоқ. Өткізіліп жатқан тауардың төлеу мерзімін ұзарту үшін қарыз қаражатты ұсыну кезінде несие алушының ресурстары қолданылады. Бұл несие алушының қаржы салымын компенсациялау үшін банктік несиені қолдануды жоққа шығармайды. Банктердің бұндай іс-әрекеті маңызды, себебі тартылған қаражаттың бар болуы қаражат меншіктенушілері оларды тауарды сатып алу үшін жұмсамағанын білдіреді. Басқаша айтқанда, банктік несиені қолдану – нәтижесінде материалдық ресурстарды қайта бөлуге әкеліп соғады.  Бұндай нәтиже банктік несиені қолдану – шаруашылықтағы материалды ресурстарды қайта бөлудегі мәнінде мінездеді:

Негізінде материалдық  ресурстарды қайта бөлу мемлекеттік, тұтынушы және жылжымайтын мүлікті  залогқа және тұрғын үй сияқты мүлікті  құруда ипотекалық несиені қолдану  кезінде материалдық ресурстарды  қайта бөлу мүмкін болады.

Бұның бәрі несиенің материалдық ресурстарды қайта бөлу кезінде өте маңызды екенін дәлелдейді. Бірақтан бұл ресурстарды орынды пайдалану дәрежесіне жететін несиелік қатынастарды керек етеді.

Сонымен қатар, несиенің рөлі тауарды өндіру мен  өткізудің үздіксіздігінде көрініс  табады. Кәсіпорынның уақытша ақшалай түсім мен шығындардың жүйелі түрде сәйкес келмеуінен қажетті тауарлы – материалдардың құндылықтарды сатып алуға, қаражаттың жетіспеушілігі қызмет көрсетуді төлеу және осының салдарынан тауарды өндіру мен өткізу процессінің үздіксіздігінің бұзылуы мүмкін. Қарыз қаражаттарын беру уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндіру процесі, сонымен қатар оның үздіксіздігі мен жылдамдатуына кедергі әсерін тигізіп отыратын, қарыз алушыларда қаражаттың үздіксіз қайталанып тұратын “құйылымы” мен “шегіну” игеріледі.

Несие өндірістің мерзімділігі мен өнімнің белгілі  түрлерін өткізумен шартталған қаражатта  уақытша қажеттілігін қанағаттандыруда үлкен роль атқарады. Қарыз қаражаттарын пайдалану мерзімдік қосалқылардың  пайда болуына және кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылық мерзімдік салаларының мерзімдік шығындарды жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

Ең маңыздысы  несиені пайдалану кезінде кәсіпорынның табысты жұмыс істеуіне ғана қолайлы  жағдайда жасалып қоймай, ресурстарды  экономикада пайдалану үшін де жағдай жасалады, себебі бұл кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысын (әрекетін) өзінің қаражатының менималды көлемінің жұмсалуымен іске асыра алады және резервтердің азаюы, соның ішінде ақшалы бөлігін де санағанда.

Сонымен бірге  әртүрлі қарызгрлердің арасында қаражаттың қайта бөлудің арқасында қарызгерге берілетін біркелкі қаражаттың көлемінің азаюы туады. Мерзімдік қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігі үшін берілетін қарыз қаражатты беру кезінде керекті алғышарты болып қаражатта қажеттіліктің көлемі шығында да мезгілдік факторлармен шартталатындығы болып табылады.

Бұндай талаптардың  сақталмауы қарыз қаражаттарын шамадан  тыс берілуіне және мезгілсіз  қайтарылуына әкеліп соқтырады.

Өндірісті кеңейтуде  несиенің рөлі үлкен. Өндірісті кеңейту  мен өнімді өткізу үшін керек. Қарыз қаражаттарды салыстырмалы қосалқылар аз уақытқа көбейту үшін шығындарды берілуі мүмкін.Сонымен бірге несие негізгі фонды  көбейтудің қайнар көзі ретінде пайдалана алады, бұл ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтарды сатып алу және т.б.

Информация о работе Әлемдегі банктік несие жүйесі дамуының қазіргі тенденциялары