Банктік операцияларды қорландырудың депозиттік емес көздері. Коммерциялық банктің міндеттемелер портфелін басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2012 в 12:26, реферат

Краткое описание

Алғашқы банктер тек қана саудаға қызмет еткендіктен, олардың клиенттері саудагерлер болып табылады. Сондықтан да, бұл банктерді «коммерциялық банктер» деп атап кеткен. Банк ісінің пайда болуы Италиядағы орта ғасырлық айырбастаушылар қызметінен басталады. «Банк» сөзі итальянша «banco» cөзінен шыға отырып, «айырбас үстелі» деген ұғымды білдіреді. Банктердің алғашқы клиенттері ақша сауда қызмет өкілдері болған.

Содержание работы

Кіріспе
Банктік операцияларды қорландырудың депозиттік емес көздері.
Коммерциялық банктің міндеттемелер портфелін басқару.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер

Содержимое работы - 1 файл

Реферат 1.docx

— 35.39 Кб (Скачать файл)

     - бағалы қағаздар нарығының даму қарқыны жатады. 

     Банк  тепе-теңдігін, банктер тәуекелдіктерінің кемуі және салым  иелері мен банк клиенттерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етушінің ең бір маңызды құрал міндетті қорлар болып табылады. Бұл механизмнің ықпалы Ұлттық банк белгілейтін міндетті резервтер нормасымен реттелініп отырады. Ол өз кезегінде, яғни міндеттік резервтер қаржылық рыноктарда операциялар жүргізу үшін база, негіз жасайды. 1995 жылдың наурызынан бастап міндетті қорлар деңгейі депозиттік міндеттемелерден теңгемен және шетелдік валютамен алғанда 20 пайызды құрады, осы жылдың бірінші сәуірінен бастап міндетті қорлар деңгейі депозиттік міндеттемелерден теңгемен және шетелдік валютамен алғанда 20 пайызды құрады, осы жылдың бірінші сәуірінен бастап міндетті резервтер нормасының екінші деңгейлі банктер үшін 15 пайызға дейін кемуі несиелік ресурстарды ұсынуды ұлғайтуға мүмкіндік берді де, бұл өз кезегінде банк жүйесін нығайтуға және бәсекелестікті дамытуға ықпал ететін банктерді капитализациялау процесін күшейте түсті.

     Банктердің  депозиттік саясатын қалыптастыруға әсерін тигізетін микроэкономикалық факторларға мыналар жатады:  коммерциялық банктердің нарықты ортадағы репутациясы;  коммерциялық банктердің клиентуралық нарықтағы экспансиондық іс – қимыл әрекеті; коммерциялық банктердің маркетингтік қызметтерінің тиімділігі, яғни клиентуралық нарықта өз қызметтерін жария ете білуі, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық түрін пайдалануы;  сырттан тартылған қаражаттарға, әсіресе депозиттерге дұрыс баға белгілеу, яғни депозиттерді тартумен байланысты шығындарды мейлінше азайту жолдарын қарастыру, себебі бұл шығындар банктің қаржылық жағдайына тікелей ықпал етеді;  коммерциялық банктердің менеджментінің сапасы, яғни банк  қызметкерінің кәсіби деңгейі мен мәдениетінің жоғары болуы;  коммерциялық банктердің меншікті капиталының жеткіліктілігі.

     Депозиттік саясаттың мазмұны коммерциялық банктердің депозиттік нарықтағы іс - әрекет қимылдарын түгел қамтуы керек. Осының ең үлкен бөлігі - банк қызметкерлеріне деген тарифты немесе бағаны белгілеу саясаты немесе депозиттік қызметтің бағасы. Депозиттік қызметтің бағасы сыйақы көрсеткіштерінде өз көрінісін табады.

     Депозиттік саясаттың келесі үлкен мазмұны – коммерциялық банктердің депозиттік базасын орнықты ету. Әрине, коммерциялық банктердің балансындағы депозиттердің барлық түрі де олардың депозиттік базасына жатпайды. Депозиттік база банктердің депозиттерінің белгілі бір тұрақты бөлігі болып келетін және нарықтық ортаның конъюнктуралық өзгерістерінің ықпалы нәтижесінде өзгерістерге ұшырамайтын және сыйақы мөлшері басқа депозит түрлерімен салыстырғанда төмен болып келетін депозиттердің бөлігін айтамыз.

     Кейбір ғылыми көзқарастарға сүйенсек, коммерциялық банктердің депозиттік базасының орнықтылығын мерзімді депозиттердің үлес салмағының жоғары болуымен байланыстырады.

     Депозиттік саясат пен несиелік саясаттың өзара тығыз байланысы банктің өтімділігін бір деңгейде демеп отыру қажеттілігімен сипатталынады. Осы саясаттардың өзара тығыз байланысының мазмұнының тағы бір қыры  коммерциялық банктер тарапынан ақша ағынын тиімді басқару проблемасында жатыр. Коммерциялық банктердің менеджментінің сапасы да осылармен бағаланады.

     Депозиттік саясаттың негізгі мақсаттарының бірі - өте икемді және тиімді банктің өтімділігіне тікелей ықпал ететін, табыс көзін молайта түсуді қамтамасыз ететін депозиттік портфельді қалыптастыру.

     Егер сапасы жоғары депозиттік саясат өте тиімді депозиттік портфельдіқалыптастыратын болса, ал өте тиімді депозиттік портфель депозиттіксаясаттың табысты және ойдағыдай жүзеге асыруының нәтижесі болыптабылады.

     Депозиттік портфель - коммерциялық банктердің депозиттік саясаты нәтижесінде қалыптасқан және банктердің балансының пассивінде көрсетілетін сырттан тартылған қаражаттардың немесе банктің міндеттемелерінің жалпы жиынтығы. Депозиттік портфельде тартылатын қаражаттардың барлығы сыйақы негізінде қалыптасады. Депозиттік портфель коммерциялық банктердің міндеттемелер портфелінің бір бөлігі бола тұра депозиттік саясаттың бірден бір нәтижесі. Депозиттік портфельді қалыптастырумен байланысты банктер тарапынан белгілі бір шығындарды жұмсауды қажет етеді. Олар депозитті портфельді басқарумен байланысты шығындар деп атайды. Мұндай шығындардың ең негізгісі сыйақымен байланысты шағындар құрайды. Егер коммерциялық банктердің депозиттік саясаты неғұрлым тиімді болса, депозиттік портфельді басқарумен байланысты шығындар соғұрлым төмен болуы мүмкін.

     Депозиттік портфельдің мазмұнын оның құрамы мен құрылымы аша түседі. Олар өз алдына мынадай факторлармен байланысты:  коммерциялық банктердің банк қызметтерінің көтерме сауда  нарығындағы репутациясы;  коммерциялық банктердің банк қызметтерінің көтерме сауда нарығындағы репутациясымен;  коммерциялық банктердің басқа банктермен корреспондеттік қатынастарының дамуы және олардың ауқымы;  коммерциялық банктердің  өзінің клиентуралық нарығындағы  стратегиясы мен тактикасы;  коммерциялық банктердің географиялық немесе региональдық орналасу мекен-жайы. Егер коммерциялық банктер өндіріс ошақтары шоғырланған аймақта бөлек қызмет етсе оның депозиттік портфелінің құрамы және оның құрылымы соғұрлым күрделі болып кетеді;  жұмыспен қамтамасыз ету деңгейі және жеке азаматтардың номинальдық табысының мөлшері. Егер банк қызмет көрсететін ортада халықты жұмыспен қамтамасыз ету деңгейі жоғары болса, онда банктің депозиттік портфелінде жеке азаматтардың салымдары жоғары болады;  коммерциялық банктердің өздерінің депозиттік портфелін басқару барысындағы диверсификациялау саясаты. Депозиттік портфельдің диверсификациясы дегеніміз – оның құрамы мен құрылымының күрделі көп спекторы және әр-түрлі болып келуі. Егер банктің депозиттік портфелінің диверсификациясы жоғары болса, онда мұндай банктердің депозиттік бағасы да орнықты болады.

     Депозиттік нарық дегеніміз – заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың уақытша бос ақшалай қаражаттарын жинақтап, оларды тиімді және табысты орналастырумен байланысты сұраныс пен ұсыныс пайда болатын ресми және бейресми ұйымдастырылған экономикалық орта.

       Қазақстан Республикасында заңды тұлғалардың барлығы да, соның ішінде коммерциялық банктер де депозиттік операциялармен немесе депозиттік қызмет көрсетулермен тек қана Ұлттық банк берген лицензия негізінде айналыса алады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Банктік операцияларды қорландырудың депозиттік емес көздері. Коммерциялық банктің міндеттемелер портфелін басқару