Банктік операцияларды қорландырудың депозиттік емес көздері. Коммерциялық банктің міндеттемелер портфелін басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2012 в 12:26, реферат

Краткое описание

Алғашқы банктер тек қана саудаға қызмет еткендіктен, олардың клиенттері саудагерлер болып табылады. Сондықтан да, бұл банктерді «коммерциялық банктер» деп атап кеткен. Банк ісінің пайда болуы Италиядағы орта ғасырлық айырбастаушылар қызметінен басталады. «Банк» сөзі итальянша «banco» cөзінен шыға отырып, «айырбас үстелі» деген ұғымды білдіреді. Банктердің алғашқы клиенттері ақша сауда қызмет өкілдері болған.

Содержание работы

Кіріспе
Банктік операцияларды қорландырудың депозиттік емес көздері.
Коммерциялық банктің міндеттемелер портфелін басқару.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер

Содержимое работы - 1 файл

Реферат 1.docx

— 35.39 Кб (Скачать файл)
 

Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті 
 
 

 

Тақырыбы: Банктік операцияларды қорландырудың депозиттік емес көздері. Коммерциялық банктің міндеттемелер портфелін басқару. 
 
 

Орындаған: Отыншиева Н.Н. «қаржы 233» тобының студенті

Тексерген:Қасымбекова Г.Р. "Қаржы нарығы және банктік бизнес" кафедрасының аға оқытушысы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Жоспар 
 

  1. Кіріспе
  2. Банктік операцияларды қорландырудың депозиттік емес көздері.
  3. Коммерциялық банктің міндеттемелер портфелін басқару.
  4. Қорытынды.
  5. Пайдаланған әдебиеттер
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

     Алғашқы банктер тек қана саудаға қызмет еткендіктен, олардың клиенттері саудагерлер  болып табылады. Сондықтан да, бұл  банктерді «коммерциялық банктер» деп атап кеткен. Банк ісінің пайда  болуы Италиядағы орта ғасырлық айырбастаушылар  қызметінен басталады. «Банк» сөзі итальянша  «banco» cөзінен шыға отырып, «айырбас үстелі»  деген ұғымды білдіреді. Банктердің алғашқы клиенттері ақша сауда қызмет өкілдері болған.

     Депозит (латын сөзінде depositium сақтауға берілген затты білдіреді) – бұл бір  тұлғаның (депозиттердің) басқа тұлғаға  – банкке (оның ішінде Ұлттық банкке) қайтарылу шартымен уақытша пайдалануға  беретін ақшасы. Сонымен қатар  депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі  бір шотқа салған және өздері пайдалана  алатын қаражаттары.

     Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында  қаржы нарығының келесідей сегменттері  дамудың қарқынды үрдісінде: мемлекеттік  бағалы қағаздар нарығы, зейнетақы  активтерінің нарығы, қор нарығы, валюта нарығы және депозиттік нарық. Депозиттік нарық ең ерте дамыған нарықтардың  бірі бола отырып, қазіргі кезеңде  төмен тәуекелмен салымдардың сенімді  орналасуының арқасында сомалық  жинақтауларда үлкен үлес салмақ пен қарқынды даму тенденциясына  ие.

     Депозиттік  нарықтың даму үрдісінде депозиттердің  қалыптасуына түрткі әрі себеп болған жинақтаулар ерекше рөлге ие болып  табылады. Жинақтаулардың экономикалық категориялар ретіндегі мәні қайта  бөлу функциясы арқылы жүзеге асады. Соның арқасында ақша қаражаттарының банктік жүйеде шығарылуы және олардың  жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді  қанағаттандыру мақсатындағы ары қарайғы  пайдаланылуы жүзеге асады. Салымдардың  кез келген түрлері жинақтаулар  болып табылады. Депозиттік – бұл  осы жинақтауларды сақтау формаларының бірі.

     Депозиттік  операциялардың әрекет ету механизмінде депозиттік нарықтың субъектілері ретінде  банктер ерекше рөлге ие. Ақшалай  табыстар мен тұрғындар жинақтауларының  аккумуляциясы банктердің дәстүрлі қызметі. Банктер уақытша бос, пайдаланылмайтынақшалай  табыстар мен тұрғындардың жинақтауларын, салымдарды сақтау тұрғындар үшін де, мемлекет үшін де тиімді. Салымшыларға пайыз немесе ұтыстар түріндегі  табыс төленеді. 
 
 

     Депозиттер  екі жолмен пайда болуы мүмкін, біріншісі, банк заңды және жеке тұлғалардан  ақшалай қаражаттар қабылдай отырып, оны депозиттік шотына орналастырған  жағдайда; екіншісі, «жасанды» депозиттер, яғни банк клиентке чек арқылы есеп – айырысуы мүмкіндігін беру барысында.

     Банк  ресурстарының құрылымында тартылған  қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен  салыстырғанда өте жоғары, олардың  есебінен банктің активтік операцияларының  басым бөлігі жүзеге асырылады.

     Нарықтық  қатынастардың дамуына байланысты, сондай – ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын  толығымен өзгертті десе де болады.Тартылған  қаражаттар ішінде ең көп бөлігін  депозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін бірден – бір арзан ресурс көзі болып табылады.

     1. Коммерциялық кәсіпорын түріндегі басты бір ерекшелігі, оның ресурстарының едәуір бөлігі меншікті қаражаттармен қатар, тартылған қаражаттар құрайды. Сондықтан да банктің беретін несиелер көлемі тартылған қаражаттарға тікелей байланысты болып келеді. Банкте тартылған қаражаттар құрамына қарай әр түрлі болып келеді. Олардың басты түріне банктің клиенттерімен жұмыс процесі кезінде тартылған, сол сияқты басқа да несиелік мекемелерден қарызға қаражаттары жатады.

     Банк  ресурстарының құрылымында тартылған  қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен  салыстырғанда өте жоғары, олардың  есебінен банктің активтік операцияларының  басым бөлігі жүзеге асырылады.

     Сырттан тартылған қаражаттар үлкен екі  топқа бөлінеді: 

     (1 сызба) 

     1. Депозиттік қаражаттар. 

     2. Депозиттік емес қаражаттар 

       Депозит (латын сөзінде depositium сақтауға берілген затты білдіреді) – бұл бір тұлғаның (депозиттердің) басқа тұлғаға – банкке (оның ішінде Ұлттық банкке) қайтарылу шартымен уақытша пайдалануға беретін ақшасы. Сонымен қатар депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары. 

     Депозиттік операциялар – банктің негізгі пассивтік операцияларын құрайды. Шын мәнісінде депозиттер, коммерциялық банктердің еркін несиелік ресурстар нарығынан ресурстар сатып алудағы делдалдық қызметінің мазмұнын ашады.

     Депозиттік операциялар – бұл заңды және жеке тұлғалардың қаражаттарын белгілі – бір мерзімдегі немесе талап етуге дейінгі салымдарға тартуға байланысты банктің операциялары болып табылады.

     Кеңес экономистері депозиттерге мерзімді салымдарға орналастырылған қаражаттарды жатқызады. Бұл әлемдік банктік тәжірибеге сәйкес келмейді.

     Қазақстан Республикасының банктік секторындағы реформалар жалпы мемлекеттік экономикалық шаралармен қатар жүзеге асырылып келеді. Жүргізіліп отырған банктік реформалардың басты бағыттарының бірі – уақытша бос қаражаттарын тарту және инвестициялаудың ішкі көздерін қалыптастыруға бағытталған депозиттік нарықтың қалыптасуы мен дамуы болып табылады.

     Кез келген ел экономикасының дамуы жинақтаулардың инвестицияларға өту тиімділігімен тығыз байланысты. Республиканың ішкі жинақтауларын тарту қажеттілігі, ең алдымен, инвестициялық ресурстар тапшылығы және тікелей шетелдік инвестициялар үлес салмағының ұлғаю мәселесімен белгіленеді. Осыған байланысты, нарыққа өту жағдайында ұлттық ақша ресурстардың мобилизациясы, тұрғындар жинақтауларының банк жүйесіндегі несиелік ресурстарға құйылуына әрекеттесетін депозиттік нарықтың қалыптасуы мен дамуы мәселесі ерекше өзектілікке ие болып отыр.

     Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында қаржы нарығының келесідей сегменттері дамудың қарқынды үрдісінде: мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы; зейнетақы активтерінің нарығы; қор нарығы; валюта нарығы және депозиттік нарық. Депозиттік нарық ең ерте дамыған нарықтардың бірі бола отырып, қазіргі кезеңде төмен тәуекелмен салымдардың сенімді орналасуы арқасында сомалық жинақтауларда үлкен үлес салмақ пен қарқынды даму тенденциясына ие. Тұрғындар өзге қаржы нарығының сегменттеріне жинақтаулар салу тәжірибесінің жоқтығы бұл сегменттердің жеткіліксіз дәрежеде дамымауына әкеліп соқтырады.

     Халықаралық  банктік тәжірибеде депозиттер 4 топқа бөлінеді: 

     I – топ, мерзімді депозиттер, олардың басқа да түрлері – депозиттік сертификаттар ; 

     II – топ, талап етуге дейінгі депозиттер; 

     III – топ; халықтың жинақ салымдары; 

     Мерзімдік депозиттер тобы, әдетте мерзімдеріне қарай жіктеледі: 

     -     3 – ай мерзімге дейінгі депозиттер; 

     -     3 айдан 6 айға дейінгі мерзімдегі депозиттер; 

     -     9 – айдан бір жылға дейінгі депозиттер; 

     -     Бір жылдан жоғарғы уақыттағы депозиттер; 

     -     Депозиттік сертификаттар

     Депозиттер екі жолмен пайда болуы мүмкін, біріншісі, банк заңды және жеке тұлғалардан ақшалай қаражаттар қабылдай отырып, оны депозиттік шотына орналастырған жағдайда; екіншісі, «жасанды» депозиттер, яғни банк клиентке чек арқылы есеп – айырысуы мүмкіндігін беру барысында.

     Банк  ресурстарының құрылымында тартылған  қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.

     Нарықтық  қатынастардың дамуына байланысты, сондай – ақ ескі банктік жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады. [23. 24-38б]

     Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін бірден – бір арзан ресурс көзі болып табылады.

     Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тарататын қаражаттар.

       Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиентінің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды.

     Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады.         

     Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент-банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады.

     Пассивті депозиттік операциялар – бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстар қалыптастырудың негізгі көзі.

     Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.

     2. Депозиттік операциялар коммерциялық банктің пассивті операцияларының ең басты және негізгі бағыты болғандықтан банктердің ресурстарының көп бөлігі осы депозиттік операциялар есебінен құралады. Сондықтан коммерциялық банктер  қаражат тартумен айналыспас бұрын депозиттік саясат құрып қалыптастырып отыруы қажет.

     Депозиттік саясат  - коммерциялық банктердің нарықты ортада сырттан қаражаттарды тарту мақсатында және өзінің қалыптасқан депозиттік портфелін тиімді басқару үшін ұйымдастырылатын іс әрекеттердің жиынтығы. Депозиттік саясат ғылыми негізде құрылып, тиімді жүзеге асырылатын болса, комерциялық банктердің қаржылық жағдайы да соғұрлым орнықты болады. Яғни, депозиттік саясаттың мақсаты – банк өтімділігін демей отырып табыс деңгейін арттырып, банктің қаржылық жағдайын тұрақты ету.

     Депозиттік саясат бірнеше принциптерге негізделіп қарастырылады. Ол әрбір банккке дербес қалыптастырылады, ғылыми негізделуі тиіс, сонымен қатар жеделдігі, икемділігі және тиімді болуы негізінде құралады.

     Депозиттік саясат макро және микро деңгейлерінде анықталады. Макроэкономикалық факторға: 

     - ұлттық банктің ақша несие саясаты; 

     - мемлекеттің фискалды саясаты; 

     - нақты сектордың жағдайы; 

     - ұлттық экономиканың дүниежүзілік  экономикамен байланысы; 

Информация о работе Банктік операцияларды қорландырудың депозиттік емес көздері. Коммерциялық банктің міндеттемелер портфелін басқару