Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 16:33, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі күні Қазақстанның банк жүйесі қаржы жүйесінің ең үлкен және тез дамып келе жатқан бөлігі болып табылады. Экономиканың банк жүйесінің дамуы кез келген мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстанда соңғы бірнеше жылда банк жүйесі бөліктерінің тұрақтылығын жетілдіру мен нығайту және банк құралдарына халықтың сенімін арттыру жөнінде белсенді жұмыс жүргізілді. Қаржы жүйесінің негізі бірнеше рет реформалау нәтижесінде оның ең қарқынды дамыған және тұрақты құрамдас бөлігі болған Қазақстан Республикасының банк жүйесі болып табылады. Банк қызметін табысты реформалау барынша тұрақты банк жүйесін құруға мүмкіндік берді.

Содержимое работы - 1 файл

Банк жұйесі.doc

— 242.00 Кб (Скачать файл)

    заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың вексельдерi мен өзге де қарыз мiндеттемелерiн  есепке алу (дисконт);

    ж) заем операциялары төлем, мерзім, қайтарым талаптарына сәйкес:

    ақшалай түрде несие беру;

    з) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың, оның iшiнде корреспондент банктердiң тапсырмасымен олардың банктiк шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру;

    и) сенiм операциялары: сенiм бiлдiрiлген адамның мүддесi үшiн және оның тапсыруымен  ақшаны ипотека қарыздары бойынша  талап ету құқықтарын, және тазартылған бағалы металдарды басқару;

    сенiм  бiлдiрiлген адамның мүддесi үшiн және соның тапсыруымен ақшаны, тазартылған  бағалы металдарды және құнды қағаздарды басқару;

    к) банкаралық клиринг: төлемдердi жинау, салыстырып тексеру, сұрыптау және pacтaу, сондай-ақ олардың өзара есебiн жүргiзу және клиринг қатысушылары - банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың таза позицияларын айқындау;

    л) сейфтiк операциялар:

    сейф  жәшiктерiн, шкафтар мен үй-жайларды жалға берудi қоса клиенттердiң құжаттамалық нысанда шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттары мен қазыналарын сақтау жөнiндегi қызметтер;

    м) ломбард операциялары:

    сақтауға  алынып оңай өтетiн бағалы қағаздарды және өзге де қозғалатын мүлiктi кепiлге  алып, қысқа мерзiмдi несие беру;

    н) төлем карточкаларын шығару;

    о) банкноттарды, мәнеттер мен қазыналарды  инкассациялау және басқа жаққа  салып жiберу;

    п) шетел валютасымен айырбастау операцияларын  ұйымдастыру;

    р) төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельдердi қоспағанда);

    с) чек кiтапшаларын шығару;

    т) алынып тасталды

    у) аккредитивті ашу (ұсыну) мен растау және ол бойынша міндеттемелерді  орындау;

    ф) ақша түрінде орындалуды көздейтін  банк кепілдіктерін беру;

    х) үшінші тұлғалар үшін ақша түрінде  орындауды көздейтін банктік кепіл болушылықтар мен өзге де міндеттемелер беру.

    уәкiлеттi орган бередi.

    Осы баптың 2-тармағының к), л), н), о), п) тармақшаларында  көзделген операцияларды жүргiзуге лицензияларды Ұлттық Банктiң оң қорытындысы болған кезде уәкiлеттi орган бередi.

    Банк  операцияларының жекелеген түрлерiн  жүзеге асыратын ұйымдарға Ұлттық Банк осы баптың 2-тармағының к), л), н), о), п) тармақшаларында көзделген операцияларды  жүргiзуге лицензиялар бередi.

    3. Осы баптың 1-тармағында аталғаннан  басқа банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар уәкiлеттi органның лицензиясы болған жағдайда мына операцияларды жүзеге асыруға құқылы:

    а) қымбат тазартылған бағалы металдарды (алтын, күмiс, платина, платина тобына жататын металдар) құйма күйiнде, қымбат тазартылған бағалы металдардан жасалған монеталарды, дәрiгерлiк бұйымдарды сатып алу, кепiлге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;

    б) құрамында бағалы металдар мен асыл тастар бар зергерлiк бұйымдарды сатып алу, кепiлге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;

    в) вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдердi инкассоға қабылдау, төлемшiлердiң  вексельдердi төлеуi жөнiнде қызметтер  көрсету, сондай-ақ делдалдық тәртiбiмен  ескертпелi вексельдердi, вексельдер акцептiн  төлеу;

    г) алынып тасталды

    г-1) алынып тасталды

    д) лизинг қызметін жүзеге асыру;

    е) өз меншiгiндегi бағалы қағаздарды (акцияларды қоспағанда) эмиссиялау;

    ж) факторингтiк (сауда-саттық) операциялар:

    тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алушыдан төлемсiз тәуекел етiп қабылдай отырып, төлем төлеудi талап ету құқығына ие болу;

    з) форфейтингтiк операциялар (форфейтингтеу):

    тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алушының қарыз мiндеттемесiн сатушыға айналым  түспейтiн жолмен вексель сатып  алу арқылы төлеу.

    4. Банктер бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтiң мынадай:

    а) Қазақстан Республикасының және рейтингтік агенттіктердің бірінің  талап етілетін ең төменгі рейтингін  алған елдердің не мұндай рейтингі болмағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шешімі бойынша, белгiленген тәртiппен екiншi деңгейдегi банктердiң иемденiп алуына рұқсат берiлген шетелдiк валюта және (немесе) облигациялар базалық активi болып табылатын туынды бағалы қағаздармен - делдалдық;

    б) Қазақстан Республикасының және рейтингтік агенттіктердің бірінің  талап етілетін ең төменгі рейтингін алған елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен не мұндай рейтингі болмағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шешімі бойынша, сондай-ақ белгiленген тәртiппен екiншi деңгейдегi банктердiң иемденiп алуына рұқсат берiлген шетелдiк валюта және (немесе) облигациялар базалық активi болып табылатын туынды бағалы қағаздармен осы Заңның 8-бабының 2-тармағында белгіленген жағдайларда өзге де бағалы қағаздармен - дилерлік;

    б-1) бағалы қағаздарды басқару;

    в) кастодиалдық;

    г) алынып тасталды

    Банктердiң  бағалы қағаздар нарығында кәсiби қызметтiң  жоғарыда аталған бiр немесе бiрнеше  бiрлескен түрлерiн жүзеге асыруына лицензияларды уәкiлеттi орган бередi.

    Рейтингтік  агенттіктердің тізбесін және талап  етілетін ең төменгі рейтингті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.

    5. Уәкiлеттi органның немесе Ұлттық  Банктiң нормативтiк құқықтық  актiлерiнде қызметтiң жекелеген  түрлерiне банктердiң және банк  операцияларының жекелеген түрлерiн  жүзеге асыратын ұйымдардың лицензия  алуымен байланысты олар үшiн, сондай-ақ осы Заңға сәйкес ұйымдардың жарғылық капиталына қатысушы банктер үшiн қосымша талаптар белгiленуi мүмкiн.

    6. Осы баптың 2-тармағының б) тармақшасында  көзделген банк операцияларын  жеке тұлғалардың депозиттерiне  мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру (сақтандыру) жүйесiнiң қатысушылары болып табылатын банктер және Ұлттық почта операторы ғана жүргiзуге құқылы.

3.2 Банктердiң қызметiн реттеу

 

    Республикамызда банктерді бақылау мен қадағалау  Қазақстан Республикасының банктік  және басқа да заңдарын сақтауға және қамтамасыз етуге, шаруашылық-қаржылық қызметті және банктегі оның мекемелерінде жұмысты ұйымдастыруды кезеңдік тексеруге бағытталған кешенді шаралар жиынтығы ұсынылады.

    Банктер үстінен жасалатын бақылау мен  қадағалауды: халықаралық, мемлекеттік, аудиторлық және құрылтайшылық деп бөлуге болады.

    Республикада  банктер үстінен халықаралық бақылауды Дүниежүзілік банк, Халықаралық Валюта қоры т.б. жүзеге асырылады.

    Мемлекеттік бақылау ведомствадан тыс және ішкі ведомствадан болады.

    Банктер үстінен ведомствадан тыс бақылауды Президент жанындағы Қаржылық Бақылау Комитеті, Жоғары Кеңестік бақылау палатасы, Бас салықтық инспекция, құқық қорғаушы органдар жүзеге асырады.

    Банктер қызметіне қадағалау және ішкі ведомствалық бақылауды банк жүйесінің жоғары буыны – Ұлттық Банк өзінің Қадағалау департаменті арқылы жүзеге асырады.

    Аудиторлық  бақылауды арнайы және тәуелсіз аудиторлық мекемелер, бақылау палаталары, ассоциациялар жүзеге асырады.

    Банк  қызметіне құрылтайшылық бақылау бірнеше формада жүргізіледі:

    Басқарма  қызметіне бақылау Кеңесінің  жүргізетін; Ревизиялық комиссия; Акционерлерінің  бақылауы.

    Банктердiң қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың депозиторларының мүдделерiн қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақша-несие жүйесiнiң тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында уәкiлеттi орган банктердiң қызметiн реттеудi, соның iшiнде:

    • резервтiк талаптар нормаларын, күдiктi және сенiмсiз активтерге қарсы провизияларды қоса, пруденциалдық қалыптарды және банктер сақтауға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi белгiлеу;
    • банктер орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық құжаттарды басып шығару;
    • банктердiң қызметiн инспекциялау (тексеру);
    • банктің қаржы жағдайын сауықтыру жөнiнде ұсыныстар беру;
    • банктерге немесе олардың лауазымды адамдарына ықпал етудiң шектеулi шараларын қолдану;
    • банктерге санкциялар салу арқылы реттеудi жүзеге асырады.
 

    Банктердің  қызметін реттеу жекелеген банктерге  қатысты да, шоғырландырылған негізде  де, яғни банк тобына қатысты да жүзеге асырылады. Шоғырландырылған қадағалау  ережелерін уәкiлеттi орган белгілейді.

    Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу механизмінің тәртібі Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу және қадағалау бойынша нормативтік құқықтық актілерімен анықталады.  
 

  

3.3 Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі мәселелер және

жетілдіру жолдары 

      2003 жылы  Қазақстанның қаржы секторы  үшін мерейтой жылы болды 15жылы  қарашада  ұлттық валютаның енгізілгеніне  10 жыл толды. Он жыл ішінде  Қазақстанның қаржы секторының  барлық сегменттерін дамытуда қомақты нәтижеге қол жеткізілді. Қазіргі уақытта Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД ның басқа елдеімен салыстырғанда едәуір дамыған және мелекеттің араласуынан қорғалған болып табылады.

      2003 жылы акша несие саясатын жүргізу  қаржы рыногында тұрақтылықты қамтамасыз етті, сонымен қатар елде жоғарғы экономикалық өсуді сақтауға белгілі бір дәрежеде ықпалын тигізді.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2006 жылы номиналы 200 теңгеден 10000 теңгеге дейінгі  жаңа дизайндағы банкноталарды айналысқа  шығарды. Бұл шараға бірқатар факторлар себепші болды және ұлттық валютаны қолдан жасаудан қорғауды күшейтуге бағытталған.  
 2006 жылы  жалпы инфляция денгейі 5.4пайызды құрады. Жыл бойы валюта рыногындағы жағдай тенгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша нығаю үрдісімен сипатталады. Тенгенің нығаюы ішкі валюта рыногына шетел валютасының едәуір әкелуіне ықпалын тигізеді.

      2006 жылы Ұлттық банктің таза халықаралық  резервтері 58 пайызды 4958,9 млн. долл. Дейін ұлғайды, бұл 4,8 айдан  астам тауарлар мен қызмет  көрсету импортының орнын жабуды қамтамасыз етеді. Елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда 69,3 пайызға  8565,2 млн.долл. дейін өсті.

      Ұлттық  банктің таза халықаралық резервтерінің  өсуі ақша агрегаттарының кеңеюіне алып келеді: ақша базасы 52,2% ға 316,9 млрд. Тенгеге дейін, қолма қол ақша   47,6% ға дейін  238,7 млрд, тнгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде  2006 жылы экономиканы модернизациялау  17,3 % дан  22%ға дейін өсті.  

 

      2006  жылы екінші денгейдегі банктердің  жиынтық активтері 46,5 ға 1,7 трлн. Тенгеге дейін ( 11,7 млрд. АҚШ долларына жуық), ал жиынтық меншік капиталы 45,1% ға  233,9 млрд тенгеге дейін ұлғайды. 2006 халықтың  (резидент еместерді есептегенде)  салымдарының өсуі жалғаса түсті, олар 33,4% ға  343,2 млрд тенгеге дейін (2,4млрд АҚШ долларына жуық) өсті. 2006 жылы банктердің ресурстық базасының айтарлықтай өсуі банктердің экономиканың нақты секторына несиенің  45,5% ға 978,1 млрд тенгеге дейін өсуәне ықпал етті.

      Барлық  қадағалау қызметтерінің 2004 жылы 1қаңтарда құрылған Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттікке берілуіне байланысты Ұлттық банк өз қызметін сапалы дамытудың келесі сапасына өтті. Енді негізгі күш жігер өз ақша несие саясатын және валюталық реттеуді дамытуға шоғырландыратын болады. Таяу жылдардағы басым бағыт ретінде ақша несие саясатын Еуропалық  Одақ стандарттарына барынша жақындату айқындалды.

Информация о работе Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы