Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 13:16, реферат
“Биржа” терминінің пайда болуы жайлы 2 түрлі түсінік қалыптасқан. Біріншісі жаңа латынның “bursa”, яғни әмиян деген сөзіне негізделеді. Сонымен қатар, француз тілінде “bourse” сөзі де әмиян және студенттік шәкіртақы мағынасын береді; неміс тілінде “burse” және итальян тіліндегі “borsa” да сол мағынаны береді.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БИРЖАЛЫҚ НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
“Биржа” терминінің пайда болуы жайлы 2 түрлі түсінік қалыптасқан. Біріншісі жаңа латынның “bursa”, яғни әмиян деген сөзіне негізделеді. Сонымен қатар, француз тілінде “bourse” сөзі де әмиян және студенттік шәкіртақы мағынасын береді; неміс тілінде “burse” және итальян тіліндегі “borsa” да сол мағынаны береді.
Екіншісі белгиялық Брюгге
қаласында тұрған Вандер Бурсе атты
голландық көпестің атынан пайда
болды делінеді. Ол тұрған үйде үш әмиянның
суреті бар таңба болған. Оның үйі
орналасқан жер сатушылардың жиналуына
ыңғайлы алаң болатын, мұнда олар
ақшаларын ауыстырып, өздерінің
істерін жасайтын, сондықтан көпес
мүмкіндігін жібермей өз үйін белгілі
бір төлемге алғашқы
Биржа дегеніміз – бұл ұйымдастырылған, дәйекті жұмыс істейтін нарық, онда сұраныс пен ұсыныстың негізінде ресми түрде белгіленетін бағалар бойынша бағалы қағаздар саудасы (қор саудасы), стандарттар мен үлгілер бойынша көтерме сауда (тауар саудасы) немесе валюта саудасы (валюта) іске асырылады. Сонымен қатар биржаға тауар, валюта, акциялар мен туынды қаржылық құралдар нарықтарының үнемі қызмет етуін ұйымдастыратын заңды тұлға деп анықтама берсек болады.
Биржалық сауданың ерекшелігі ретінде, ондағы мәмілелердің әрдайым бір жерде, қатаң белгіленген уақытта – биржалық сеанс өткізу уақытында және де барлық қатысушыларға ортақ, нақты ережелердің болуын айтуға болады. Биржа биржалық құндылықтармен жасалынатын мәмілелердің келісілуі мен орындалуының анық ұйымдастырушылық құрылымын, анық механизмін және мәмілелердің орындалуының сенімділігі жоғары бақылау жүйесін қамтамасыз етеді.
Биржалық нарық тауар түріне байланысты әлемдік тәжірибеде:
• Тауар (тауарлы-шикізат) биржасы;
• Қор биржасы;
• Валюта биржасы болып үшке бөлінеді [2].
Биржаның табысы мен мүлігі листингтегі бағалы қағаздарды оны қалыпты ұстап тұру және тағы басқа қызмет көрсетуден түсетін түсімдерді қоспағанда, Есептік палатаға түсіп тұратын төлемдерден, пайлық қабылдау және жыл сайынғы биржа мүшелерінің төлемдерінен, биржалық операциялар алымдарынан, көрсетілетін қызметтер үшін төлемдерден, сауда ережесі бұзылғандығы үшін төленетін айыппұлдардан қалыптасады.
Қор биржасы – бұл бағалы
қағаздардың бірқалыпты айналысы үшін
қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін
ұйым. Қор биржасының толық мәні,
оның экономикадағы аткаратын
Қор биржасы қаржы ресурстарын жинақтау, шоғырландыру және қайта бөлу процесін ұйымдастырушы экономиканың басты буыны болып табылады. Ол қаржы және өн-дірістік капитал арасында делдал бола отырып, экономика-лык дамудың қозғаушы күштерінің бірі болып саналатын инвестициялық процеске ықпал етеді.
Қор биржасы өз қызметінде мынадай кағидаларға сүйенеді:
Қазақстанда нарықтық қатынастардың
орнауы тек қана бұған дейін болған
басқарудың формалары мен әдістерінің
трансформациясы, тауар және қаржы
нарықтарының функцияларының өзгеруі,
экономиканың барлық саласының модернизациялануы
ғана емес, сонымен қатар әкімшілік
экономика тұсында қажет
Экономика жағдайында қаржылық
ағындардың жылжуы тек экономикалық
ведомстволардың шешімімен
Қазақстанда қор биржасының құрылуы, 1993 жылдың 15 қарашасында Қазақстанда ұлттық валюта – теңге енгізілуінен өз бастауын алды. Осы уақиғадан кейін екінші күні – 1993 жылдың 17 қарашасында – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі жиырма үш жетекші Қазақстан коммерциялық банктерімен бірлесе отырып, валюталық биржаны ұйымдастыру бойынша шешім қабылдады. Осыға дейін қызмет еткен Валюталық операцияларды өткізу орталығы (Валюталық биржа) Ұлттық Банктің құрылымдық бөлімшесі болған. Жаңа биржаның алдына қойылған мақсаты – теңгенің енгізілуіне байланысты ұлттық валюталық нарықты ұйымдастыру және дамыту болып табылады. Заңды тұлға ретінде биржа 1993 жылдың 30 желтоқсанында «Қазақ Банкаралық Валюта Биржасы» атауымен, ұйымдастырушылық-құқықтық формасы жабық тұрпаттағы акционерлік қоғам ретінде тіркелді [3].
Бүгінгі таңда біздің елде қор биржаларының Еуроазиялық федерациясының (FEAS) мүшесі және қор биржаларының Халықаралық федерациясының (FJBV) корреспондент мүшесі болып табылатын жалғыз Қазақстан қор биржасы (KASE) бар. Биржалық сауданың техникалық ілгерілеуі мен биржа ісінің үнемі жетілуіне қарамастан Қор биржасының жұмысын ұйымдастыру өзгеріссіз қалып отыр.
1997 жылдың басында Қазақстанда 3 қор биржасы болған: Орталық Азия қор биржасы, Қазақстан қор биржасы, Қазақстандық Банкаралық қор биржасы. 1996 жылдың желтоқсанында жарияланған модельді қор биржасын таңдағанда Қазақстан қор биржасы мен ҚБҚБ-сы жеңген болатын, бірақ соңғысы кейінірек өз әрекетін тоқтатты.
1998 жылдың жазында Қазақстан
қор биржасы листингтік емес
бағалы қағаздармен мәмілені
тікелей баға белгілеу әдісі
арқылы жасау үшін арналған
сауда жүйесін іске асырды. Бұл
республикадағы биржадан тыс
нарықтық баға белгілеудің
Қазақстан қор биржасының
(немесе KASE) - айналымында акциялар,
корпоративтік облигациялар, Қазақстан
Республикасының мемлекеттік
Қазақстан қор биржасының (KASE) стратегиялық мақсаты – әлемдік инвесторларға қауіп-қатері төмен әр түрлі қаржы инструменттерін жетілген халықаралық тәжірибеге сәйкес сатып, сапалы қосымша биржа қызметтерін пайдалануға мүмкіндік беретін, жетекші өңірлік қаржы орталығы ретінде қалыптасу.
Соңғы мәліметтерге сүйенсек Қазақстан қор биржасы (KASE) – Орталық Азиядағы қарқынды дамып келе жатқан, қаржы институттарының бірі болып табылады. Әлемдік рейтинг агенттіктері, соның ішінде Standard & Poors агенттігінің мәләметі бойынша:
Қазақстанның осы заманғы қор нарығында бағалы қағаздардың мына түрлерінің айналымы тән:
Қазіргі таңда биржа әмбебап қаржы нарығы болып табылады, оны шартты түрде бес негізгі секторларға бөлуге болады: шетел валюталарының нарығы, мемлекеттік бағалы қағаздардың нарығы, акциялар мен корпоративтік облигациялардың нарығы, репо операцияларының нарығы, деривативтер нарығы.
ҚР-сының “Бағалы қағаздар нарығы туралы” Заңына сәйкес, қор биржасының мүшелері тек қана биржада орындары бар және осы қор биржасының листингіне кіргізілген бағалы қағаздармен саудаға қатысатын кәсіби қатысушылар ғана бола алады. Биржа мүшелерінің саны оннан кем емес болуы шарт. Олардың арасында ҚР-сының бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы мәртебесі бар шетелдік заңды тұлғалар да болуы мүмкін. Биржаға мүшелікке қабылдау туралы шешімді Биржалық Кеңес шығарады. Қазақстан қор биржасының жай күйі олардың санаттарын, оларға қойылатын талаптарды, қабылдау тәртібін, мүшеліктің тоқтатылуын және уақытша тоқтатылуын, сонымен қатар биржа мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды.
Қор биржасының мүшелері ұйымдар бола алады. Оның ішінде “С” санатты биржа мүшелерін қоспағанда, ҚР-сының шегінен тыс жерлерде заңды тұлға ретінде тіркелген, қаржы нарықтарында кәсіби қызметтерін жүзеге асыру құқығына ие ұйымдар да болуы мүмкін.
KASE мүшелері қаржылық құралдардың түрлеріне қарай келесідей санаттарға бөлінеді:
Бір ұйым қор биржасында бірнеше санаттар бойынша мүшелікке ие бола алады.
Қор биржасының мүшесі оған берілген санатқа сәйкес қаржылық құралдар бойынша саудаға қатысуы; қор биржасындағы оның қызметі үшін жеткілікті және қажетті мәліметтерді алуы; Биржалық кеңеске, валюталық нарық бойынша Биржалық кеңес Комитетіне, биржа мүшелерінің Жалпы жиналысы мен оның акцияларына саудалық, есептеу, ақпараттық және басқа да қызметтерінің сұрақтары бойынша ұсыныстарды қарастыруға беруі, сонымен қатар оған берілген мүшелік санатына сәйкес қор биржасының мүшелерінің жалпы жиналысының және оның акциясының жұмысына қатысуы мүмкін.
Сонымен қатар қор биржасы
мүшелерінің белгіленген
Қор биржасының мүшелеріне санаттарына сәйкес оның мүшесі болмайтын тұлғаларға өзінің орындарын қолдануға беруге тиым салынады.
ҚР-сының “Бағалы қағаздар нарығы туралы” Заңына сәйкес, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сонымен қатар бағалы қағаздары қор биржасының листингіне кіргізілген акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары биржаның басқару органдарына сайлана алмайды. Акционер жиналыста өзі иеленген акциялар санына тәуелсіз басқа акционерлермен тең дауысқа ие.
Биржалық кеңес акционерлер, басқа да биржа мүшелері, оның лауазымды тұлғалардан қалыптасады. Одан басқа оның құрамына тұрақты негізде ҚР-сының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігінің өкілі дауыс құқығынсыз кіреді.
KASE айналымына жіберілетін бағалы қағаздар:
Информация о работе Қазақстанның биржалық нарығы жэне оның даму перспективалары