қаржы саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 09:49, контрольная работа

Краткое описание

Фискальдық саясат
Қаржылық реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты — бюджет (мемлекеттің шығыстары) пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады. Бюджеттік қаржыға аса зерек өндірістік емес сфераның жай-күйі де осындай тәртіппен реттеледі.

Содержимое работы - 1 файл

Қаржы саясаты және қаржы механизмі.doc

— 94.00 Кб (Скачать файл)

       

     - есеп айырысуларды ұйымдастыру;

     - өндірістік капитал мен күрделі жұмсалымды тиімді пайдалануға жәрдемдесу;

     - қаржы ресурстарын дұрыс пайдалануды бақылау, айналым қаражаттарының сақталымдылығы мен тездетілген айналымдылығын қамтамасыз ету және басқалары.

     Қаржыны оперативті басқаруға банк мекемелері қатысады. Екінші деңгей банктері кәсіпорындар мен ұйымдарға есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, ақшаға деген уақытша қажеттіліктерді  несиелендіреді.

     Шаруашылықты  жүргізудің нарықтық негізіне көшкеннен  кейін кәсіпорын басшыларының, акционерлік  компаниялар мүшелерінің ғана емес, сондай-ақ басқарудың әкімшіл-әміршіл  әдістері жағдайында болмашы рөл  атқарған қаржы службаларының да рөлі ерекше арта түсті. Кәсіпорындарды дамытудың қаржы көздерін, қаржы  ресурстарын неғұрлым тиімді инвестициялаудың бағыттарын іздестіру, бағалы қағаздармен  операциялар жасау және қаржы  менеджментінің басқа мәселелері нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорындардың  қаржы службаларының негізгі  мәселелері болып отыр. 

 

 

 

Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі

Қазіргі уақытта қаржыны басқаруды жетілдіру – бұл процесте автоматтандырылған жүйелерді жасап, оларды қаржыны басқаруға ендіру мен үйлестіру негізінде жүргізіліп отыр. Экономикалық-математикалық әдістер мен электронды-есептеу техникасына негізделген басқарудың автоматтандырылған жүйелері (БАЖ) қаржыны жалпы басқарудың бір бөлігі болып табылады.

Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі – бұл қаржыны, қаржы жүйесін, тиімді басқаруға мүмкіндік жасайтын есептеу және ұйымдық техниканың, байланыс құралдарының әкімшілік, экономикалық, математикалық әдістерінің жиынтығы. Ол есепке алу, жоспарлау және ұлттық шаруашылықты басқару үшін ақпаратты жинау мен өңдеудің жалпы мемлекеттік автоматтандырылған жүйесінің қосалқы жүйесі ретінде көрінеді.

Қаржыны басқаруда қаржы есеп-қисаптарының автоматтандырылған жүйесі (ҚЕАЖ) қолданылады. Ол өзара байланысты, бірлесіп іс-әрекет ететін функциялық, қамтамасыз етуші, технологиялық қосалқы жүйелерден тұрады.

Ұйымдық тұрғыдан ҚЕАЖ дегеніміз бір-бірімен өзара байланысты келесі қосалқы жүйелердің жиынтығы:

1)                 ұйымдық-экономикалық қамтамасыз ету;

2)                 ақпараттық қамтамасыз ету;

3)                 бағдарламалық қамтамасыз ету;

4)                 техникалық қамтамасыз ету;

5)                 ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету;

6)                 технологиялық қамтамасыз ету;

7)                 кадрмен қамтамасыз ету.

Қаржыны басқаруда автоматтандырылған жұмыс орны да қолданылады. АЖО – кәсіби-бағдарланған шағын есептеу жүйесі, микро-ЭЕМ немесе СЭЕС басқаратын және белгілі бір кәсіп мамандарының жұмысын автоматтандыруға арналған немесе сырттағы техникалық құралдардың кешені.

 

Қазақстан Республикасында қаржыны басқаруды ұйымдастыру

 

Басқару – бұл белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.

Басқару экономикалық заңдардың объективті заңдылықтары мен талаптарына негізделген.

Қаржыны басқару – бұл қаржылық және аралас экономикалық-әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатында әсер ету процесі.

Сөйтіп, қаржыны басқару – бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы механизмі – бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты – қаржыны басқарудың тиісті процесінің түпкілікті қорытынды нәтижесі.

Қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерімділікте, бюджет профицитінде, мемлекеттік борыштың азаюында, ұлттық валютаның беріктігінде, мемлекет пен қоғам барлық мүшелерінің экономикалық мүдделерінің үйлесуінде көрінетін қаржының тұрақтылығы мен тәуелсіздігі болып табылады.

Қаржыны басқару негізіне қойылатын қағидалар:

1)       басқарудағы демократизм;

2)       қаржы мәселелеріне саяси көзқарас;

3)       басқарудағы экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтайлы үйлесуі(ұштасуы);

4)       басқарудың ғылымилығы;

5)       орталықтандырылған, салалық және аумақтық басқарудағы келісушілік;

6)       басқарудағы жауапкершілік;

7)       шаруашылық шешімдерінің сабақтастығы.

Қаржыны басқарудың екі қыры бар: біріншіден, мемлекет қаржыны, оның формаларын экономика мен әлеуметтік өрісті басқарудың тетігі, тұтқасы ретінде пайдаланады, сөйтіп ол қоғамдық өндірістің бүкіл процесіне ықпал жасайды; екіншіден, қаржының өзі басқарудың объектісі болып табылады: қаржы қатынастарының нысандары, ақша қорлары, қаржы аппараты, яғни қаржы мекемелерінің жүйесі басқарылады.

Қаржыны басқаруға ғылыми көзқарас қаржы қатынастарының әрбір өрісінде, олардың әрбір буынында оны басқаруға көп жоспарлы сипат пен жүйелі көзқарасты айқындайды.

Қаржыны басқару субъектілері қаржыға мақсатты ықпал етудің өзіндік әдістері мен нысандарын пайдаланады. Қаржыны басқару элементтері: ақпарат, жоспарлау (болжау), ұйымдастыру, реттеу, бақылау.

Қаржылық ақпараттың ғылыми негізделген жоспарлау мақсаты үшін де, сондай-ақ бүкіл қаржы процесін жедел басқару үшін де зор маңызы бар. Ақпаратты алудың ақиқаттығы мен уақыттылығы негізделген шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді. Қаржылық ақпарат бухгалтерлік, статистикалық және жедел есеп беруге негізделеді.

Жоспарлау (болжау) қаржыны басқару жүйесінде маңызды орын алады. Бұл – жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақша қаражаттарының мөлшерін және оның көздерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорлары арасында, ұлттық шаруашылықтың салалары мен әкімшілік-аумақтық бірліктері арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы үйлесімін белгілеу; ресурстарды пайдаланудың нақты бағыттарын анықтау және т.б.

Ұйымдастыру – басқарудың барлық буындарының жөнге салынғандығын,  айқындығын, қаржы ақпаратының жоғары нәтижелілігін, басқару қызметкерлерінің жауапкершілігі мен тәртіптілігін білдіреді.

Қаржы аппаратының ұйымдастырылу дәрежесі жоғары болуы тиіс. Бұл қаржы құрылымдарының барлық қызметкерлерінің біліктілігі мен жеке білгірлігіне жоғары талаптар қояды.

Қаржылық реттеу – бұл жоспарлы тапсырмалардың орындалуы үшін қаржы ресурстарын икемді, шебер жұмсау, белгіленген нәтижеден теріс ауытқулардың барлық түрін алдын алуға және жоюға бағытталған.

Бақылау басқарудың элементі ретінде жоспарлау процесінде де, сонымен бірге жедел басқару сатысында да жүзеге асырылады. Ол қоғамда барлық қаржы процестерін жүргізудің дұрыстығы мен заңдылығын тексеру және қамтамасыз ету жөніндегі қаржы құқығының нормаларын басшылыққа алып отыратын қаржы аппараттарының қызметін қамтиды.

Қаржыны басқаруда объектілері мен субъектілері болады. Басқару объектілері ретінде қаржы қатынастарының сан алуан түрлері бола алады, ал басқару субъектілері басқаруды жүзеге асыратын ұйымдық құрылымдар.

Қаржы аппараты – бұл қаржыны басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдық құрылымдардың жиынтығы.

Кәсіпорындарда және ұлттық шаруашылық саласында қаржыны басқаруды кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің қаржы бөлімдері мен қызмет орындары, сондай-ақ сақталып отырған министрліктер мен ведомстволардың қаржы бөлімдері мен басқармалары жүзеге асырып отырады

4

 



Информация о работе қаржы саясаты