Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың теориялық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 19:32, реферат

Краткое описание

Қарыз алушының несие қабілетіне талдау жасау барысында мынандай факторлар есепке алынады:
1. Несиеге қатысты қабілеттілігі. Қарыз алушыға несиені бере отырып, қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын Жарғысы және нұсқауымен танысуға тиіс;
2. Қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі деп қарыз алушының қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сондай-ақ келісімшартқа байланысты міндеттемелерді орындауы түсіндіріледі;
3. Табыс алу қабілет. Банк қарыз алушының несиені қайтаруға жеткілікті қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.

Содержание работы

Кіріспе
Негізгі бөлім. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың теориялық негізі
1. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың маңызы мен қажеттілігі. Клиент туралы ақпарат көздерін алу.
2. Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдау
3. Клиенттің несиелік қабілетін бағалаудың шетелдік тәжірибелері.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Содержимое работы - 1 файл

банк иси Айко.doc

— 155.00 Кб (Скачать файл)

Белгіленген нормалардың ауытқу «белгілері»:

  • Қарыз алушының шаруашылық қызметі туралы есеп беру мәліметінің мерзімінің бұзылуы;
  • Банк шоттарын жүргізу тәртібінің нормалардан ауытқуы;
  • Несиелеу шартының қайта қаралуы, несиенің қайтарылу схемасындағы өзгерістер, несие мерзімінің мерзімін созу туралы өтініштің болуы;
  • Қарыз алушының шаруашылық-қаржылай көрсеткіштерінің жоспардағыдан немесе күтілетін көрсеткіштерден ауытқуы;
  • Қарыз алушының есеп және бақылау жүйесіндегі ауытқуы.

Бұл аталған «белгілер» банкті сақтандара отыры, мерзімі өткен несиелердің  алдын алуға немесе олардың пайда болуын анықтап беруге мүмкіндік береді. Егер де банк күмәнді несиелерді анықтап білсе, онда несиелердің өтелуіне бағытталатын әрекет ету бағадарламасын қолданады. Көптеген жағдайда қарыз алушы әлі де болса, өз міндеттемелері бойынша жауап беру қабілеттілігін жоғалтпаған жағдайда банк несиелік калісімшартарды өзгерту туралы сұрақтарды қарастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                

 

 

 

 

 

                                                    Қорытынды

 

Банк клиенттерінің несие қабілеттерін талдау барысында көптеген көрсеткіштер мен коэффициенттерді (өтімділік, тиімділік, қаржы левередж және пайдалылық коэффициенттері) пайдалану негізінде  олардың қаржы жағдайын анықтадым. Банк клиентке несие бермес бұрын, өзіне алатын тәуекел деңгейін және берілетін несие мөлшерін анықтап алуы қажет. Кез келген несиелік операциялар осыдан басталады. Банк клиентке несие беру туралы шешім қабылдаудың алдында мынаны білуі қажет:

  1. қарыз  алушының «беріктілігі», бұл арқылы бұрын алынған несиелер бойынша соманы және пайызды өз уақытында есеп айырысу және еесеп берудің сапалығы, басқарушылардың жауапкершілігі  мен құзыреті;
  2. қарыз алушының «қабілеттілігі» негізінде несие қабілетінің өнімін өндіреді;
  3. қарыз алушының «табысы». Банк табысының деңгейі несиелеу кезіндегі тәуекел деңгейімен үйлесуі қажет. Банк қарыз алушының алатын табысының көлемін бағалаудағы мүмкін болатын көзқарастарды пайдаланады, яғни клиенттің банкке пайыз сомасын төлеуі жақсы қаржы қызметінің нәтижелігімен байланыстырады;
  4. несие «сомасы». Бұл баланс өтімділігін, яғни меншік капитал мен тартылған капиталдың ара қатынасын зерттеуден байқалады;
  5. несиені «өтеу». Несиенің қайтарымдылығы  материалдық құндылықтарды өткізуден, берілген кепілдік пен кепіл құқығы есебінен жүзеге асырылады;
  6. несиені «қамтамасыз ету», яғни банктің қабылданған жарғысы мен қаулысы негізінде қарыз алушының алған несиесі бойынша оның активін, соның ішінде бағалы қарыздарды қоса есептегенде банк кепілге алуға құқылы. Кепілге берілетін несие – бұл қарыз алушының  активтерімен қамтамасыз етілген несие. Кепілге берілетін активтер қарыз алушының иелігінде қалып, оның пайдалануында болады.

Банк несиелік келісімшарттың орындалуына, қарыз алушының алған  несиені пайдалануына және оны толық  қайтаруына бақылау жасайды. Осы  мақсатта қарыз алушының шаруашылық қызметіне, оның қаржылық жағдайына талдау жасап, қажет болған жағдайларда, орнында ақшалай және есеп айырысу құжаттарын, бухгалтерлік жазуларды, есептік материалдарды тексереді. Осы жерде қарыз алушыдан алған барлық  қаржы ақпраттар түрлері мен басқа да ақпараттар, сондай-ақ басқа да көздер пайдаланылады. Әрбір банктің өзінің клиенттің  несиелік ісін жүргізу жүйесі болады.

Несиелік бюро несие  берушілердің өздерінің құрамындағы  немесе мекемелеріндегі ақпараттық  делдал, не болмаса өз құзметінен табыс алатын және тәуелсіз жұмыс істейін мекеме ретінде қатысады. Несие берушілер Бюроны өзінің клиентері туралы мәліметтермен қамтамасыз етеді. Бюро олардың ақпараттарын басқа алынған көздермен салыстырып (сот,мемлекеттік, тіркеуші және салық органдары және т.б.) және әр қарыз алушы бойынша картотеканы құрастырады. Несие берушілер өзінің клиенттері бойынша ұсынған ақпараттардың жүйелік және анықтылық талаптары негізінде Бюродан потенциалды қарыз алушылардың несиелік операциалары туралы есеп алуға мүмкіндігі бар. Несиелік бюроның мәліметтерді қатаң тәртіпте ұсынудың негізі, әсіресе несие берушілердің өздерінің құрамына кіретін потенциалды көзқарастар дауларына тап болады: әр қайсысы өзінің мәліметтерін ұсынбай толық  және ең анық ақпаратарды алғысы келкді. Басқаша айтқанда несиелік бюро қызметінің негізі өзара айырбас принципіне, яғни несиелік бюро мен несие арасындағы келісімдермен жасалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. – А.: ИздатМаркет, 2004.

2.Банковское дело / Под  ред. Белоглазовой Г.Н., Кроливецкой  Л.Н. – СПб.:Питер, 2002.

3. Банковское дело / Под  ред.Колесникова В.И. - М.:Финансы  и статистика, 2000.

4. Банковское дело / Под  ред. Коробовой Г.Г. – М.:Финансы и статистика, 2005.

5. Банковское дело / Под  ред.Лаврушина О.И. – М.:Финансы  и статистика, 2005.

6. Банковское дело / Под  ред.Сейтқасымова Г.С. – Алматы: Қаржы-Қаражат, 1998.

7. Банки  и банковские  опарции / под ред. Жукова Е.Ф.  – М., 1997.

8.Банковское днло: страгетические руководство / Под ред. Платонова В., Хиггниса М.- М.: Консалтбанкир, 1998.

9. Давлетов М.Т. «Кредитная  деятельность банков в Казахстане».  А.: Экономика, 2001.

10. Дүйсенбаев  К.Ш., Төрегенов  Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. «Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын талдау». А.: Экономика, 2001 ж..

11. Көшенова Б.А. Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары.  – А.: Экономика, 2000.




Информация о работе Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың теориялық негізі