Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың теориялық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 19:32, реферат

Краткое описание

Қарыз алушының несие қабілетіне талдау жасау барысында мынандай факторлар есепке алынады:
1. Несиеге қатысты қабілеттілігі. Қарыз алушыға несиені бере отырып, қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын Жарғысы және нұсқауымен танысуға тиіс;
2. Қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі деп қарыз алушының қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сондай-ақ келісімшартқа байланысты міндеттемелерді орындауы түсіндіріледі;
3. Табыс алу қабілет. Банк қарыз алушының несиені қайтаруға жеткілікті қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.

Содержание работы

Кіріспе
Негізгі бөлім. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың теориялық негізі
1. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың маңызы мен қажеттілігі. Клиент туралы ақпарат көздерін алу.
2. Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдау
3. Клиенттің несиелік қабілетін бағалаудың шетелдік тәжірибелері.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Содержимое работы - 1 файл

банк иси Айко.doc

— 155.00 Кб (Скачать файл)

Ағымдық активтердің қанша есе  ағымдық міндеттемелерді өтейтіндігін анықтауға мүмкіндік береді және кәсіпорынның тек дебиторларымен уақытылы есеп айырысу мен дайын өнімді өткізуде  ғана емес, сонымен қатар, қажет болған жағдайда материалдық айналым қаражаттарын сату жағдайындағы төлем мүмкіндігін көрсетеді. Ол өнімді қаражаттардың ағымдық міндеттемелерді жабатындығын анықтауға мүмкіндік береді, сол арқылы баланс құрылымының тұрақты деңгейін ғана емес, сонымен қатар, кәсіпорынның ағымдық міндеттемелері бойынша тез есеп айрысу  қабілетін көрсетеді.

 

 

 

Ка.ғ.

 

 

 

=

Ағымдық активтер

Ағымдық міндеттемелер


 

Шапшаң (оперативті)  өнімділік коэффициенті (Кш.ө.) - өтімділік активтер ағымдық міндеттемелердің тек қана сол бөлігін, қайсысы қарызды өтеу үшін дайын қолма қол ақшаға тез арада айналатын бөлігін көрсетеді. Өтімділік  активтерге әлемдік банктік тәжірибеде ақшалай қаражаттар мен дебиторлық бөлшектерді жатқызуға болады, ал  Қазақстанда да жылдам өткізілетін босалқы қор бөлігін жатқызуға болады.

 

 

 

Кш.ө.

 

 

 

=

Өтімділік активтер

Ағымдық міндеттемелер


 

Шапшаң өтімділік коэффициентін  тағайындау – бұл несие алушы  қабілетін болжауға және оның айналымдағы  қаражаттарынан банк қарызын өз уақытында  өтеу үшін ақшаларды жылдам шығаруды білдіреді.

Тиімділік (айналымдылық) коэффициенті – бұл бірінші коэффициенттер тобын,яғни өтімділік көрсеткіштерді толықтырады және неғұрлым дәлелді қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, егер өтімділік көрсеткіштерінің өсуі дебиторлық қарыздың көбеюінің арқасында болса және босалқы қордың құны бір уақытта баяуласа,  онда қарыз алушының несие қабілетінің класын жоғарлатуға болмайды. Тиімділік коэффициенттер тобына жататындар:5

  • босалқы қордың айналымы:

а) Кезең ішіндегі босалқы  қордың орташа қалдықтары / Бір күндік өткізуден түскен түсім = Айналым күнінің ұзақтығы;

б) Кезең ішіндегі өткізуден  түскен түсім / кезең ішіндегі босалқы  қордың  орташа қалдықтары = Кезең  ішідегі айналымның саны;

  • Күндік дебиторлық қарыздың айналымдылығы:

Кезең ішіндегі қарыздың орташа қалдықтары / Бір күндік өткізуден түскен түсім;

  • Негізгі капиталдың айналымдылығы (нақты активтер):

Өткізуден түскен түсім / Кезең ішіндегі қорлардың орташа қалдық құны;

  • Активтердің айналымдылығы:

Өткізуден түскен түсім / Кезең  ішіндегі активтердің орташа мөлшері;

Тиімділік коэффициенті динамика негізінде  талданып, сонымен қатар бәсекелесуші фирмалардың коэффициенттері және орташа салалық көрсеткіштерімен салыстырылады.

Қаржы левередж көрсеткіштері қарыз алушының меншікті капиталымен қамтамасыз ету деңгейін сипаттайды.

Жоғарыдағы кестеден көріп отырғанымыздай, коэффициенттердің  есеп айырысуы үлгілерінің әр түрлі  болуы мүмкін,  бірақ экономикалық мағынасы бір: ол меншікті капитал мөлшерін және клиенттің тартылған ресурстарға  бағыныштылық деңгейін бағалау. Өтімділік  коэффициенттеріне қарағанда қаржы левередж коэффициентімен есеп айырысудың айырмашылығы банк клиентінің мерзіміне байланыссыз барлық ұзақ мерзімді міндеттемелері ескеріледі. Неғұрлым тартылған ақшалай қаражаттардың үлесі жоғары және меншікті капиталдың үлесі аз болса, онда клиенттің несие қабілетінің класы төмен болады. Дегенмен, қорытынды нәтижені пайдалық коэффициентінің динамикасын талдаған  кезде жасалынады.

Пайдалылық коэффициенті; барлық капиталды, сонымен қатар  оның тартылған  бөлігін қоса пайдаланудың тиімділігін сипаттайды. Бұл коэффициенттердің мынадай түрлері бар:

  • пайдалық нормасының коэффициенті:

а) Пайызбен салықты төлеуге  дейінгі жалпы пайда / Өткізуден  түскен түсім;

б) Таза операциялық пайда (пайызды төлегеннен кейін, бірақ  салыққа дейінгі пайда) / Өткізуден түскен түсім;

в) Пайызбен салықты төлегеннен кейінгі таза пайда / Өткізуден түскен түсім;

  • рентабельділік коэффициенті:

а) Пайызбен салықты төлегенге  дейінгі пайда / Активтер немесе меншікті капитал;

б) Пайызды  төлегеннен кейінгі, бірақ салыққа дейінгі пайда / Активтер немесе меншікті капитал;

в) Таза пайда (пайызбен салықты  төлегеннен кейінгі пайда) / Активтер немесе меншікті капитал;

Үш түрлі рентабельдік коэффициенттерді салыстыру арқылы, салық пен пайыздың фирманың рентабельділігінің деңгейіне әсерін көрсетеді.

  • Акция пайдасының  нормалық коэффициенті:

а) Акция табысы = Жай акциялар бойынша дивидендтер / Жай акциялардың орташа мөлшері;

б) Дивиденттік табыс (%) = Бір акцияның жылдық дивиденті * 100/ Бір акцияның орташа нарықтық құны;

Борышты өтеуге қызмет көрсету коэффициенті (нарықтық коэффициенттер) пайданың қай бөлігі пайыздық және нақты төлемдерге жұтылатындығын көрсетеді. Олардың есеп айырысудың жалпы сомасы келесіде көрінеді:

Пайызды өтеу коэффициенті = Кезең аралық пайда / Кезең аралық пайыздық төлемдер;

Пайыздық төлемдерді өтеу коэффициенті = Кезең аралық пайда / Пайыз + Лизингтік төлемдер + Артықшылығы  бар акция бойынша дивидендтер + Басқа да нақты төлемдер.

Баланс активінің баптары  олардың өтімділік дәрежелеріне қарай үш топқа бөлінеді:

  1. ақшалай қаражаттар (есеп айырысу шотындағы және банктегі басқа да шоттардағы қаражаттар қалдығы; касса; басқа да ақшалай қаражаттар; арнайы қорлардың қаражаттары; күрделі қаржы жұмсалымдарына пайдаланылмаған қаражаттар қалдықтары);
  2. жеңіл іске асатын талаптар (төлейтін мерзімі жетпеген, жөнелтілген тауарлар және тапсырылған жұмыстар; берешектермен есеп айырысулар; өзінің жүйесіндегі кәсіпорындардан оларға қаржылай көмек ретінде берілген қаражаттар бойынша есеп айырысу; банк несиелері және кәсіпорынның арнайы қорларынан берілген несиелер бойынша жұмысшыларымен және қызметкерлерімен есеп айырысу). Жеңіл іске асатын талаптар қатарына мерзімінде төленбеген жөнелтілген тауарлар мен тапсырылған жұмыстар жатпайды. Берешектермен есеп айырысу құрамында үш айға дейінгі қарыздар есепке алынбайды. Мұнда “өзінің жүйесіндегі кәсіпорындармен оларға қаржылай көмек ретінде берілген қаражаттар бойынша есеп айырысу” бабында жақын арадағы үш ай ішінде қайтарылатын қарыздар есепке алынады.
  3. жеңіл іске асырылатын тауарлы- материалдық құндылықтар  (арзан бағалы тез тозатын заттарды шегеріп тастағандағы өндірістік қорлар; аяқталмаған өндіріс; алдағы уақыт шығыстары; дайын өнім; басқа да айналым қаражаттары).

 Қарыз алушылардың  салалық ерекшеліктеріне байланысты  өтімділік коэффициентінің біршама оңтайлы мәні 1,2 мен 1,5 аралығын құрайды. Көрсеткіштің мәнінің 1- ден төмен болуы жарамайды. Өтімділік коэффициенті қарыз алушының қарызды өтеу үшін жедел түрде шаруашылық айналымынан ақшалай қаражаттарды босатуын  сипаттайды. Қаншалықты бұл коэффициенттің мәні жоғары болса, соғұрлым қарыз алушы тұрақты келеді.

      Несие қабілетінің класы негізгі көрсеткіштер деңгейінің балдық шкаласы бойынша анықталады. Мысалы, І класс – 100-150 балл, ІІ класс – 151- 250 балл, ал ІІІ класс – 251 –300 балды құрайды. Балдарды есептеу үшін класс көрсеткіштерінің нақты маңызын нормативпен салыстыру жолымен анықтау, сонымен бірге маңыздылық (рейтинг) көрсеткіштерін пайдалану.

Рейтинг немесе маңыздылық көрсеткіші - әрбір қарыз алушы  табысын берілген коммерциялық банктің саясатына тәуелді етіп, клиенттің ерекшелігіне, балансының өтімділігіне, нарықтық жағдайына байланысты жеке анықтайды. Мысалы, қысқа мерзімді ресурстар үлесінің көптігі, жабдықтаушылар алдында несие және төлем бойынша өткен мерзімдегі қарыздарды шапшаң өтімділік коэффициентінің рөлін күшейтіп, ол өз алдына кәсіпорынның ақша қаражатынан тез арада босату қабілетін бағалайды. Тұрақты запастарды несие арқылы банк ресурстарынан тарту және меншікті капитал көлемінің төмендігі – қаржы левередж көрсеткіштерінің рейтингісін өсіреді. Экономикалық несие шекараларының бұзылуы, клиенттердің несие алу барысындағы несие қабілетін бағалаудың ағымдық өтімділік коэффициентінің деңгейін бірінші орынға көтереді.

Клиенттің несие қабілетін жалпы  бағалау балл арқылы беріледі. Балдар несие қабілетінің класының әрбір көрсеткіштер рейтингісі сомасымен ұсынылады. І класқа 100-150 балл, ІІ класқа 151-250 балл және ІІІ класқа 251-300 балдар қосылады.

 

          3. Клиенттің несиелік қабілетін бағалаудың шетелдік тәжірибелері

 

Шетелде клиенттердің несиелік қабілеті туралы ақпараттар жинауға маманданған және олар туралы анықтамалар беретін арнайы фирмалар немесе агенттіктер жұмыс жасайды. Бұл тәуелсіз ұйымдар банктерге келісімшарт негізінде қызмет көрсетеді. Мысалға, фирма “Dan & Bred ford” 3 млн-ға жуық АҚШ-ң, Канаданың, Данияның фирмалары туралы ақпараттар жинақтап, жалпы ұлттық және аймақтық анықтамаларда жариялайды.

Қарыз алушыға кандидатты бағалау жүйесінде ағылшынның клирингтік банктерінде кеңінен пайдаланып келетін әдістердің біріне PARSER немесе CAMPARI әдістерін жатқызуға болады.

       PARSER:

P – Person – потенциалды қарыз алушы туралы ақпарат, оның беделі;

A – Amount – сұрайтын немесе сомасының негіздемесі;

R – Repayment – несиені қайтару мүмкіндігі;

S – Security – қамтамасыз ету құралы;

E – Expediency – несиенің мақсаттылығы;

R – Remuneration – несиені беру тәуекелі үшін банктің пайыз мөлшерлемесі.

      CAMPARI:

C – Character – қарыз алушының беделі;

A – Ability – қарыз алушының беделін бағалау;

M – Means – несиеге деген қажеттілігін талдау;

P – Porous – несиенің мақсаты;

A – Amount – несие сомасының негізделуі;

R – Repayment – несиені қайтару мүмкіндігі;

I – Insurance – несиелік тәуекелден сақтандыру әдісі.

Американдық банктер тәжірибесінде  потенциалды қарыз алушыларды дұрыс таңдай білуде “алты С (си) ережесі” қолданылады:

  • Character (қарыз алушының сипаты;
  • Capacity (қаржылық мүмкіндігі);
  • Cash (ақшалай қаражаты);
  • Collateral (қамтамасыз етуі);
  • Conditions (жалпы экономикалық жағдай);
  • Control (бақылау).

Қарыз алушының қаржылық жағдайы оның несиені қайтару қабілетін сипаттайды. Ол оның кірістері мен шығыстары және олардың алдағы уақыттардағы өзгеру перспективаларын нақты талдау көмегімен анықталады.

Американдық банктік тәжірибе несиелік процестегі проблемалық несиелерді анықтауда «25 белгіні» қолданады:

Қарыз алушының тарихына байланысты «белгілер»:

  • Таяу арадағы қарыз алушының қаржылық тұрақсыздығы;
  • Қарыз алушы туралы ақпараттардағы алшақтық және қарама-қайшылық.

Қарыз алушының жетекшілері мен  басқармасына қатысты «белгілер»:

  • Қарыз алушының серіктестерінің тұрақсыздығы;
  • Басшыларының моральдық сапасының төмендігі;
  • Серіктестер арасында, компанияны иеленушілер, отбасы мүшелері арасындағы билік үшін күрестің болуы;
  • Басшылардың жиі ауысуы;
  • Басшылардың салмақсыздық мінезі;
  • Қарыз алушының басшысының несиелік процесті жеделдетуге банк қызметкеріне қысым жасауға ынталы болуы.

Қарыз алушының өндірістік қызметін көрсететін «белгілер»:

  • Қарыз алушының жабдықтаушыларым мен сатып алушылар ортасының өзгеріссіз болуы;
  • Қарыз алушының өз алашақтарына жасайтын бақылауының әлсіздігі;
  • Қарыз алушы саласының сол уақыттарда проблемалық салаға жатуы;
  • Балансты жүргізудің қысқаруы, яғни актив және пассив баптарының толық берілмеуі.

Несиелеуді ұйымдастыруға қатысты  «белгілері»:

  • Қарыз алушының несиені сұраудағы нақты мақсатының болмауы;
  • Қарыз алушыда несиені қайтаруда анық бағдарламаның болмауы;
  • Несиені өтеудегі резервтік көздерінің болмауы;
  • Несие берілетін мақсатына қарыз алушы тарапынанн материалдық қамтамасыз етілмеуі;
  • Қарыз алушының несиелік өтінішінің негізсіздігі;
  • Қарыз алушы несиені акционерлік капиталын кепілге бере отырып сұрауы;
  • Несиенің ең бастысы, өндіріске емес, айналыс аумағына бағытталуы;
  • Несиенің қайтару мерзімі жеткізікті негізделмеуі.

Информация о работе Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың теориялық негізі