Акша каражаттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2011 в 19:18, реферат

Краткое описание

Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептеуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпке айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт,келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керке.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім- шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспондеттік шоттар – банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады

Содержимое работы - 1 файл

АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ 1.doc

— 163.50 Кб (Скачать файл)

 Кассалық аппараттарды міндетті түрде салық органдарында тіркеуден өткізеді.Оны тіркеуден өткізу үшін келесідей құжаттарды ұсыну керек: арыз, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өткені туралы куәлігінің көшірмесі, БКМ (бақылаушы кассалық машина) поспорты, қолма-қол ақшаны тіркейтін журналы т.б. Салық органдары арыз бланкісінің дұрыс толтырылғанын және БКМ-ның белгіленген талапқа сәйкес келетіндігін тексеріп есепке қояды, сосын ТЖБКМ-на карточкасын береді. БКМ-ның пайдалану мерзімі біткен соң салық органына қайтарылады. БКМ қондырған кезде салық органының өкілетті инспекторы тыңшылықты жадында сақтайтын қондырғыға пароль енгізеді. Пароль шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркеуден өткен салық органдарында сақталады.

 Ақша операциялық  кассаға түскен кезде 451”Операциялық кассадағы қолма-қол ақша” аралық шоты дебеттеледі және мына шоттар кредиттеледі:

701-»Дайын өнімдерді  сатудан түскен кіріс”, 704-»Көлік  ұйымдарының жүктер мен жолаушылар  тасымалы жөніндегі қызметтерінен  түскен табыс” шоттары және  басқа да шоттар-кассаға алынған түсімнің сомасына;

301- «Алынуға  тиісті қарыздар” шоты – сатып  алашылар мен тапсырыс берушілердің  кассаға алынған сомаға.

 Кәсіпорын  кассасына түскен түсімді өткізгенде  – 451 шоты дебеттеледі де, ал 451 шотының «Операциялық кассадағы  қолма-қол ақша” субшоты кредиттеледі. 

Есеп айырысу  шотындағы қолма-қол ақшаның есебі

Банкі шоттары  теңгемен де, шетелдік валютамен де ашылуы мүмкін. Банк келісім бойынша  ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарын ашқан кезде, шот иесінің пайдасына  келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші тараптарға тиесілі ақша сомаларын аудару жөніндегі ұйғарамын орындауды және басқа да қызмет түрлерін көрсетуді өз міндетіне алады. Банк шоттары бойынша жасалған келісім-шарты келесі мәліметтерден тұрады: реквизиттері, келісім мәні немесе келісім-шарттың жасалған нәрсесі, салық қызметі органдары берген салық төлеуші-шот иесінің тіркеме нөмірі, банктің көрсететін қызметінің шарты және оларды төлеу тәртібі. Келісімде жақтар тарапынан келісілген басқа да жағдайлар қарастырылуы мүмкін.

 Банк пен  Қазақстан Республикасының резиденті  – заңды тұлға мен оның жекелеген  құрылымдық бөлімшесі арасында  келісім жасау үшін: қойылған  қол үлгілері және мөр таңбасы  бар құжаты клиенттің салық  есебіне қойылғанын растайтын,  салық қызметі органдары берген, белгіленген үлгідегі құжаты, аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қолдау бөлімі берген шаруашылық жүргізуші субъектінің Қазақстан Республикасының Зейнеткерлік қорына жарналар төлеуші ретінде тіркелгендігі жөніндегі фактісін растайтын белгіленген үлгідегі құжаты, мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын, өкілетті органдар берген белгіленген үлгідегі құжаттың көшірмесі немесе оған теңестірілген құжаттың көшірмесі, ҚР заң тәртібімен бекітіліп, куәландырылған құрылтайшылық құжаттың көшірмесі тапсырылады.

 Банкте жинақ  шоттарын ашқан кезде, банктер  салымдарды салушылардан қабылдауға  келісім-шартта көрсетілген тәртіпте, оларға марапаттау төлеуге және  әрекет етіп тұрған заң актілері  мен келісім-шартта қарастырылған  тәртіпте және келісілген жағдайында салымдарды қайтаруға өз міндетіне алады.

 Егер де  банкте шот иесінің пайдасына  жаңылыс аударылып кеткен ақша  қаражаттарының фактісі анықталса,  онда ол сол қаражаттарды шот  иесіне хабарламай-ақ қатесін  жөндеуге құқылы. Бірақ бұл жағдай  келісім-шартта қарастырылғаны жөн.

 Банктегі  шоттардың көшірмесін беру келісім-шартқа  сәйкес банктер арқылы жүзеге  асырылады. Банк шот иесіне  олардың есеп шоттарының көшірмелерін  беру қызметін электрондық тәсілмен, егер бұл келісімде қарастырылған  болса, арнайы адам жұмсау арқылы жүзеге асырылады. Банк шот иесіне олардың есеп шоттарының көшірмелерін беру қызметін электрондық тәсілмен, егер бұл келісімде қарастырылған болса, арнайы адам жұмсау арқылы атқаруға құқылы. Банктердегі есепшоттары бойынша операцияларды тоқтату Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, шот иесінің ақша қаражаттарының жұмсалынбауына немесе алуға тыйым салу құқығы бар өкілетті органдардың тиісті шешімдерінің негізінде жүзеге асады. Банкідегі есепшоттары бойынша операциялардың жаңартылуы осы шешімдерді қабылдаған тиісті органдардың жазбаша хабарландыруының немесе қаулыларының негізінде жүзеге асырылады.

 Жаңадан ашылатын  заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының  заңына сәйкес жарлық капиталын  төлегенін қуаттайтын құжаттарды  ұсынуы тиіс, ол үшін банк келісім-шарттың негізінде оларға уақытша жинақ шоттарын ашады. Ал мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды тұлғаға ағымдағы шоттар ашады.

 Банкі шоттары  оның иесінің өтініші бойынша  жабылады.

 Заңды тұлға  – шот иесін тарату немесе  қайта ұйымдастыру кезінде, немесе заңды тұлғаның шотын бір жылдан астам, ал жеке тұлғалардың шотына үш жылдан астам кезеңде ақша келіп түспеуіне байланысты банкі шоттары жабылады, ал басқа жағдайда оны жабуға тыйым салынады.

 Банкідегі  есепшот жабылғаннан кейін субъект  осы жөнінде он күндік мерзім ішінде шот иесінің банкідегі есепшоты жабылғандығы туралы хабарлама жасалуы тиіс.

 Есепшоты  жабылған кезде сондай-ақ иесінің  аты немесе есепшоттың нөмірі  өзгергенде – шот иесі қолдарындағы  пайдаланбаған чектерді банкіге  қайтаруы керек. 

Есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін бухгалтерлік есеп операцияларының негізгі корреспонденциясы

1 Есеп айырысу  шотына субъектінің жарғылық  қорын толтыру мақсатымен үлес  қосушылардан келіп түскен сома 441 511

2 Сатып алушылардан  жіберілген өнім, көрсетілген қызмет, істелген жұмыстар үшін келіп түскен сома 441 301,321-323

3 Есеп айырысу  шотына вексельден келіп түскен  сома:

- негізгі берешектердің  қарыз сомасы;

- есептелінген  пайыздар. 

441

441 

302

332

4 Есеп айырысу  шотына жалға алушылардан пайдаланғаны үшін түскен қаржы 441 724,332

5 Жалға алушылардан  жалға алып пайдаланғаны үшін  есептелінген пайыз сомасы есеп  айырысу шотына келіп түсті  441 724

6 Есеп айырысу  шотына кассадан келіп кіріске  алынған сома 441 451

7 Басқа да  берешектерден қарызын өтеу үшін келіп түскен сома 441 334

8 Есеп айырысу  шотына келіп кірістелген банк  несиесі 441 601

9 Есеп айырысу  шотына банктегі арнайы шоттан  келіп түскен сома 441 423

10 Есеп айырысу  шотына келіп кірістелген банктен  тыс мекемелердің несиесі 441 602

11 Есеп айырысу шотына келіп түскен акциялардың дивидендтері 441 724

12 Есеп айырысу  шотына облигациялардан пайыз  түрінде келіп түскен табыстар 441 724

13 Есеп айырысу  шотына келіп түскен ұзақ мерзімді  инвестициялар дивидендтер сомасы 441 724 

14

 Есеп айырысу  шотына құнды қағаздарды сатқаннан келіптүскенсома

441

723

15 Кәсіпорынның  өз акциясын қайта сатудан  есеп айырысу шотына келіп  түскен табысы 441 521 

16

 Жолдағы деп  есептелінген ақша қаражаттарының  есеп айырысу шотына келіп  түсуі

441 411

17 Бюджетке төленген салық сомасының артығы есеп айырысу шотына қайтарылды 441 631,633,634

18 Есеп айырысу  шотына келіп түскен атқарушы  органдардың субсидиялары 441 726

19 Бағасы есеп  айырысу шотынан төленіп кіріске  алынған материалдық емес активтер 101-106 441

20 Құны есеп айырысу шотынан төленіп кіріске алынған негізгі құралдар 121-125 441

21 Құны есеп  айырысу шотынан төленген монтаждауды  қажет ететін бөлшектерді кіріске  алу 126 441

22 Негізгі табынды  толтыру үшін жас малдарды  бағып өсіруге кеткен шығындар  есеп айырысу шотынан төленді 126 441

23 Ағымдағы айдың  қысқа мерзімді жалдық міндеттемесі  есеп айырысу шотынан төленді  811,821,

937,947,

687 441

24 Материалдарды  қосалқы бөлшектерді сатып алу  үшін алдын ала аванс ретінде  есеп айырысу шотынан төленген  сома 351 441

25 Қызмет көрсетушілерге, орындаушыларға істейтін жұмыстары  үшін алдын ала аванс ретінде  есеп айырысу шотынан төленген  ақша қаражаттары 352 441

26 Алынған құнды  қағаздардың құны есеп айырысу  шотынан төленді 401-403 441 

27 

Банк және банктен  тыс мекемелерден алынған несиелер есеп айырысу шотынан қайтарылды 

601-603 

441

28 Үлес қосушыларға,  акционерлерге есептелінген дивиденд  сомасы есеп айырысу шотынан  төленді 621-622 441

29 Заңды тұлғалар  мен жеке адамдардан ұсталынған  табыс салығы есеп айырысу  шотынан бюджетке аударылды 631,634 441

30 Қосылған құнға  салынған салық сомасы есеп  айырысу шотынан бюджетке аударылды  633 441

31 Сақтандыру  компаниясына сақтандыру төлемі  есеп айырысу шотынан аударылды  651 441

32 Әлеуметтік  салық сомасы есеп айырысу  шотынан бюджетке аударылды 634 441

33 Жабдықтаушылардан  алынған тауарлар үшін берешек  сома есеп айырысу шотынан  аударылды 671 441

34 Ұзақ мерзімді  жал төлемі есеп айырысу шотынан  аударылды 683 441

35 Құнды қағаздарды  сатуға байланысты кеткен шығындар  сомасы есеп айырысу шотынан төленді 843 441

36 Еңбекақы,зейнетақы  және тағы да басқа төлемдерді  төлеу үшін есеп айырысу шотынан  кассаға ақша алынды 451 441 

Ақшасыз есеп айырысудың нысандары 

Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырмалық , аккредитивтік, чекпен есеп айырысу, төлем-талап тапсырмалық нысандары.

1. Төлем тапсырмалық  нысан.

 Қазіргі жағдайда  қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың  ең кең тараған нысаны. Төлем  тапсырмасы дегеніміз – төлеушінің  өзіне қызмет көрсететін банкіге  өз есеп шотынан тиісті соманы ақша алушының есеп шотына аударуға беретін бұйрығы. Төлем тапсырмасы арқылы кейінгі төлемнің операциясын жүргізудің дәйектілігі төмендегідей:

1. Тауар жеткізуші  келісім шартқа сәйкес тауарын  жөнелткеннен кейін төлеушінің  атына фактура шот ұсынады.

2. Сатып алушы  тауарды алғаннан кейін төлем  тапсырмасының жинақтамасын толтырып, оған фактура шотын қосып, өзіне  қызмет көрсететін банкіге тапсырады.

3. Құжаттарды  тиісті тексеруден өткізгеннен  кейін банк көрсетілген соманы  сатып алушының есеп шотынан шығарады да : а. Тауар жеткізушінің есеп шотына түсіреді. Егер олардың шоттары сол банкте болса.

 б. Басқа  банктегі тауар жеткізушінің  есеп шотына аударады.

4. Тауар жеткізушіге  қызмет көрсететін банк түскен  соманы соның есеп шотына есепке  жатқызады.

2.Аккредитивтік  нысан

 Аккредитивтік  нысанды қолданғанда құжаттардың  айналымы келесі түрде өткізіледі:

1. Жасалған шартқа  сәйкес тауар өндіруші өнлірілген  тауарының жөнелтуге дайын екенін  сатып алушыға хабарлайды және  одан аккредитив ұсынуын талап  етеді.

2. Сатып алушы  бұл хабарды алғаннан кейін  өзіне қызмет ететін банкке  белгіленген тәртіп бойынша аккредитивтік  өтініш береді.Ол өтініште аккредитивті  қандай жағдайда пайдалануға  болатынын көрсетеді.

3. Сатып алушыға  қызмет ететін банк көрсетілген  ақшаны сатып алушының есеп шотынан шығарады да, оны аккредитивтер деген шотқа жатқызады.

4. Тауар жөнелтушінің  банкісі аккредитивті сомасын  «төленетін аккредитивтер”деген  шотқа есепке алады және бұл  жөнінде тауар жөнелтушіге хабарлайды.

5. Тауар жөнелтуші  шартта көрсетілген талаптарға сәйкес дайындалған өнімін сатып алушыға жөнелтеді. Сонымен қатар тауардың жөнелтілгенін дәлелдейтін барлық құжаттарды өз банкісіне тапсырады.

6. Бұл банк  тиісті соманы тауар жөнелтушінің  есеп шотына түсіреді. 

3. Чекпен есеп  айырысу нысаны

Информация о работе Акша каражаттары