Сауда кызметы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2011 в 15:19, реферат

Краткое описание

Көтерме сауда жəне агенттер арқылы сауда (сыйақыға жəне шарт негізінде) – өз атынан немесе басқа тұлғалар мен фирмалар атынан мəмілелерді сыйақыға жүзеге асыратын комиссиондық агенттер жəне басқа да көтерме сауда делдалдарының қызметі , сонымен бірге сатушылар мен сатып алушылар мəліметінің байланыстылығы.

Содержимое работы - 1 файл

Сауда кызмети.doc

— 160.50 Кб (Скачать файл)

Сауда 

 

Бөлшек  сауда  – халыққа жеке тұтыну жəне үйге пайдалану немесе кəдеге жарату үшін жаңа жəне бұрын пайдаланылған тауарларды қайта сату (өңдемей сату).

Көтерме  сауда  – жаңа жəне бұрын пайдаланылған тауарларды бөлшек  сауда  сатушыларға, өнеркəсіп, коммерциялық, институционалдық, кəсіби пайдаланушыларға немесе басқа да  көтерме  сауда  сатушыларына, сондай-ақ осы тұлғалар мен компаниялар атынан сатып алатын агенттер мен маклерлерге қайта сату (өңдемей сату).

Көтерме  сауда  жəне агенттер арқылы  сауда  (сыйақыға жəне шарт негізінде) – өз атынан немесе басқа тұлғалар мен фирмалар атынан мəмілелерді сыйақыға жүзеге асыратын комиссиондық агенттер жəне басқа да көтерме  сауда  делдалдарының  қызметі , сонымен бірге сатушылар мен сатып алушылар мəліметінің байланыстылығы.

Тапсырыспен тамақ  жеткізу жəне тамақ өнімдерін  жеткізу бойынша басқа қызметтерге  – жекелеген іс-шаралар бойынша  немесе уақыттың белгілі бір кезеңінде  тамақ өнімдерін жеткізумен байланысты қызмет, сондай-ақ спорттық немесе өзге де мекемелерге тамақ өнімдерін жеткізу бойынша қызмет.

Сауда қызметiн реттеу туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуiрдегi N 544 Заңы

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 6, 44-құжат 

МАЗМҰНЫ      Ескерту. Мәтiнде сөздер алмастырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.      Осы Заң сауда қызметi саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, оны мемлекеттiк реттеудiң принциптерiн және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.

1-тарау.  Жалпы ережелер     

1-бап.  Осы Заңда пайдаланылатын  негiзгi ұғымдар     

 Осы Заңда  мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 
      1) сыртқы сауда (бұдан әрi - сыртқы сауда қызметi) - Қазақстан Республикасынан тауарлар әкетумен және (немесе) Қазақстан Республикасына тауарлар әкелумен байланысты сауда қызметi; 
       2) iшкi сауда (iшкi сауда қызметi) - Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын сауда қызметi; 
       3) тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге мемлекеттiк монополия - шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген құқық беру түрiнде немесе конкурстық негiзде жүзеге асырылатын сыртқы сауда қызметiн реттеудiң тарифтiк емес шарасы; 
       4) қоғамдық тамақтандыру - тамақ өнiмдерiн өндiрумен, өңдеумен, өткiзумен және тұтынуды ұйымдастырумен байланысты кәсiпкерлiк қызмет; 
       5) көтерме сауда - жеке, отбасылық, үй-елшiлiк және осыған ұқсас өзге де пайдаланумен байланысты емес, кейiннен сатуға немесе өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет; 
       6) бөлшек сауда - тауарларды тұтынушыларға олардың жеке пайдалануы үшiн сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет; 
       7) сауда қызметiнiң субъектici - Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сауда қызметiн жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлға; 
       8) тарифтiк квота - импорттың белгiлi бiр мөлшерiне кедендiк баждың неғұрлым төмен ставкасын және импорттың осы шамасынан жоғары мөлшерiне кедендiк баждың неғұрлым жоғары ставкасын белгiлеу арқылы нақ сол тауар импортына кедендiк баждар ставкаларының әртүрлi екi деңгейiн қолдануды көздейтiн сыртқы сауда қызметiн реттеудiң құралы; 
       9) тауар - айналымнан алынбаған, сатуға немесе айырбасқа арналған кез-келген еңбек өнiмi; 
       10) сауда қызметi - тауарларды сатып алу-сатуды жүзеге асыруға бағытталған жеке және заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметi; 
       11) сауда объектiсi - сауда қызметiнiң субъектiлерi сауда қызметiн жүзеге асыру үшiн пайдаланатын мүлiктiк кешен; 
       12) сауда саясаты - осы Заңда белгiленген мақсаттар мен принциптердi iске асыру үшiн мемлекеттiк органдар жүргiзетiн ұйымдық, құқықтық, экономикалық, бақылау шаралары мен өзге де шаралардың жиынтығы; 
       13) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - сауда қызметi саласында мемлекеттiк реттеудi және үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.     

2-бап.  Қазақстан Республикасының  сауда қызметiн  реттеу 
             
туралы заңдары     

1. Қазақстан  Республикасының сауда қызметiн  реттеу туралы заңдары Қазақстан  Республикасының Конституциясына  негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.     

3-бап.  Сауда қызметiн реттеудiң мақсаттары мен 
             
принциптерi     

1. Сауда қызметiн  реттеудiң мақсаттары: 
       1) халықтың тауарларға сұранысын қанағаттандыру және сауда инфрақұрылымын дамыту; 
       2) сауда қызметiн көрсетудi және қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру; 
       3) Қазақстан Республикасында сауда қызметiн дамытуға және жетiлдiруге жәрдемдесу; 
       4) Қазақстан Республикасының әлемдiк сауда жүйесiне ықпалдасуы үшiн жағдайлар жасау болып табылады. 
       2. Сауда қызметiн реттеудiң негiзгi принциптерi: 
       1) сауда қызметiне қатысушылар құқықтарының теңдiгi; 
       2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк органдардың сауда қызметiне араласпауы; 
       3) еркiн және адал кәсiпкерлiктi қолдау; 
       4) отандық тауар өндiрушiлердi қорғау; 
       5) сапалы сауда қызметiн көрсетудi қамтамасыз ету; 
       6) сауда қызметi түрлерiн еркiн таңдау және оны сауда қызметi субъектiлерiнiң жүзеге асыру мүмкiндiгi; 
       7) сауда саясатының Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экономикалық саясатының құрамдас бөлiгi ретiндегi бiрлiгi; 
       8) тұтынушылардың, сауда қызметi субъектiлерiнiң және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн тең дәрежеде қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.     

4-бап.  Осы Заңның қолданылу аясы     

1. Осы Заң  Қазақстан Республикасының аумағында  қолданылады және меншiк нысанына  қарамастан, сауда қызметiнiң барлық  субъектiлерiне қолданылады. 
       2. Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасының арнаулы заң актiлерiмен реттелетiн жекелеген тауарлар түрiнiң айналымы бойынша қатынастарға қолданылмайды. 
      Осындай тауарлармен сауда қызметiн жүзеге асыру Қазақстан Республикасының осындай заң актiлерiмен реттелмейтiн бөлiгiнде осы Заңның нормаларымен реттеледi.

2-тарау.  Сауда қызметiн мемлекеттiк реттеу     

5-бап.  Сауда қызметiн  мемлекеттiк реттеудiң  нысандары 
             
мен әдiстерi     

1. Сауда қызметiн  мемлекеттiк реттеудiң нысандары: 
       1) сауда қызметiн жүзеге асыру тәртiбiн айқындау; 
       2) тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы алып өту шарттарын айқындау; 
       3) сауда қызметiн дамытуға ынталандыру; 
       4) сауда қызметi саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау; 
       5) сертификаттау болып табылады. 
       2. Сауда қызметiн мемлекеттiк реттеу әдiстерi: 
       1) сыртқы сауда қызметiн кедендiк-тарифтiк реттеу; 
       2) сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу; 
       3) тарифтiк квоталарды қолдану; 
       4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тауарлар сатуды тоқтата түру және (немесе) оларды сатуға тыйым салу; 
       5) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемдiк шаралар қолдану; 
       6) халықаралық экономикалық санкцияларға қатысу болып табылады.     

6-бап.  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң  құзыретi     

 Қазақстан  Республикасының Үкiметi: 
       1) бiрыңғай мемлекеттiк сауда саясатын жүргiзедi; 
       2) мемлекеттiк сауда саясатының бағдарламасын бекiтедi; 
       3) Қазақстан Республикасының iшкi рыногын қорғау жөнiнде шаралар қабылдайды; 
       4) әкелiнетiн және әкетiлетiн тауарларға кедендiк баж ставкаларын бекiтедi; 
       5) сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану тәртiбiн, сондай-ақ оларға қатысты қолданылатын тауарлардың тiзбесiн бекiтедi; 
       6) iшкi сауда ережелерiн бекiтедi; 
       7) шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен сауда қызметi саласындағы ынтымақтастық пен өзара iс-қимылды және Қазақстан Республикасының шетелдердегi сауда өкiлдiктерiн ашуды жүзеге асырады; 
       8) сауда қызметi саласында келiссөздер жүргiзу және үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiм қабылдайды; 
       9) уәкiлеттi органды айқындайды; 
       10) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.     

7-бап.  Уәкiлеттi органның  құзыретi     

 Уәкiлеттi орган: 
       1) Қазақстан Республикасының сауда қызметi саласындағы заңдарын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi; 
       2) сыртқы сауда қызметiн тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi; 
       3) сауда қызметiн дамыту, сондай-ақ тауарлар өндiру мен сату үшiн қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi; 
       4) Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлейдi; 
       5) орталық және республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының сауда қызметi саласындағы қызметiн үйлестiредi; 
       6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сауда қызметiнiң мониторингiн жүргiзедi; 
       7) сауда қатынастарын жетiлдiру мақсатында жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстарын талдайды және зерттейдi; 
       8) республикалық көрмелер мен жәрмеңкелер өткiзуге бастамашы болады, оларға қатысады және оларды ұйымдастырады; 
       9) халықаралық сауда ұйымдарымен келiссөздерде Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан өкiлдiк етедi; 
       10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жекелеген тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялауды жүзеге асырады; 
       11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.      

8-бап.  Республикалық маңызы  бар қаланың, астананың, 
           
аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) 
           
жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретi     

 Республикалық  маңызы бар қаланың, астананың,  аудандардың (облыстық маңызы  бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы  органдары: 
       1) мемлекеттiк сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi; 
       2) өз құзыретi шегiнде сауда қызметi субъектiлерiнiң қызметiн  реттеудi жүзеге асырады; 
       3) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлейдi; 
       4) жергiлiктi көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады; 
       5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 
     
Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.31. N 125(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  2-тармақтанқараңыз) Заңдарымен.     

9-бап.  Сауда қызметi саласында  баға белгiлеу     

 Сауда қызметiнiң  субъектiлерi тауарлардың бағасын  дербес айқындайды. Бағаны мемлекеттiк  реттеуге тек қана Қазақстан  Республикасының заң актiлерiне  сәйкес жол берiледi.

3-тарау. Iшкi сауда     

10-бап. Iшкi сауда объектiлерi  және түрлерi     

1. Сауда объектiлерi  мен қоғамдық тамақтандыру объектiлерi iшкi сауда объектiлерiне жатады. 
       2. Iшкi сауда объектiлерiне: 
       1) сауда автоматы - тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғы; 
       2) жылжымалы сөре - арнайы бөлiнген орынға орналастырылатын жеңiл құрылатын тасымалды немесе жылжымалы сауда орны; 
       3) автодүкен - сауда жабдықтарымен жарақталған арнайы автокөлiк құралы; 
       4) шатыр - құрастырмалы-жинамалы конструкциядан жасалып, сауда жабдықтарымен жарақталған және арнайы бөлiнген орынға орналастырылатын жеңiл құрылатын құрылыс; 
       5) дүңгiршек - арнайы бөлiнген жep учаскесiне орнатылған, сауда залы жоқ, сауда жабдықтарымен жарақталған күрделi емес тасымалды құрылыс; 
       6) дүкен - сауда, қосалқы, әкiмшiлiк-тұрмыстық үй-жайлармен, сондай-ақ тауарларды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайлармен қамтамасыз етiлген, тұрақты жұмыс iстейтiн күрделi құрылыс немесе оның бiр бөлiгi; 
       7) сауда үйi - бiртұтас басқарылатын сауда объектiлерiнiң және қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң жиынтығы орналасқан, сауда қызметiне арналған және сауда, әкiмшiлiк-тұрмыстық және қойма үй-жайларымен және өз аумағы шекарасының шегiнде автокөлiк құралдарын қоюға арналған алаңмен қамтамасыз етiлген тұрақты жұмыс iстейтiн күрделi құрылыс; 
       8) сауда базары - аумақта шаруашылық қызметiн көрсету, басқару және күзет функциялары орталықтандырылған, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн, маңындағы аумақтан бөлектенген, сауда қызметiне арналған және өз аумағының шекарасы шегiнде автокөлiк құралдарын қою үшiн алаңмен қамтамасыз етiлген оқшауланған мүлiктiк кешен. 
      Сауда базарларының қызметiн ұйымдастыру ережелерiн, олардың түрлерiн, санаттарын және оларға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi. 
       3. Қоғамдық тамақтандыру объектiлерi мынадай санаттарға бөлiнедi: 
       1) ресторан - тұтынушыларға мiндеттi түрде даяшылар қызмет көрсететiн, тапсырыстық және фирмалық тағамдарды қоса алғанда, дайындалуы күрделi ас мәзiрiнiң түр-түрiн, сондай-ақ алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi; 
      

2) кафе - тұтынушыларға  мiндеттi түрде даяшылар қызмет  көрсететiн, дайындалуы күрделi емес  ас мәзiрiнiң түр-түрiн, сондай-ақ, алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi; 
       3) бар - тұтынушыларға тiске басар, десерт және кондитерлiк тағамдар, сондай-ақ алкоголь өнiмдерiн ұсынатын қоғамдық тамақтандыру және демалыс объектiсi; 
       4) асхана - тұтынушылар өз-өздерiне қызмет көрсететiн қоғамдық тамақтандыру объектiсi. 
       4. Сауда объектiсiнiң мамандандырылуын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып, оның меншiк иесi айқындайды. 
       5. Iшкi сауда түрлерiне көтерме және бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру және сауданың осы Заңмен белгiленген өзге де түрлерi жатады. 
       6. Көтерме, бөлшек сауданы және қоғамдық тамақтандыруды жүзеге асыруға, сондай-ақ iшкi сауда объектiлерiне қойылатын тәртiптер мен талаптар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.     

11-бап.  Көтерме сауда     

1. Көтерме сауда  бөлшек сауда жүзеге асырылатын  орындардан бөлек орын болған жағдайда мамандандырылған немесе аралас дүкендерде, сауда үйлерi мен базарларда жүзеге асырылады. 
       2. Көтерме сауданы жүзеге асыру кезiнде сауда объектiлерiнiң меншiк иелерi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi мен нормативтiк құжаттарының талаптарын, сондай-ақ тауарларды тасымалдау, сақтау және сату үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз етуге мiндеттi.     

12-бап.  Бөлшек сауда     

1. Бөлшек сауда  дүкендер, сауда үйлерi, базарлар  және автомат-нүктелер, дүңгiршектер,  автодүкендер, шатырлар, жылжымалы сөрелер арқылы жүзеге асырылады. 
       2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шартта өзгеше белгiленбесе не тауардың табиғатынан туындамайтын болса, бөлшек сауда кезiнде тауардың әр бiрлiгi оралуға, өлшенiп-буылуға тиiс. 
       3. Тауарларды сатылатын орындарында көрмеге қою, олардың үлгiлерiн көрсету немесе сатылатын тауарлар туралы мәлiметтер беру (сипаттау, каталогтар, фотосуреттер және тағы сол сияқты), сатушы тиiстi тауарлардың сатуға арналмағанын нақты анықтаған жағдайларды қоспағанда, оның бағасының көрсетiлгенiне және сатып алу-сату шарттарының басқа да маңызды жағдайларына қарамастан, жария оферта болып танылады. 
       4. Маркетинг желiсi, қоғамдық таратушылар, почта және басқа да тәсiлдер бойынша сату арқылы сауда орнынан тыс бөлшек сауда Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен реттеледi.     

Информация о работе Сауда кызметы