Кәсіпорынның бәсеке қабілетін арттыру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 16:57, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі таңда нарықтағы сауда күрделеніп отыр және ол жаңа шарттарға сай жаңа басқаруды талап етіп отыр, әсіресе бәсекеге қабілетті өнім өндіру бағытында күрделі жұмыстар атқарылуды қажет етіп отырған жағдай бар, яғни бәсекелестік ортаға қатысушылар тарапынан қоғамдық қажеттілікті жылдам қанағаттандыруға, инвестицияны меңгеруге, ғылыми-техникалық процессті дамытуға, шығындарды азайтуға, сапаны көтеруге итермелейтіні белгілі. Осылайша бәсекелестік процесске қатысушылар іріктеліп, халықаралық еңбек бөлінісіндегі ұлттық экономиканың бәсеке қабілеттілігін көтереді.

Содержание работы

Кіріспе..................................................................................................2-4 бет
1. Нарықтық экономика және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен маңызы......................................................................................................5-18 бет
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштері және анықтау әдістемелері..............................................................................................19-23 бет

2. "Шваб шұжық" кәсіпорнында ауылшаруашылық шикізатын өңдеудің тиімділігі және оның бәсекеге қабілеттілігі
2.1 Кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштері..................24-34 бет
2.2 Өнім өндірудің экономикалық тиімділігі........................................35-44 бет
2.3 Өнім сапасы және оның бәсекелестік қабілеті................................45-56 бет

3. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
3.1 Ауылшаруашылық өнімін өңдеудің технологиясын жақсарту..................................................................................................57-64 бет
3.2 Кәсіпорынның бәсекелестік жағдайда жұмыс істеуін жақсарту.................................................................................................65-77 бет

Қорытынды............................................................................................78-79 бет

Қолданылған әдебиеттер.....................................................................80 бет

Содержимое работы - 1 файл

Нарықтық экономика және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін.doc

— 465.00 Кб (Скачать файл)

Осы орайда өндіріс технологиясын  жетілдіру және түпкілікті тұтанатын  адам қажеттілігінің дамуы әсерінен сапалы өнім өндірудің маңызы ерекше. Мәдениет пен білім деңгейінің өсуі күнен-күнге тұтынушылардың талабы мен қалауын өсіріп отыр. Осыған байланысты, өнім сапасы мәселесі тауар өндірушілер алдында тұрған экономикалық және әлеуметтік мәселелердің негізі болып отыр.

Тауарлардың бәсекелік қабілеті – нарықтық қатынастарға қатысушылардың нарықтағы коммерциялық табысының шешуші факторы. Тауарлардың бәсекелік қабілеті оның нарықтағы салыстырмалы қалпын анықтаушы, тұтыну және құндық қасиеттерінің жиынтығы ретінде анықталатындығы белгілі.

Өнімнің бәсекелік қабілеті келесі элементтерден тұрады:

1. Өнімнің бағалық  бәсекелік қабілеті:

1.1. бағаның негізгі өнім өндірушілер арасында өзара салыстырылуы;

1.2. сұраныс пен ұсыныс қатынастарына байланыстыбағаны   

       дифференциялау жүйесінің жұмыс жасауы;

1.3. өнімді тұтынушыларды жеңілдіктер жүйесімен тартуы.

2. Өнімнің сапасы:

2.1. өнімнің техникалық- функционалдық қасиеттері;

2.2. қосымша пайдалылықтың  болуы;

2.3. өнімнің танымалдылық  деңгейі.

3. Өнім өткізу, жарнама және қызмет көрсету  жүйелерінің бәсекелік қабілеті:

3.1. өнім өткізу жүйелерінің  тұтынушыларға қолайлылығы; 

3.2. жарнаманың тиімділігі;

3.3. қызмет көрсету  жүйелерінің қолайлылығы мен  сенімділігі.

Ғалымдану жағдайында өнім өндірушілер арасында олардың бәсекелік  қабілетін одан әрі дамыту тұрғысынан іргелі проблемалар туындап отырғаны белгілі. Демек, Қазақстан үшін ең өзекті мәселе болып отандық өндірушілер қызметінің тиімділігін өсіруге сүйеніп, елдің бәсекелік қабілетін арттыру табылады.

Жалпы өнімнің бәсекелік  қабілетін арттыруға бірнеше  факторлар әсер етеді. Оларды 2-ге бөлуге болады: сыртқы және ішкі.

Сыртқы факторларға  мемлекет деңгейінде қабылданатын бағдарламалар  мен заңдар жатады. Ең бірінші кезекте 2001 жылдың 27 қаңтарында қабылданған Қазақстан Республикасының "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" заңын айтуымыз керек.

Бұл заңның мақсаттары:

  • Еркін бәсекені, кәсіпкерлікті дамыту, тұтынушылардың мүдделерін қорғау және тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайларды қамтамасыз ету.
  • Заң кәсіпкерлікті қолдау, монополистік қызметті болғызбау, шектеу, тыю және реттеу жөніндегі мемлекеттік реттеуді және құқықтық шараларын анықтайды.

Сонымен қатар, 1998 жылдың 11 маусымында қабылданған  Қазақстан Республикасының "Теріс пиғылды бәсеке туралы " Заңы, 1999 жылдың       21 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасының "Демпингке қарсы шаралар туралы" Заңы, "Сапа" бағдарламасы, "Жеңіл және тамақ өнеркәсібі салаларында импорт алмастырудың 2001-2003ж.ж. арналған бағдарламасы", "Сертификаттау туралы", "Стандарттау туралы", "Субсидиялар мен орын толтыру шаралар туралы " және т.б. заңдар.

Бәсекелік қабілет мемлекеттік  қолдау емес, бәсекелестермен қатаң  күресте жетілетіні баршамызға мәлім.

Өнімнің бәсекелік қабілетін  басқару жүйесінде оны бағалаудың маңызы зор. Тауардың бәсекелік қабілетін зерттеу әдістемелерінің көптігіне қарамастан, олардың жаңару үрдісі жалғасуда.

Өнімнің бәсекелік қабілетін  бағалау оны пайдаланудың жолдары  мен түрлеріне байланысты анықталады:

  • Егер мақсат ұқсас тауарлар қатарындағы берілген тауардың орнын анықтау болса, онда маңызды параметрлер бойынша оларды тікелей салыстыру арқылы;
  • Егер зерттеу мақсаты тауарды нақты бір нарықта өткізу перспективаларын бағалау болса, онда талдауда жуық арада нарыққа шығатын бұйымдар жайлы мәліметтерді қосатын стандарттар мен заңдылықтардың өзгерісі жайлы ақпарат пайдалануы керек.

Айта кететін жағдай, бәсекелік қабілет салыстырмалы шама болып табылатындығын ескерген жөн. Нарықтық жүйенің белгілі бір  уақыт аралығында бәсекелі болған тауар  келесі бір жағдайда қойылған талапқа  сәйкес келмеуі мүмкін. Яғни, тауардың нарықта өткізілуінің нақты жағдайлары мен бәсекелестердің өнім өндіру барысындағы күрделі іс-әрекеттердің сапалы деңгейіне байланысты. Сондықтан өнімнің бәсекелік қабілетін бағалаудың жалпы ережелері төмендегідей болып келеді:

  • тауарды өткізу нарығын таңдау және талдау,
  • ұқсас тауарларды өндіретін және өткізетін бәсекелестерді зерделеу,
  • салыстыру бағасы ретінде бәсекелік қабілеті жоғары ұқсас тауарларды негізге алу,
  • бағалауға тиісті параметрлердің қажетті тобын анықтау,
  • өнімдердің  сәйкес топтары бойынша бірегей көрсеткіштер жиынын белгілеу,
  • тауар топтары бойынша көрсеткіштерді талдау, анықтау және талдау әдістемелерін таңдау,
  • кәсіпорын тауарларының бәсекелік қабілетінің интегралды көрсеткіштерін есептеу,
  • тауар өңдеуге қатысты кәсіпорынның тауар саясатын әзірлеу.

Тауардың бәсекелік  қабілетін бағалауда мына негізгі  қағидаларға көңіл бөлген жөн:

  • интегральділік қағидасы – бәсекелікке әсер ететін факторлары арасындағы байланыстарды нақтылауды және нығайтуды қамтамасыз етеді,
  • кешенділік қағидасы – тауардың бәсекелік қабілетін құрастырушыларды және оған әсер етуші факторларды анықтауды ескереді,
  • диалектілік қағидасы – факторлар жиынтығын даму үстінде қарастыруды ескереді.

Өнімнің бәсекелік қабілетін  бағалаудың төмендегідей негізгі түрлерін атап айтуға болады:

1. Тестілік  сату. Бұл бағалау әдісінің негізгі мақсаты –зерттеліп отырған тауарды сату орындарында тұтынушылардың оны қабылдауын байқау. Бұл әдіс өте сенімді ақпарат бере алады. Алайда бұл өте көп қаржы керек етеді, себебі кез – келген кәсіпорын сапасына сенімсіз өнім шығаруға бармайды.

2. Фокус – топтар:

  • ақпаратқа толы әдіс,
  • респонденттердің бағаланып отырған өнімге шынайы қатынасын анықтауға жол береді,
  • өнімді дайындаудың кез-келген кезеңінде бағалау жүргізуге жол береді.

3. Хол –  тестер (Hall – test). Оларды сапалы зерттеу нәтижелерін тексеру үшін.

Көп жағдайда тауардың бәсекелік қабілеті мәселесі пайда болған жағдайда оны маркетингтік зерттеу негізінде шешу кең таралған.

Тауардың бәсекелік  қабілетін маркетигтік жолмен бағалау  әдістемесі 4 кезеңнен тұрады:

1. Тауарға деген тұтынушылардың  талаптарын анықтау,

2. Тұтынушылардың сұранысы  негізінде тауардың күтілетін  бәсекелік  

    қабілетін бағалау,

3. Фирманың бәсекелес  фирмаларға қатысты маркетингтік  қызметінің 

    бәсекелік қабілетін бағалау,

4. Тауардың нақты бәсекелік  қабілеті жайлы қорытынды жасау  және 

    оны арттыруға күш салу нүктелерін анықтау.

Бұл әдіс, сатып алушылардың  осы кәсіпорын тауарларына деген  қатынасын, сонымен қатар фирманың ішкі орталарының артықшылықтары мен  кемшіліктерін, сыртқы ортасының мүмкіндіктерін пайдалану мен қатерлерін айналып өту тиімділігін ескеруге мүмкіндік береді.

Соңғы кезде көптеген ғалымдар мен тәжірибешілер фокус  – топтау әдісіне қызығушылық танытуда. Бұл әдіс белгілі-бір тәртіппен ұйымдастырылып жүргізілетін терең топтық сұхбат. Осы әдістің пайдаланылуы бірқатар себептерге байланысты.Әлеуметтік сұрау нәтижесінде алынған мәліметтер тұтынушылардың белгілі-бір тауарға деген қатынасын көрсетеді. Ал тауарды өндірушілердің кемшіліктері мен олардың артықшылықтарын анықтау үшін тереңірек зерттеу жүргізу қажет. Ал осы фокус-топтар әдісі бұған зор мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары

 

3.1 Ауылшаруашылық өнімін өңдеудің технологиясын жақсарту

 

Қазақстанның экономикасын дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне интеграциялаудың негізгі бағыттарының бірі Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына (бұдан әрі БСҰ)ену болып табылады.

Біздің облыстың жағдайына  келетін болсақ, қазіргі уақытта  индустриялық сектордың кәсіпорындары  жабдықтардың тозуынан, кадрлардың, жаңа технологиялардың жетіспеуінен және өндірілген өнімдерін өткізуден көп қиындық көруде. Жалпы облыс экономикасының өсіп отырғанынан қарамастан, олардың алдында әлі де болса көп теген қиындықтар тұр. Себебі, республикамыз БСҰ – ына енген уақытта рыногтың ашық болуы, бағалардың ырықсыздандырылуы, сапасы жоғары тауарлар шығаратын көптеген бәсекелестердің пайда болуы біздің кәсіпорындарымыздың алдынан көптеген проблемаларды туындатады.

Осы орайда өндіріс технологиясын  жетілдіру және түпкілікті тұтанатын адам қажеттілігінің дамуы әсерінен сапалы өнім өндірудің маңызы ерекше. Мәдениет пен білім деңгейінің өсуі күнен-күнге тұтынушылардың талабы мен қалауын өсіріп отыр. Осыған байланысты, өнім сапасы мәселесі тауар өндірушілер алдында тұрған экономикалық және әлеуметтік мәселелердің негізі болып отыр.

Өнімнің  сапасы тек  оның органолептикалық сипатымен ғана емес, экономикалық сипатымен де ерекшеленеді. Экономикалық категория ретінде  сапа тұтыну құнымен байланысты. Өнімнің  сапасын ең алдымен бағалайтын – ол тұтынушы. Нарықтық жағдайда кәсіпорын өнімінің жоғары сапасы оның имиджін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Өнім сапасын өздігінен  енгізетін шаруашылықтар кейбір қиыншылықтарға ұрынады. Бүгінгі күнге  дейін дәлелденген рекомендация және әдістемелік жұмыстар жоқтың қасында, ал болған күннің өзінде олар нарықтық жағдайларға сәйкес келмейді.

  • Стандартпен және нормативтік техникалық құжаттамамен орындаушыларды, басқарушыларды, мамандарды қамтамасыз ету;
  • Өнім сапасын жақсартудағы ғылыми техникалық жетістіктері туралы ақпараттың берілуі;
  • Өнімдердің жаңа тиімді техникаларын құру, өнеркәсіптік негізде өнімдерді ұйымдастыру;
  • Өнім сапасын және оның есебін болжау;
  • Материалдық-техникалық базаны құру.
  • Заңдық-құқықтық қамтамасыздандыру;
  • Өнім және жұмыс сапасын бақылау;
  • Жоғарға сапалы өнімді өндіруді материалдық ынталандыру.

Шығарылатын өнім сапасына, сонымен бірге оның бәсекелік  қабілетіне, кәсіпорынның негізгі қорлардың  деңгейі және жағдайы әсер етеді.

Өнімнің сапасын арттырудың келесі бір бағыты - өндіріске алдыңғы қатарлы ғылыми-техникалық және иннвестициялық жетістіктерді енгізуге негізделуі тиіс. Қазіргі кезеңде, өндірістің техникалық, экономикалық және технологиялық деңгейін жоғарылату арқылы өнімнің сапасын арттыруға және инвестиция таратуға мүмкіндік беретін бұл бағыт бәсекелік қабілеттің маңызды бөлігіне айналған.

Өнімді өңдеу аймағымызда  жетекші және ғылыми жаңалықтарды үнемі  енгізіп отыруды талап ететін салалардың бірінен саналады. Бұл  сананың кәсіпорындары шығаратын  көптеген арнаулы тауарлар күні бүгінге дейін дүниежүзілік рыногта сұранысқа ие. Алайда біздің кәсіпорындарымыздың мүмкіндіктері жөнінде дүниежүзілік рыногта ақпарат аз болатындықтан , олардың өнімдері тиісті дәрежеде тұтынушыларын таба алмайды.            Өнім өндіру саласының кәсіпорындары алдарында тұрған проблемаларын өздері жеке шеше алмайды. Бір қатар кәсіпорындар толық қуатымен жұмыс істей алмай отыр. Қолда бар ресурстарды тиімді пайдалана алмаудың және маркетингтің дұрыс жұмыс істемеуінің салдарынан олар шығаратын өнімдердің өзіндік құны да жоғары болып қалуда. Жабдықтарының ескі, өнім сапасын басқару жүйесінің төмен дәрежеде болуы себепті жабдықтарын әр 2-5 жыл сайын жаңалатып отыратын шетелдік зауыттармен біздің кәсіпорындар тең дәрежеде бәсекелесе алмайды. Осыған орай  "Шваб шұжықтары" ЖШС-нің өндірістік жабдықтарды жаңартуды, жаңа технологиялық процестерді енгізуді, өнімдердің перспективалы түрлерін шығаруды көздейтін перспективлық инвестициялық даму жобаларын жасауда және де бұл өндірісті дамыту жөнінде перспеквалы жұмыстар жүргізуде.

БСҰ-ына енгеннен кейін  өте күрделі бәсекелестік жағдайында жұмыс істеу үшін біздің кәсіпорындарымыз өздерінің артықшылықтарын пайдаланып, кемшіліктерін жоюлары тиіс. Енді қалған уақытта өздерінің жұмыстарының тиімділігін артыру үшін кәсіпорындарымыз қолда бар күш-мүмкіндіктерді барынша пайдалануы қажет. Мемлекет те, жергілікті билік органы  ретінде біздер де  кәсіпорындарға өз өнімдерін өз елімізде және жаңадан қосылатын тауар өткізу рыноктарына өткізуге, менеджментті жақсартуға және басқа да жағдайларда мүмкіндігінше көмектесіп отыратын боламыз.

Облыстың өнеркәсіп  кәсіпорындарының бәсекелестік қабілетін  арттыру, олардың өнімдерінің отандық  рынокта да, сондай-ақ сыртқы рынокта  да өтімді болуы үшін өндірісті жаңғыртумен  және түрлендірумен бірге олар-да ИСО-9000 сериялы халықаралық сапа стандарттары негізінде сапа менеджментін енгізу қажет болады.

Информация о работе Кәсіпорынның бәсеке қабілетін арттыру жолдары