Кәсіпорынның бәсеке қабілетін арттыру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 16:57, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі таңда нарықтағы сауда күрделеніп отыр және ол жаңа шарттарға сай жаңа басқаруды талап етіп отыр, әсіресе бәсекеге қабілетті өнім өндіру бағытында күрделі жұмыстар атқарылуды қажет етіп отырған жағдай бар, яғни бәсекелестік ортаға қатысушылар тарапынан қоғамдық қажеттілікті жылдам қанағаттандыруға, инвестицияны меңгеруге, ғылыми-техникалық процессті дамытуға, шығындарды азайтуға, сапаны көтеруге итермелейтіні белгілі. Осылайша бәсекелестік процесске қатысушылар іріктеліп, халықаралық еңбек бөлінісіндегі ұлттық экономиканың бәсеке қабілеттілігін көтереді.

Содержание работы

Кіріспе..................................................................................................2-4 бет
1. Нарықтық экономика және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен маңызы......................................................................................................5-18 бет
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштері және анықтау әдістемелері..............................................................................................19-23 бет

2. "Шваб шұжық" кәсіпорнында ауылшаруашылық шикізатын өңдеудің тиімділігі және оның бәсекеге қабілеттілігі
2.1 Кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштері..................24-34 бет
2.2 Өнім өндірудің экономикалық тиімділігі........................................35-44 бет
2.3 Өнім сапасы және оның бәсекелестік қабілеті................................45-56 бет

3. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
3.1 Ауылшаруашылық өнімін өңдеудің технологиясын жақсарту..................................................................................................57-64 бет
3.2 Кәсіпорынның бәсекелестік жағдайда жұмыс істеуін жақсарту.................................................................................................65-77 бет

Қорытынды............................................................................................78-79 бет

Қолданылған әдебиеттер.....................................................................80 бет

Содержимое работы - 1 файл

Нарықтық экономика және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін.doc

— 465.00 Кб (Скачать файл)

2.Қосалқы цехтар  мен өндірістік қызметтер:

  • Механикалық цех;
  • Гараж;
  • Әкімшілік-тұрмыстық корпус.

3. Өндірістік  емес бөлімшелер:

  • Асхана.

Өндіріс келген шикізат  пен дайын өнім сапасын бақылау  зертханасымен жабдықталған. Арнайы құрылған бөлімше шикізат пен  материалдарды, дайын өнімді сынықтан өткізіп, технологиялық процесс нормаларының сақталуын бақылайды.

Қолда бар өндіріс  қуаттары бір ауысымды 5 тоннаға  дейін өнім шығаруға мүмкіндік береді.Алайда, сауда тапсырыстарына бейімделген  өндіріс өндіріліп жүрген тауар  ассортименті мен сапасының орташа айлық 70 тоннасын ғана шығаруға мүмкіндік ашты.

Шұжық цехіне сиыр, жылқы  және шошқа еті сою цехінен  жартылай бөлінген күйде немесе тоңазытқыштан  суытылып, ерітілген күйде әкелінеді. Мал етін тазартып, семіздігіне байланысты сорттап, өлшейді.

Бөлшектеу – мал еті арнайы бөлшектеу консерінде пышақпен бөлшектенеді. Мал етінің сүрленген өнім өндіруге арналған сан етін, төсін және төс етін бөліп алады, қалған бөліктері жіліктеуге кетеді.

Жіліктеу – мақсаты- етті сүйектен ажырату. Сүйектердің жекелеген түрлері (омыртқа) алынбаған етімен сорпа жиынын, қуырдақ, сүрленген шошқа сүйектерін өндіруге және одан арғы таратылуға бағытталады.

Сұрыптау және сіңірінен айыру – оның мақсаты –сіңірлерді, ірі пленкаларды, шеміршектерді, қан тамырларын және ұсақ сүйектерін бөліп алу. Бұл жұмыстар жалпақ және ұзын дүзі бар арнайы пышақ арқылы қолмен жүргізіледі. Етті қоспалық тамырлары мен майлылығына байланысты сұрыптайды.

Етті тұздау – тұздалуға кететін ет және өнімдері шұжық өнімінің түріне байланысты ұсақталады. Етті инъектер арқылы тұздайды. Сүрленгген қатты шұжықтар мен деликатестер үшін етті 400-600 грамм бөліктермен тұздайды. Тұздау уақыты мен тұз мөлшері –ережелерге сәйкес әр өнім түріне байланысты әр түрлі.

Фарш дайындау – тұздау жұмыстары аяқталғаннан соң, етті екінші қайта куттерде ұсақтайды. Бір еттарту машинасына 10кг ет сияды, тарту жылдамдығы 380 порция/мин.

Термиялық өндеу – шұжық өнімдерін термиялық өндеу жұмысы тұндыру, сүрлеу (өнім түріне байланысты қуыру, қайнату, ыстық және суық сүрлеу), суыту және кептіруден тұрады. Толтырғыштар мен жасанды орамаларды қосу кезінде қайнатылған шұжық, сардельки және сосискаларды тұндырудың қажеті жоқ.

Сүрлеу –  температураға байланысты сүрлеудің үш түрін ажыратады:

Қақтау-70-120 С температурада 30-150 мин аралығында қысқа уақыттық сүрлеу (қайнатуға дейін). Ыстық сүрлеу-35-50С температурада 12-48 сағат сүрлеу. Суық сүрлеу-18-22С температурада 2-5 тәулік сүрлеу.

Түтінің әсерінен ылғалдың 10-20%-ға жоғалуы, хлорлы натрий концентрациясының  өсуі нәтижесінде сүрленген ет өнімдерінің  сақталуы уақытын ұзартуға мүмкіндік болады. Шұжық өнімдерін сүрлеу үшін сүрлеу және жылулық камералар пайдаланылады.

Жылулық өндеу – шикі ет өнімін дайын күйге дейін жеткізу, микро ағзалардың вегативті түрлерінің көпшілігін жою, ферменттерді жұмылдыру, ақуыздарды денатурациялау және ірілендіру, коллаинді желатинге айналдыру. Жылулық өндеуге қайнату мен булау жатады. Қайнату кезінде өнімді суда, сорпада немесе буға толы ауда қыздырады. Термиялық өндеудің ұзақтығы шұжық өнімдерінің әр түріне арналған технологиялық ережелерге сәйкес келуі тиіс.

Шұжықтарды  кептіру – бұл процесс ауданы желдету және температуралық, ылғалдық шарттарын бақылау құрылғыларымен жабдықталған камерада жүргізіледі. Кептірудің мақсаты – сақтау кезіндегі шұжықтардың төзімділігін жоғарылату. Кепкен шұжықтарға деген сұраныс кезіндегі шұжықтардың төзімділігін жоғарылату. Кепкен шұжықтарға деген сұраныс жоғары болады, яғни бұл олардың дәмдік ерекшіліктеріәмен және өнімді сақтау жағдайлары болмаған кезде сақтауға деген қажеттілікпен түсіндіріледі.

Өнімді орап, түю – өнім сәйкесінше атауы белгіленген вакуумды немесе аллюминий қаптамаға оралады.

Активтерді  талдау кезінде есепті жылда олар қалай жұмсалғандығына және негізгі  назар қайсысына аударылғандығын  анықтау қажет. Сонымен қатар  компанияның өндірістік потенциалының жағдайы, оның негізгі құралдары жайлы мәліметтерді білу маңызды. Ол үшін өндірістік потенциал көлемін анықтап алайық. Оның құнына негізгі құралдардың құны мен өндірістік запастардың, аяқталмаған өндірістің құндары қосылады. Өндірістік потенциал құны 2005 жылдың басына қарай (1-кесте) 19 718 мың теңге, жыл соңында 14 521 мың теңге болды, яғни ол 5 197 мың теңгеге немесе 26,3%-ға қысқарған.

 

 

 

 

 

1-кесте. «Шваб шұжықтары» ЖШС активтерінің, өзіндік капиталының және міндеттемелерінің динамикасы.

Көрсеткіштер

Жыл соңына есептелген абсолютті өлшем, мың теңге

Құрылымы, %

 

2003

2004

2005

2003

2004

2005

1

2

3

4

5

6

7

I. Ұзақ мерзімді активтер,

оның ішінде

8 057

15 302

14 474

100,0%

190%

179,6%

Негізгі құралдар

8 057

15 302

14 474

100,0%

190%

179,6%

II. Ағымдағы активтер

17614

62 670

34 969

100,0%

356%

198,5%

тауарлық-материалдық қорлар

-

4416

47

0.0%

0%

0.0 %

Дебиторлық берешек

15 804

53 783

34 108

100,0%

340%

215,8%

Қысқа мерзімдік ақшалай  салымдар

1 698

4

4

100,0%

0%

0,2%

ақшалай қаражаттар

20

4 467

810

100,0%

22335%

4050,0%

Өзге түрдегі ағымдағы активтер

92

-

-

100,0%

0%

0,0%

Барлығы

25 671

77 972

49 443

100,0%

304%

192,6%

I. Меншікті капитал

6 090

24 223

23 117

100,0%

398%

379,6%

II. Ұзақ мерзімді міндеттемелер

-

-

-

100,0%

0%

0.0%

III. Ағымдағы міндеттемелер

19581

53 749

26 326

100,0%

274%

134,4%

Несиелік берешек

19 581

53 749

26 326

100,0%

274%

134,4%

Барлығы

25 671

77 972

49 443

100,0%

304%

192,6%


 

Өндірістік  мақсаттағы мүлік коэффициенті келесідей  шекті мәнге ие болады:

Кө ≥ 0.5. Егер ол 0,5-тен төмен түсіп кетсе және кәсіпорынның өз қаржы жағдайы жеткіліксіз болса, онда өндірістік мақсаттағы мүлікті ұлғайту үшін ұзақ мерзімдік займдық қаражаттарды тарту жөн болады.

Өндірістік  мақсаттағы мүлік коэффициенті 2005 жылы 0,29-ға тең болды, ол ұсынылған мәннен әлдеқайда төмен.

Баланс валютасындағы  ағымдық активтердің үлесін анықтаған  маңызды. Кәсіпорын активтерінің жұмылдыру  коэффициенті ағымдық активтер құнының  кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталады. Оның мәні неғұрлым көп болған сайын, кәсіпорында да тоқтаусыз жұмысты қамтамасыз етуге, кредиторлармен есеп айырысуға мүмкіншілігі соғұрлым көп болады.

Кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы негізгі қордың нақты құнының үлес салмағының өзгеруі  де маңызды орын алады, себебі бұл көрсеткіш оның кәсіпкерлік қызметінің жүзеге асу ауқымын анықтайтын негізгі бағыттардың бірі. Жалпы мүлік құнындағы негізгі қор құнының үлес салмағы коэффициенті баланс активіндегі барлық құнның 50%-нан кем болмауы керек. Бұл коэффициент қалдықты құн бойынша есептелген негізгі қордың баланс валютасына қатынасымен анықталады.

Аталмыш кәсіпорында  ол 2005 жылдың басында 19,6 %-ды, ал жыл  соңында 29,3 %-ды құрады.

Негізгі құралдардың  техникалық жағдайын сипаттайтын негізгі  көрсеткіш болып тозу коэффициенті саналады. Бұл коэффициент тозу құнының олардың нақты кезеңдегі алғашқы құнына қатынасымен анықталады. Кейбір экономисттердің пікірінше, 50%-дан асатын тозу коэффициенті жағымсыз әсер деп танылады. Мұндай деңгейдегі коэффициентке ие болған кәсіпорын моральды және физикалық тозған құралдарға ие деп айтуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

2-кесте. «Шваб шұжықтары» ЖШС техникалық жағдайының 2005 жылдың көрсеткіштері.

 

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі (мың тг)

Жыл басына

Жыл соңына

 

1

 Алғашқы құн бойынша есептелген негізгі құралдар

мың тг

15 901

15 607

2

 Негізгі құралдардың тозуы

мың тг

599

1 133

3

 Қалдық құн бойынша есептелген негізгі құралдар

мың тг

15 302

14 474

4

 Негізгі құралдардың тозу коэффициенті

мың тг

3,77%

7,26%

 

5

 Негізгі құралдардың жарамдылық коэффициенті

  

мың тг

96,23%

92,74%


 

Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын сипаттайтын келесі бір көрсеткіш – ол қаржыландыру коэффициенті болып саналады. Бұл коэффициент өзіндік капиталдың тартылған капиталға қатынасымен есептеледі:

Кқ = Өк / Тк             

Мұндағы, Өк - өзіндік капитал;

Кқ – қаржыландыру коэффициенті;

Тк - тартылған капитал.

 

Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қай бөлігі өз қаржысына, қай бөлігі жұмылдырылған құралдармен қаржыландырылатынын көрсетеді.

Қаржыландыру коэффициентінің  көлемі < 1 болған жағдай төлем қабілеттілігіне қауіп төндіреді және несие алуға да өз кедергісін тигізуі мүмкін. «Шваб шұжықтары» ЖШС-де бұл коэффициент 2005 жылдың соңында 1,65 тең болды.

Қазіргі әдебиеттерде кәсіпорынның қаржылық жағдайын оның тұрақтылық деңгейі  бойынша келесі төрт түрге бөліп жүр:

  1. қаржылық жағдайының абсолютті тұрақтылығы;
  2. қаржылық жағдайының кәдуілгі тұрақтылығы;

3) тұрақсыз қаржылық жағдай;

4) дағдарыстық қаржылық жағдай.

Кәсіпорындағы еңбек  ресурстарының тиімді пайдалануына көптеген факторлар ықпал етеді, солардың қатарына құралдардың жарамдылық және техникалық деңгейі, өнімдерді өндіруге қажетті материалдық-ресурстық құндылықтардың дұрыс жеткізілуі және басқа да факторлар бар.

Еңбек ресурстарын талдаудың негізгі мақсатына келесілер жатады:

    • кәсіпорынның, оның құрылымдық бөлімшелерінің еңбек ресурстарымен қамтылу деңгейі, олардың жіктелуі және біліктілік сипаттары;
    • кадрлар ағымдылығының жағдайын анықтау және зерттеу;
    • еңбек ресурстарын тиімді пайдалану резервтерін анықтау, соның нәтижесінде маңызды ұсыныстар жасау.

 

3-кесте. Кәсіпорындағы еңбек ресурстарының жағдайын жалпы бағалау

№ р/р

Көрсеткіштер

2004 ж.

2005 ж.

2005 ж. %-бен 2004 ж.

адам

%

адам

%

1.

Барлық қызметкерлер саны

92

100,0

97

100,0

105,4

1.1

Соның ішінде: - жұмысшылар

65

70,6

68

70,1

104,6

1.2

- басшылар

12

13,0

12

12,4

100,0

1.3

- мамандар

7

7,6

9

9,3

128,6

1.4

- қызметшілер

5

5,4

5

5,1

100,0

1.5

- басқалары

3

3,3

3

3,1

100,0

2.

Жас мөлшерлері

2.1

16-дан 24 жасқа дейін

6

6,5

8

8,2

133,3

2.2

25-тен 29 жасқа дейін

17

18,5

18

18,6

105,9

2.3

30-дан 49 жасқа дейін

57

62,0

60

61,9

105,3

2.4

50-ден жоғарылары

12

13,0

11

11,3

91,7


 

Кәсіпорынның еңбек  ресурстарымен қамтылу дәрежесі ондағы персоналдың жоспарлы санының  нақты көрсеткішімен сәйкестігі арқылы анықталды. 3 кесте мәліметтеріне сүйенсек «Шваб шұжықтары» ЖШС қызметкерлерінің ішінде негізгі үлес салмақты жұмысшылар алатынын байқаймыз. Егер 2004 жылы олардың үлесі – 70,6 % 2005 жылы – 70,1 % құрады.

Жас мөлшері бойынша  еңбек ететін кәсіпорын қызметкерлерінің топтамасы мынаны көрсетті: ең көп үлес 30 бен 49 жас аралығындағы еңбеккерлерге тиесілі болып отыр, олардың саны 2005 жылы 3 адамға артып, 60 адамға теңелді.

Бұл жобаның есептемелеріне өндіріс көлемі мен сату түсімдерінің пессимистік көрсеткіштері алынған. Қолда бар құрал-жабдықтардың қуаты бір ауысымда (смена) 5 тонна өнім шығаруға, ал тәжірибеленген жүйе оны өткізуге мүмкіндік береді. Жаңа құрал-жабдықтар бір ауысымдағы өндіріс қуатын 7 тоннаға дейін жеткізіп, сатудан түсетін табысты айтарлықтай көтермелеуге әсер ететін өнімнің жаңа түрлерін шығаруға мүмкіндік ашады. Тек «сосискалар» өндірісі ғана 4 тоннаға дейінгі өсімді береді. Өнімді таратудың бағалары қазіргі бағаның төмендетілуіне негізделген, ол да жобаның тұрақтылығын күшейтеді. Сатудан түскен түсімдердің 5%-ы – сауда шегерімі болып табылады, яғни бұл да өнімді өткізу көлемінің өсуі кезіндегі табыстардың көбеюіне әкелетін факторлардың бірі болып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 





 

 




 

 



 

 

 

Сурет 3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін факторлар

 

 

 

2.2 Өнім өндірудің экономикалық тиімділігі

 

Кәсіпорының қаржы тұрақтылығының деңгейінің анықтамасы қаржылық талдау деректерінің негізінде  құрылады, яғни шаруашылық жүргізуші  субъектінің қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін оның қаржылық жағдайына талдау жасау қажет.

Қазіргі кезде  кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының келесідей бағалау көрсеткіштерін, яғни олардың тиімділігі мен жеткіліктілігі тұрғысынан оңтайлы болып табылатын  көрсеткіштерді таңдап жүр.

Кәсіпорынның дамуының негізгі көрсеткіштерінің серпінін төменде келтірілген кесте бойынша талдаудан өткізуге болады:

4-кесте. «Шваб шұжықтары» ЖШС-ң 2003-2005 ж.ж. дамуының негізгі көрсеткіштері

 

Негізгі көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2003ж.

2004ж.

2005ж

%

1

Активтердің құны

мың тг

43100

75355

112020

259,9

2

Негізгі өндірістік қорлардың құны

мың тг

4900

6237

6948

141

3

Пайда

мың тг

82434

84791

92505

112,2

4

Жалпы шаруашылық шығындар

мың тг

73100

80701

89504

122,4

5

Қызметкерлердің орташа жылдық саны

адам

60

63

76

126

6

Қызметкерлердің орташа айлық еңбекақысы

мың тг

9200

11500

13000

141,3

Информация о работе Кәсіпорынның бәсеке қабілетін арттыру жолдары