Валюталық жүйе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2011 в 21:02, курсовая работа

Краткое описание

Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым бiрiншiден, жалпы халықаралық валюталық жүйенiң түсiнiгiне және құрылымына, оның оның пайда болу себептерi мен негiзiн құраушы элементтерiне, валюталық бағам және оған әсер етушi факторларға тоқталып, екiншiден Қазақстан Республикасының халықаралық валюта жүйесiндегi орнын, елiмiздегi валюталық операциялар мен валюта бағамының жағдайын қарастырып өту және оларды ұлттық экономика дамуына қосар үлесiн қарастыру.

Содержание работы

КIРIСПЕ .................................................................................................. 3


1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ


1.1 Валюта жүйесінің мәні және дамуы .............................................................5

1.2 Валюталық жүйе типтері және оның элементтері .....................................11


2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 Қазақстан Республикасында валюта жүйенің қалыптасуы ......................19

2.2 Валюта бағамы және оның мәні.......................................... .........................22

2.3 ҚР-да валюталық қатынастарды мемлекеттік реттеу ...............................30



ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................34

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ....................................................................36

Содержимое работы - 1 файл

Валюталық жүйе мәні элементтері (АНБ) Олжас 2009-00.doc

— 347.50 Кб (Скачать файл)

    Концепция*, қазақстандық экономиканың дамуының ерекшеліктерін, сондай-ақ, экономикалық өсудің тұрақтылығын және Үкіметтің экономикалық саясатын анықтайтын ішкі және сыртқы факторларды ескере отырып, либерализациялаудың үш этапын қарастырады.

    Капитал қозғалысына валюталық шектеулерді  белгілеу қажеттілігі шетел валютасына деген ұсыныстың ішкі көздерінің тапшылығымен және де ұлттық валютаға деген сенімнің әлсіздігінің нәтижесінде туындады.

    Соңғы жылдары Қазақстанда мұнай және газ өндіру екі есеге өсті де, 2003 жылы - 40 млн. тонна, ал 2004 жылы -51 млн. тоннаны құрады. Сонымен бірге, консервативті болжам бойынша оның мөлшері 2010 жылы 100 млн. тоннаға жетеді деп күтілуде.  /10/

    Қазақстандағы валюталық қатынас режимін либерализациялау келесідей қағидаларға негізделеді:

  1. Кезектілік қағидасы (принцип последовательности).    Валюталық қатынас режимін либерализациялау, ағымдағы және капитал шотының бөлек операцияларын жүргізуге қоятын талаптарды жеңілдетуге, кейіннен мүлдем алып-тастауға бағытталған. Шектеулерді алып тастау уақытша сипатта болмауы керек.
  2. Экономикалық мақсаттылық қағидасы (принцип экономической целесообразности). Валюталық қатынас режимін либерализациялау, өзіне тиесілі тәуекелді ақша-несие қатынас органдарынан сыртқы экономикалық операциялардың қатысушыларының, қаржы институттарының мойнына жүктейді. Сондықтан, ерекше режимді қолданатын операциялар шеңбері, төлем балансының жағдайымен, ішкі қаржы және капитал нарығының даму деңгейімен, ұлттық валютаның айырбас бағамының тұрақтылығымен

байланысты, экономикалық мақсаттылық қағидасы негізінде анықталады.

  1. Артықшылық қағидасы (принцип приоритетности). Елдің экономикалық қауіпсіздігі үшін, қысқа мерзімді капиталдың кенеттен сыртқа ағуына кедергі болатын, белгілі бір шектеулерді бекіткен жөн. Осыған байланысты, алдымен

ұзақ  мерзімді капитал операцияларына қойылатын  талаптар жеңілдетілуі қажет, содан  кейін қысқа мерзімді сипаттағы операциялар (қысқа мерзімді несиелер, ақша нарығының құралдары, туынды қаржы құралдар).

  1. Симметрия қағидасы (принцип симметрии). Капиталдың сыртқа ағуының ішке келуден жоғары болу мүмкіндігін ескере отырып, біртіндеп асимметриялық қатынасден маңызды сыртқы экономикалық операцияларға қатысты валюталық режимді біртіндеп түзетуге көшу қажет.
  2. Тең шарттар қағидасы (принцип равных условий). Валюталық  режим, ішкі валюталық нарықтағы резидент еместер үшін, резиденттерге қарағанда жеңілдеу болмауы қажет.
  3. Келісімділік қағидасы (принцип согласованности). Қаржы институттары жүргізетін операцияларды либерализациялау, пруденциалды қатынас және қадағалау процедурасымен, әсіресе, тәуекелді басқарудың ішкі жүйесіне қатысты талаптармен бір уақытта жүргізілуі қажет.

      7. Қаржылық тұрақтылық қағидасы (принцип финансовой устойчивости). Қаржылық емес секторға қатысты кәсіпорындарға шетел валютасындағы қарыздық міндеттемелер бойынша ауыртпашылық түспеуі қажет, сондықтан мәмілеге қатысушыға қойылатын қаржылық тұрақтылық және төлем қабілеттік талаптары валюта режимін либерализациялаудың қажетті шарты болып табылады.

       8. Статистикалық мониторинг қағидасы (принцип статистического мониторинга). Валюта режимін либерализациялау сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың санының көбеюімен байланысты болады. Осыған байланысты, кейінгі либерализация есеп беру және мониторинг жүргізу мүмкіндігінің кеңеюі арқылы жүргізілуі қажет. Сонымен бірге, шаруашылық субъектілерінің экономикалық еркіндігін шектемейтін, статистикалық мониторинг жүйесін жетілдіруге қатысты шаралар қолданылуы қажет.

      9. Қағидасы (принцип прозрачности). Валюталық қатынас жүйесі екі жақты болмауы керек, ол, валюталық қатынас агенттері үшін де, сондай-ақ операцияның қатысушылары үшін де түсінікті болуы қажет.

      10. Ерекшелік қағидасы (принцип исключительности). Ұлттық Банктің, елдің сыртқы  төлем қабілеттігіне және ішкі валюталық нарықтың тұрақтылығына қауіп төнген жағдайда, алдын-ала қарастырылған шектеулерді енгізуге құқы бар.  
 

Кесте  3 - Қазақстан Республикасындағы валюталық режимді либерализациялау Концепциясын жүзеге асыру этаптары*

  1 этап 2 этап 3 этап
Өту алғы шарт

Тары 

  1. Орта мерзімді перспективадағы төлем балансының қатысты тұрақтылығы.
  2. Валюталық нарықта қатысты тұрақтылыққа жету.
1. Қаржы жүйесінде  тәуекелдер ді басқару жүйе  сінің тиімділігін жоғарлату.

2. Қаржы  құрал дарын дамыту ж-е бағалы қағаздар нарығының капитализациялануын жоғарлату.

3. Сыртқы  экон. операциялар тур. статистикалық  ақпарат жинау жүйесін күш-у. 

1. Төлем балансының ағымдағы шотының тұрақты про фицитке жетуі.

2. Ішкі  және әлем дік пайыз мөлшерлемесінің  қатысты пайыздық паритетіне жету.

 

Төлем балан сындағы  жағдай ларды анықтайтын факторлар  1. Солт. Каспий  жерінде белгіленген, тікелей  шетел инвестицияларының одан  арғы ағымы.

2. Инвестициялық  тауар им порты, халықар. қызмет  көрсету және тікелей инвестор  табысы мен ағымдағы шот дефицитін сақтаудың өсуі.

3. Әлемдік  баға деңгейіне қатысты белгісіз  жағдайда мұнай өндіру көлемінің  өсуі.

1. Солт. Каспий  жерінде жаңа ірі өндіріс жұмыстарын  бастау.

2. Тікелей  шетел инвестицияларының ішке  ағуын қысқарту.

3. Резиденттердің  шетелдегі тікелей және портфельдік инвестициялары нәтиже сіндегі ішкі жиналымды көбейту.

1. Мұнай өндірудің ең жоғарғы көлеміне жету.

2. Ішкі  жиналымдардың ішкі инвестициялардан  асып түсуі. 

Валюта  режимін либера лизациялаудың негізгі мақсаты мен міндеті. 1. Резидент еместердің  бағалы қағазға салған инвестицияларын  валюталық қатынас режимін жеңілдету  арқылы, инвест. портфельді диверси  фикациялауға жағдай жасау.

2. Шетелге  тікелей инвест. операцияларын ынталан-ру  есебінен резиденттің өндіріс  тік       потенциалын кең-у.

3. Экспорт-импорт  валюталық қатынас тиімділігін  жоғарлату және сыртқы сауда  операцияларын жүргізу  кезіндегі  әкімшілдік кедергілерді болдырмау.  

4. Капитал  ағымымен бай-ты тәуекелдерді  төмендету. Ол мынаған әсер  етеді:

- консолидаци.  негіздегі пруденц-ды қадағалауды жет-ру.

- банкке, ЖЗҚ, сақтан-у компаниясына тәуекелді  басқарудың ішкі жүйесін енгізу.

- операцияның  статистикалық есеп беруін жетілдіру. 

1. Мәміле сипаты  критериіне байланысты, қысқа мерзімді  сипаттағы капитал операци ясына қатысты валюталық режимді түзету.

2. Нарықтық  тәуекелді хеджир леу мақсатында  қолд-тын туынды қаржы құралдары  арқылы мәмілені валюталық қатынасді  жетілдіру. 

1. Ұлттық валютаның  толық кон вертациялануынажету.

2. Қысқа  мерзімді сипаттағы резидент  еместердің мәмілесін валюталық қатынас режимін либерализациялау.

3. Елден  тыс жердегі шетел банкі шотындағы  қаражаттарды қолдануға және  шот ашуға қойылатын шектеуді  алып тастау.

4. Ішкі  валюталық нарықта шетел валютасымен  жүр гізілетін операцияларға  қойылатын шектеулерді алып тастау.

      

 Қаржы  институттарында тәуекелді басқарудың  ішкі жүйесінің тиімділігін жоғарылату, бағалы қағаздар нарығын және  нарықтық тәуекелдерді хеджирлеу  құралдарын дамыту, ақпарат жинау  жүйесін және операциялар бойынша  есеп беруді жетілдіру либерализациялаудың келесі этапына көшуге қажетті алғы шарттарын құрайды.

    Бірінші этапта лицензиялаудан келесі операцияларды  босату қарастырылған:

  • Минималды талап етілетін рейтингі бар, жеке тұлғалардың шекарадан

    тыс ЭБДҰ елдерінде шоттар ашуы;

  • резиденттердің шекарадан тыс жерде инвестицияны жүзеге асыруы, бірақ оның нәтижесінде олар, ЭБДҰ елдерінде және ҚР-мен бірге  инвестицияны қолдау және қорғау туралы келсімге қол қойған елдерде         тіркелген, кәсіпорынның жарғылық капиталына 50% көлемінде қатысу үлесіне ие болуы қажет;
  • инвестициялық сапалы (А рейтинг) бағалы қағаздарға инвестиция жұмсау.

         Валюталық нарық бойынша ақпаратпен қамтамасыз ететiндер: банкаралық валюталық бағамдар, комментарилер, репортаждар мен ағымдағы жаңалықтарға маманданған “Don Jones Telerade” концернi, ағымдағы валюта бағамынан басқа техникалық және компьютерлiк анализ жасайтын құрал-сайман жиынтығын ұсынатын “Trade Station”. /9/

     Халықаралық банкаралық қаржылық операциялар нарығында  сауда кейбiр белгiленген валюта көлемдерi-лоттармен жүзеге асады. Чикагоның Сауда Биржасының (СМЕ) бөлiгi болып келетiн Халықаралық валюта нарығымен белгiленген әрқайсысының мөлшерi бар. Лоттар сәйкесiнше:

     STA              125000                EUR                    125000

     SFR               250000                JPI                       25000 000

     STGIJRY      125000                CTGIEUR           125000

       Бұндай лотты нарыққа шығарғанда (орналасуын сатып немесе сатып алумен ашу) клиент оның барлық нақты құнын төлемей, тек шарты кепiл мен (гарантиный залог- марела) қамтамасыз етедi. Бiр лот үшiн $ 1000 күндiзгi саудада, ал кештен таңға дейiн сатылса (over night) $1500. Орналасуын жабумен қатар орнынан тапқан пайдадан шартты кепiл мен әр жабылған лот үшiн $ 100 теңболатын бiр жолғы ұстамдар клиенттiң сауда шотына қайтарылады.  
 
 
 

2.3 ҚР-да валюталық қатынастарды мемлекеттік реттеу  

          Әлемдiк  тәжiрибе  көрсеткендей, нарықтық  экономика  жағдайында  халықаралық  валюталар  қатынасынтарын  реттеу  екi  түрде  жүзеге  асырылады: 

  • Мемлекет  тарапынан  реттеу;
  • Нарықтық  реттеу;

    Валюталық қатынастарды мемлекет тарапынан реттеу негізінен Ұлттық Банк арқылы жүзеге асырылады.

         Сонымен қатар валюталық саясатты іске асыруда  ҚР-ның Ұлттық банкінің атқаратын  шараларының орны ерекше болып табылады. Ұлттық банк валюта-қаржы қатынастарын реттеп отыратын бірден-бір мемлекеттік ұйым болып табылады.

     Ұлттық  банк бұл пайыз өсірулерді капитал  келуіне мәселелер туғызбайды. Себебі, Қазақстанға капитал ағымы пайыз  қойылымына байланыссыз болып отыр. Оның мөлшері жеткілікті деңгейде сақталуда. Яғни ол тікелей шетел инвестицияларына қатыссыз, ал спекулятивті капитал ағымдарына керісінше тосқауыл қояды. Сонымен қатар Қазақстандық банкаралық рынок әлемдік рыноктарға соншалықты интервенцияланбаған, бағалы қағаздар  нарығында нақтылы қысқа мерзімді капиталдар кездеспейді, өйткені қазақстандық пайыздар оларды ынталандырмай отыр.

     Ұлттық  Банктiң негiзгi мiдеттерi – ұлттық валютаның iшкi және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Оларға:

  • Ақша айналымы, несие, банктiк есеп айырысу мен валюталық қатынастарды ұйымдастырады;
  • Ақша, несие және банк жүйелерiнiң тұрақты қызметiн қамтамасыз етедi;
  • Несие берушiлер мен салымшылардың , сондай-ақ шетел валютасын сатып алу – сату және айырбастау операцияларын жүргiзетiн банктiк және басқа ұйымдардың мүддесiн қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты мемлекеттiң экономикалық саясатын жүргiзедi.  

   Ұлттық  Банк Қазақстан Республикасында  валюталық реттеу мен валюталық  бақылауды жүзеге асырады және валюта операцияларының барлық түрлерiн  жүргiзуге құқылы; /1/

   1) қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға валюталық операциялар жүргiзуге, қолма-қол шетел валютасында бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қызмет көрсетуге, сондай-ақ шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиялар бередi;

   2) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға: банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға; банкаралық клирингке; сейф операцияларына; төлем карточкаларын шығаруға лицензиялар бередi;

   3) Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негiзiнде инкассациялау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ қызметiнің бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн және қалыптастыру тәртiбiн белгiлейдi;

   4) қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге рұқсат бередi;

     Қазақстанның  Ұлттық Банкi ұлттық валютамен мынадай операциялар жүргiзедi:

  1. осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкiнде ашылған банк шоттарының иелерiне бiр жылдан аспайтын мерзімге өтімділігі жоғары, тәуекелсіз бағалы қағаздармен және басқа да активтермен қамтамасыз етiлген кредиттер бередi;
  2. өтеу мерзiмi бiр жылдан аспайтын, саудаға шығарылған бiрiншi сыныпты эмитенттердiң вексельдерiн қайта есепке алады;
  3. мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
  4. Қазақстанның Ұлттық Банкi кредиттердi қамтамасыз ету үшiн жарамды деп есептейтiн депозиттiк сертификаттарды, борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
  5. депозиттердi қабылдайды, ақша төлемi мен аударымдарын жүзеге асырады, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;
  6. туынды қаржы құралдарымен операцияны жүзеге асырады;
  7. қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегi банктер мен қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
  8. чек жазып бередi және вексельдер бередi;
  9. егер осы Заңда тікелей тыйым салынбаған болса, басқа банк операцияларын, сондай-ақ өз міндеттеріне сәйкес өз атынан мәмілелерді жүзеге асырады.

     Валюталық реттеу және валюталық  бақылауда Қазақстан Ұлттық Банкi: /2/

    1. Қазақстан Республикасында шет ел валютасының және шет ел валютасындағы бағалы қағаздар айналысының аясы мен тәртiбiн белгiлейдi, шет ел валютасында операциялар жүргiзуге қажеттi шектеулер енгiзедi, соның iшiнде осындай операциялар мен сыйақы ставкаларының көлемiне де енгiзiледi;
    2. Резиденттердiң және резидент еместердiң Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтармен операциялар жүргiзу ережелерiн белгiлейдi;
    3. Валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету және жiберу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерінің шетел банктерiнде шоттар ашу тәртiбiн айқындайды;
    4. Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына сәйкес валюталық операцияларды, валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті лицензиялау, валюталық операцияларды тiркеу және олар туралы хабарлау, айырбастау пункттерiн тiркеу тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ айырбастау пунктiнiң тiркеу куәлiктерiн бередi және олардың қолданылуын тоқтата тұрады;
    5. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң басқармасы айқындайтын тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына ресми бағамын белгiлейдi;
    6. Алтын-валюта активтерiн құрайды және солармен операциялар жасайды;
    7. Мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша олардың құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы резиденттер мен резидент еместер орындауға мiндеттi валюталық операциялар бойынша есепке алудың және есептiлiктiң тәртiбi мен нысандарын белгілейдi;
    8. Банктер мен өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңдарын бұзу фактiлерi анықталған жағдайда, банктiк және валюталық заңдарда көзделген санкцияларды қолдануға құқылы;
    9. Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырады, шет елдермен қаржы - валюталық және кредиттiк-есеп айырысу қатынастарын жетiлдiредi;
    10. Жасасылған мемлекеттiк шарттарға сәйкес шетелдiк және халықаралық ұйымдармен шет ел валютасын тартады;
    11. Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) экспорттаудан түскен шетелдiк валютаны мiндеттi түрде сату режимдi енгiзедi және өзгертедi.
    12. Қазақстан Ұлттық Банкi валюталық реттеу және валюталық бақылау жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да функцияларды орындауға құқылы.

Информация о работе Валюталық жүйе