Валюталық жүйе

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2011 в 21:02, курсовая работа

Краткое описание

Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым бiрiншiден, жалпы халықаралық валюталық жүйенiң түсiнiгiне және құрылымына, оның оның пайда болу себептерi мен негiзiн құраушы элементтерiне, валюталық бағам және оған әсер етушi факторларға тоқталып, екiншiден Қазақстан Республикасының халықаралық валюта жүйесiндегi орнын, елiмiздегi валюталық операциялар мен валюта бағамының жағдайын қарастырып өту және оларды ұлттық экономика дамуына қосар үлесiн қарастыру.

Содержание работы

КIРIСПЕ .................................................................................................. 3


1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ


1.1 Валюта жүйесінің мәні және дамуы .............................................................5

1.2 Валюталық жүйе типтері және оның элементтері .....................................11


2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 Қазақстан Республикасында валюта жүйенің қалыптасуы ......................19

2.2 Валюта бағамы және оның мәні.......................................... .........................22

2.3 ҚР-да валюталық қатынастарды мемлекеттік реттеу ...............................30



ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................34

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ....................................................................36

Содержимое работы - 1 файл

Валюталық жүйе мәні элементтері (АНБ) Олжас 2009-00.doc

— 347.50 Кб (Скачать файл)

    3-шi  кезең, толық қызмет  ететiн жаңа  дүниежүзлiк жүйе  құрылады.

      Валюта  жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда  дербес рөл атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептеу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. Дүниежүзілік валюталық жүйе мен ұлттық валюталық жүйе арасындағы тығыз байланыс, сыртқы экономикалық қызмет көрсететін Орталық банктер арқылы жүзеге асырылады.

      Аймақтық  валюталық  жүйе  өнеркәсiбi  дамыған елдердiң әлемдiк валюталық жүйе  тереңдiгiне  құрылады. Мысалы, Еуропалық валюталық жүйе  – бұл Еуропалық қоғамдастыққа мүше  елдердiң қоғамдастық валюта  аймағында ұйымдастырылуы  – экономикалық  формасындағы катынастырды  бiлдiредi.

       Валюталық бағам – шетелдің ақша бірлігіне шаққандағы бір елдің ақша бірлігінің бағасы. Сол бойынша экспорттаушы саудадан түскен шетел валютасын ұлттық валютаға ауыстырады. Басқа елдің валюталары сол мемлекеттің  аумағында заңды және төлем құралы ретінде қолданылмайды. Өзге елден сатып алынған тауарға төлеу үшін импорттаушы ұлттық ақшаны шетел валютасына алмастырады. Берешектерін өтеуді және сыртқы заемдар бойынша пайыздарды төлеуді мақсат еткен борышқор шетел валютасын ұлттық ақшаға айырбастайды. /7/

      Валюталық жүйенің негізгі элементтерін қарастыру  үшін оларды ұлттық және халықаралық  деңгейлерге жіктеуге тура келеді. Осыларға жеке тоқталып, олардың элементтерінің қызмет етуіндегі байланыстары мен ерекшеліктерін қарастрайық.

      Валюталық  жүйенiң  маңызды  элементтерi –  валюталық бағам болып табылады. Оның  пайда болуы: тауарлармен көрсетiлген қызметтердiң  халықаралық  барысында, капитал  және несиенiң қозғалысында валюталармен  өзара  байланыстардың  қажеттiлiгiнен: дүниежүзлiк және  ұлттық  нарықтағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық    немесе  шетелдiк валюталарды  бейнелеген  әр  түрлi  елдердiң  құндық  көрсеткiштерiн салыстыруға банктер мен формалардың шетел валютасындағы шоттарын уақытылы  қайта бағалап отыра байланысты негiзделедi.

      Валюталық  бағам  – бұл  бiр  елдiң  ақша  бiрлiгiнiң  басқа  бiр елдiң ақша бiрлiктерiне  бейнеленген  бағасы. Әрбiр елдiң ұлттық ваюталарын салыстыру  оларды өндiрiс  және  айырбас  процесiнде  пайда  болатын  обьективтi  құндық  қатынастарына  негiзделедi. Валюталық  бағалы  валюталарға  сұраныс  пен  ұсынысқа ықпал  етушi  көптеген  факторларға  байланысты  өзгередi.  

      Бағамның  қалыптасуына  ықпал  ететiн  үш  факторлар  тобын  бiлiп  қарастыруға  болады;

      Саяси  тұрақтылық  валюталық заңдылықтардың  ырықтандырылуы, валюталық саясат  және  т.б.

      Экономикалық, халықаралық тәжиiрбиеде анықталатын экономикалық  тiк  бұрыштың  шыңы  сияқты:  экономикалық  өсу, валюта  тұрақтылығы және  инвляцияның  төменгi  қарқыны, жұмыссыздықтың  төменгi  деңгейi, дүниежүзлiк  нарықтағы  тепе - теңдiк;

      Психологиялық: жаппай  сұраныс, негiзгi  капиталды тәуекелден  қорғануға  ұмтылыс  және  т.б.

      Валюталық  бағамның  дамуы  жай  тауар  өндiрiсiнен  қазiргi  дүниежүзiлiк  шаруашылыққа  қозғалыстың  тарихи  процесiн  көрсетедi.

      Монометализм  тұсында  –  алтын  немесе  күмiс  валютылық  бағамның  базасы  монеталық  паритет болып  табылады, яғни  ол  әр  түрлi  елдердiң ақша  бiрлiктерiннiң олардың металдық  құрамына  байланысты арақатынасын  сипаттайды. Ол  валюталық паритет ұғымымен  сәйкес келедi.

      Валюталық  бағам  валюталық  паритет  шеңберiнде  аутқиды. ХВК-ның  жарғысы бойынша  1978  жылдан  бастап  валюталық  паритет  СДР  немесе  ЭКЮ-да  валюталық  “қоржын”  базасында  бекiтiледi .

      Жалпы  алғанда  валюталық  бағамның  қозғалысының  бағытырын  анықтайтын  факторларды  3 топқа  бөлуге  болады: фундаментальдi, техникалық, қысқа мерзiмдi  күтпеген факторлар.

        Валюталық  нарыққа  қатысушылардың  арасындағы  валюталық  операцияларды   айырбастаусыз  және  олардың   пропорцияларын  анықтаусыз  жүзеге  аспайды. Бiр  валютаны  басқа   валютаға  айырбастау  деп   шетел  валютасының   ұлттық  валютаға  немесе  басқа валюталарға сату немесе  сатып алу , ал  оларды  айырбастау пропорциялары валюталық каперотив арқылы  анықталады. /7/

      Валюталық  мәмiлелердiң  түрлерiне  байланысты  ағымдағы  және  мерзiмде    факторлар  бағамдары болады. Ағымдағы  валюталық мәлiметтердi  жасағанда  валюта  айырбасы  сол  сәтте ағымдағы  валюта  бағымы бойынша  жүзеге  асады . мерзiмдi  валюталық мәмленi  жасағанда  валютаны  айырбастау  алдынала  белгiленген  мерзiмде  бекiтiлген  форвард  бағымы  бойынша  жүзеге  асады .

      Кейбiр  мемлекеттерде  операцияның  әр  түрi  бойынша  қолданылатын  ұлттық  валюта  бағымдарының  бiрнеше  түрi  бар. Бельгияда  2  бағам  қолданылады: бiреуi - комерциялық, екiншiсi - қаржылық  операциялар  бойынша.

      Айырбас  валюталық  бағамдардан  басқа  статистикалық және  экономикалық  талдау  кезiнде  колданылатын  есептеу  бағамдары  бар . Оған  жататын  орташа  бағамдар – сатушы  және  сатып    алушы  бағамдарының  арифметикалық  ортасы . Шын  мәнiнде  айтсақ  мұндай  бағам  жоқ , бiрақ  оның  мөлшерi  күнделiктi  ақпарат  құралдарында  жарияланады.

      Қазiргi  кезде  АҚШ  долларының  тиiмдi  бағымының  индексi  номиналды  және  нақты  түрде  есептеледi. 

      Ұлттық  валюталық жүйенің  негізгі элементтері:

     1) Ұлттық валюта.  1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан Республикасында Ұлттық валютаны енгiзу түралы” Жарғыға қол қойды және осы жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8-ден бастап ұлттық валюта«теңге» енгiзiлдiАл 1999 жылы ұлттық валютамызды ұлттық және әлемдiк валюталық қатынастарды еркiн рыноктық түрде дамыту үшiн еркiн айналымға жiбердiк. Бүгiнгi таңда ұлттық валютамыз күннен-күнге нығайып, елiмiздiң тұрақты экономикалық өсуiне даңғыл жол ашуда.

     2) Ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни: а) еркін айырбасталатын және ә) жарым-жартылай немесе айырбасталмайтын (тұйық) валюта. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңге еркін айырбасталатын валюта болып табылады.

     3)  Валюталық паритеттің бірдейлік ережесі – валюталардың алтын құрамына байланысты өзара қатысы.  Сондай-ақ 1970 жылдардан бастап Еуропа елдерінде және 1991 жылдан бастап Қазақстанда ХВҚ-ның Жарғысы бойынша валюта паритеті тек СДР (арнайы қарыз алу құқығы) – арнаулы ақша өлшемімен немесе басқа халықаарлық валютамен өлшенуі мүмкін, бірақ алтын емес. /1/

     Сонымен валюталық паритет дегеніміз – валюталық бағамның негізі болып табылатын заңлы тәртіпте белгіленетін екі валюта арасындағы шекті қатынас. Мұнда егер ұлттық валюта теңгеге, яғни елдің ақша бірлігіне негізделсе, ал дүниежүзілік валюталық жүйе – бір немесе бірнеше резервтік валюталарға немесе халықаралық есептеу бірліктеріне негізделеді.

     Резервтік валюта – бұл басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауда негізі ретінде қызмет ететін және валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуге пайдаланылатын халықаралық төлем және резерв құралы қызметін атқаратын әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің еркін ауыстырылатын ұлттық валюталарын сипаттайды. (мысалы, АҚШ доллары мен еуро ақша бірліктері).

     70 жылдардан бастап паритеттер  валюта қоржыны негізінде анықталуға  көшті. Валюта қоржыны деп бірнеше валюталардың белгілі бөліктерінің сомасын сол валюталардың нарықтық бағамына көбейтіп, оларды АҚШ долларына бөлумен анықталатын бір валютаның орташа өлшенген бағамын айтады.

      3)  Валюталық  жүйенiң  маңызды   элементтерi – валюталық бағам болып табылады. Оның  пайда болуы: тауарлармен көрсетiлген қызметтердiң халықаралық барысында, капитал және несиенiң қозғалысында валюталармен  өзара  байланыстардың  қажеттiлiгiнен: дүниежүзлiк және  ұлттық  нарықтағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық    немесе  шетелдiк валюталарды  бейнелеген  әр  түрлi  елдердiң  құндық  көрсеткiштерiн  салыстыруға  банктер  мен  формалардың  шетел  валютасындағы  шоттарын уақытылы  қайта  бағалап  отыра  байланысты негiзделедi.

     Валюталық  бағам  валюталарға  сұраныс  пен  ұсынысқа ықпал  етушi  көптеген  факторларға  байланысты  өзгередi.   Валюталық бағамның қажеттігі:

  • Тауар және қызметтермен сауда-саттықта, капиталдар мен несиелер қозғалысы барысында өзара валюталарды айырбастайды. Ипортер ұлттық валютаны шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына алмастырады;
  • Дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды және құндық көрсеткіштерді салыстыру;
  • Фирмалардың және банктердің шетел валютасындағы счеттарын үздіксіз қайта бағалап отыруға.

      4) Валюталық шектеудің болуы немесе болмауы элементі.  Валюталық шектеу    резиденттерi  мен резидент  еместердiң валюталар және  басқадай  валюталық құндылықтармен  жасалатын операцияларын  заңды  түрде  немесе  әкiмшiлiк  түрде  тиым  салуын, шектеуiн  бiлдiредi. Валюталық  шектеу, валюталық  бақылаудың  құрамдас  бөлiгi  болып  табылады. Валюталық шектеу  валюталық  заңдылықтармен  бекiтiледi .

      Валюталық  шектеудiң  мақсаттары  келесiдей :

  • төлем балансын  теңестiру; 
  • валюталық  бағамды қолдау;
  • ағымдағы  және  стратегиялық  мiндеттердi  шешу  үшiн  мемлекеттiң  қолында валюталық бағалықтардың  шоғырлануы;

      Валюталық  шектеу  келесiдей  қағидаларға  сүйенедi :

  • валюталық  операцияларды  Орталық  және  өкiлеттi  банктерде  орталықтандыру;
  • валюталық  операциялар  жасау  үшiн  рұқсат қағазының  берiлуi ;
  • валюталық  шоттарды  жартылай  немесе  толық  жабу;
  • валюталардың  қайтарымдығын  шектеу.

     5) Төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын және валюта резервтері, СДР есепшоттары, еуро) ХВҚ резервтік бағыты және елдің сыртқы қарыздарын өтеу мүмкіншілігін білдіретін мемлекеттің халықаралық валюта өтімділігі нреттеу. /4/

     6) Халықаралық несиелік айналым  құралдары мен халықаралық есеп  айырысу формаларын қолдану тәртібін белгілеу;

     7) Валюта нарығы мен алтын нарығының  ережелері;

     8) Валюта қатынастарын реттейтін  ұлттық органдардың статусы. Оларға  елімізде: Ұлттық банк, Қаржы министрлігі,  валюталық бақылау ұйымдары және  т.б. жатады.

     Ұзақ  тарихи даму нәтижесінде дүниежүзілік валюта жүйесінің негізгі элементеріне келесілер жатады:

  1. Әлемдік ақшаның міндетті формасы (алтын, резервтік валюта, халықаралық валюталық өлшем);
  2. Валюталардың айырбасталу шарттарын белгілеу;
  3. Валюталық паритет пен валюталық бағам тәртібін үйлестіру;
  4. Валюталық шектеу көлемін тәртіптеу;
  5. Халықаралық валюталардың өтімділігінің құрамдас бөліктерін белгілеу (СДР-ді, еуроны);
  6. Несиелік айналым қорларының халықаралық айналымын үйлестіру;
  7. Әлемдік валюта нарығы мен алтын нарығының ережесі;
  8. Мемлекетаралық реттеу институттарының статусы – 1944 жылдан бастап «Халықаралық валюта қоры» бекітілді.

     Өз  кезегінде валюталық бағам айырбасқа  қатысушылар үшін валюта нарығындағы  сұраныс пен ұсыныстың арақатынасымен айқындалатын бір валютаны екіншіге  қайта есептеу коэффициенті болып табылады. Дегенмен, тауарларға, қызмет көрсетуге, инвестицияларға белгіленген бағалардың орташа ұлтық деңгейін көрсететін сатып алу қабілеттігі валюталық бағамның құндық негізі болып есептеледі. Тауар өндірушілер мен сатып алушылар валюталық бағамның көмегімен ұлтық бағаларды өзге ел бағаларымен салыстырады. Сондай салыстырудың нәтижесінде сол елде қандай да бір өндірісті немесе сырт жерде инвестицияны дамытудың  тиімділік дәрежесі айқындалады. /4/

     Валюталық бағам мынадай факторлардың әсерінен қалыптасады: 

  1. Құнсыздану (инфляция) қарқыны. Валюталық бағамға құнсыздану қарқыны әсер етеді. Елдегі құнсыздану қарқыны неғұрлым жоғарылаған сайын  валюталық бағам да соғұрлым төмендейді. Ақшаның құнсыздануы елде сатып алу қабілетінің  және валюталық бағамның төмендеуіне апарып соғады. Валюталық бағамның құнсыздануға тәуекелділігі әсіресе тауарлардың, қызметтердің және капиталдың халықаралық айырбасының көлемі үлкен елдерде жоғары болады. Экспорттық баға базасында бағамды есептеген кезде байқалатын валюталық бағам серпіні мен құнсыздануының салыстырмалы қарқыны арасындағы тығыз байланыс арқылы мұны түсіндіруге болады.
  2. Төлем базасының жағдайы. Экспорттың импорттан асып кету, яғни активті төлем балансы ұлттық валюта бағамының жоғарылауына ықпал етіп, шетелдік борышқорлар жағынан оған деген сұраныс күшейеді. Пассивті  төлем балансы ұлттық валюта бағамының төмендеу беталысына себепші болып, өздерінің сыртқы міндеттемелерін өтеу үшін борышқорлар оны шетел валютасына сатады.
  3. Әр түрлі елдердегі пайыз мөлшерлемесінің айырмашылығы. Пайыз мөлшерлемесінің елдегі өзгерісі басқаша тепе-теңдік жағдайда халықаралық, ең алдымен қысқа мерзімді капиталдыңі қозғалысына әсер етеді. Пайыз мөлшерлемесінің жоғарлауы шетел капиталының құйылуын ынталандырса, оның төмендеуі капиталдардың, оның арасында ұлттық капиталдардың шекараның арғы жағына ауысуына дем береді.
  4. Алып-сатарлық валюта операцияларының қызметі. Валюта бағамының төмендеу беталысы байқалса ондайда фирмалар мен банктер оны әлсізденген валютаның қалпын нашарлататын мейлінше тұрақты валюталарға күні бұрын сатып жібереді. Экономиканың саясаттағы өзгерістерді, бағамдық арақатынастардың ауытқуын валюталық нарықтарын тез сезінеді. Сол арқылы олар валюта алып сатарлығы мен ақшаның берекесіз қозғалысының аясын кеңейтеді.
  5. Белгілі бір валютаның еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда пайдалану дәрежесі.
  6. Ұлттық және дүниежүзілік нарықтарда сенімділік дәрежесі. Елдегі экономиканың жағдайымен және саяси ахуалымен, сонымен бірге валюта бағамға ықпал ететін жоғарыда қарастырылған факторлармен айқындалады. Сонымен бірге диллер экономикалық өсу қарқынын құнсыздануды, валютаның сатып алу қабілетінің деңгейін, валютаның сұранысы мен ұсынысының арақатынасын ғана емес, сонлай-ақ олардың серпіндерінің келешегінде есепке алады.

Информация о работе Валюталық жүйе