Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 15:28, реферат
Нарықтық жағдайда өндірістік өнімнің өсу қарқыны халықтың жалпы сұранысы мен тығыз дайланысты. Егер өндірістік өнімдер ұтымды бағамен сатылып жатса, онда осындай тауарларды өндіруге деген ынта арта түседі. Сондықтан, тұтынушылардың сұранысын зерттеп, олардың қандай заттарды сатып алғысы келетінін және қандай бағамаен алғысы келетінін дер кезінде анықтаудың зор маңызы бар. Тұтынушылардың нарықтық ортадағы іс-әрекеттері «микроэкономиканың» тұтынушылар талғамы атты тарауында зерттеледі.
Тұтынушылар қалауы;
Бюджеттің шектеулігі;
Тұтынушылыр таңдауы;
«Табыс-тұтыну» және «баға-тұтыну» қисықтары;
Табыс және алмастыру әсері.
Тұтынушылар
талғамы.
Нарықтық жағдайда өндірістік өнімнің өсу қарқыны халықтың жалпы сұранысы мен тығыз дайланысты. Егер өндірістік өнімдер ұтымды бағамен сатылып жатса, онда осындай тауарларды өндіруге деген ынта арта түседі. Сондықтан, тұтынушылардың сұранысын зерттеп, олардың қандай заттарды сатып алғысы келетінін және қандай бағамаен алғысы келетінін дер кезінде анықтаудың зор маңызы бар. Тұтынушылардың нарықтық ортадағы іс-әрекеттері «микроэкономиканың» тұтынушылар талғамы атты тарауында зерттеледі.
Тұтынушылар талғамын зерттеу үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең тұтынушылардың көптеген тауарлар құрамының ішінен өзіне қалаулысын қандай принциппен таңдау керектігі жөнінде мәліметтер келтіріледі. Осы тұрғыда, егер А, В, С тауарлар құрамы берілген болса, онда олардың ең жақсысын таңдау әр адамның кейбір ерекшелігіне байланысты болады. Сондықтан оны тұтынушылар қалауын анықтау кезеңі деп атаймыз.
Тұтынушылардың тауарлар құрамын дұрыс анықтауы олардың тек қалауына тәуелді емес, өйткені өзі ұнатқан тауарларын сатып алуға тұтынушының қаражаты жетпеуі мүмкін. Демек, тұтынушының таңдауының қалыптасуына оның жалпы табысының шектеулі екендігі үлкен әсерін тигізеді. Егер табыс көлемі тұрақты болып, заттардың бағасы өсетін болса, онда тұтынушының сатып алу қабілеті кемиді. Бұл жағдай тұтынушының нарықтық ортадағы іс-әрекетін түбегейлі өзгертіп, оның талғамының басқаша түрде қалыптасуына әкеліп соғады. Сондықтан тұтынушылар талғамын зерттеудің осы екінші кезеңінде бюджеттің шектеулігі және оның тұтынушының талғамына тигізетін әсері туралы мәліметтер қарастырылады.
Үшінші
кезең тікелей тұтынушылар
Тұтынушылар
қалауы
Бір таурдың екінші тауарға қарағанда пайдалырақ екендігін анықтау үшін ешқандай өлшем бірлігін пайдалану мүмкін емес. Ол тек салыстырмалы түрде ғана айтылатын ұғым. Заттың пайдалылығы адамның қажеттілігін қаншалықты қанағаттандыратындығына байланысты. Сондықтан ол әр адамның психологиясына, өмір сүру ерекшелігіне байланысты болады.
Жалпы
жағдайда тауарлар құрамы берілген болса,
онда оның пайдалылығын сан түрінде
анықтау үшін пайдалылық функциясын
қолданады. Ол функция X, Y
тарулары үшін былай жазылады:
U=U (x, y)
Бұл функция тұтынушы Х, У тауарларын тұтынғанда қол жеткізетін ең жоғары пайдалылығын бейнелейді.
Егер
пайдалылық функциясы тұрақты бір
санға тең болса, немесе:
U=U (x, y)
= C0 – const,
Онда жазықтықта бұл функцияның графигі 1-суретте бейнеленгендей болады. Ол талғамсыздық қисығы деп аталынып, бірдей пайдалылық әперетін тауарлар құрамының жиынтығын көрсетеді. Мысалы, тұтынушы бір аптада Х және У тауарларын тұтынады деп жорамалдайық. Х - алма, У – алмұрт болсын.
Х – алма саны;
У – алмұрт саны.
1-кестеде
1-суретті салуға негіз болғам
мәліметтер жинақталған.
Жиын | У алмұрт | Х алма |
А1 | 10 | 4 |
А2 | 6 | 5 |
А3 | 3 | 6 |
А4 | 1 | 7 |
1-кесте.
А1 жиынындағы 4 алма мен 10 алмұрт және А2 жиынындағы 5 алма мен 6 алмұрт тұтынушы үшін бірдей пайдалылық әпереді. Демек талғамсыздық қисығының бойында жатқан А3 және А4 жиындары да тұтынушыға бірдей пайдалылық әпереді леп қорытынды жасауға болады.
12
6
3
1
1-сурет.
Талғамсыздық қисығы.
Талғамсыздық қисығының жалпы қасиеттері:
U1<U2<U3<U4
2-сурет.
Талғамсыздық қисығының
3-суретте
көрсетілген А жиыны
3-сурет.
Талғамсыздық қисықтарының қиылысуы қарама-қайшылықты
білдіреді.
Бірақ ескере келетін нәрсе, егер Х және У кәдімгі тауарлар болса, онда тұтынушы В-дан гөрі, С-ны қалайды, себебі С жиынында Х-пен У-тің мөлшері көп 3-суретке қарап, С жиынында тауардың 3 бірлігі, Х тауардың 6 бірлігі бар екенін, ал В жиынында Х тауарлардың тек қана 5 бірлігі және У тауарының 2 бірлігі бар екенін анықтаймыз. Тұтынушы бір уақытта В-ға қарағанда С-ны қалай отырып және олардың арасында айырмашылық жасай алмауы талғамсыздық қисықтарының қиылысуын жоққа шығарады.
1-суретте
бейнеленген талғамсыздық
Ол үшін
алмастырудың шекті
нормасы деп аталатын көрсеткіш ендіріп,
оны MRSxy
деп белгілейміз. Бұл көрсеткіш былай
анықталады:
MRSxy
= -^Y/^X = MUx/MUy.
Бұл жердегі MUx, MUy - сәйкес түрде Х, У тарауларының шекті пайдалылықтарын көрсетеді.
Шекті пайдалылық – тараудың қосымша бірлігін тұтынған кездегі тұтынушыға әкелетін қосымша пайдалылығы.
Талғамсыздық қисығының бойындағы алмастырудың шекті нормасын игіліктердің шекті пайдалылығымен байланыстыруға болады. Жиындағы у тауарының шамасын ^у-ке азайтсақ, бұл тұтынушыға зиян келтіреді. Пайдалылықтың азаю мөлшері ^у* MUy-ке тең болады. Тұтынушыны бұрынғы қанағаттандыру жағдайына жеткізу үшін у-тің азайған шамасын Х тауармен толтыраиыз, сонда пайдалылық мөлшері: ^х* MUx тең болып өседі.
4-сурет.
Талғамсыздық қисығының
Ауыстырудың
шекті нормасы талғамсыздық қисығының
бойымен төмен қарай жылжығанда бірте-бірте
азаяды. Себебі тұтынушы Х тарауының шамасын
көбейткен сайын бұл тараудың әрбір қосымша
бірлігі аз шекті пайдалылық әкеледі.
4-суретте А1 – А4
нүктелері арасындағы ауыстырудың шекті
нормалары көрсетілген. 2-кестеде 4-суретте
бейнеленген талғамсыздық қисығының әрбір
нүктесінде MRSxy –ті есептеуге пайдаланған
мәліметтер берілген.
Жиын | У | Х | MRSxy |
А | 10 | 4 | |
А | 6 | 5 | 4 бірлік У-ті 1 бірлік Х-ке |
А | 3 | 6 | 3 бірлік У-ті 1 бірлік Х-ке |
А | 1 | 7 | 2 бірлік У-ті 1 бірлік Х-ке |
2-кесте.
Бюджеттің
шектеулігі
Тұтынушы
бар қаражатын Х және У тауарларын
сатып алуға жұмсайды делік. Егер
оның бюджетін немесе бар қаражатын
І деп, ал Х және У тауарларының
бір өлшемінің бағаларын РХ, РУ
деп белгілесек бюджеттің шектеулі екендігін
келесі теңсіздік түрінде бейнелеуге
болады:
РХ*Х
+ РУ*У < І
Бұл теңсіздік
жазықтықта жартылай жазықтыққа сәйкес
келіп, ол жартылай жазықтықтың шекарасы
РХ*Х
+ РУ*У = І
Түзумен
анықталады. Бұл бюджет
сызығы деп аталып, Х,У тауарларын сатып
алуға бюджеттің толық жұмсалатындығын
көрсетеді.
5-сурет.
Бюджет сызығы.
Жазықтықтағы
бюджет сызығының бейнесі 5-суретте
келтірілген. Соңғы теңдеуді былай
да жазуңа болады:
У = I/PY
– PX/PY * X
Бұл жердегі
(PX/PY ) – бюджет сызығының бұрыштық
коэффиценті бейнеленеді. Бұрыштық коэффицент
жалпы табыс өзгермейтін жағдайдағы алмастырудың
шекті нормасын көрсетеді.
6-сурет.
Бюджет сызығының өзгеруі.
Егер бюджет теңдеуіндегі бағаның бірі өзгеретін болса, онда бюджет сызығы да өзгереді. Мысалы, Х тауары арзандап, оның жаңа бағасы РХ болады делік. Бұл жағдайда бюджет сызығы 6-суретте келтірілгендей түрде өзгереді еді.
Сонымен, егер Х тауарының бағасы арзандайтын болса, онда бюджет сызығы оңға қарай немесе сағат тілі бағытына қарсы өзгереді, ал баға өскен жағдайда сағат тілі бағытында өзгереді.
У тауарының бағасының өзгеруі 7-суретте бейнеленген.
7-сурет.
Табыс пен бағаның өзгеруі.
Табыс және бағада болатын өзгерістер.
Табыс
және бағада болатын өзгерістер бюджет
сызығының қозғалысына әкеледі.
Табыстың өсуі тұтынушыға бұрын қолы
жетпеген жиынды сатып алуға мүмкіндік
береді. Сондықтан ол бюджет сызығының
координат осімен жоғары жылжытады.
Бұл уақытта, бюджет сызығының көлбеуін
өзгертпейді. Табыстың азаюы бюджет сызығын
координаттар осіне жақындатып, параллель
жылжытады. Табыс өзгеруінің бюджет сызығына
әсері а графигинде 7-суретте көрсетілген.
Тұтынушылар
таңдауы
Тұтынушылар
талғамы дұрыс қалыптасу үшін, олар
бюджеттің шектеулі екендігін ескертіп,
ең көп пайдалылық алып келетін тауарлар
құрамын анықтаулары қажет. Бұдан ең ұтымды
тауарлар құрамы бюджет сызығы мен талғамсыздық
қисықтарының жанама нүктесінде екенін
білеміз. 8-суретте ең көп пайдалылық әперетін
тауарлар құрамы, тұтынушының теңдестік
жағдайы бейнеленген.
8-сурет.
Тұтынушы таңдауы.
Теңдестік
жағдайында алмастырудың шекті нормасы
MRSxy-пен бюджет сызығының бұрыштық
коэффиценттері тең болады. Сондықтан
тұтынушы өзінің теңдестік жағдайына
қол жеткізу үшін Х және У тауарларының
көлемін келесі шарт орындалатындай етіп
таңдауы қажет:
MRSxy
= MUX/MUX = - PX/PY.