Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 15:10, курсовая работа
Қазірде қоғам бұрын болып көрмеген ақпараттар ағынынының көбеюі кезеңінде өмір сүруде. Бұл экономика, элеуметтік және басқару саласында айқын байқалады. Нарықтық қатынас ақпараттың уақтылы берілуіне, шынайылығына, толықтығына жоғары талаптар қояды, мұнсыз маркетингтік, қаржы – кредиттік, инвистициялық іс әрекеттер тиімді жүргізілмейді.
КІРІСПЕ
ТАРАУ 1 БАСҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН АВТОМАТТАНДЫРУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ.
1.1. Ақпараттық жүйенің құрамды бөлшектері
1.2. Ақпараттық жүйені жүйелік тұрғыда жобалау.
ТАРАУ 2. АВТОМАТТАНҒАН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚҰРУ ТЕОРИЯСЫ.
2.1. ДК негізіндегі АЖО нұсқаларын таңдау.
2.2. АЖО-ның тілдік құралдары.
2.3. Автоматтанған жұмыс орнын сұрыптау.
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР
Кез-келген тілде сияқты АЖО тілдерінің негізін алдын-ала анықталған терминдер және тәсілдерді бейнелеулер (олар арқылы терминдерді ауыстырып немесе толықтырып жаңа түрлерін белгілейді) құрайды. Бұл АЖО-ны жоспарлаған кезде АЖО-ның терминологиялық негізін арнайы түрмен сұрыптау қажеттілігіне әкеледі (тілдің негізгі синтаксистік құрылымын және терминдер мен бірлескен түрлері аралығындағы семантикалық қатынасын анықтау). Осыған байланысты АЖО-ның қарапайым сұрыпталу қажеттілігі туындайды, мысалы, мәліметті өңдеудің кейбір пайдаланушылық режимдерінде көрсету мүмкіндіктері бойынша: сандық, мәтіндік, аралас. Ал өте күрделі жағдайларда АЖО сұрыпталуы мәлімет қорының ұйымдастырылуымен анықталады. Тіл мүмкіндіктері көп жағдайларда пайдаланушы мәліметтік қамтамасыздықты таратуға сәйкес келетін формальді құрылымды құра алатын ережелер тізімін анықтай алады. Мысалы, кейбір АЖО-ларда барлық мәліметтер мен құрылымдар кесте түрінде (кестелік АЖО) немесе арнайы түрдегі операторлар болып бекітіледі.
Пайдаланушының тілі АЖО-ны диалог түрлері бойынша да бөлінеді. Диалогты қолдау құралдары ақыр соңында пайдаланушыға қажет білімнің тілдік құрылымын анықтайды.
Бір АЖО құрылымымен бір емес, бірнеше диалогтың мүмкін болатын түрлері оқу немесе жұмыс процессі кезінде пайдаланушының белсенділігін, сондай-ақ пайдаланушы құралдарымен АЖО-ны дамыту қажеттілігі арқасында көзделуі мүмкін. АЖО-ны жасау кезіндегі бар болған диалогтарда ең көп пайдаланатын түрлер: ПЭЕМ-мен ынталандырған диалог, форманы толтыру диалогы, гибридті диалог, үйренбеген пайдаланушы диалогы, мәліметтің бекітілген кадр көмегіндегі диалог. ПЭЕМ-мен ынталандырған диалог кезінде АЖО пайдаланушысы толық түрде тіл құрылысын үйренуден басталады. Бұл тәсілдің өзгертілімінің бірі меню тәсілі болып табылады. Ол арқылы берілген ПЭЕМ нұсқаларының біреуі немесе бірнешеуі таңдалады.
ПЭЕМ-мен сол түрде ынталандыратын форманы пайдалану диалогы негізінде пайдаланушыны дисплейде арнайы жиналған формаларды толтырады, содан кейін талдайды және өңдейді.
Гибридті диалог пайдаланушымен де, ПЭЕМ-мен де ынталандырылады. Үйренбеген пайдаланушы диалогы кезінде ПЭЕМ жауаптарына толық айқындылық қамтамасыз етілу керек. Олар пайдаланушыда оған не істеу керектігі туралы күмәнділікті қалдырмайды.
Мәліметтің
белгіленген кадрлар
Диалог түрі АЖО сұрыпталуын да анықтай алады, мысалы,үйренбеген пайдаланушының диалогтық құралдары бар АЖО. АЖО-ның бұнда белгі бойынша сұрыпталуы пайдаланушының маманданған түрі бойынша бөлінуіне байланысты. Мысалы, меню тәсілі бойынша диалогы бар АЖО басқарушы персоналына жатқызылатын пайдаланушы-экономистке орынды емес, өйткені бұған операциялардың қайталана беретін көлемділігі себеп болады.
АЖО-ны
тарататын бағдарламалық
АЖО
құрамына диалогты құру мен негізгі
есептік функцияларды қамтамасыз ететін
әртүрлі бағдарламалық
АЖО шектерінде ақырғы пайдаланушымен АЖО-ның дамуын қамтамасыз ететін құралдарды қолдануы бойынша оны екі үлкен класқа бөледі: қамтамасыз ететін және интеллектуалды. Екеуі де әртүрлі пайдаланушыға арнала береді. Сонымен қатар, кез-келген АЖО-ның пайдаланушысы бола алмайтындығы туралы алдын-ала айта алатын пайдаланушылар да болды. Мысалы, қызмет көрсететін персоналда өзінің жұмыс ерекшелігіне қарай интеллектуалды АЖО-ны талап етпейді (өзінің тікелей қызметінде).
Ұйымдастырушылық басқару саласындағы АЖО-ға қызмет ететіндер төмендегідей бөлінеді:
Интеллектуалды АЖО-лар біріншіден мәліметке бағытталған және білімге бағытталған (даталогиялық және фактологиялық) бөлінеді.
Мәліметті-анықтамалар АЖО-лар қандай да болмасын басқару процессіне қызмет етеді. Есептегіш АЖО-лар құрамы бойынша әртүрлі және пайдаланушының әртүрлі категорияларымен пайдаланыла алады. Олардың көмегімен бір-бірімен байланысқан және байланыспаған ұйымдастырушылық-экономикалық мәселелерді құруға және шешуге болады немесе АЖО қызмет ету кезінде анықтама алады. Мәтінді құрайтын АЖО-лар әртүрлі құрылымның мәтіндік мәліметтерді өңдеу мен генерациялануына және мәтін семантикалық түрде талдау туралы ұсыныстарды өңдеу генерациясына арналады.
Даталогиялық түрдегі интеллектуалды АЖО-лар мәліметтер қорын және пайдаланушы тілдерін кең пайдалануға негізделеді. Сондай-ақ осы жағдайда пайдаланушы мәлімет қоры мен тілін өз бетінше өзгерте алады және диалогтың мүмкіндіктерімен құбылта алады. Бұл АЖО-ларда мәліметтер қоры жоқ. Бұл басқарушы объектінің қандай да болмасын қасиетіне түсініктеме беретін ережелерді жинақтау мүмкін емес деген сөз. Құрама компонент түрлеріндегі білім қоры АЖО-ның фактологиялық түріне енгізіледі. Фактологиялық АЖО-лар АЖО шарттарындағы жұмыс жиналған тәжірибемен оның негізіндегі логикалық нәтиже көмегімен басым түрде анықталады.
Ұйымдастырушылық басқарудың автоматтану түрінде таратылатын негізгі бірнеше функцияларды белгілейік:
2.3. Автоматтанған жұмыс орнын сұрыптау.
АЖО индивидуальді, толық және ұжымдық болады. ЭЕМ жүйесінің нәтижелі қызмет етуі үшін толық және ұжымдық АЖО-ларға қолданылатын мамандарға (ұжымға) АЖО жұмысын ұйымдастыруға талапты қатаңдату керек және бұндай жүйедегі әкімшіліктендіру функцияларын нақты анықтау керек. «Адам-машина» болып табылатын АЖО жүйесі ашық, икемді, тұрақты даму мен жетілдіруге икемдену керек. Ондай жүйеде мыналар қамтамасыз етілуі қажет:
АЖО-да
шешілетін мәселелерді
Есептегіш мәселелерді қалаптастырылатын және қалыптаспайтын болып екіге ажыратылады. Қалыптастырылатын мәселелер формальдік алгоритмдер негізінде шешіледі және екі топқа бөлінеді: тікелей есептеу мәселелері және математикалық үлгі негізіндегі мәселелер. Тікелей есептеу мәселелері қарапайым алгоритм көмегімен шешіледі. Ал күрделі мәселелерге әртүрлі математикалық есептерді пайдалану керек.
Соңғы
уақытта толық түрде
Техникалық қамтамасыздық, маманның делдалдарсыз жұмысын (программисттер, операторлар және т.б) көздейтін маманданған персоналды компьютер негіз болатын техникалық құралдар қасиетін бейнелейді. Толық АЖО-ларда оңай компьютерлермен 4-6 адам пайдалана алады. Маманданған персоналды компьютер кешеніне процессор, дисплей, пернелік тақта, мәліметтің магниттік жинағыштары, басып шығару құрылғылары және графо құрылғыштар кіреді.
Техникалық құралдар кешеніне жүйедегі әртүрлі АЖО байланысы үшін коммуникация құралдарын және телефон байланысының құралдарын жатқызады.
Мәліметтік қамсыздандыру – бұл локальді мәліметтер қорында сақталатын мәліметтер массиві. Мәліметтер, негізінен магниттік жадыларда ұйымдастырылады және сақталады. Онымен басқару мәлімет қорын басқарудың бағдарламалық жүйесімен жүзеге асырылады. Ол мәліметті жазады, мәліметтік мәселелерді іздейді, есептейді, реттейді және шешімін табады. АЖО-да бірнеше мәліметтер қоры бола алады.
Ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру АЖО-ның қызмет ету, жетілдіру және дамуын ұйымдастыратын, сондай-ақ кадрлар мамандығын даярлау және көтеру тәсілдері мен амалдары болады. Ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру АЖО пайдаланушыларының құқықтары мен міндеттерін анықтаумен құжаттық рәсімдеуді көздейді. Бағдарламамен қамтамасыздандыру жүйелік бағдарламалық және қолданбалы түрде болады. Жүйелік қамтамасыздық негізі операциялық жүйе мен программалау жүйесі болып табылады, мысалы, Бейсик алгоритмдік тіл. Жүйелік бағдарламалар мәліметтің рационалды технологиялық өңдеуін көздейді. Сервистік бағдарламалар деп аталатындар (олармен АЖО олардың қажеттілігіне байланысты біріктіріледі) операциялық жүйе мүмкіндіктерін кеңейтеді.АЖО жүйелерінде мәліметтік бкйланысты және АЖО-ның әртүрлі каналдар бойынша байланысып, қамтамасыз ету үшін жүйелік программалауға жатқызуға болатын бағдарламалық құралдарды жатқызуға болады.
Қолданбалы
бағдарламалық қамтамасыздануды пайдаланушы
бағдарламамен әртүрлі
ҚБП (қолданбалы бағдарламалар пакеті) үлгі ұстанымы бойынша жасалған және арнайы мәселе класының шешімдеріне бағытталған. ҚБП мәселесін бағдарламалық қамтамасыздың негізгі түрі болып табылады. Олар алгоритмді қалыптастырады, осы класстарға мәселелерді шешу талаптарын өзгертеді, шешімді бақылайды, алгоритмге өзгертулерді енгізеді және т.б. АЖО-да жұмыс істегенде ҚБП-нің диалогтық режимінде жасалады.
ҚБП-нің
мысалдары: есептік операцияларды
орындайтын әртүрлі құжатты қалыптастыруға
арналған ҚБП, жоспарды қолайлы етуші
ҚБП, боланстық шешімдер ҚБП болып
табылады. АЖО-ны жасайтын ҚБП-ға өзгеше
көңіл бөледі, олар әртүрлі мақсатта
бола алады: кестені өңдейтін, мәліметтер
массивін жүргізу, мәліметтер қорын жүргізу,
құжаттық анықтамалар. Графикалық мәліметпен
жұмыс істейтін пакеттер анық, және компактты
күйде объектіге тән жағдайды, процессті
көрсетеді және жорамалық талдау нәтижелерін
бейнелеп береді.
Информация о работе Тарау 1 басқару жұмыстарын автоматтандыру