Тарау 1 басқару жұмыстарын автоматтандыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2011 в 15:10, курсовая работа

Краткое описание

Қазірде қоғам бұрын болып көрмеген ақпараттар ағынынының көбеюі кезеңінде өмір сүруде. Бұл экономика, элеуметтік және басқару саласында айқын байқалады. Нарықтық қатынас ақпараттың уақтылы берілуіне, шынайылығына, толықтығына жоғары талаптар қояды, мұнсыз маркетингтік, қаржы – кредиттік, инвистициялық іс әрекеттер тиімді жүргізілмейді.

Содержание работы

КІРІСПЕ

ТАРАУ 1 БАСҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН АВТОМАТТАНДЫРУ

МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ.

1.1. Ақпараттық жүйенің құрамды бөлшектері

1.2. Ақпараттық жүйені жүйелік тұрғыда жобалау.


ТАРАУ 2. АВТОМАТТАНҒАН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚҰРУ ТЕОРИЯСЫ.

2.1. ДК негізіндегі АЖО нұсқаларын таңдау.

2.2. АЖО-ның тілдік құралдары.

2.3. Автоматтанған жұмыс орнын сұрыптау.

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР

Содержимое работы - 1 файл

АЖО.doc

— 152.00 Кб (Скачать файл)
 
 
 
 

МАЗМҰНЫ 
 

КІРІСПЕ 

ТАРАУ 1 БАСҚАРУ  ЖҰМЫСТАРЫН АВТОМАТТАНДЫРУ

                  МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ.

      1.1. Ақпараттық жүйенің құрамды бөлшектері

      1.2. Ақпараттық жүйені жүйелік тұрғыда  жобалау. 
 

ТАРАУ 2. АВТОМАТТАНҒАН  ЖҰМЫС  ОРЫНДАРЫН ҚҰРУ ТЕОРИЯСЫ.

     2.1. ДК негізіндегі АЖО нұсқаларын таңдау.

     2.2. АЖО-ның тілдік құралдары.

            2.3. Автоматтанған  жұмыс орнын сұрыптау. 

ҚОРЫТЫНДЫ 

ӘДЕБИЕТТЕР 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ

      Қазірде қоғам бұрын болып көрмеген ақпараттар ағынынының көбеюі кезеңінде өмір сүруде. Бұл экономика, элеуметтік және басқару саласында айқын байқалады.  Нарықтық қатынас ақпараттың уақтылы берілуіне, шынайылығына, толықтығына жоғары талаптар қояды,  мұнсыз маркетингтік, қаржы – кредиттік, инвистициялық іс әрекеттер тиімді жүргізілмейді. Ақпаратқа түрлендіруші, анықтаушы қасиет тән. Информатика индустриясын құру және ақпараттық өнімнің тауарға айналуы –қоғамда терең әлеуметтік өзгерістерге алып келеді. Ақпарат материалдық өндірістен әлеуметтік салаға дейінгі қоғамның барлық салаларын қамтиды.

      Адам  шаруашылығының ақпараттық процесстерінің сапалы атқарылуы қазіргі заманғы дербес электронды есептеуіш машиналарын, телекоммуникация жүйелері мен электронды есептеуіш машиналарының желілерін құруға байланысты болып табылады. Осыған байланысты қоғам ақпараттандырудың бірқатар мәселелерін мемлекеттік деңгейде шешуі қажет.  
 
 
 
 
 
 
 
 

  
 
 
 

ТАРАУ 1 БАСҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫН АВТОМАТТАНДЫРУ

МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ.

1.1. Ақпараттық жүйенің құрамды бөлшектері

      Ақпарат жүйесі бақа да жүйелер секілді элеметтерден түзелетіндіктен де, ол элементтер басқару үрдісіндегі есептерді шешуде әр түрлі функцияларды атқарады. Элементтер өз ерекшеліктеріне қарай және сол ерекшеліктеріне сәйкес ақпарат жүйесін өңдеу мен жобалауға қарай бөлінеді.

      Атқарушы  бөлімдер немесе ішкі жүйелер әдетте басқару жүйесінің атқару үлгісі ретінде сипатталынады. Атқарымдықүлгі арқылы кеңістік пен уақыт бойынша объектінің ішкі қызметтері мен есептері бейнеленеді. Осы үлгі мен оған қойылатын талаптар арқылы басқару объектісінің құрылымы қалыптасады.

      Дегенмен, бір объект үлгіні тұрғызу мүмкін емес. Сол себепті, басқару жүйесінің жалпы үлгісі келесі белгілер бойынша бөлінеді:

    - үлгінің  динамикалық қасиеттеріне сәйкес  талаптарды бәсеңдету үшін басқару  деңгейлеріне байланысты;

    - үлгінің  сызықты емес қасиеттеріне сәйкес талаптарды бәсеңдету үшін өндірістік сипатқа байланысты.

      Басқару деңгейлеріне байланысты атқарымдық ішкі жүйелердегі үлгілер негізінен  былай бөлінеді:

      - басқару объектісінің дамуын  болжау;

      - басқару объектісінің келешекке  арнап жоспарлау;

      - басқару объектісінің құрылымын ұйымдастыру;

      - басқару объектісінің қызметін  ағымдық жоспарлау;

      - басқару объектісінің қызметін  жедел реттеу;

      - басқару объектісінің қызметін  есептеу, бақылау және талдау.

      Өндірістік  сипатқа байланысты атқарымдық ішкі жүйелердегі үргілер былай бөлінеді:

      - ғылыми – зерттеу немесе тәжірибелік  жұмыстарды басқару;

      - объектінің өндірістік құрылымын  қалыптастыруды басқару;

      - негізгі өнімді өндіруді басқару;

      - объектінің қосымша – қызмет  көрсетуші өндірісін басқару;

      - көлік үрдісін басқару;

      - негізгі қорларды пайдалану үрдісі  мен өндіріс қуатын басқару;

      - математикалық – техникалық жабдықтауды  басқару;

      - еңбек қорларын басқару;

      - өнім өткізуді басқару;

      - объектідегі қаржы-қаражат жабдықтарын  басқару;

      - басқарушы жүйенің дамуы мен атқарылуын басқару.

      Ақпарат жүйесінің жабдықтаушы бөліміндегі  ішкі жүйелер атқарымдық бөлімінің  әрекет етуі үшін немесе басқару, шешу үшін қажет.

      Жабдықтаушы бөліміндегі ішкі жүйелер келесі түрде бөлінеді:

      - ақпараттық жабдықтау;

      - техтикалық жабдықтау;

      - математикалық жабдықтау;

      - бағдарламалық жабдықтау;

      - ұйымдастырумен жабдықтау;

      - ленгвистикалық жабдықтау;

      - құқықтық жабдықтау;

      - эргономикалық жабдықтау;

      Жабдықтау бөліміндегі ішкі жүйелер әрқайсысы  өз алдына бөлек тақырып болғандықтан, олар туралы тереңірек мағлұмат басқа пәндерде қарастырылады. Дегенмен, жабдықтаушы бөлімдегі ішкі жүйелердің қысқаша сипатын төмендегідей қарастыруға болады:

    - ақпараттық  жобалаудың негізгі міндеті –  басқарылатын объектіні сипаттайтын  динамикалық ақпаратты тұрғызып, ұдайы жаңартып отыру;

    - техникалық  жабдықтау – ақпарат жүйесінің  атқарымдық және жабдықтаушы  бөлімдеріндегі ішкі жүйелерін  қамти отырып, оларды жұмыс істетумен  қамтамасыз ететін барлық техникалық  жабдықтар жиынтығын құрайды;

    - математикалық  жабдықтау деп – жүйедегі есептерді шешіп, ақпаратты өңдеуде қолданылатын математикалық әдістер мен үлгілер, тәсілдер қарастырылады;

    - бағдарламалық  жабдықтау – ақпарат жүйесін  жобалау (тұрғызу) мен жұмыс  істеуге арналған әдістер мен  жабдықтардың, шаралардың жиынтығы;

    - лингвистикалық  жабдықтау – есептеу техникасы  арқылы ақпаратты өңдеу тиімділігін  көтеру мен адам және компьютер  арасындағы қатынасты жеңілдету  мақсатында мәтіндерді сығу және  жою әдістерін, кәдімгі тілді  қалыптастыру ережелері мен тілдік  жабдықтардың бірігуін бейнелейді;

    - құқықтық  жабдықтау –ақпарат жүйесінің  тұрғызылуы мен қызметін және  ұйымдастырылуын реттейтін сұрақтар  мен нормативтік актілерді, сондай-ақ  жүйеге қатысты мамандардың құқықтары  мен міндеттрінің және жауапкершіліктерінің  бірігуін сипаттайды;

    - эргономикалық  жабдықтау – ақпарат жүйесіндегі  адам қызметінің тиімділігін  қолдап, көтермелейтін әдістермен  жабдықтардың бірігуі. 

         
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.2. Ақпараттық жүйені жүйелік тұрғыда жобалау.

      Ақпарат жүйесін қашанда дамып отырған  жүйе болғандықтан  оған сәйкес ақпарат жүйесі де дамып, жетілдіріп отыруы тиіс.

      Жүйенің даму барысы зерттеу, талдау, жобалау, қолдануға ендіру және қолдау сатыларынан  тұады. Бұл сатылар кейде, яғни прототипті әдіс қолданылғанда, бір уақытта  қатар жүргізілуі де мүмкін.

      Бұл сатылардың әрқайсысы өңделу нәтижесінде  мақсатты өнімді қалаптастырады.

      Жүйелік зерттеулер сатысында (1 саты) жүйенің  жүзеге асырылу мүмкіндігі туралы қорытынды  тұжырымдалып, келесі сұрақтар қарастырылады:

  • Мәселе шынымен де қажет пе, немесе оны басқа жолдармен шешуге болама?
  • Жаңа ақпараттық жүйе тұрғызылғаны қолайлы ма?
  • Оны шынымен де жүзеге асыру мүмкін бе?

      Жүйелік зерттеулер стратегиялық барлау қызметін атқарып, бұл сатыда өзекті болып  отырған мәселе бар ма, оны болашақ  жүйе шеше алама және ол қандай болуы қажет деген сұрақтарға да жауап беріледі. Ол үшін зерттеушілер жүйені жоспарлаудың стратегиясын таңдап, орындау мүмкіндігін меңгереді, әрі орындалу мүмкіндігі туралы есеп береді.

      Ұйымның мүддесін қолдайтын жүйені жоспарлаудың стратегиясын таңдау барысында ұйымның ерекшелігімен танысу және қарастырылатын мәселеге ұқсас немесе оған дайын жобалардың сипаттамасымен танысу жүргізіледі.

      Жүйенің орындалу мүмкіндігін меңгеру кезінде  оны тұрғызуға кететін үлкен  шығындар мен ұзақ уақыт мерзімі  ақталатындай болуы тиіс, яғни келесі жұмыстар жүргізіледі:

  • Қолданушының ақпараттық тұтынушылығын алдын ала анықтау;
  • Жаңа өңдеуді жасаудың мүмкіндігін анықтау немесе қолданылып жүрген ақпараттық жүйені жетілдіру мүмкіндігін анықтау;
  • Өңдеу жоспарын тұрғызу.

      Жүйенің орындалу мүмкіндігі туралы есеп беруде зерттеу нәтижелерін құжаттандыру және алдын ала зерттеу нәтижелерін қолданушылар мен жетекшілер назарына ұсыну шаралары жүргізіледі.

      Ондағы  есеп беру құжаттарында:

    • Ұйымдастырушылық, яғни ұсынылатын ақпараттық жүйенң мүмкіндіктері мекеменің стратегиялық жоспарымен сәйкес болуы;
    • Экономикалық, яғни мүмкін болатын шығындарды, инвестицияны зайтып, кірісті көбейту;
    • Техникалық, яғни техникалық құралдар мен бағдарламалардың сенімді, келешекке арналған, қорғалған, керек мезетінде қолданылуы секілді мүмкіндіктердің болуы;
    • Амал жасау немесе қолданушыға өз мәселелерін шешуде нәтиделі қызмет етуі баяндалады.

      Жүйелік талдау сатысында (2-саты) жаңа ақпараттық жүйенің жобалау негізінде қолданушының  ақпараттық тұтынушылығы тереңірек  қамтылады. Сатының қорытынды өніміне – жаңа ақпараттың жүйе қойылатын жүйелік талаптардың құжаттандырылуы жатады.

      Жүйелік талдауда келесі адымдар қарастырылады:

  • ұйымдастырушылық ауқымды таңдау адымы. Бұл адымда жүйені тұрғызушылар тобы ұйымның қызметін, ерекшеліктерін, басқару құрылымы мен әдістерін, ішкі бөлімдердің байланысын, қызмет барысындағы ақпараттың алмасу қозғалысын және т.б жақсы меңгерулері қажеттігі ескеріледі;
  • қолданылып жүрген ақпараттық жүйелерді талдау адымының қажеттілігі, бұрыннан қолданылатын жүйелердегі барлық жабдықтаушы бөлімдердің (ақпараттық, бағдарламалық, математикалық, тнхникалық) ерекшеліктері меңгеріліп, метаақпаратты жинау, ұйымдастыру, сипаттау және мағынасына зер салу жұмыстарының атқарылуы мен сипатталады;
  • жүйе талаптарын талдау сатысында зерттеуші басқару есептерін шешетін негізгі типтік әдістерді білуі тиіс. Жүйе талдаушы маман өзі тұрғызғалы отырған жүйенің атқарымдық ерекшеліктерін де жетік меңгеруі керек;
  • жаңа ақпараттық жүйеде не қамтылуы тиіс екендігін қарастыратын жүйелік талап адымында бұрыннан қолданылып жүрген жүйелер мен жаңа жүйені талдауда шатаспайтын сақтық қажет;
  • келесі, жаңа жүйеге қойылатын талаптарды құжаттандыру адымы. Ол аналитикалық материалдарды қорытындылап, жаңа ақпараттық жүйеге қойылатын атқарымдық талаптарды құжаттарда сипаттайды. «Жүйеге қойылатын талаптар» немесе «Атқарымдық талаптар» құжаттары ақпараттық бөлім мамандары жұмысының негізі болып есептеледі. Сонымен бұл адамда жаңа жүйеге қор (ЭЕМ, құралдар мен байланыс жабдықтары, бағдарламалар, мәліметтер қоймасы, мамандар және т.б.), енулер (ақпараттық қайнар көздер, мәліметтерді жинау әдістері, ену әдістері, мәліметтер көлемі және т.б.), өңдеу, шығу, сақтау және мәліметтерді басқару тараптарымен қисынды байланысқан және құжаттандырылған талаптар қойылады.

Информация о работе Тарау 1 басқару жұмыстарын автоматтандыру