Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2011 в 14:24, реферат
Сұраныстың қисық сызығы - сұраныс заңының графикалық бейнеленуі. Сұраныстың бағаға кері тәуелділігі мына себептерге байланысты: 1) баға төмендегенде сатып алушылар саны көбейеді; 2) түтынушының сатып алу қабілеті өседі; 3) арзандаған тауардың қосымша бірліктерін сатып алу тиімді болады. Баға әсері сұраныс шамасын өзгертеді де, сұраныстың қисық сызығы бойынша (D) көрінеді. Бағадан тыс факторлар сұраныстың өзін өзгертеді және сұраныс қисығын оң жаққа (өскен жағдайда) және сол жаққа (төмендегенде) ысырады.