Сұраныс пен ұсыныстың нарықты тетігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2011 в 14:24, реферат

Краткое описание

Сұраныстың қисық сызығы - сұраныс заңының графикалық бейнеленуі. Сұраныстың бағаға кері тәуелділігі мына себептерге байланысты: 1) баға төмендегенде сатып алушылар саны көбейеді; 2) түтынушының сатып алу қабілеті өседі; 3) арзандаған тауардың қосымша бірліктерін сатып алу тиімді болады. Баға әсері сұраныс шамасын өзгертеді де, сұраныстың қисық сызығы бойынша (D) көрінеді. Бағадан тыс факторлар сұраныстың өзін өзгертеді және сұраныс қисығын оң жаққа (өскен жағдайда) және сол жаққа (төмендегенде) ысырады.

Содержимое работы - 1 файл

пен ұсыныстың нарықты тетігі.doc

— 62.50 Кб (Скачать файл)

Сұраныс пен ұсыныстың  нарықты тетігі. 

Тақырып мақсаты:

Сұраныс пен  ұсыныс – нарықты зерттеу және сегменттеудің мәселелерін шешетін  категорияларымен таныстыру 

Сүрақтар:

  1. Сұраныс пен ұсыныстың түсінігі, олардың қызметтері.
  2. Сұраныс заңы.
  3. Сұраныс қисығы.
  4. Сұранысты анықтайтын факторлар.
  5. Ұсыныс кисығы.
  6. Ұсынысты анықтайтын факторлар.
  7. Ұсыныспен Сұраныстың өзара байланысы.
  8. Нарықты тепе-тендік.
 

 Нарықты зерттеу және сегменттеу сұраныс пен ұсыныстың бітпейтін өзара әрекеттестігімен сипатталады. Сұраныс дегеніміз - адамдардың тауар сатып алуға талабы мен қабілеттілігі. Баға мен бағадан тыс факторлар сұранысқа ықпал тигізеді. Сұраныс заңы - сұраныс көлемінің бағаға кері төуелділігі деп білеміз: тауардың бағасы неғұрлым төмен болса, тауар сұранысы соғұрлым жоғарылайды. Сұраныстың қисық сызығы - сұраныс заңының графикалық бейнеленуі. Сұраныстың бағаға кері тәуелділігі мына себептерге байланысты: 1) баға төмендегенде сатып алушылар саны көбейеді; 2) түтынушының сатып алу қабілеті өседі; 3) арзандаған тауардың қосымша бірліктерін сатып алу тиімді болады. Баға әсері сұраныс шамасын өзгертеді де, сұраныстың қисық сызығы бойынша (D) көрінеді. Бағадан тыс факторлар сұраныстың өзін өзгертеді және сұраныс қисығын оң жаққа (өскен жағдайда) және сол жаққа (төмендегенде) ысырады.

  Ұсыныс дегеніміз - сатушылардың рынокқа тауарларды сату үшін ұсынудағы талабы мен қабілеттілігі. Ұсынысқа баға және бағадан тыс факторлар әсер етеді. Ұсыныс заңы -ұсыныс шамасының баға деңгейіне тікелей тәуелділігі: баға жоғарылаған сайын, рыноктағы ұсыныс шамасы ұлғаяды. Ұсыныстың қисық сызығы - ұсыныс заңының графикалық бейнеленуі. Бағадан тыс факторлар ұсынысты өзгертеді де, ұсыныстың қисық сызығы оң жаққа (өскен жағдайда), сол жаққа (төмендегенде) ығыстырылады.

 Сүраныс  мен ұсыныстың өзара ерекеттестігі баға механизмі мен бәсеке негізінде іске асырылады. Бұл сұраныс мен ұсынысты теңестіріп, тепе-тең бағаның құрылуына әкеліп соғады. Егер нарықты бага тепе-теңдік бағадан артық болса, артық ұсыныс (артылып қалу) пайда болады, немесе ұсыныс шамасы тауар сұранысынан асып кетеді. Егер на рықтық баға тепе-тең бағадан төмен бекітілетін болса, қанағаттанарлықсыз сұраныс (тапшылық) пайда болады, бұл жағдайда сұраныс шамасы  ұсыныс шамасынан басым болады.

 Тауардың  бағасының өзгеруі, тұтынушылардың  кірісі мен басқа тауарлардың бағасы сұранысқа әр түрлі әсер етеді. Икемділік дегеніміз - бір айныманың екінші айныманың өзгеруіне пайыздық өзгерістің қатынасы ретінде көріну реакциясы.

 Тауар  баға икемділігіне көбірек ие  болған сайын оның алмастырушылары көбірек болады (немесе тұтынушыға қажеттігі аз болса). Ұсыныстың икемділігіне ықпал ететін маңызды фактор - уақыт. Ұсыныс әдетте ұзақ мерзімге икемді (өйткені өндірісті үлғайту немесе өндірісті басқа бір түріне ауыстыруға мүмкіндік бар) - бағаның өзгеруі ұсыныс шамасына әсер етеді. 

  Қисық сұраныс нәтижелері

 

                               

                °э         Q 
                 

 

Сұраныстың  қисық сұраныс                        Бағадан тыс факторлардың әрекет нәтижесінде

бойынша қозғалу бағаның  өзгеруіне           сұраныс өзгереді (қисық сызықтық ысырылуы).

орай  сұраныстың ұлғаюын білдіреді           Оң жаққа ығысуы - сұраныстың ұлгаюы

Сұраныстың  бағадан тыс факторлары. 

                                                               

    

 

 
 
 
 
 
 
 

Ұсыныстың бағадан тыс факторлары. 

                

 
 
 
 
 
 
 
 

Икемділік түрлерімен өзгеруі  процесстері 
 
 

 

 
 
 

 

 
 
 
 

 
 
 
 

Әдибиеттер: 

1Современная  зерттеу және сегменттеу. Многоуровневая  учебное пособие (Под ред. О.Ю.Маметова-Ростов  на Дону, Феникс 2001)

2. Блинов  А.О. Малое предпринимательство.  Организационные и правовые основы  деятельности. М. Ось-89. 1998г.

3. Мамыров  Н.К., Ихданов Ж.  Государственное  регулирование экономики в условиях  Казахстана  (теория,опыт, прблемы). Учебное пособие-Алматы: Зерттеу және сегменттеу, 1998г-248с.

4. Мамыров  Н.К. Смагулов Н.Т. Яновская  О.А. и др. Основы предпринимательства.  Учебное пособие - Алматы 1997г-72с. 

Бақылау сұрактары: 

  1. Сұраныс пен  ұсыныстың түсінігі, олардың қызметтері.
  2. Сұраныс заңы.
  3. Ұсыныспен Сұраныстың өзара байланысы.
  4. Нарықты тепе-тендік.

Информация о работе Сұраныс пен ұсыныстың нарықты тетігі