ҚР мемлекеттік экономикалық саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 21:07, реферат

Краткое описание

Нарықтық экономиканы біртұтас жүйе ретінде алғанда, тұрақты да тоқтаусыз өзгеріп дамиды және күрделіне түседі. Нарықтық экономика дамыған сайын, оның бір-бірімен байланысы, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, технологиялық, экологиялық, тіпті, саяси және халықаралық т.б. даму факторлары және ішкі ұйымдық-экономикалық құрылымдары (объективтілері мен субъективтілері) қалыптасып, өзгеріп, бір-біріне ықпал жасап, әр түрлі қайшылықтарды өмірге әкеледі.

Содержание работы

Экономикалық саясаттың дамуы
Экономикалық саясат субъектлері
XXI ғасырдың қарсаңындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясаты

Содержимое работы - 1 файл

КР мемлекеттик экономикалык саясаты 10 бет.doc

— 75.50 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым  министрлігі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Р Е Ф Е Р А  Т 

ТАҚЫРБЫ: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫ  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      ОРЫНДАҒАН:

                                                            ТЕКСЕРГЕН: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ЖОСПАР:

 
  1. Экономикалық  саясаттың дамуы
  2. Экономикалық саясат субъектлері
  3. XXI ғасырдың қарсаңындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясаты
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Нарықтық  экономиканы біртұтас жүйе ретінде алғанда, тұрақты да тоқтаусыз өзгеріп дамиды және күрделіне түседі. Нарықтық экономика дамыған сайын, оның бір-бірімен байланысы, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, технологиялық, экологиялық, тіпті, саяси және халықаралық т.б. даму факторлары және ішкі ұйымдық-экономикалық құрылымдары (объективтілері мен субъективтілері) қалыптасып, өзгеріп, бір-біріне ықпал жасап, әр түрлі қайшылықтарды өмірге әкеледі. Мезгілі жеткен кезде, олар шешімі күрделі әлеуметтік-экономикалық, саяси қиыншылықтарға соқтыруы мүмкін, бірақ осының жалпы басым нәтижесі - нарық механизмі тиімділігінің артуы болады. Бұл заңдылық нарықтық экономиканың барлық тарихи даму кезеңдерінде, оның қарапайым тауар айырбастау формаларының  пайда болуынан бастап, ұлттык-мемлекеттік шеңберіндегі нарықтық шаруашы-лықтардың қалыптасуын қоса, осы күнгі күрделі халықаралық нарық түрлеріне дейін тоқтаусыз жалғасып келеді.

   Мысал ретінде XVIII ғ. соңы - XIX ғ. бас кезінде Батыс елдерінде болған процестерді алуға болады. Бұл кезең адамзат тарихында әлеуметтік-экономикалық прогрестің мәнін терең түрде өзгерткен, өнеркәіптік революция (өнеркәсіптік төңкеріс) деп танылған процеспен сипатталады. Нәтижесі -экономикалық дамудың қарқынды өсуін тудырған жаңа сапалық даму деңгейі. Экономикалық өсу қарқыны артуы және нарықтық қатынастар ауқымынын кеңеюі нәтижесінде тауарларды көптеп (жаппай) өндіру әдісі машиналық-индустриялық өндірістің негізгі белгісі болады. Тауарларды жаппай (көптеп) өндіру бір өнімге (өнім өлшеміне) кеткен өндіріс шығындарын азайтуға мүмкіндік берді. Өнімнің арзандауы өндіріске тартылған халық санының өсуі және табыстардың артуы нарық айналымын елеулі түрде кеңейтті.

   Өндірістің  техникалық дамып өсуі  кездейсоқ  болған өқиға емес. Оны тек адамзат қоғамындағы білімнің қолданылуымен ғана түсіндіруге болмайды. Ғылыми-техникалык жаңалықтардың ашылуы экономикалық қажеттіліктен туындайды. Сауданың өсіп-кеңейюі, айналымдағы тауар-ақша массасының артуы бәсекелестікті өршітті. Оның үстіне Еуропаның шектеулі аумағында халықтың саны өсіп, экономикалык кеңістік тарыла түсті; бұл жағдай да бәсекелестікті одан әрі асқындырып жіберді. Бір-бірімен карсыластық, басқалардан жоғары экономикалық нәтижеге ұмтылу, өндірістегі өз орнын сақтап қалу мақсаты іскерлер қауымының көптеген өкілдерін жаңа техникалық және технологиялық шешімдер іздестіруге итермелеп, ынталандырды.

ХVIII-ХІХ ғ.ғ. экономикалық өзгерістер көптеген басқа әлеуметтік-экономикалық процестердің өзара байланыстарына, нақты айтқаңда, нарық механизмі мен мемлекет арасындағы байланыстарға жаңаша негіз қалады. Шаруашылық жүйенің күрделенуі мемлекеттің қолдау, түзету, үйлестіру әрекеттеріп арттыруға мәжбүрледі. Мемлекеттің міндеті нарық инфра-құрылымын құру болды немесе экономикалық дамуды кұқықтык институттар мен тәртіп нормаларымен қамтамасыз ету экономикалық дамудың ішкі және сыртқы қауіпсіздігін, ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтау. Осындай инфрақұрылым нарық механизміне, оның тиімдірек қызмет аткаруы үшін қажет болды, арттыруға мәжбүрледі. Мемлекеттің міндеті нарық инфрақұрылымын құру болды немесе экономикалық дамуды кұ-қықтық институттар мен тәртіп нормаларымен қамтамасыз ету экономикалық дамудың ішкі және сыртқы қауіпсіздігін, ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтау. Осындай инфрақүрылым нарық механизміне, оның тиімдірек қызмет аткаруы үшін қажет болды.

   Осы айтылған экономикалық ақиқаттылықтардың өзара қабысу (нарық-өндірістік революция, нарық-мемлекет) тиімділігінің жоғары болғаны сондай, XX ғасырдың алғашқы онжылдықтарында экономиканың өсу қарқыны тіпті шамадан тыс артып кетті. Ол кезде шаруашылық жүйенің жалпы экономикалық тепе-теңдікті сақтап қалу механизмі әлі жоқ еді. 1929-1933 жылдардағы бүкіл әлемдік экономикалық дағдарыс - соның қасіретті айғағы. Осыдан кейін: мемлекеттің экономикаға қатысуын жаңа деңгейге көтеріп, шаруашылық механизмі мен мемлекеттің өзара байланыстарының тиімдірек нұсқасын (вариантын) табу қажет деген тұжырым жасалды. Экономика мемлекеттің жан-жақты және тұрақты қолдауын қажет ететін болды. Осылай «экономикалық саясат» деп аталатын құбылыс (феномен) пайда болды.

   Өзгеріп кеткен жағдайда мемлекет инфрақұрылымдық сипатты шаралар жүйесін күрт кеңейтті. Бірақ нарық механизмінің жаңаша өзгерген түрінің негізгі қажет еткені - нарықтық экономиканы сырттан реттеп-үйлестіру әдістері болды. Нарық механизмінің өзін-өзі іштен реттеу мүмкіншілігінің шектеулі екені айқындалып, оны енді сырттан түзетіп-реттеу (корректировка) қажеттігі артты.

  Сырттан реттеп-түзету шаралар жүйесіне үздіксіз дамитын нарықтық экономиканың жалпы  экономикалық тепе-теңдігін сақтап тұру жатады. Тепе-теңдік ұғымының өзі экономикалық қана емес, сонымен катар, әлеуметтік реңк алды. Әлеуметтік сақтандырудың көп тармақты жүйесін жасау қажет болды.

  Экономикалық  саясат элементтерінің алғашқы жасалған кезеңін XIX ғасырдың соңынан бастаған дұрыс. Мысал ретінде бұл жағынан басқалардан озған Германияны алуға болады. O. Бисмарктың нұсқауымен Германияда әлеуметтік қорғау туралы заңдар қабылданды, соның негізінде жаңа сфера өмірге келді.

   Алғашқы экономикалық саясаттың ерекше сипаттық белгісі - оның жеке-жеке қалыптасқан жағдайларды түзетуге бағытталған стратегиясы. Мұндай экономикалык саясат теорияда «нүктелік» (точечная) стратегия деп аталады. Оньщ шеңберінде экономикалық саясаттың келесі жекелеген түрлері практикада қолданылды: кедендік, аграрлық, өндірістік, әлеуметтік. XX ғ. бас кезінде осындай «шашыранды» саясаттың орнына жаңа нұсқасы келді.

 

   Кең ауқымды да кешенді экономикалық саясат жасап; оны жүргізуге қуатты ықпал жасаған және мәжбүр еткен бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар болды. Соғыс қоғам өмірінде өте өткір саяси-әлеуметтік және экономикалық проблемалар жүйесін қалыптастырды.

   Бірақ сонда да нарықтық экономиканың өзін-өзі  реттеу мүмкіншілігіне деген сенімді  түпкілікті үзген - жоғарыда айтылған, 30-шы жылдардың әлемдік экономикалық дағдарысы болды. Мемлекеттің араласуы аймақтық қана емес, жалпы экономикалық, ал кейінірек халықаралық сипат алды.

   Арнайы  әдебиеттерде экономикалык саясаттың  көптеген аныктамалары кездеседі. Солардың ішінде ГФР елінің белгілі ғалымы X. Гирш қысқа, бірақ мазмұны терең анықтама берген еді. Гирштің пікірінше, мемлекеттің экономикалык саясаты - экономикалық процестердің бағытын бір арнаға түсіру үшін жасалған, оларға ықпал ету, немесе олардың ағымын алдын ала анықтап, тікелей реттеу шараларының жиынтығы.

   Мемлекеттік реттеудің іс-шаралар жүйесінде  оның түрлі, мысалы, практикалық және ғылыми, жақтарын 6өліп анықтауға болады. Практикалық жағы - бұл мемлекеттік реттеудің нақты іс-шаралар жиынтығы. Теориялық жағы бұл ұлттық экономиканың ең тиімді дамуына ықпал жасайтын жағдайларды, себептерді және іс-әрекеттерді жүйелі түрде зерттеу; оның ғылыми аспектісіне экономикалык саясаттың үлгілерін (модельдерін) және болжау-бағдарламасын жасау да жатады.

   Ғылыми-экономикалық сананы қалыптастыру - экономикалық саясат теориясының маңызы зор міндеті  болып саналады. Нақты алғанда, мемлекеттің  міндеті - «жалпы жағдайды жасау, ал оның шеңберінде әрбір шаруашылық субъектілері рационалды шешімді өздері қабылдап, іс-әрекет қылу қажеттігін түсіндіру».

   Экономикалық  саясатта жалпы-экономикалық процестерге  ықпал жасаушы және нақты шаруашылық салаларын реттеуші әдістер бөліп көрсетіледі. Соңғыларына мемлекет қызметкерлерінің еңбек ақысын реттеу, жоғары және жалпы білім беру мекемелерін қаржыландыру, ұсақ кәсіпкерлікті қолдау жатады.

   Институционалдық  және салалық анықтау принциптеріне  сәйкес: аграрлық, өндірістік, сыртқы экономикалық, әлеуметтік саясат түрлері анықталады. Функционалдық анықтау белгілеріне сәйкес экономикалық саясаттың конъюктуралық, құрылымдық, баға, валюта, несие және қаржы нұсқаларын (варианттарын) анықтауға болады.

   Экономикалық  саясаттың қалыптасу жағдайын қарастырып болған соң, оны мынадай үш қағидалық анықтамамен аяқтауға болады.

    1. Экономикалық     саясат    әрқашан    да    екі     фактордың: шаруашылық  жағдайының  тоқтаусыз  өзгеруі  және  экономикалық сана мен  ойлау деңгейінің ықпалында болады.  Осы  факторлар  өзара  байланысты  келеді,  сонымен бірге, олар шартты түрде бір-біріне тәуелсіз болады.

       Қоғамның  дамуымен бірге экономикальқ сана мен  сенім де өзгереді, экономикалық құндылық ұғымының мазмұны ауысады. Осыған байланысты, тіпті, дәстүрлі міндеттемелердің өзі де жаңаша көзқарасқа сәйкес шешіледі.

2. Дамыған   елдерде   қалыптасқан    тәжірибе   көрсеткендей, экономика-лық  саясаттың тиімділігі сол елдің  нақты жағдайына неғұрлым жақын  жасалса, соғұрлым жоғары болады  екен. Экономикалық саясат елдегі  саяси күштердің ара қатынастарын,    өндірістік-техникалық    мүмкіншіліктерін, әлеуметтік құрылымының жағдайларын, мемлекеттік мекемелсрдің   жалпы экономикалық  және  жергілікті  тәртіптерін есепке алып, ескеруі қажет болады екен.

3.Экономикалық  саясат  елдің  саяси  бағытын   қолдан  нығайтатын маңызды құрал болады.

Бұрынгы Кеңес әдебиеттерінде экономикалық саясаттың субъектісі ретінде тек  қана мемлекет алынған. Бұл, әрине, шектеулі идеологиялық көзқарас. Экономикалық саясат субъектілері бірнешеу. Оларға мемлекеттің өзі (оның құрамындағы  аймақтық және жергілікті институционалдық құрылымдарын қосқанда) және мемлекеттік емес қоғамдық одақтар мен бірлестіктер жатады. Осы саяси-экономикалық субъектілерді іс-әрекеттік сипаттары әртүрлі. Мемлекеттің саяси және экономикалық билігі бар. Қоғамдық одақтар мен бірлестіктер тек өздерінің мүмкіншілігіне ғана сүйене алады, олардың заң қабылдау билігі жок. •

   Мемлекет  экономикалық саясат субъектісі ретінде. Мемлекеттің билігі елдегі әртүрлі өндірушілер мен тұрғындар топтарының мүдделерін келістіріп, олардың еңбек пен іскерлік әрекеттерінің белсенділігін белгіленген біржақты мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдалануы қажет. Экономикалық мемлекеттік реттелуі кейде иерархиялық жүйе ретінде құрылады. Ең жоғарғы мемлекеттік деңгейде Заң шығарушы жәнс оны атқарушы билік тармақтары ажыратылып, олардың қызмет атқару шектері айқындалған. Парламентке экономикалық саясаттың негізгі бағыттары талқыланады және қабылданып бекітіледі немесе қайта қайтарылады. Қабылданған эконономикалық саясатгың өмірге енгізіліп, оның іске асырылуьн атқарушы билік тармағы - үкімет жауап береді. Үкімет өз кезегінде саясат мақсаттары мен тапсырмаларын іске асыру құқықтарын мемлекеттің әр түрлі мекемелеріне (институттарьна) бөліп береді. 

   Қызметтерді бөлісу принципі мемлекеттің ұйымдьқ-саяси типіне байланысты. Соңғысы федерациялық немесе тандырылған мемлекет болуы мүмкін. Федеративті құрылымда экономикалық саясаттын үш субъектілік деңгейлері анықталады: федералдық, аймақтық және жергілікті. 

   Батыстың  құкыктық жүйесі жағдайында мемлекетке жақын тағы да бірталай құрылымдар қызмет атқарады және олар да экономикалық саясаттың субъектілері ретінде танылады. Оларға «қоғамдық-праволық» деп аталатын мәртебесі (статусы) бар құрылымдар жатады. Олар жекеменшік фирмалар сияқты толық ерікті емес, сонымен қатар, мемлекетті басқару аппараты құрамына да кірмейді. Оларға мемлекеттік басқару құрылымдарының құзырынан белгілі бір қызмет түрлері алынып берілген. Мысалы, ГФР-да осындай қүрылымдар қатарында аймақтық (регионалдық) сақтандыру басқармалары, жергілікті емдеу мекемелерінің касса (төлем төлеу) жүйелері бар; Швейцарияда - коғамдық транспортты қолдау агенттігі, өрт қауіпсіздігін сақтау ұйымдары бар.

   Осындай институционалдық ұйымдар мемлекет пен жеке сектор арасындағы аралық орындарды иеленеді. Олар экономиканың жеке меншік секторы мемлекеттің тікелей және белсенді реттеу роліне қарсы болатындығына байланысты құрылған. Экономиканы мемлекет тарапынан реттеу механизмінде олардың атқаратын қызметтері шектеулі.

    Болашақтағы Қазақстан Республикасы экономикасының негізгі экономикалық мақсаттары мына бағдарлама құжатында анықталады: «Қазақстан егеменді ел ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясы» бағдарламасында (1992 жыл) Назарбаев Н.Ә. экономика саласындағы, яғни қоғамдық өмірдін шешуші саласындағы стратегиясы үш кезең ішінде нарықтық жүйеге өтуді жалғастыру болатынын атап керсетті:

Информация о работе ҚР мемлекеттік экономикалық саясаты