Қор нарығы және оның қалыптасуының ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2012 в 05:49, реферат

Краткое описание

Қор нарығы (ағылшын тілінде Stock Market) бағалы қағаздардың саудасын жасауға мүмкіндік беретін механизмдер жиынтығын білдіруге арналған ұғым. Бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығының дәстүрлі формасы болып табылатын қор биржасы – бұл бағалы қағаздар мен басқа қаржылық құралдардың тұрақты қызмет етуші нарығы, ақшалай капиталдардың қозғалысына қызмет көрсетуші, қаржы нарығын реттеушілердің бірі.

Содержимое работы - 1 файл

Қор нарығы және оның қалыптасуының ерекшеліктері.doc

— 92.00 Кб (Скачать файл)

      Қазақстанда қазақстандық эмитенттердің бағалы қағаздарымен операцияларды жүзеге асыратын «Қазақстандық қор биржасы» АҚ (KASE) бас биржалық алаң ретінде қазіргі уақытта акциялар нарығының (KASE Shares) және облигациялар нарығының (KASE BY, KASE BC, KASE BP) өз индекстерін есептейді. Биржалық индекстер инвесторлар мен кредиторларға акциялар мен корпоративтік облигациялар нарығының жағдаятының жалпы жай-күйі, бағалы қағаздардың сұранысы мен ұсынысының көлемі, олардың қор нырығындағы бағалары өзгеоісінің тенденциясы жөнінде маңызды ақпарат береді.

      Инвесторлар мен кредиторларға қор нарығына қатысатын көп қаржы құралдарында дұрыс шешім қабылдауда эмитенттердің инвестициялық  тартымдылығы  мен кредит төлеу қабілетін талдау және бағалаумен айналысатын рейтингтік агенттіктер тағайындалатын бағалы қағаздардың рейтингі өте маңызды ақпарат болып табылады.

      Қазіргі уақытта Қазақстандық қор нарығында  осы қызметтерді Moody`s Interfax Rating Agency және Standard & Poor`s әлемдік рейтингтік агенттіктердің Ресейлік бөлімшелері көрсетеді. Қазақстанда  ұлттық рейтингтік агенттіктер құру әрекеті жасалуда.

      Қазақстанда ұзақ уақыт бойы негізінен мемлекеттік  бағалы қағаздар нарығы дамып келеді. Қазақстандық қор нарығының корпоративтік секторы ірі эмитенттер өздерінің IPO-сымен әлемдік қор нарығына шыға бастағаннан кейін дами бастады, нарыққа қатысушылар көпке танымал болу соншалықты қауіпті емес және меншікті қағаздарды орналастыру тиімді болу мүмкін екенін түсінді.

      Алайда  ішкі нарықта эмитенттелетін корпоративтік  қор құндылықтарының негізгі бөлігі, әдетте, сатылмайды, қайталама нарықта белсенді қозғалыс болмағандықтан, бағалы қағаздардың шынайы бағасының белгіленбеуіне байланысты, тек маркет-мейкерлердің қызметі арқылы листингте қолданып, сатылмайды.

      Қайталама нарықты қалыптастыру үшін стратегиялық ауқымды кеңейту қажет, сондай-ақ тактикалық инвесторлар да пайда болуы тиіс. Стратегиялық инвестициялауда кәсіпорындарда бақылауды немесе шешім қабылдауға қатысуды қатысуды қамтамасыз ететін бағалы қағаздар таңдалады. Стратегиялық инвесторды осы қағаздардың нарықтық бағасының – бағамының жылдам өсуі қызықтырмайды және тіпті ол жақын жылдары олардан пайда алуға тырыспайды. Аталмыш инвестор кәсіпорынның өзін нығайтуға, оның өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, оның нарықтарға шығуына, шын мәнінде, бүкіл капиталды, демек, стратегиялық инвестордың үлесін арттыруға мүдделі болады.

      Тактикалық  инвестициялауда бағалы қағаздар олардың  нарықтық бағасы көтерілгенде оларды сату мақсатында сатып алынады. Тактикалық инвесторға өзінің машина жасау зауытының  немесе аяқкиім фабрикасының бағалы қағаздарын сатып алып тұрғаны шын мәнінде бәрібір, оған тек қор қағаздарының бағасы өсетін кәсіпорынды таңдау маңызды. Бүгінгі күні Қазақстандық қор нарығына тактикалық инвесторлар қажет, өйткені отандық стратегиялық инвесторлардың белгілі бір ділді ұстануына байланысты, олардың болуы биржалық сауданың дамуын тежейді.

      Нарыққа көшетін елдерде, әдетте, алдымен  тактикалық инвестициялау басым  болады, тек белгілі бір кезеңде  стратегиялық инвестор пайда болады. Ресейдегі оқиғалар осы сценарий бойынша дамып, қайталама қор нарығы да осылай дамиды. Банк секторы әжептәуір дамыған, ал бәсекенің деңгейі банк қызметінің дамуына ықпал ететін Қазақстанда ықтимал эмитенттер қорлануды қолдануға асықпайды және өтімділік проблемасы туындағанда кредиттеуді жөн көреді.  

Қазақстандық қор нарығының ерекшеліктері 

      Қазақстандық  қор нарығының барлық сегменттері  – мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы, акциялар нарығы мен облигациялар нарығы әр түрлі қарқынмен дамып келеді. Соңғы кезде облигациялар нарығы қарқынды дамуда. Компаниялар қымбат банк кредитін алудың орнына оларды көлемі, бағасы мен мерзімі жағынан қолайлы инвестициялық ресурс тартуды осының балама түрі ретінде қарастырады. Сөйтіп, Қазақстандық облигациялар нарығы қор нарығының дамуын көтермелеуге, жеке инвесторлардың назарын аударып, банк кредитінің жоғары құнын өтеуге әрекет жасауда.

      Қазақстандық  акциялар нарығында акцияларды ұстаушылар шоғырлануымен және қосылуымен ерекшеленеді. Осы нарықта инвестициялық жағынан  тартымды акцияларды инвестициялау  мүмкіндігі шектеулі, акциялар қозғалмайды, сондықтан олардан шамадан тыс табыс алу мүмкін емес. Осының салдарынан қордағы алыпсатарлар акцияларға қызығушылық танытпайды, сол себептен «алыпсатарлық» жағынан келешегі жоқ Қазақстандық нарық қалыптасып отыр. Енді акциялар нарығының осылай дамуының себептеріне тоқталайық.

      Нарыққа ойдағыдай сатылатын құралдардың  шектеулі саны қатысады. Негізінен  бұл мұнай-газ секторының ірі  компанияларының, шикізат және инфрақұрылымдық  салалардың, өте ірі банктердің бағалы қағаздары, ал эмитенттердің басым көпшілігінің бағалы қағаздары өтімсіз болып табылады. Мұның өзінде басқа экономикалармен салыстырғанда акция шығаратын компаниялардың жалпы саны шамалы. Қазақстанда 2005 жылы 2300 эмитент-компания тіркеледі (KASE листингіне тек 118 компания), ал АҚШ-та 7000-нан астам компания кіреді.

      Қазақстандық  нарықта еркін айналыстағы акциялар саны аз, бұл бір жағынан, олардың  өтімділігін төмендетеді, ал екінші жағынан, бағаға «алыпсатарлық» үстеме баға қосады.

      Қолданыстағы  тиісті нормативтік базаның жетілдірілмеуі (мысалы, инвесторлардың құқығын қорғау туралы заңның болмауы) және мәміле жасаудың техникалық инфрақұрылымының дамымауы қор нарығының дамуын тежейтін маңызды фактор болып табылады. Мысалы, Ресеймен салыстырғанда Қазақстанда бағалы қағаздармен мәміле бойынша клиринг пен есеп айырысудың құны 4 есеге және Лондоннан 8 есе қымбат тұрады. Мұның өзі Қазақстандық қор нарығының бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп, оның дамуын тежейтін тағы бір елеулі проблеманы – Қазақстандық бағалы қағаздармен жасалатын операциялардың Қазақстандық сауда алаңдарынан батыс сауда алаңдарына көшу проблемасын қарастыруда.


Информация о работе Қор нарығы және оның қалыптасуының ерекшеліктері