Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2011 в 18:37, реферат
Қоғам - экономикалық және рухани біртұтастықпен, өмір сұру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипатталатын, белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі.
1. ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ
1.2 САЯСИ ЖҮЙЕ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
1.3 ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ПРОЦЕСТЕР
2.1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛКАСЫНДАҒЫ САЯСИ КҮШТЕРДІҢ КЕМЕЛДЕНУ ҮРДІСІ
2.2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ЖҮЙЕНІ РЕФОРМАЛАУ
- Мемлекеттiк құрылыста билiктiң заң шығарушылық, атқарушылық жəне сот тармақтарына бөлiну принципi конституциялық тұрғыда айқындалды.
- Мемлекет басшысын сайлау баламалы негiзде өткiзiлдi.
- Өкiлдi органдарға (Парламент жəне мəслихаттар) сайлауды партиялық тiзiм бойынша өткiзудiң негiзi қаланды, ол партиялық құрылыс процесiн жандандыруға, мемлекеттiң саяси өмiрiнде партияның рөлiн күшейтуге жəрдемдесуге тиiс.
- Саяси плюрализм заң жүзiнде бекiтілді, көппартиялылықты қалыптастырудың негiзi қаланды.
- Мемлекеттiк емес бұқаралық ақпарат құралдары түзiлiп, жұмыс iстеуде. Қоғамның əр түрлi топтары мен жiктерiнiң мүддесiн бiлдiретiн үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар құру процесi жүрiп жатыр.
- Нарықтық экономиканың дамуы қазақстандық саяси ортада дербес əлеуметтiк-демократиялық идеялардың бекуi үшiн əлеуметтiк база болған меншiк иелерiнiң жеткiлiктi өкiлдi жаңа табын құруға алыпкелдi. Қоғамды жəне оның саяси жүйесiн одан əрi ырықтандыру адамдардың осы əлеуметтiк топтарының ұмтылыстарына жауап бередi.
- Қазақстан халқының бiлiм деңгейiнiң жоғарылығы тұтас алғанда қоғамды одан əрi демократияландыруға да ықпал етедi.
- Ұлтаралық татулық саясатын жүргiзу құралы ретiнде Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.
Саяси жүйені реформалаудың әлсіз жақтары:
- Атқарушы билiктiң шектен тыс орталықтандырылуы жəне тұрақсыздығы.
- Өкiлдi органдардың қызметi қазiргi қоғамдық-саяси жəне əлеуметтiк-экономикалық жағдайға толық дəрежеде сай емес.
- Партиялардың саяси жүйедегi рөлi əлi де əлсiз, қазiргi саяси партиялардың жұртшылыққа белгiсiздiгi жəне əрекетсiздiгi.
- Биліктің өзара iс-қимылының тетiктерiн пысықтау жəне жетiлдiру қажеттiгi.
- Сот жүйесiнiң жекелеген буындарының атқарушы билiкке тəуелдiлігiнің сақталуы.
- Демократиялық дəстүрлердiң жəне ырықтандырылған, нарықтық экономика жағдайында өмiр сүру тəжiрибесiнiң жетiспеушiлігi.
Мүмкiндiктер:Қоғамның демократиялық реформаларды жалғастыру, демократиялық институттарды тұрақты түрде дамыту мен нығайту қажеттiгiн түсiнуi; Құқықтық мемлекет iсiне бүкiл қазақстандық қоғамның күш-жiгерiн шоғырландыру, онда заң үстемдiк етедi жəне азаматтардың түбегейлi құқықтары мен бостандықтары қамтамасыз етiледi; Елдiң əлемдiк қауымдастыққа ақпараттық интеграциялануын кеңейтуге ықпал ететiн Қазақстан қоғамының ашықтығы; Саяси дамудың халықаралық оң жəне терiс тəжiрибелерiн кеңiнен зерделеу мүмкiндiгi; Əлемде демократиялық процестердiң ғаламдануы жəне мемлекеттердiң экономикалық жəне саяси өзара тəуелдiлiгiнiң артуы.
Қатерлер:Шет елдердiң тəжiрибесi, егер жүйе өз дамуында тоқырауға ұшыраса, оның ұдайы өзгерiп отырған сыртқы жəне iшкi жағдайларға барабар үн қосудан қалатынын дəлелдейдi. Мұндай жағдайда болжаусыз елдегi жағдайды тұрақсыздандыруы мүмкiн əлеуметтiк-саяси зардаптар қатерi туындайды. Демек, жүйе ұдайы серпiндi дамып отыруға, қоғамдағы өзгерiстерге бейiмделуге жəне сол өзгерiстерге үн қатуға тиiс. Қазiргi уақытта ел басынан өткерiп отырған əлеуметтiк-экономикалық қиындықтар жəне соның салдарынан халықтың бiр бөлiгiнiң əлеуметтiк қанағаттанбаушылығы қоғамда əр алуан əлеуметтiк жанжалдардың, жалпы iшкi саяси тұрақсыздықтың туындау қаупiн арттырады. Елдiң көпұлттылығы əр түрлi этникалық топтар мүдделерiн үйлестiрудiң демократиялық тетiктерi болуы қажеттiгiн талап етедi. Тарихтың бiрнеше мəрте көрсеткенiндей, ұлтаралық проблемаларды демократиялық емес əдiстермен шешу орын алған жерде көпұлттылық мемлекеттiлiк ұстынын шайқайтын жəне қоғамды iшкi тұрақсыздыққа жетелейтiн фактор ретiнде көрiнедi.
ХХ ғасырдың соңы демократиялық процестердiң ғаламдануымен сипатталады. Көптеген елдер саяси жүйенi демократияландыру жолына түстi жəне демократиялық дамудың қандай да бiр сатысында тұр. Əрбiр елдiң өзiнің саяси тарихы, өзiнiң саяси дəстүрі өзiнiң саяси мəдениетi, өзіндiк тарихи даму жолы бар. Сондықтан əрбiр елдегi демократияландыру процесiнiң өз ерекшелiктерi, алғышарттары немесе керiсiнше, кедергiлерi бар. Саяси жүйенi өзгертудiң едəуiр мол тəжiрибесi жинақталған, оны зерделеу мен талдау жүргiзiлiп жатқан жаңартулардың дұрыстығын бағдарлауға мүмкiндiк бередi.Демократиялық жетiстiктердiң барлығына қарамастан, қазiр Қазақстанның демократияландырудың бастапқы кезеңiнде ғана тұрғаны анық жəне алда саяси жүйедегi реформаларды дəйектi жəне ойластырылған түрде жалғастыру мiндетi тұр.
Мынадай стратегиялық мiндеттердi шешу қажет:
- елдiң саяси өмiрiнде өкiлдi билiк органдарының рөлiн кеңейту;
- соттардың
iс жүзiндегi тəуелсiздiгiн жəне
кəсiби құзыреттiлiгiн
- басқару
функцияларының бiр бөлiгiн
- көппартиялық
жүйенi дамыту үшiн жағдай
- сайлау процесiн жетiлдiру;
- үкiметтiк
емес қоғамдық ұйымдардың рөлiн күшейту,
олар азаматтардың мүдделерiн iске асыруға
белсендi жəне жемiстi қатысуға тиiс.
ҚОРЫТЫНДЫ
«Мемлекет – қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі ретінде» деген тақырыпқа жазылған.
Қоғамның саяси жүйесі- бұл белгілі бір саяси функцияларды атқарушы мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жүйесі. Саяси жүйенің даму процесінің бірнеше түрі болды. Социалистік типті мемлекеттерде сталиндік саяси жүйе қалыптасты. Оның мазмұны: жеке адамға табынушылық, бір партияның үстемдігінің орнауы, әкімшілік- әміршілік, тоталитарлық басқару жүйенің қалыптасуы, демократияның, бостандықтың, әділеттіктің арасының зор шектеулі.
Саяси жүйенің екінші түрі- дамыған елдерде ХХ ғасырдың 60-90 жж. Қалыптасқан нарықтық экономика мен либерал- демократиялық мемлекеттердің, ұйымдардың, одақтардың өзара қатынасы мемлекеттің Конституциясына сәйкес дамуы.
Саяси жүйенің үшінші түрі- ХХ ғасырда қалыптасқан аралас мемлекеттік құрылыс- конвергенция теориясы. Капитализм мен социализм қоғамының экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени дамуының, жақсы тәжірибелерін біріктіру. Бұл саяси жүйеде де кемшіліктер көп кездеседі.
Саяси жүйенің ең күрделі, ең маңызды элементі - мемлекет. Саяси жүйенің қоғамды басқарудағы ең орталық буыны - мемлекет. Біріншіден, ол саяси жүйенің билігін, мүдде- мақсатын іске асыратын ең негізгі аппараты. Саяси жүйенің даму заңдылықтары дегеніміз - қоғам өмірінің әр кезеңінде саяси - әлеуметтік құбылыстардың бірлесіп саяси жүйесінің объективтік, тұрақты даму процесінің заңдылықтарына айналуы.
Қазіргі таңда біздің мемлекетіміз, жалпы қоғамымыз өз дамуының түбегейлі жаңа сатысының алдында тұр. Мемлекеттігіміздің, тәуелсіздігіміздің негізін қалап, қуатты нарықтық экономика құрған соң алдымызға өмір сапасы жоғары, бәсекеге лайықты ең дамыған елдер қатарына қосылу міндетін қойып отырмыз.
Бүгінгі күн тәртібіндегі ең басты міндеттердің бірі ретінде саяси саланы реформалау. Демократия - әлемнің өркениетті елдерінің таңдауы, яғни біздің де таңдауымыз. Тепе-тең әрі демократиялық саяси жүйе ғана Қазақстанды модернизациялау жөніндегі ұлығаусар міндеттерді еңсере алады.
Осы тақырыпта, жоғарыда айтылып кеткен
ерекшеліктер мен өзгерістер кеңірек
ашылып қарастырылған.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Ашитов З.О. Қазақстан Республикасының құқық негіздері: Оқу құралы.: Жеті жарғы, 2003.- 296 б.
2. Бораш Қуат: «Туыстас партиядан ту ұстар партияға дейін» //Егемен Қазақстан 14 желтоқсан 2008ж
3. Булгакова. Д.А. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы.-Алматы: Заң әдебиеті. 2004
4. Жоламан. Қ.Д. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, ҚазМЗУ –дың баспа- полиграфия орталығы.-1999
5. Выступление Главы государства на заседании Государственной комиссии по разработке и конкретизации программы демократических реформ Астана, 24 наурыз 2006ж
6. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері: Оқулық. -Алматы, 2003.- 692 б
7. ҚР Конституциясы 1995ж 30 тамыз (2007ж21.05өзгертулер мен толықтырулар)
8. Құланбай Әлисұлтан :«Саяси реформалар бірінші кезекте қоғам үшін керек» // Егемен Қазақстан 20 қараша 2009ж
9. Сапарғалиев Ғ. Мемлекет және құқық теориясы: Оқу құралы.- Алматы: Жеті жарғы., 1997.- 96 бет
10. Тепе-тең әрі демократиялық саяси жүйе ғана Қазақстанды модернизациялау міндеттерін еңсере алады //Астана. 12 қазан. "Қазақстан Бүгін"