Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2011 в 18:37, реферат
Қоғам - экономикалық және рухани біртұтастықпен, өмір сұру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипатталатын, белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі.
1. ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАЗМҰНЫ
1.2 САЯСИ ЖҮЙЕ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
1.3 ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ПРОЦЕСТЕР
2.1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛКАСЫНДАҒЫ САЯСИ КҮШТЕРДІҢ КЕМЕЛДЕНУ ҮРДІСІ
2.2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ЖҮЙЕНІ РЕФОРМАЛАУ
- теократиялық мемлекетті басқару шіркеу құзыретінде. 1921 жылға дейін Монғолия осындай мемлекетке жатты. Қазір- Ватикан осы жүйедегі мемлекет.
- Клерикалық мемлекет зайырлы және теократиялық мемлекеттерінің ортасындағы мемлекет. Олар мемлекетпен бірікпейді, бірақ заң шығару процесіне қатысып, мемлекеттің саясатына ықпал жасайды. Бұл мемлекеттерге жататында: Ұлыбритания, Дания, Норвегия, Швеция, Израиль, Италия және 20 шақты ислам мемлекеттері.
Саяси жүйе биліктің жасақталуын, қызмет
атқаруын, және қоғаммен қарым-қатынасын
реттейді. Саяси жүйе осы үш күрделі мәселенің
тетіктерін біріктіреді. Демократиялық
елдерде билікті қалыптастыру сайлау
арқылы, яғни қоғамның шешімі негізінде
жүзеге асырылады. Және де, биліктің жауапкершілігі
қалыптасу үшін өкілетті, атқарушы және
сот тараптарының бірін-бірі тежеп, қадағалап
отыру тетіктері болуы керек.
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЯСИ ПРОЦЕСТЕР
2.1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛКАСЫНДАҒЫ САЯСИ КҮШТЕРДІҢ КЕМЕЛДЕНУ ҮРДІСІ
Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары.
Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу./7/
Саяси жүйе заман талабына сәйкес болу үшін оған оқтын-оқтын өзгерістер енгізіп тұру керек. Мемлекеттік комиссия аясында әзірленген ұсыныстардың ұзақ мерзімді бағыты бірте-бірте мемлекетті, ортақ шаруаны басқаруда азаматтың, қоғамның рөлін арттырады. Еліміздегі басқару жүйесі Конституцияда президенттік жүйе деп аталған. Бірақ әлемде президенттік жүйенің қатып қалған моделі жоқ. Мысалы, Америка Құрама Штаттарында президенттік жүйе, онда президентке өкілеттілігі пара-пар Конгресс бар. Францияда президенттік жүйе, онда үкімет басшысы ішкі істерге келгенде президенттен дербес. Польшада да президенттік жүйе. Сол себептен президенттік жүйені ауыстырмай, бірақ өкілетті органдарға көбірек пәрмен беріп, әсіресе өкілетті органдардың атқарушы билікті қадағалау мүмкіндігін арттыру – бұл азаматтың қоғамдағы орнын көтерудің бір жолы.
Партиялардың рөлін көтеру де азаматтың, қоғамның мемлекет басқарудағы рөлін арттырудың жолы. Сонымен қатар, жергілікті өзін-өзі басқарудың да әлемдік тәжірибесіне сүйене отырып, Конституциядағы бүгінгі қайшылықты жойып, жергілікті өзін-өзін басқару органдары ретінде сайланбалы әкімдер және мәслихаттарды тануымыз керек. Өйткені, демократиялық бағыттағы өзгерістердің қажеттілігі бүгін айқын сезіліп отыр.
Өткен жылы Президент Мемлекеттік комиссияның жұмысын бастаумен тұспа-тұс келген Жолдауында Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосу бастамасын көтерді. Бәсекеге қабілеттілікті дамытуда да, шектеуде де саясатта, экономикада, шығармашылықта, еңбектің қай саласында болсын, саяси жүйенің әсері мол. Оған адамзат тарихындағы нақты мысал ретінде екі Корея мен кезінде қатар өмір сүрген екі Германияны келтіруге болады. Екі Германия 40 жыл бөлек мемлекет болып ғұмыр кешті. Бір халық – екі саяси жүйе. Сонда демократияға негізделген Батыс Германия 40 жылдың ішінде Шығыс Германиядан бірнеше есе озып кетті. Қазір екі саяси жүйеге бөлінген Солтүстік Корея мен Оңтүстік Кореяны алыңыз. Оңтүстік Корея демократиялық бағыт ұстану негізінде әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан және алдыңғы қатарлы мемлекеттің біріне айналса, Солтүстік Корея құр тоталитарлық жүйенің қару-жарағымен маңайындағыларға қоқан
лоқы жасағаны болмаса, өзінің халқын асырайтын тамақ тауып бере алмай отыр.
“Саяси реформа”, қысқаша айтсақ, саяси жүйеге өзгерістер енгізу. Ал саяси жүйе биліктің жасақталуын, қызмет атқаруын, және қоғаммен қарым-қатынасын реттейді. Саяси жүйе осы үш күрделі мәселенің тетіктерін біріктіреді. Демократиялық елдерде билікті қалыптастыру сайлау арқылы, яғни қоғамның шешімі негізінде жүзеге асырылады. Және де, биліктің жауапкершілігі қалыптасу үшін өкілетті, атқарушы және сот тараптарының бірін-бірі тежеп, қадағалап отыру тетіктері болуы керек.
Қоғамның бақылауын қамтамасыз ету үшін, біріншіден, биліктің өзінің жариялылығы қажет. Екіншіден, қоғамдық пікірдің билік саясатына әсері болуы тиіс. Билік қоғамдағы пікірдің өзгеруіне, сондай-ақ жаңа талаптардың туындауына байланысты ұстанып отырған саясатына өзгерістер енгізгені жөн. Үшіншіден, сөз бостандығы, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары болуы шарт. Саяси жүйе осы бағытқа қарай жылжуы керек. Бірақ әлемде өзінің саяси жүйесін дамытудың шегіне жеткен, бұдан әрі даму мүмкіндігі жоқ деп айтатын ел жоқ. Өйткені, адамзаттың ерекшелігі сол, жақсы нәрсеге үйренген соң, одан да биік талап туындайды. Тұрмыста да, ғылымда да, саясат пен экономикада да сол.
Әрине, біздің қоғамның өзіндік ерекшелігі бар. Бізде еліміз егемендігін алып, қайта құру басталғанға дейін билікке талап қою тәжірибесі болған емес. Сонау патша дәуірінде де, кеңес дәуірінде де билік өз бетімен, қоғам өз бетімен өмір сүрді. Сондай-ақ қоғамның билікке әсер ететін тетіктері болған жоқ. Сайлаудың барлығы баламасыз сайлау болды. Мемлекеттігіміз қалыптасу кезеңінде тиімді саяси жүйе іздеу – заңды құбылыс./6/
Егер саяси жүйе экономикада, шығармашылықта, саясатта, жалпы адамның кез келген еңбек ету саласында шынайы мықтыларды іріктеп алып, соларды көшбасшы ететіндей болса, барлық салада елдің бәсекелестік деңгейі өседі. Олай болмайтын болса, бәсекеге қабілеттілік төмендейді.
Негізі партия деген сөздің өзі қоғамның бір бөлігі деген ұғымнан шыққан. Бөліну әртүрлі болады: әлеуметтік, кәсіптік, діни, жас мөлшерлігі, т.б. Ал партия деген – дәстүрлі қалыптасқан саяси көзқарастар, саяси құндылықтар, бағдарламалар негізінде біріккен топтар. Олар қоғамға жалпы ел қандай бағытта дамуы керек деген идеялар ұсынады. Сол идеялардың, бағдарламалардың бүкіл қоғамға кедергісіз таралуына жағдай жасалса, қоғам өзі сол партиялардың ішінен ұнағанын таңдап алады. Өкінішке қарай, бізде әлі ондай жағдай жоқ. Тіпті, басқа күштерді былай қойғанда, Мемлекеттік комиссияға, басқа да отырыстарға қатысып жүрген біздің партияның шараларының, ұсыныстарының өзі кейбір мемлекеттік электрондық ақпарат құралдарында ешқашан көрсетілмейді. Бұл партиялардың арасындағы бәсекенің әділ еместігінің көрінісі. Әсіресе, мемлекеттік басылымдар, БАҚ бүкіл халықтың қаржысына ұсталатынын ескерсек, олар бүкіл партиялардың идеяларын Конституция аясында халыққа еркін жеткізуге тиісті. Сонда ғана әділ бәсекелестік болмақ. Екіншіден, түрлі деңгейдегі әкімдіктер мықты партиялардың болуы мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі екенін түсінетін күн жетті. Жалпы, елдің ішінде саясатта әділ бәсекелестік болмаса, келешекте мықты саяси тұлғалардың шығуы да, ұлт мүддесін қорғау да қиын болады.
Егер кейбір партиялар теледидардан көрінбейтін болса, олардың ойлары халыққа жетпейтін болса, бұл ел әлеуетін шектеп, ұлт мүддесіне қайшы келеді. Мысалы, дамыған елдерді алсақ, қазір Франциядағы биліктегі партияда Николя Саркази президенттіктен үміткер болып отыр. Ал Сиголен Роял деген әйел басқа партиядан үміткер, бірақ Францияның бүкіл теледидары сол Сиголен Роялдың да сөзін еш кедергісіз көрсетеді. Өйткені, сол арқылы ең мықты ойлардың халық мүддесі үшін жұмыс жасауына жағдай туғызылады.
Партиялардың ықпалы мықты болуы үшін жалпы еліміздің саясатында қоғамдық пікірдің ықпалы күшті болуы керек. Ол үшін кез келген деңгейдегі сайлау әділ бәсекелестік түрінде таза өтуі тиіс. Бұл жағдайды қалыптастыру – билік тетіктерін ұстап отырған әрбір азаматтың парызы. Бізде әлі күнге дейін осыны түсінбейтіндер жеткілікті. Мен алдыңғы жылы Шығыс Қазақстан облысының бір ауданында болғанымда аудандық сайлау комиссиясының төрағасы айтты: “Міне, менің қолымда бір қап дәрі. Бұл өткен сайлаудан кейін пайда болды. Енді тағы бір сайлау өткізсем, инфаркт болатын шығармын. Өйткені, халықтың айтқанын жасайын десем, билікке ұнамайды. Биліктің айтқанын жасайын десем, жолдастарымның көзіне қарай алмаймын”. Егер осылай жалғаса беретін болса, көппартиялық жүйенің халыққа беретін мол мүмкіндігі пайдаланылмай қалады.
Сайлаудың мағынасы – таңдау. Талғам таңдау арқылы қалыптасады. Таңдау мүмкіндігі болса, халықтың саяси талғамы жетіледі. Партиялар халықтық таңдаудан өту үшін өздерінің қоғамды, экономиканы дамыту тұрғысынан жаңа, тың ұсыныстарын жасайды. Сол ұсыныстар бәсекеге салынып, тиімді шешімдер қабылдауға септігін тиізеді. Сондықтан партиялардың қаншалықты қолдауға ие екенін айту үшін, алдымен партиялар арасында әділ бәсекелестік болу керек. Екіншіден, елде үрей болмау керек. Мен басқа пікірдегі партияны қолдасам, ертең жұмысымнан айырыламын, менің туыстарым жапа шегеді-ау деген қорқыныш болмау керек. Осындай жағдайда ғана кімнің шынайы қолдауға ие болғанын білуге мүмкіндік бар.
Еліміздегі партиялық жүйе жайында әңгіме қозғалып отырған соң тәуелсіздіктен кейін қалыптасқан қазақстандық саяси құрылымдарға қысқаша шолу жасап өтпей болмас. Сонау тоқсаныншы жылдары бірпартиялық өктемдіктің және социалистік саяси жүйенің ыдырауы республикамызда демократиялық қағидаттар негізінде қызмет жасайтын сан алуан саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жол ашты. Яки, көппартиялық жүйеге өтумен республика халықтарының мақсат-мүдделерін, талап-тілектерін жүзеге асыру жолында қызмет жасаған саяси құрылымдар шоғыры қалыптасты. Көсеуі ұзын көрінетін Кеңес Одағы күйрегеннен кейін аз уақыт ішінде әлі буыны бекіп, бұғанасы қатая қоймаған тәуелсіз Қазақстан демократиялық, ашық қоғам құра отырып, экономикалық реформалардың алғашқы сатысынан сүрінбей өтті. Соның ішінде жаңадан құрылған қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар жас мемлекетте қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру, саяси әр алуандық, халықтың әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделері мен құқықтарын қорғау, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға қол жеткізу мақсатында кеңінен қызмет жасады. 1990 жылғы 1 наурызға қарай республикада 100-ге жуық қоғамдық ұйым қызмет істеп тұрған екен. Олардың қатарында: “Достастық” азаматтық қозғалысы, “Форум” қоғамы, “Инициатива” әлеуметтік-саяси бірлестігі, “Қазақ тілі” қоғамы, Қазақ ұлттық мәдениеті ассамблеясы, Ұлттық мәдени орталықтар ассоциациясы, “Бірлесу” тәуелсіз кәсіподағы, “Желтоқсан” қоғамдық комитеті, “Бірлестік” азаматтық қозғалысы, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің ірі экологиялық ұйымдары — ядролық жарылысқа қарсы “Невада-Семей” халықаралық қозғалысы, “Арал-Азия-Қазақстан” халықаралық қоғамдық комитеті деп, міне осылайша тізім тізбектеліп жалғаса береді.
2.2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ САЯСИ ЖҮЙЕНІ РЕФОРМАЛАУ
Қазіргі таңда біздің мемлекетіміз, жалпы қоғамымыз өз дамуының түбегейлі жаңа сатысының алдында тұр. Мемлекеттігіміздің, тәуелсіздігіміздің негізін қалап, қуатты нарықтық экономика құрған соң алдымызға өмір сапасы жоғары, бәсекеге лайықты ең дамыған елдер қатарына қосылу міндетін қойып отырмыз. Бұл туралы биылғы Қазақстан халқына Жолдауымда жан-жақты айтылғанын білесіздер. Яғни, біздер үшін тұрақты даму кезеңі келді.
Бүгінгі күн тәртібіндегі ең басты міндеттердің бірі ретінде саяси саланы реформалау. Демократия - әлемнің өркениетті елдерінің таңдауы, яғни біздің де таңдауымыз.
"Биыл біз демократиялық саяси жүйені дамытуда сапалы қадам жасадық, бұл жерде президенттік республика моделінен президенттік-парламенттік модельге көшу жөнінде сөз қозғалып отыр. Сондай-ақ, өкілетті билік органдарының құзыреті аясын кеңейттік, саяси партияларды, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін, сот жүйесін, азаматтық қоғам институттарын дамытуға тың серпін берілді", - деді Н. Назарбаев.
"Еліміздің парламенті жаңа Ата заңға сәйкес жұмыс істеп, жаңаша міндеттерді атқара бастады. Біз бұл ретте тепе-тең әрі демократиялық саяси жүйе ғана Қазақстанды модернизациялау жолында алға қойған асқаралы міндеттерді еңсере алатынын ескердік", - деп қосты ол. /10/
Мемлекет басшысының пікірінше, "еліміздің саяси жүйесін реформалауға бағытталған дәйекті жұмыстарсыз" ілгерілеушілік пен даму болуы мүмкін емес. "Әлемдік тәжірибені зерделей, талдай және соған сүйене келе біз саяси дамудың эволюциялық жолын таңдап алдық және басқа елдердің қатесін қайталаған жоқпыз. Және біз президенттік республика моделін таңдау арқылы қателікке бой алдырмадық, біз елімізді посткеңестік саяси және экономикалық хаостан еліміз тарихындағы аса күрделі кезеңде шығара алдық", -деген сенімде президент.
Саяси жүйені реформалау мақсаты - бүкiл қоғам мүддесiн iске асыруды қамтамасыз етуге қабiлеттi, пəрмендi саяси жүйе қалыптастыру.
Саяси жүйені реформалаудың күшті жақтары:
- Дəйектi саяси реформалардың нəтижесiнде мемлекеттiлiктiң негiзi қалыптасты, Қазақстанның одан əрi дамуының бағыты белгiлендi, демократиялық құқықтық мемлекет жəне азаматтық қоғам құрудың қажеттi алғышарттары жасалды.
- Қазақстанда саяси жүйенi дамытудың демократиялық бағыттылығы қалыптасты.