Өндірісті диверсификациялаудың экономикалық тиімділігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2011 в 23:33, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмысымның мақсаты – еліміздегі әртараптандыру үрдісін қарастыру және оның әр салада дамуын қалыптастыру.

Анықталған мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер шешілуі тиіс:

Еліміздегі диверсификацияның теориялық негіздері;
Диверсификацияның мәнін, түрлерін айқындап, оларға түсініктеме беру;
Отандық қызмет көрсетулердің диверсификациясын талдау;
Диверсификацияның шетелдік озық тәжіребелерін қарастыру;
Қазақстанда диверсификацияны арттыру жолдарын ұсыну.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................3


1. ДИВЕРСИФИКАЦИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ.........................................5

1.1 Диверсификацияның мәні және маңызы.........................................................5

1.2 Диверсификацияның экономикадағы қажеттілігі........................................10


2. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДИВЕРСИФИКАЦИЯЛАУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ.............................................................................................14

2.1 Қазақстандағы байланыс жүйесін диверсификациялаудың қазіргі жағдайы..................................................................................................................14

2.2 «Қазақтелеком» АҚ-ғы диверсификация үрдісі...........................................22


3. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДИВЕРСИФИКАЦИЯЛАУ БАҒЫТТАРЫ.........................................................................................................27

3.1 Қазақстанда диверсификациялаудың негізгі тетіктері...............................27

3.2 Шетелдегі озық диверсификация үлгілері...................................................28


ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................31


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................32

Содержимое работы - 1 файл

Акмарал курсовая 3курс.doc

— 322.00 Кб (Скачать файл)
  • Мәліметтер мен дауыстардың халықаралық транзиті;
  • ВОЛС базасындағы магистральді сандық каналын жалға алу;
  • Интернет желісіне қол жетімділік және мәліметтерді жіберу, видеоконференцбайланыс;
  •   Спутниктік шешімді қоса алғанда, мәліметтерді жіберудің корпоративті желіні ұйымдастыру;
  • Құрлық – қызмет көрсетулер.

           ВОЛС-ты орнату бойынша инновациялық жобаның табысты іске асырылуының бұл мысалы инновацияның телекоммуникация аясында орнықты дамуы тек осы салада ғана емес, экономиканың басқа да салаларында басқа елдермен жоғары бәсекелік деңгейге жету үшін өте қажет екендігің тағы дәлелдейді.

      Бұл жобаның табысты жұмыс істеуіне ҚР-ның индустриалды-иннновациялық даму стратегиясы, дәлірегі ҚР Президентінің 2000 жылғы 28 желтоқсандағы қабылданған «Қазақстан Даму Банкі туралы» Қаулыға негізінде 2001 жылы 25 сәуірде құрылған «Қазақстан Даму Банкі» Акционерлік қоғамының бұл жобаны күрделі қаржы жұмсалымының 50%-мен қаржыландыруы көп ықпал етті. ҚР-ның индустриалды-иннновациялық даму стратегиясында көп екпін біздің еліміздегі телекоммуникация саласын дамытуға жасалған. 

      Қазақстандағы жаңа технологиялардың дамуының негізгі  бағыты ұлттық телекоммуникация инфрақұрылымындағы бәсекеге қабілеттілік талаптармен  және қоғам сұранысымен анықталады.

      Қазіргі кезде біздің елде бәсекеге қабілетті  телекоммуникациялық инфрақұрылым құру үшін Үкімет және телекоммуникациялық сферадағы субьектілер телекоммуникациялық нарықты тезірек жаңартуға, сонымен қатар ҚР-ғы телекоммуникацияны дамытуда маңызды мәселелерді шешуге көп көңіл бөлу керек, ал бұл инновациялық-техникалық және техникалық қамсыздандыруда келесі мәселелер қаралатын телекоммуникация саласы:

  • телекоммуникация саласының инновациялық дамуы;
  • телекоммуникациялық ресурстардың нөмірленуін тарату;
  • радиожиілік спектірін таратуды жүзеге асыру;
  • ұлттық спутниктік байланысты дамыту;
  • салалық жүйедегі стандартизация және сертификацияны жүзеге асыру;
  • телекоммуникация саласындағы кадрларды дайындау және қайта     дайындау жүйесің ұйымдастыру;
  • телекоммуникация желісінде оперативті-ізденушілік шаралардың жүргізілуі.    

     XXI ғасыр бүкіл адамзат қызметінің барлық аумағында басты өзгеріс ғасыры болады, индустриалды қоғамнан ақпараттыққа өту ғасыры болады. Оның негізі ақпаратты тұтынушыға жеткізетін мүмкіндігін желіні тарататын және күшті транспорттық телекоммуникациялық желіні құрайтын Басты инновациялық инфрақұрылым (БИИ) болып табылады [4].  
 

2.2 «Қазақтелеком» АҚ-ғы диверсификация үрдісі 

           «Қазақтелеком» АҚ директорларының  кеңесі компанияның 2007-2009 жж. арналған  Дамыту жоспарын құптады. Бұл  жоспардың тұсаукесері «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингінде» өтті. 
           «Қазақтелеком»АҚ жүйеқалыптастырушы компания ретінде республиканың ақпараттық – коммуникациялық нарығының дамуында негізге рөл атқарады. Бұл контекстте мемлекеттің экономикалық стратегиясына жауап беретін компанияның негізгі міндеті телекоммуникация нарығының бәсекелестікке қабілеттілігін қамтамасыз ету болып табылады. Жоспардың негізгі бағыттарына түсініктеме бере отырып, компания президенті Асқар Жұмағалиев «Қазақтелеком» АҚ алдымен Мемлекет басшысының Қазақстанды алдыңғы қатарлы 50 ел қатарына қосу жөнінде қойған тапсырмасын орындауы керек» - дегенді атап өтті.  
           2007 жылда телекоммуникация желілерін дамыту және жаңартуға мөлшері біршама инвестицияны жұмсау жоспарланған – 35 млрд. Теңге, бұл 2006 жылға қарағанда 10 млрд. теңгеге жоғары. 2008-2009 жылдары инвестициялардың мөлшерін осы деңгейде ұстау жоспарланады.  
           Алдағы уақытта «Қазақтелеком» АҚ техникалық дамыту жобаларының басымы болып мыналар анықталды: магистральдық желілерді дамыту, жергілікті телекоммуникация желілерін, Интернетке кеңжолақты қолжеткізу қызметін, сымсыз технологияларды дамыту және жаңарту.  
           Жергілікті желінің цифрландырылуы белсенді қарқынмен жүргізілетін болады. 2010 жылда қалалық телекоммуникация желілерін толығымен цифрландыру жоспарланады (2006 жылда қалалық телекоммуникация желілерінің цифрландыру деңгейі 80% асты). Ауылдық телекоммуникация желілерінің толық цифрландырылуы 2012 ж. аяқталады (2006 жылы ауылдық телекоммуникация желілерінің цифрландыру деңгейі 65% құрады). 
          Компания дамуының ең маңызды бағыттарының бірі – «операторлардың операторы» бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады. «Қазақтелеком» АҚ басқа операторлардың желілерін қосу бойынша бар мәселелерді шешу үшін бірқатар шаралар қолдануды көздеді.  
          Қазіргі таңда, «Қазақтелеком» АҚ-да қызмет көрсетудің сапасын арттыру бойынша бағдарламаны әзірлейді. Компания тұтынушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында, пайдаланушылардың барлық сегменттерінде қызмет көрсетуді жақсартуды, телекоммуникация қызметтерінің  бағалық жағынан қолжеткізімділікті қамтамасыз етуді, дифференцияланған маркетингті енгізуді, қызметтер спектрін кеңейтуді көздейді.  Қызмет көрсетуді жетілдіру аясында телекоммуникация қызметтеріне жасалған барлық өтініштерді қанағаттандыру және өтініштерді қарастыру мерзімін қысқарту жоспарлануда.  
           Компанияның стратегиялық мақсаттарының бірі «Қазақтелеком» АҚ компанияның тобында бизнесті құрастырудың балансталған саясатын жүргізу болып табылады. Бірыңғай Коммерциялық, техникалық және қаржылы-экономикалық стратегияны қалыптастыру, әр компания үшін мақсатты нарықты анықтау арқылы, топтың компаниялары арасында бәсекелестікті минимизациялау бойынша міндеттер қойылады.  
          Компанияның табысты дамуы үшін икемді тарифтік саясатты жүргізу және қызметтердің бағалық тұрғыдан қол жеткізімділігін арттыру өте маңызды болып табылады. 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақтелеком» АҚ халықаралық байланыс қызметтеріне тарифтерді орташа алғанда 50 пайызға, телекоммуникация компанияның жергілікті желілері мен ұялы байланыс операторлар желісіне телефон қосылыстарының 10 секунд сөйлесуі үшін  ҚҚС-сыз 5,97 теңгеден ҚҚС-сыз 5,69 теңгеге дейін, сонымен қатар ISP-провайдерлер үшін Интернет желісіне қол жеткізу қызметіне 15-тен 32 пайызға дейін төмендетті.  
1 ақпаннан бастап компанияның бірқатар қызметтер тарифтерінің әрі қарай төмендетілуі күтіледі.  
          Сонымен қоса, компания дауыс телефониясы, Интернетке қең жолақты қол жеткізімі, цифрлық теледидары, ұялы байланыс қызметтері бар түрлі тарифтік пакеттерді  кезең – кезеңмен енгізуді жоспарлайды.  
          Транзиттік әлеуетті тиімді пайдалану үшін компанияның сыртқы нарыққа шығуы және трансұлттық оператордың тиімді құрылымын қалыптастыру бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру жоспарланады.  
          Қазақстанның бәсекелесуге жарамды экономикасын құрудың негізгі факторларының бірі - ақпараттық коммуникацияны теңдестіріп дамыту болып табылады. Үш жылдық жоспарды жүзеге асыру - бірқатар нақты мақсаттарға жетуге жағдай жасайды. Әсіресе, «Қазақтелеком» АҚ-ның өзін әрбір сегментте барлық қызмет түрлерін пайдалану ұсыныстарымен, икемді тарифтік саясматымен, жоғары сервис сапасымен орын алатын, клиентке-бейімдегіш компания ретінде құрылуына мүмкіндік туғызады. Орталық Азия нарығында мықты және ұзақ мерзімді бәсекелесе алғыш инновациялық артықшылықтары бар лидер ретінде, әлемнің жетекші операторларының стандарттарына сәйкес халықаралық нарығында толық құқықты ойыншы ретінде, әр қызметкер еңбегінің жоғары өнімділігімен қаржылық тиімді және жоғары рентабельдігі арқасында инвестиция үшін тартымды компания ретінде танылуға мүмкіндік туғызады.

           «Қазақтелеком» АҚ-ның жақын уақыттағы техникалық дамуының басым жобалары болып мыналар белгіленді: магистральдық желілерді дамыту, жерглікті телекоммуникация желілерін жаңарту және дамыту. Жергілікті желісінің цифрландырылуы белсенді қарқынымен өткізіледі. 2010 ж. қалалық телекоммуникация желілері толығымен цифрландырылады. (2006 ж. қалалық телекоммуникация желілерінің цифрландыру деңгейі 80%-дан асты). Ауылдық телекоммуникация желілерінің толығымен цифрландырылуы 2012 ж. аяқталады (2006 ж. ауылдық телекоммуникация желілерінің цифрландыру деңгейі шамамен 65% құрады).

           Ұлттық ақпараттық  супермагистралінің (ҰАСМ) құрылысын DWDM спектральды тығыздау технологиясының енгізуімен жалғастыру жобасы ең маңызды  инвестициялық жобалардың бірі болып табылады. Осы жобаның жүзеге асырылуы супермагистральдың өткізгіш қабілетін елеулі ұлғайтуға мүмкіндік береді.

         NGN атты келесі ұрпақтық желісінің  құрылысы жалғастырылады. 2008 жылдың  аяғына дейін барлық облыс  орталықтарында NGN желілердің құрылуы  жоспарға қойылды. Бұл жоба  қызмет көрсетулердің аясын кеңейтуге  мүмкіндік бергенімен қатар, оларды ұсынуға жұмсалатын шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.  

         Компания жаңа  технологиялар негізіндегі сымсыз қолжеткізуді ұйымдастыру мақсатында  WiFi атты кеңжолақты сымсыз желілердің құрылысын жалғастырады. Осы жобаның бірінші сатысы 2006 жылы Алматы қаласында аяқталды. Бұл жобаның  үстіміздегі жылы мен келесі жылдарда республиканың барлық облыс орталықтарында жүзеге асырылуы жоспарға қойылды. Жобаның 2009-2011 жылдарда әрі қарай дамуы сымсыз Интернет қызметіне сұранымның өсуіне қарай іске асырылмақ. Сөйтіп, пайдаланушылар Интернетке кітапханаларда, вокзалдар мен әуежайларда, қонақ үйлерде де шыға алады.

          Сондай-ақ, Wi-Max атты кеңжолақты сымсыз  желілері құрылысының жобасын  жүзеге асыру жоспарға алынды. Wi-Max жүйелердің енгізілуі республиканың облыс орталықтарында - 2007 жылда, республиканың барлық басқа қалаларында  - 2008 жылда көзделген. 2009 жылдан бастап жобаның аудан орталықтарында енгізу жоспарға қойылды. 
          Атап өтуге жөн болар, телекоммуникация желілерді дамыту және жаңарту жобалардың жүзеге асырылу барысында  «Қазақтелеком» АҚ-ның IP-желісін (Интернет-телефония) дамытуға көп көңіл бөлінеді.

           «Қазақтелеком» АҚ даму жоспарының шеңберінде қызмет көрсету сапасын жоғарылатудың бағдарламасын жасап шығаруда. Тұтынушылардың  ниеттестігін арттыру мақсатында компания пайдаланушылардың барлық сегменттеріне қызмет көрсетуді жақсартуға, телекоммуникациялық қызметтерінің баға тарапынан жетімділігін қамтамасыз етуге, дифференциалдық  маркетинг енгізуге, қызметтердің көрсету аясын кеңейтуге дайын. Сонда қызметкерлерді оқытуға, Call-орталықтарын және электронды қызмет көрсету түрлерін дамытуға көп көңіл бөлінеді. Дифференциалды маркетингтің жүргізілуі компанияға абоненттердің қажеттілітерін жинақтауға және  параметрлері әр түрлі қызметтерін пакетпен ұсынуға мүмкіндік береді. Қызмет көрсетуді жетілдіру шеңберінде телекоммуникациялық қызметтерге барлық өтініштерді орындау, арыздардың қаралу мерзімін қысқарту жоспарлануда.  
           Телефон орнатуға ағымдағы сұранымды қанағаттандыру үшін қалыпты желілік-кәбілдік шаруашылығын пайдаланумен бірге WLL технологиясы бойынша сымсыз қатынауды қолдану жоспарланады. 2007 жылы орнатулардың шамамен 30 пайызы көрсетілген  технология арқылы жасалынбақ, бұл телефонға кезекте тұрғандардың санын 3 есе азайтуға тиіс. 
           Сонымен, қалалық жерде телефон орнатуға кезекте тұрғандардың саны 9 есе азаюы тиіс. Қалалық жерде телефон орнатуға өтінімдердің толығымен орындауы 2009 жылдың басына қарай  жоспарланды.

           Бизнес-процестердің реинжинирингі, ақпараттық технологиялардың дамуы, қызметкерлерді оқыту, белгіленген сегменттерге сәйкес абоненттерге қызмет көрсетуді жекелендіру, қызмет көрсетудің интерактивті формаларын жетілдіру – бұлардың бәрі  қызмет көрсетудің сапасын жоғарылату бағдарламасын жүзеге асырудың құралы ретінде болып табылады.

Компания  аталған жоспардың аясында бизнес-жобалармен қатар, әлеуметтік мәселелерді шешетін  болады. «Қазақтелеком» АҚ 2007-2009 жж. ауылдық елді мекендерді телефондандыру;  мектептерді телефонданыдыру және интернеттендіру бойынша коммерциялық емес жобаларды жүзеге асыруын жалғастырады.

          ҚР 2005-2010 жж арналған білім беруді  дамытудың мемлекеттік бағдарламасына  сәйкес, компания 2007 жылда телефондандырылған  мекетептердің санын 94,6 пайызға, 2008 жылда -  97,3 пайызға, 2009 жылда – 100 пайызға жеткізуді жоспарлайды.  
2007 жылдың соңына Интернетке қосылған мекетептердің саны 92,3%, 2008 жылда – 96,2%, 2009 жылда - 100% құрайды.

         Компанияның дамуы жоспарында  ең маңызды бағыттарының бірі  болып – «операторлардың операторы» бағдарламасын жүзеге асыру бағыты табылады. «Қазақтелеком» АҚ басқа операторлардың желілерін қосу бойынша бар мәселелерді шешу үшін бірқатар шаралар қолдануды көздеді.  
         Компания Интернет желісіне операторларды қосу және Интернетке қатынау қызметтерін ұсынудың бір-біріне қолайлы жағдай жасау бойынша «ең қолайлы жағдай» режимін құруға дайын.

         Осы процесті оңтайландыру және  бөгде операторларын қосу үшін  бәріне ортақ және ашық жағдайларын  жасау мақсатында тиісті техникалық шарттарды оңайлату және олардың жасап шығару мерзімін қысқарту ұсынылады.

         Сондай-ақ, Компания байланыс операторларымен  әрекеттесу және қосу мәселелерін  қозғаушы нормативтік-құқықтық актілерін  жасап шығаруына белсенді қатыспақ.

         Таяудағы уақытқа белгіленген мақсаттардың бірі - шетелдік операторлармен әрекеттесуді белсенді дамыту. Бүгінгі күні ұлттық телекоммуникациялық жүйенің жағдайы  экономикадағы түбегейлі өзгерістердің жетістігіне ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның инфокоммуникациялық қызметтердің халықаралық нарығындағы орныққан орнына да маңызды әсер етеді. Бұл тұсында транзиттік әлеуетті барынша көп өткізу мәселесі  ерекше өзекті мәселеге айналады.  

     Бірінші кезектегі қадам ретінде оператораралық альянс құрудың болашағы (Ресей, Қазақстан, Қытай) қарастырылуда. Бұдан басқа, «Қазақтелеком» АҚ өз қызметін кеңейту және диверсификациялау үшін сыртқы рыноктарға ілгері жылжуды және трансұлттық оператордың оңтайлы құрылымын қалыптастыру бойынша іс-шаралардың жүзеге асыруын көздейді [5].

         “Қазақтелеком” АҚ телекоммуникациялық қызметтер бағасының қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында тарифтерді төмендетуін жалғастыруда. 2007 жылдың 1-сәуірінен бастап компания қалааралық таксофондық карталар арқылы көрсетілетін телефон байланысы мен ұялы байланыс операторларының желісіндегі телефон байланысы қызметтеріне тарифті төмендетті.

     Атап  айтқанда, алдын ала төленетін  таксофон карталары арқылы көрсетілетін қалааралық телефон байланысының тарифі облыс ішінде 35%-ға, республика ішінде – 48%-ға төмендетілді. Облыс ішінде қалааралық сөйлесудің әрбір толық немесе толық емес минуты үшін тариф 2007 жылдың 1-сәуірінен бастап ҚҚС есептемегенде, 6,27 теңгені, Қазақстан бойынша ҚҚС есептемегенде, 8,95 теңгені құрайды.

     “Қазақтелеком”  АҚ таксофондарынан «GSM Қазақстан» ЖШС, «Кар-Тел» ЖШС, «Алтел» АҚ, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС ұялы байланыс операторларының желілеріне қоңырау шалу тарифтері 15%-ға төмендеді. Осылайша, таксофоннан «GSM Қазақстан» (Kcell, Activ сауда брендтері), «Кар-Тел» (K-Mobile, Билайн) және «Алтел» (Dalacom, Pathword) желілеріне байланысудың әрбір толық немесе толық емес 10 секунды ҚҚС есептемегенде, 5,52 теңгені құрайды. «Мобайл Телеком-Сервис» (NEO) абонентімен сөйлесудің толық немесе толық емес 10 секунды ҚҚС қоспағанда, 4,04 теңгені құрайды.

     Сонымен қатар, таксофондардан ұялы байланыс операторларының  желілеріне байланысудың жаңа тарифтері  осы бағыттарға дәстүрлі (тіркелген) телефондардан қоңырау шалу тарифтерімен салытсырғанда 15%-ға төмен екенін айта кеткен жөн.                      

     “Қазақтелеком”  АҚ-ның таксофондық карталары 25, 75, 125, 250, 550, 1000 бірлікті номиналдармен  шығарылады.

     “Қазақтелеком”  АҚ өз қызметтеріне тарифтерді төмендету  жөніндегі шараларды 2007-2009 жылдарға арналған Компанияны дамыту жоспары  шеңберінде жүргізуде. Естеріңізге сала кетсек, аталмыш ортамерзімдік бағдарламада компанияны дамытудың басым міндеттері қатарында телекоммуникациялық қызметтердің бағалық қол жетімділігін арттыру, олардың буынын кеңейту, сондай-ақ қызмет көрсету сапасын жақсарту болып белгіленген  
 

Информация о работе Өндірісті диверсификациялаудың экономикалық тиімділігі