Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2011 в 23:33, курсовая работа
Курстық жұмысымның мақсаты – еліміздегі әртараптандыру үрдісін қарастыру және оның әр салада дамуын қалыптастыру.
Анықталған мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер шешілуі тиіс:
Еліміздегі диверсификацияның теориялық негіздері;
Диверсификацияның мәнін, түрлерін айқындап, оларға түсініктеме беру;
Отандық қызмет көрсетулердің диверсификациясын талдау;
Диверсификацияның шетелдік озық тәжіребелерін қарастыру;
Қазақстанда диверсификацияны арттыру жолдарын ұсыну.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. ДИВЕРСИФИКАЦИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ.........................................5
1.1 Диверсификацияның мәні және маңызы.........................................................5
1.2 Диверсификацияның экономикадағы қажеттілігі........................................10
2. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДИВЕРСИФИКАЦИЯЛАУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ.............................................................................................14
2.1 Қазақстандағы байланыс жүйесін диверсификациялаудың қазіргі жағдайы..................................................................................................................14
2.2 «Қазақтелеком» АҚ-ғы диверсификация үрдісі...........................................22
3. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДИВЕРСИФИКАЦИЯЛАУ БАҒЫТТАРЫ.........................................................................................................27
3.1 Қазақстанда диверсификациялаудың негізгі тетіктері...............................27
3.2 Шетелдегі озық диверсификация үлгілері...................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................32
Әдеби арналарын зерттей келе бірнеше авторлар диверсификация нысаны ретінде тік интеграцияны қарастырмайтынын атап көрсетті, ал басқалары оны “бір саладағы кәсіпорынның өндірістік кооперациясы немесе кәсіпшілік саласының сипаттары бойынша жақындығы” деп талқылайды немесе “кооперацияны, өндірісте жалпы қатысуымен байланысты кәсіпорынның өзара әсері, соңғы өнімнің тұтынуы мен сатылуын” айтады, тік интеграция бір кәсіпорынның шеңберінде болуы мүмкін және өндіріс диверсификациясының бір нысаны болып табылады. Осыған байланысты келісуге болмайды. Тік бағыттағы интеграцияны қабылдауының сату және тарату жүйесін немесе фирма жеткізушілердің үстінен бақылауды күшейтуі сияқты қабылдау нысандар түрлері бар.
Экономикалық әдебиетті зерттеу және шолулар жүргізу диверсификация нысандарына қатысты өзіндік нақтылауды енгізуді және оның мәніне анықтамалар беруге мүмкіндік тудырды. Диверсификация нысандарына тік диверсификациясына (интеграцияны) көлбеу диверсификацияны және латералды (конгломеративті) диверсификацияны жатқызуға болады.
Тік бағыттағы диверсификация (интеграция) – бұл өндірісте әртүрлі өнім өндіруде кәсіпорынның шоғырлануы, бірақ бір-бірімен өзара технологиялық байланысы бар, яғни шыққан шикізатты қайта өңдеп тізбекті саты нысанын құрама ұстануда немесе оны кешенді пайдалану және қалдықтарды кәдеге жарату. Егер кеңінен алатын болсақ, диверсификацияның берілген нысанында кәсіпорын қызметінің кеңейту үшін салалық өндірісті таңдайды (кәсіпшілік, ауылшаруашылық, құрылыс), сондай-ақ тасымалдауды және дайын өнімді өткізу, оның негізгі профиліне қатысты өндірістік-тауарлық кезең келесі сатыларда көрсетілетін болады. Мысал ретінде: мұнайды іздеу, игеру, тасымалдау, өңдеу; тігін, тоқымалау, матаны өңдеу және тігін өндірісі; цемент өндірісі, темір бетонды блоктар, кәсіпшілік және азаматтық құрылыстар; шикі сүт және сүт өнімдері өндірістері және оларды өткізу, яғни біртіндеп барлық топ пен қосылған тауар құнының операцияларын иеленді.
Көлбеу
диверсификация – бұл “заттай” көзқарасқа
байланысты салалар мен өндірістердің
әртүрлі өнімдерді бір уақытта шығаруға
кәсіпорынның бағыт беруі. Бұл байланыстар
технологияның ұқсастығымен көрінеді,
шикізат көздерінің жеткізушілермен,
өнімді өткізу бірлігімен (тұтынушының
әртүрлі сұранысын қанағаттандыру). Мұндай
нысан алкогольсіз сусындарды өндіруде,
негізінен алькогольді сусындарды өндіру
кезінде; сүтті сусындарға қоса шырындарды
өндіруде; нан-тоқаш өнімдерін және шұжық
т.б. өнімдерін өндіруде көрініс табуы
мүмкін.
1- кесте. Өндіріс диверсификациясына нысандарды енгізу мотивтері мен алғышарттары
Диверсификация нысаны | Диверсификация нысандарына енгізу алғышарттары | Диверсификация нысандарына енгізу мотивтері |
Көлбеу бағыттағы диверсификация |
|
|
Тік бағыттағы диверсификация |
|
|
Латералды диверсификация |
|
|
Латералды (конгломеративті) диверсификация – бұл кәсіпорынның технологиялық және заттай бір-бірімен мүлде байланысы жоқ өндірістер мен салалардың өнімді шығаруына бағыт көрсетуі. Бұл стратегияны таңдай отырып, кәсіпорын әртүрлі нарықтарды және олардың сараланымдарына қызмет көрсетеді. Бұл сүт өнімдерін шығаратын және тігін өндірістері; арақ-шарап және полиграфиялық өнімдерді шығаратын өндірістер болуы мүмкін.
Диверсификацияның әрбір нысаны енгізу алғышарттарынан тұрады және кәсіпорын мотивтерімен бекітіледі. Өндіріс диверсификациясына нысандарды енгізу мотивтері мен алғышарттары кестеде келтірілген (1-кесте).
Белгіленген алғышарттар мен мотивтер диверсификациясының осы немесе басқа нысандарын таңдауды анықтайды. Әр салада қысқа және орта мерзімдегі оның тартымдылық деңгейін және потенциалын анықтайтын бес фактор іске асырылады: сала өнімдерін шығаратын кәсіпорындар арасындағы бәсекелестік қарқындылығы; субститут-тауарларын өндіретін кәсіпорындармен бәсекелестік; жаңа бәсекелестердің пайда болу мүмкіндігі; нарықтағы сатып алушылардың жағдайы және материал мен шикізат жеткізушілермен қарым-қатынас. Кәсіпорынның өмірлік кезеңінің алғашқы сатысында стратегияны қабылдау, тауарлық мамандандыру және тауарлық саралау диверсификациясы сала кәсіпорындары үшін көбінесе дәстүрлі тартымдылығымен ақталынады. Бірақ бәсекелестіктің күшеюіне байланысты нарық оның жағдаятына бейімделу қажеттілігін талап етеді; әртүрлі өмірлік кезеңді әртүрлі өнім түрлерінің өзара жағдаят ауытқуларына байланысты тәуекелділікті бөлу; нарық үлесін кеңейту; жаңа нарықты жаулап алу. Бұл жағдайда кәсіпорынның сапалы өсуі маңызды. Құрылған потенциал оны осылай жасауға мүмкіндік береді және жиі осылай істеуге талап етеді, өйткені кестеде көрсетілгендей кәсіпорында нақты алғышарттар және объективті мүмкіндігі бар: шикізат және технология, қалдықтар және де өндірістік қуаттық артықшылықтарын кешенді және балама қолдану. Нәтижесінде кәсіпорын өзіне жаңаша сапалы сатыға енеді – бұл тік интеграция стратегиясы немесе көлбеу диверсификация стратегиясын енгізумен қатар жүретін даму сатысы. Бұл тауарлық стратегияны таңдау, синергетикалық тиімділік береді, яғни синергизм концепциясына сәйкес, кәсіпорын ішінде әртүрлі қызмет түрлерін өзара күшейту және өзара байланысты қолдану арқылы нәтижелілікті жоғарылату тиімділігі. Ол өндіріс масштабын кеңейту арқылы жететін экономия ұстанымынан неғұрлым кеңірек стратегиялық экономия ұстанымына, оның негізгі көздері болып табылатын сабақтас қызмет түрлерінің бір-біріне сүйеу болатын ұстанымға өтуді көрсетеді.
Бұл таңдау пайдалылыққа жетуді бағдарлауда тиімді болып табылады. Осылай Кембридж университетінің профессоры Р.Румельт диверсификацияның пайдалылыққа әсері кәсіпорынның әртүрлі қызмет түрлерінің жақындық деңгейлеріне байланысты деп есептейді және оның ойынша диверсификация түйіндес салада, бір-бірімен байланыспаған, қызметтерді кеңейту салаларына қарағанда біршама жоғары пайдалылықты қамтиды. Бірақ та ұзақ мерзімді кезеңде кәсіпорынның кемелділік сатысында дәстүрлік және түйіндес салада тартымдылық азаяды және өндірістік қуаттар шамасы мен базалы технологиялар айырмашылықтары байқалады. Сондықтан, көптеген кәсіпорындар үшін мотивтерді ескере отырып, кемелдік сатысында латералды (конгломеративті) диверсификация стратегиялары тиімді болып табылады, өйткені әртүрлі салалардың өзара кеңеюі жиі ауысуы пайда нормаларының өсуі немесе төмендеуіне байланысты болғандықтан капитал әрқашан тежелуі төмен және саланы жоғары пайдалылықта дамытуға ұмтылатын сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынасты ұстанады. Осыған дәлел ретінде, 1960 жылы АҚШ ірі компанияларының кез-келгені 13 салалы кәсіпорындар, 1965 жыл мен 70-жылдың басында – 20 саладан тұрса, осы компаниялардың 9-ы 50-ден астам әртүрлі салалы өндірістерден, ал 39-ы әрбіреуі 30-дан кем емес салаларға тараған. Кәсіпорындардың латералды диверсификация стратегиясына жүгінуі кәсіпорынның сыртқы жағдайларымен сәйкессіздігінің өсуі кезінде оның алдыңғы өз кезегіндегі тәжірибесін мүлде жаңа қызмет түріне өзгерту арқылы оның өмірлік кезеңін ұзартуға мүмкіндік береді.
Өндіріс
диверсификациясының
1.2 Диверсификацияның
экономикадағы қажеттілігі
Диверсификация – бұл ұмытылған ескіні
жаңаша түрде жұмыс істету әдісі. Экономикада
белгілі бір секторға ерекше тәуелділік
(көбінесе бұл шикізат) – тәуекел іс. Қаншалықты
шикізаттық бағасы бүгін жоғары болғанымен,
ертең түсіп кетуі әбден мүмкін. Немесе
ғылыми ой отын мен жанар-жағармайдың
арзан және экологиялық таза түрін ойлап
табуы мүмкін. Жоғары қарқында дамыған
әлем мұнай ресурсы бойынша үлкен көрсеткішпен
ерекшеленген және оған сәйкес қайта өңдеулерге
қызығушылық танытуда, ерте ме кеш пе адамзат
отынның балама түрін алады.
Арасынша
мұнай стратегиялық ресурс болып қалады.
Елестету қиын, бірақ мұнай әрқашан бір
бағада болмады. Тарихта ең алғаш мұнай
алпауыты Джон Рокфеллер өзінің бірінші
мұнай мұнарасын сатып алғанда бір баррель
мұнай бағасы бес долларға әзер жеткен,
кейде одан да аз. Көліктер болмаған,
сондықтан мұнайдан көбінесе керосин
өңдеді. Электр көзінің пайда болу
“қара алтынның” бұл тауашасын
жапты.
“Standard oil” – мұнай серпілісіне негіз салған бірінші мұнай корпорациясы. Содан бері мұнай әрқашан және жер-жерде кім оны иеленсе және кім онымен жұмыс істесе солардың бәріне үлкен көлемде табыс алып келеді. Егер шикі емес мұнайды, яғни оны қайта өңдеп сатса, мұнай табысты өнім болып табылады. Және бұл бағытта сала өзі арнаулы әртараптандыруды қажет етеді. Барлық мұнай өңдеуші Ынтымақтастық елдер индустриясы КСРО кезінен бастап негізі салынды. Жабдықтау қызметінің мерзімі барлық мүмкін шектерден асып кетті. Сондықтан сала жаңғыртуға мұқтаж. Біз шикі мұнайды емес, оның өңделген өнімін экспорттауымыз керек. Бірақ мұнда тағы барлық мұнайлы Ынтымақтастық елдерге тән мәселе туындайды, ол - сала жаңғыртуына құрал тапшылығы. Мәселе мынада, мұнай өңдеуші салада құралды инвестициялау тиімсіз жоғары бағадағы мұнайды шикі “өнім” түрінде өндіру және сату қайта өңдеуге қарағанда өте тиімді және тәуекел аз. Сондықтан мұнай алпауыттары мұнай өңдеуші секторды дамытады деп үміттену қажет емес.
Бұл мәселені тек мемлекеттік деңгейде шешуге болады. Сондықтан Үкімет мұнай компанияларына үкіметтің әсер ету рөлін күшейтуге асығуда. Өткен жылы біз оны саясатта батыстағы “Мәсімовтың мұнай басқыншылығынан” көрдік. Қазақтардың Қашаған, Құмкөл кен орындарын, “Богатырь” көмір кен орнын иелену үлесінің ұлғаюы дәл осы бағыттағы қадам болып табылады. Үкіметтің қолдауынсыз сала диверсификациясы мұнай өңдеуші өнімді ерекше экспортқа өткізу мүмкін емес. 2006 жылы мұнай өңдеуші зауыттарды қайта құру және жаңғырту бойынша жобалар шықты. Бұл зауыттың жұмысбастылығын, мұнайды қайта өңдеу тереңдігін, көлемін және мұнай өнімдерінің ассортиментін арттыруға мүмкіндік береді. Европалық стандартқа сай, жету керек экологиялық көрсеткіштер жақсарады. Бұл айтпақшы ДСҰ-ға кіру шартының маңыздысы. Бірнеше жаңа зауыттардың құрылысы жоспарлануда. Мұнай өңдеуші Түрік және Қытай жобалары қарастырылуы мүмкін.
Барлық ставка шикізаттық ресурсқа жасалғанда, ондай жағдайда экономика “голландиялық ауру” аталынады. Мұнай секторының тез өсуі экономиканың бәсекеге қабілетті мықты салалары олардан капиталын, жұмыс күшін, ғылыми кадрларын өзіне бағыттау арқылы жойылуына алып келеді. Индонезияда мұнай секторы каучук өнеркәсібін толық банкротқа ұшыратты. Ал Нидерландыда газ экспорты жалпы экспорттың және жеке өнеркәсіп өнімін экспорттаудың тез түсуіне алып келді. “Шикізаттың” ақша ағымы соңында ұлттық валютаның нақты деңгейінің аса көтеріліп кетуіне алып келеді. Мұнай өңдеуші салада еңбекақының өсуі өзімен басқа салада да еңбекақының өсуін тартады. Барлығы нақты өндірісте емес шикізаттың жоғары бағасында ұсталады, барлық өнім мен қызмет көрсетулерде баға өсуі болатын инфляция болады. Егер мұнай секторы өзінің “өніміне” деген жоғары сұраныс күшін көтере алса, онда энергетикалық емес салалар бірден құлдырауға ұшырайды.
Информация о работе Өндірісті диверсификациялаудың экономикалық тиімділігі