Меркантилизм және оны сынау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2012 в 00:03, реферат

Краткое описание

Экономикалық теорияның зерттеу пәнін алғаш рет классикалық мектеп өкілдерінің бірі А. Смит жасаған болатын. Ол былай деген: бұл ғылым объективті, адамның еркі мен санасына тәуілді өмір сүретін қоғамдағы материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну заңдарын қарастыруы қажет.

Содержание работы

КІРІСПЕ 2

Меркантилизмнің теориялық негіздері 2

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 6

Ақша балансы 6

Активті сауда балансы 10

Т. Мэн: «Ақша сауданы туғызады, ол сауда ақшаны көбейтеді» 15

ҚОРЫТЫНДЫ 19

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 25

Содержимое работы - 1 файл

СРС економика.docx

— 41.63 Кб (Скачать файл)

Ол, біріншіден, баж салығын  қайтару. Жергілікті тауарларды сыртқа шығарумен байланысты шығындар және реэкспорт, яғни сырттан әкеліп, қайта  шетке шығаруда, оны әкелеу шығындардын  қайтару.

Екіншіден, үкімет шет мемлекеттермен келісіп шартқа отырады, онда аралық сауданы баж салығынсыз жүргізу  немесе өз тауарын сатуда басқа елден әкеліп қайтадан шетке шығарумен салыстырғанда үлкен ұтысқа ие болады.

Үшіншіден, сыртқы  рынокта  үлкен сұранысқа ие болатын тауарларды өндіруші кәсіпорындарға мемлекет сыйақы беріп отырған.

Ал, шеттен әкелетін тауарларды реттеуді үкімет өте жоғарғы салықты  білгілеу арқылы, немесе қажетсіз деп  танылған тауарларды әкелуге заң  жолымен тыйым салынды.

Мысалы, ағылшын үкіметі 1692 жылы француздық тауарлардың  барлығына  дерлік оның құнының 25 проценттік мөлшерде салық белгіленсе, ал басқа елдерден әкелінетін тауарларға оның мөлшері 5 проценттен де аспаған.

Аралық сауданың дамуымен байланысты (онда қор жинауда басты  роль алтын мен күміс атқарды) шетке ақша шығаруға тыйым салудың  орнына, оны сыртқа шығару тиімді, ұтымды деп саналды.

 Сонымен, кейінгі меркантилизм  тұсында экономикалық саясат  ақшалай байлықты тікелей саудамен  байланыстырды. Соңғысын дамыту  мақсатымен сыртқа тауар шығаратын  мануфактураларға қолдау көрсетілді. Міне, осымен байланысты, Маркс дамыған  меркантилизмді коммерциялық немесе  мануфактуралық жүйе деп, ерте  меркантилизмнен айырмашылығы оны  монетарлық жүйе деп сипаттаған.

Англияда дамыған меркантилизм жүйесі ХVІ ғасырдың орта шамасында  орын алды. Англиядағы дамыған меркантилизм жүйесінің бекінуін, Маркс «Теңізде жүзу және отарлау монополия» заңдарымен байланыстырды.

ХVІ ғ. аяғында өз күшіне енген ағылшын буржуазиясы мынадай  ұранды ұсынды «free trade», оның мәні монополияға  кірмейітін әрбір тұлғаға сауда  және өнеркәсіппен айналасуға еркіндік хұқын беру алайда елдің шаруашылық өмірін мемлекеттік реттеуде сақтау. Көрсетілген «free trade» ұраны меркантилистер түсінігінде сауда балансы жүйесінің  тиімділгіне қол жеткізеді.

Сонымен, біз меркантилизм – экономикалық саясат жүйесі екендігін  анықтадық. Енді оның негізін қалайтын меркантилистік теорияға көшейік.

Меркантилизм буржуазиялық политэкономияның алғашқы мектебі. Меркантилистер шығармаларында тұңғыш рет политэкономияға ерекше ғылым  ретінде анықтама берді. Меркантилистер өз практикаларына сүйене отырып, политэкономияны  сауда балансы туралы ғылым деп  те қарастырады. Сондықтан да, активті  сауда балансына қол жеткізу  үшін әртүрлі тәсілдерді қолдану  ұсынылады.

Политэкономия міндеттерін  осылайша түсіну меркантилистер методологиясымен байлынысты, осынысымен де ерте дүние  ойшылдарынан ерекшеленді. Натуралды  шаруашылықты жақтаған құлиеленушілік және ортағасыр ойшылдарынан өзгеше меркантилистер ақшалай байлықтың жаршысы болды. Олар, үлкен пайда әкелетін ірі сауданы дамытуды, қарыздық операцияларды ұлғайтуды жақтады.

Ерте дүние ойшылдары  нормативті әдістерге сүйене отырып, натуралды шаруашылықтың өзгермейтіндігін дәлелдеуге ұмтылды, сол кезеңге  тән адамдардың этикалық тәртібінде жауап беретін экономикалық құбылыстарды қарастырады.

Меркантилистер болса, экономикалық категориялардың қандай  болатындығы  туралы міндеттер қойған емес. Буржуазиялық өндіріс тәсілінің теориялық  негізінде меркантилистік жүйе экономикалық құбылыстарды айналыс саласында  сауда қозғалысын қарастырады, бұл  шектеулікті, зерттеу әдісінің  әлі  жетілмегендігін көрсетеді. 

Мұны түсінуге де болады, капитализмнің қалыптасу кезеңінде  сауда капиталы жетекші ықпалда  болып, феодалды өндірістің ыдырауын тездетеді.

Осымен байланысты меркантилистер құбылыстардың себептерін анықтаудың орнына сипаттаусен шектеледі. Бұл  меркантилистер көзқарастында жүйеліктің жоқтығын көрсетеді. Олардың шығармалары  практикалық маңызы бар жекелеген  мәселелерді көтерумен шектеледі. Осыдан да, меркантилизм шын мәнінде  буржуазиялық ғылыми политэкономия  бола алмады.

Маркс айтып өткендей, буржуазиялық политэкономия жеке дара ғылым ретінде  мануфактуралық кезінде дамыды. Оның мәні буржуазиялық қоғамның экономикалық құбылыстарын зерттегенде бастапқы пункті ретінде айналыс емес, өндіріс алынады және объективті экономикалық заңдар танылады. Ал, осы заңдардың негізінде өндіріс құрал-жабдықтарына капиталистік меншік үстемдік ететін болғандықтан, мануфактуралық  кезеңнен бастап, елдің шаруашылық өміріне мемлекеттің араласпау принципі басшылыққа алынды.

Меркантилистік саясат бірдей болған емес. Сауда капиталының өзгерісімен  ол да эволюциялық жолдан өтті, капиталистік өнеркәсіптің дамуына ықпал етті.

Бұдан шығар қорытынды  кейінгі дамыған меркантилизмнің  методологиясы мен экономикалық көзқарасты ерте меркантилизмнен даму дәрежесінің  тереңдігімен, жоғарылығымен  өзгеше.

Меркантилистердің барлығы  да байлықты ақшамен шытыстырды, алайда ерте кезеңнің меркантилистері байлықты зат ретіне алтын мен күмісті  қабылданды. Олар үшін ақшаның ешбір  экономикалық әрекетпен байланымы  жоқ.

 Ал, кейінгі дамыған  меркантилизм өкілдері ақшалай  байлықтың қорлануын  коммерциялық  және мануфактуралық  қызметпен  байланыста қарастырады. Сондықтан,  байлықты, олар елдің қажеттілігін  өтегеннен артылып қалған өнімдерді  түсінді, соңғысы сыртқы рынокта  ақшаға айналады. Мэн бұл туралы: «жақсы тұру, гүлдену, баю үшін  біз артық өнімдерді сатудың  әдістерін табуымыз керек» - деп  жазды. 

Сонымен, дамыған меркантилистер үшін байлық айырбас құнының тұтынудан  асырып түсуі. Осыдан да мануфактура  жүйесінің өкілдері байлық тауарды  өндіру жолымен емес, шекте шығару арқылы алынады деген ағымның  қоршауында болды. Соңғы меркантилистердің  ақшаның қызметіне байланысты пікірлері  де жетілгендігін байқауға болады.

Капитализмнің алғашқы даму сатысы ақшаның тапшылығынан зардап шекті. Осымен байланысты ертедегі меркантилистер ақшаны өндіргіш күштерді дамытудың  құралы деп қарап, оның қазына жинау  қызметіне ерекше мән берді. Осыдан келіп, олар, шетке  ақша шығаруға тыйым  салуды талап етті.

2.3 Меркантилистердің ойлары

 

Соңғы кездегі меркантилистер ақшаның қорлануы саудадан, ал, сауда  болса өнеркәсіптен тәуелді екендігін  мойындады. Мэн бұл жөнінде: «Ақша  сауданы туғызады, ол сауда ақшаны көбейтеді» деп жазды. Өз кезегінде  қолөнер дамыған сайын сауда  көлемі үлкен және ел бай болуы  керек деп тұжырымдады.

Кейінгі меркантилистер үшін ақша тек өндіргіш күштерді дамытудың  құралы ғана емес, айналыс нәтижесі. Осылар ақшаны қазна жинау және айланыс  құралы деп атауға негіз қалады.

Талдаудан, мануфактуралық жүйенің өкілдері экономикалық құбылыстардың  байланыстарын тереңірек түсінді, әрі олардың ішкі тәуелділіктерін  анықтауға да талпыныс жасады. Осыдан дамыған меркантилистер мынадай  маңызы практикалық қортындыға келеді: бұрынғы әріптестеріне қарағанда  аралық саданы қуаттады және ашқаны сыртқа шығаруға шектеуді алып тастауды талап  етті. Ақша айналысының А-Т-А қуаттаушылары  ретінде шын мәнінде ақша ретінде  капитал қызметін мойындады.

Жалпы меркантилистер байлықты ақшамен шатастырып қана қоймай, тауар  проблемасын, оның құнын да елемеді. Олар тауардың құны болатындығын ақшаға сатып алатындығымен түсіндірді. Тауар құнының мөлшері, сол тауарға  беретін ақша санымен анықталады деді.

Меркантилистер тауар  проблемасы, оның құның айналып өткендіктен  ақшаның өз құнында анықтай алмады.

Ертедегі меркантистилер ақшаны жәй зат ретінде қарастырды, олардың құнын алтын мен күмістің табиғи қасиеті деп түсіндіріп. Сонымен  қатар, олар номиналды көзқарастарын  да жасырған жоқ, яғни ақшаның құны шартты монеталардың тозуы ақшалай  байлықты арттырудың әдісі деп те көрсетеді.

Дамыған меркантилизм өкілдері ақша жәй ғана шарт емес, айналыс  нәтижесі деп ақшаның мәнін тереңнен ашып көрсете білді. Мэн айтып  өткендей, тауардың  пайда болуымен іле-шала ақша туындайды және олардың  өзара байланысы тығыз. Сондықтан, мануфактуралық жүйе өкілдеріне ақша – тауар дегенді мойындау тән, осымен байлынысты монетаның тозуы деген пікірге үзілді-кесілді қарсы.

Маркске дейінгі ойшылдардың  басты кемшілігі тауар-ақша катнасы  емес, тауардың қалайша ақшаға айналуын түсіндіре алмауында. Ол үшін еңбек  өнімінің – тауарға, тауардың айырбас  құнына, айырбас құнының ақшаға айналуын түсіндіру  керек болатын.

Осының да, меркантилистер жалпы эквивалент ретіндегі ақша ерекше тауар рөлін атқарды.

 Ақшаны сыртқа шығаруды  қуаттай отырып, кейінгі меркантилизм  өкілдері ақшада барлық тауарлар  сияқты тауар деп дәріптеді.

Кейінгі меркантилистер ақшаның  саңдық теориясының негізін қалаушылар. Сонымен, дамыған меркантилизм өкілдері, ақша-тауар деген қортындыға келгенмен, осы ұстанымда тұра алмады. Олар еңбек өнімінің тауарлы формасын, құнын елемей, ақшаның жалпы эквивалент ретіндегі мәнін де терістеді. Ақшаның  құны болатындығынан бас тартқан  соңғы меркантилистер, саналы болмаса  да  өздерінің басты тезисі «байлық  ақша» деген де шегінді деп  айтуға болады.

Меркантилистер вексель  курсына да көп көңіл бөлген. өйткені, вексель курсының ауытқуы алтының  бір елден екінші бір елге ауысуына ықпал ететіні белгілі. Меркантилистер бұл құбылысты елеумен шектелмей, мемлекетте ақшаның құйылуына да үлкен мән берді. Осы мақсатпен олар валюта саудасына мемлекет монополиясын орнатуды ұсынады.

Сонымен, дамыған меркантилистер вексель курсы мен сауда балансы  қалдығы арасындағы тәуелділікті анықтады.

Соңғы меркантилистер шығармаларында пайда проблемасына да едәуір көңіл  бөлінген.

Біз көрсеткендей, меркантилистер құнды ақша түріне қабылдады. Осыдан келіп, олар пайданы ақша көлемінің  ұлғаюы, ал пайданың көзі эквиваленттік  емес айырбастау деп қарастырды. Олай болса, меркантилистер үшін пайда ел ішінде салыстырмалы ғана болғаны, яғни, ішкі сауда есебінен жекелеген адамдар  ғана байыды, алайда елдің ақшалай  байлығының өсуі мүмкін емес деп көрсетті. Мэн сөзімен айтқанда «біреу жоғалтады, екінші біреуі ұтады».

Сондықтан да, меркантилистер өз көзқарастарын дамыта отырып, онды пайда тек сыртқы рыноктан, ең бастысы  эквивалентсіз айырбастан түсетіндігін дәлелдеп бақты. Байлық көзі сыртқы сауда  деп көрсете отырып, меркантилистер көршілес елдермен салыстырғанда қарыз  процентін заңды түрде төмендеутін  талап етті. өйткені, басқа мемлекеттерге (заем) қарыз беру, алудан гөрі тиімді екендігін басып көрсетті.

Меркантилистердің өсімқор  капиталға қарсы болуының бір  себебі,  мемлекеттің капиталдың алғашқы қорлануындағы ролін  түсіне білгендігінде деуге болады. Осыдан да, мемлекеттің қуатты болуын, сауда буржуазиясының мүддесіне  бағынуын қуаттады.

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Сонымен, ХV-ХVІІ ғғ. экономикалық саясат пен экономика ілімінің басты  бағыты меркантилизм болды. Қысқаша  бұл бағыттың мәнін былайша қортындылауға  болады: экономикалық саясатта – ел ішінде және мемлекеттік қазынада бағылы металдары жаппай қорландыру; теорияда – экономикалық заңдылықтары айналыс  саласынан іздестіру (сауда, ақша айналысында). Сауда капиталының басты принципті  – қымбатқа сату үшін, сатып алу, айырмасы бағалы сары семал формасында көрініс алады. Ал, осы айырманың  өндірістен, тек қана еңбектен туындайтынын ойлағанда емес. Меркантилизмнің  мемлекеттен де данагөйлігі шеттен сатып алғаннан гөрі, шетке көбірек  сатуды уағыздауы.

Кейінірек ХVІІ ғ. аяғы және ХVІІІ ғ. Еуропа мемлекеттері икемді әрі конструктивті саясатқа көшті. Ел басқарушылар мен олардың кеңесшілері  ең  танымды ақша табу әдісі - өндірісті  дамыту тауарларды экспортқа көптен шығару, шетке шығару көлемі шеттен әкелетінен асып түсуі керек.

Осы екі сатыға меркантилизм саясатында ілгеріде атап өткендей дамудың  екі сатылы теориясы тән. Ерте меркантилизм, елдегі ақша көзін молайту мен  тұрақтандыруды әкімшілік шараларымен  реттейін монетарлық жүйе. Дамыған  меркантилизм болса, ұлттық байлықты арттырудың жолын қарапайым бағалы металдарды қорландырудан емес, сыртқы сауданы  дамыту және активті сауда балансына  қол жеткізу (экспорттың импорттан асып түсуі) деп тұжырым жасады. Сонғылары бұрынғы әкімшілік араласуды терістеді. Дамыған меркантилизм өкілдері мемлекеттің араласуын табиғи хұқықтар принциптері болуын мақұлдады.  

Экономикалық теорияның  табиғи хұқықтарымен байланысы кейіннен меркантилизмнен классикалық политэкономияға  ұласты.

Меркантилизм өз мәніне ерекше ағылшындық құбылыс. Ақшаны қорландыру протекционизм және шаруашылықты регламенттеу саясаты ХV-ХVІІІ ғғ. Бүкіл Еуропаны қамтыды. Меркантилизм саясатының дамыған  формасы Францияда ХVІІ ғ. екінші жартысында кеңінен орны алды. Меркантилизм теориясыын итальяндық экономистерде  жемісті дамытты. Егер ағылшындардың  әрбір меркантилистік трактаты «саудамен» басталса, итальяндықтар үшін маңыздысы  «ақша», «монета» болды. Бөлшектенген италияда ақша проблемасы, оны ұсақ мемлекеттер арасында айырбастау аса  маңызға ие болды. Германияда меркантилизм камералистика деген атпен ХІХ  ғ. басына дейінгі ресми экономикалық доктрина болды.

Алайда, меркантилизм идеяларын  дамытуда ағылшын экономистері жетекші  роль атқарды. Мұны Англияда экономикалық дамудың қарқындылығымен ағылшын  буржуазиясының жетілгендігімен түсіндіруге  болады. К. Маркс  меркантилизмге терең  таңдау, зерттеу процесінде негізінен  ағылшын  авторларының еңбектерының басшылыққа алған.

Информация о работе Меркантилизм және оны сынау