Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 13:53, курсовая работа
Біздің мемлекеттің Конституциясында : «Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет және өзін зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады»,- деп атап көрсетілген.
Қазақстандағы бүгінгі жағдайларда, кәсіпорындарға өзінің өміршеңдігін сақтау үшін нарықтағы әрбір қадамын есептеп отыруы керек, кадрлар мен кәсіпорынды басқаруда тұрақты түрде инновация енгізу қажетті. Ең күрделі жағдайлардан оңтайлы шығудың амалын табуы және тәуекелдікке ойлы баруы қажет. Сондықтанда фирманың білікті менеджерінің және бүкіл командасының білікті, кәсіптік жұмысы өте маңызды.
Тиімді басқару мен команданың жоғары сапалылығы кәсіпорынды кез-келген дағдарыстан алып шыға алады. Фирманы басқарудың бүкіл механизмі қысқа, сонымен қатар барлығын қамтыған болуы қажет; оған кіруге міндетті: өнімнің ассортиментін басқару жүйесіде, кәсіпорын қарыздарын басқару жүйесіде, қаржылық және салықтық жоспарлау жүйесіде, маркетингілік жүйеде және көптеген басқалары. Басқарудың осындай тиімді рычагтарын кәсіпорын қаншалықты жақсы игеріп, қолданса, соншалықты оның өміршеңдігі артады, және қазіргі ауыр өтпелі кезеңде табысқа жету сенімі жоғарылайды.
Бірінші кезекте фирманың қаржылық табысының технологиясына тоқталу қажет. Оның әрбір жұмыскерінің әлеуметтік және материалдық қорғалынуы, ол жұмыс істейтін компанияның қардыжық орнықтылығына тәуелді болады. Сондықтанда, фирманың қаржылық-экономикалық жағдайларын жақсартуды менің есебінен жүргізуге болатыны туралы мәселелер тек қана жетекшіні, басқарушыларды, акционерлі ғана толқытып қоймайды, бұл мәселе үшін оның түгелдец ұжымының, барлық жұмыскерлерінің басы ауырады. Қазақстандық кәсіпорындардың басым көпшілігі бүгінгі таңда инвестициялық – тартымды болып табыламайды (олардың 40 % жуығы – залалды, және жуық шамамен соншасы орнықпаған қаржылық жағдайда болып тұр).
Инвесторлардың ұсынатын шарттары, көп жағдайда кәсіпорын үшін өте тиімсіз болуыда. Осыған байланысты күйі нашар кәсіпорындар, тәжірибелік түрде, қаржылық қолдау көре алмай келеді. Мүмкін, жақын уақыттарда күйсіздік қарызгер-кәсіпорындардың сатылуының басты себебі болатын шығар. Сондықтанда кәсіпорынның қызметінде ішкі реформалау мен түрлендіру мүмкіндіктерін ұжым болып іздеу қажетті мәселе болып тұр. Бұл меншікті әлуетті белсенді қолдану және оны барынша дамытуды көрсетеді, және бірінші кезекте – басқару жүйесін жетілдіру арқылы.
Кәсіпорынның қаржылық тиімділігін жоғарылатудың келесі бағыттарын бөліп көрсетуге болады: жылдам өткізілетін резервтерді тиімді басқару шешімдері есебінен пайдалану (ең алдымен - "тәртіпке келтіру" және нәтижелер бойынша басқару технологиясына өту). Мұндай өзгерістер бары-жоғы 2-4 ай ішінде өткізіледі және тиімділіктің 20 % дейін артуына ықпал етеді.
Ассортименттік
саясаттың түпкілікті жетілдірілуі
(пайдалылығы төмен өнімнің
Инновациялық процестерді қалыптастыру, оған енетіндер: жаңа тиімді қызметтерді, өнімдерді, технологияларды жасау мен енгізу (оның ішінде өзгерістерді стратегиялық басқарудың технологиялары мен жүйелері), экономикалық механизмдер және тағы басқалары. Бұл өзгерістердің жүзеге асырылуы бір-біржарым жылды қажет етеді. Бір жылдан соң олар тиімділіктің 10-20 % артуын, екі жылдан соң – 60-70 % дейін ұлғаюын бере алады. Ал ары қарай жыл сайын 30 % дейін және 2-3 жыл ішінде.
Бір
реттік шара болып табылмайтын және
тұрақты түрде қадағалауды
Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы өндіріс тиімділігін арттыруды экономикалық ынталандыру
Өндіріс тиімділігін арттырудың объективтік қажеттілігі кеңейтілген ұдайы өндіріс процесінің экономикалық мүддемен тікелей байланыстылығында. Дамудың қозғаушы басым күштерінің бірінен саналатын экономикалық мүдделер, өндіріс тиімділігінің артуына ынталандырудың ғылыми негізделген жүйесін ұтымды қолдану арқылы әсер етеді. Сонымен қатар, экономикалық мүдделер, ынталандыруды қоғамның заңдылықтарымен байланыстырып тұратын орталық буын болып табылады.
Еліміздің қазіргі және орта мерзімді дамуындағы негізгі стратегиялық ұстаным – экономикалық өсуді экстенсивтік емес, интенсивті, индустриалды-инновациялық факторлардың басымдылығы есебінен қамтамасыз ету. Бұл үшін еңбек уәжі мен оған ынталандырудың жаңа жүйесін қалыптастырудың нақты жолдары анықталуы қажет.
Алайда, экономикалық әдебиетте «еңбекке ынталандыру» мәнін анықтауда ортақ пікір қалыптаспаған. Ғылыми зерттеулерде «экономикалық мүддерлер», «қажеттілік», «ынталандыру», «материалдық ынталандыру», «уәж», «уәжділік» сияқты ұғымдар кеңінен қолданылады. Олардың мәні мен функционалдық мағынасы да бірқатар шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерінде әртүрлі түсіндіріледі. Осыған байланысты, біз, «ынталандыру» категориясын нақтылауда бүгінгі заманға тән интеграциялық тәсілге сүйенуді, зерттеу шеңберінде тек экономикалық емес, сонымен қатар, тарихи, әлеуметтік-мәдени, құқықтық және саяси алғышарттардың да қамтылуы қажет деп санайтын экономистерді қолдаймыз.
Қоғамның басты өндіргіш күші, ең алдымен адам ресурстары. Демек, ынталандыру ұғымы олардың мүддесіне тікелей қатысты түсінік, яғни еңбекке талаптандыру уәжі болып табылады. Өз кезегінде, «еңбекке ынталандыру» дегеніміз қажеттіліктің кешенді жүйесі, адамдардың іс қабілетін дамытудың күшті құралы.
Экономикалық
ынталандыру материалдық
Нарықтық
қатынастар жағдайындағы шаруашылықты
тиімді жүргізудің ынталандыру жүйесі
өнімді еңбек қызметіне
Экономикалық ынталандырудың қазіргі постиндустриялық жағдайында құндық бағдарлар мен қажеттіліктер, қызметкерлердің еңбек белсенділігінің даму барысындағы оңды өзгерістер мұқият ескерілуі тиіс. Бұлар:
- материалдық ынтаны тұлғаның өзі іске асыруы, зияткерлік әлеуетті дамыту, адамның шығармашылық қабілеттері мен білімін үдету;
- өнімді еңбек пен мол табыстың кепілі – жұмыскерлердің іскерлік қабілеті мен біліктілігін арттыру;
-
барынша көп тұтынудан гөрі, өмір
сүру мен еңбек қызметінің
әлдеқайда жоғары сапасын
- сапалы экономикалық өсімге қол жеткізуде еңбек белсенділігін ынталандыру міндеті қызметкердің еңбекке негізделген басым уәждерімен, әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандырумен сипатталады, демек материалдық ынталандыруда әлеуметтік фактордың ролі арта түседі.
Қазақстан Республикасының жедел дамуына, сондай-ақ өндірістің өнімділігіне экономиканың қазіргі жағдайы, яғни трансформация (түрлену) процесі әсер етіп отыр. Кез келген өтпелі кезеңнің негізгі белгілері: бұрынғы және жаңа жүйе элементтерінің қатар жүруі, қарама-қайшылықтың ерекше көрінісі – бой көтере бастаған және ескірген экономикалық механизмдер мен тетіктердің арасындағы сәйкессіздіктер, тұрақсыздық. Трансформациялық жағдайдың кері әсері, бір жағынан, қоғамдағы экономикалық және өндірістік күрделі өзгерістерге тәуелді болса, екінші жағынан, өз ішінде қайшылық пен проблемаға толы нарықтық механизмнің қалыптасуымен тікелей байланысты.
Нарықтық қатынастарға көшкен кезімізде әкімшіл-әміршіл жоспарлы жүйенің негізі бұзылды, ол жаңа өзгерген жағдайда іске аса алмады. Осыған байланысты, өндіріс тиімділігін ынталандырудың жаңа механизмін құрудың объективті қажеттілігі туындайды. Мұнымен қатар, өндіріс тиімділігінің төмендеуіне, экономикалық процестерді реттеуге кері әсерін тигізген құбылыстардың бірі меншіктік қатынастардың өзгеруі. Реформаларда, ғылымға негізделген концепцияның болмауы өндірістің құлдырауын, экономикалық өсім шеңберінің тарылуын тудырады. Меншік иелері мен меншікке ие топтар әлі ешкім иелене қоймаған ресурстарды қолға алуға және меншікті өз пайдаларына қарай бөлісуге ұмтылады. Бұндай жағдайда, өндіріс табыс табатын құрал ретінде емес, иеленуге болатын байлық ретінде қабылданады. Осының барлығы, өндіріс тиімділігін ынталандыруға ықпал етпейді. Жекешелендіру нәтижесінде, пайда болған меншіктік құрылым және меншікті іске қосудың тиімді, заң шығарушылық базасының жетіспеуі, тиімділікті экономикалық ынталандыру механизмінің мүмкіндігін әлсіретеді.
Экономикадағы түрлендірулер тек меншік құқықтарының қайта бөлінісінде ғана емес, жеке меншікке негізделген өндірістік қатынастарды қалыптастыру. Шаруашылықты жүргізудің жеке меншіктік үрдісі өндіріс көлемін ұлғайтудың негізі, оның тиімділігін арттырудың қуатты құралы.
Әлеуметтік-экономикалық
дамудың қазіргі кезеңінде
Өндіріс
тиімділігін ынталандыру
Ауылшаруашылығын реттеудегі мемлекеттік саясат
Ауылға көңiл бөлу және оның жағдайын жақсарту – мемлекеттiк мәнi зор iс. Кез келген экономикалық реформаның түпкi мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру. Еліміздің тәуелсіздігі жарияланғалы бері экономикамызда едәуір құрылымдық өзгерістер болды. Орталықтандырылған жоспарлы экономикадан бас тартқаннан кейін түпкілікті қайта құруларға бағытталған шаралар кешені жүзеге асырылды. Солардың нәтижесінде мемлекеттік меншік жеке меншік болып өзгертілді, сондай-ақ нарықтық экономиканың құқықтық негізі қаланды. Бәрімізге белгілі, нарықтық экономика ұғымы өндірістік және жер қатынастарын өзгертуді, баға белгілеу мен кредит жүйесін ырықтандыруды, бәсекеге қабілетті нарықтық инфрақұрылым құруды қамтиды. Ауыл шаруашылығы өндірісін одан әрі дамыту аграрлық сектордың даму стратегиясын тұжырымдамалық тұрғыдан белгілеуді талап етті.
Осындай күрделі өтпелі кезеңде бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өндірісінің өсуін қамтамасыз етуді және ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерінің өндірісін тұрақтандыруды көздеген Ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасы іске асырылды. Агроөнеркәсіптік кешендегі жағдайдың біршама тұрақтанғанына қарамастан, салада өтпелі кезеңнің бірқатар проблемалары сақталып қалды. Аграрлық саладағы одан арғы экономикалық өзгерістердің қисыны сапалық жағынан жаңа өсу деңгейіне өтуді талап етті. Аграрлық сектор мен ауыл адамдарының проблемаларын кешенді шешу үшін 2003 – 2005 жылдар Ауыл жылдары болып жарияланды. Алда тұрған міндеттерді шешу мақсатында Қазақстан Республикасының 2003 – 2005 жылдарға арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы әзірленіп, іске асырылды. Осы жылдары агроөнеркәсіп кешенінің нарыққа бағдарланған заңнамалық базасын қалыптастыру, оны халықаралық тәжірибенің нормаларына сәйкес келтіру жөнінде біршама жұмыс жүргізілді. Бағдарламаның іске асырылуы тамақ өнімдерінің негізгі түрлері бойынша елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тиімді, бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік өндірісті дамыту үшін қажетті жағдайлар жасауға мүмкіндік туғызды.
Қазақстанның кәсіби Парламенті еліміздің саяси-экономикалық дамуына негіз болып отырған заңдарды дер кезінде қабылдап келеді. Ауыл шаруашылығына қатысты заң жобалары түгелдей Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитеті арқылы өтеді. Өзім Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі ретінде заңдарды жетілдіруге атсалысып келемін. Ал қабылданған заңдар аграрлық саланы өркендетуге серпін берді. Парламент депутаттары Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін орындап, қоғамға қажетті басқа да заңдарды жедел қабылдап жүр. Күні кешеге дейін «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша көптеген жұмыстар атқарылды. Бағдарлама шеңберінде ауылдық жерлердегі мектептердің, денсаулық сақтау ұйымдарының және мәдени ошақтардың материалдық-техникалық негізі айтарлықтай нығайып, оларды заман талабына сай жабдықтау жұмыстары жүргізілді. 2004 жылдан бері ауылдық жерлердегі даму әлеуеті жоғары елді мекендерде тұратын халық санының 2,2 есе артуы, ауыл халқының жан басына шаққандағы жылдық ақшалай табысының 3,5 есе өсуі, ең төменгі күнкөріс деңгейіндегі ауыл тұрғындары үлесінің 4,5 есе азаюы осы жұмыстардың нәтижесі.
Десек те, ауылдың айналасындағы түйткілдер әлі де жеткілікті. Соның бірі әрі бірегейі – аграрлық секторды қаржыландыру мәселесі. Бүгінгі күні ауыл халқын шағын несиелендіру шағын және орта кәсіпкерліктің көкейкесті мәселелерін шешудің және мемлекеттің дағдарысқа қарсы саясатының ең қажетті және тиімді тетіктерінің бірі болуына байланысты еліміздің экономикасында зор маңызға ие болып отыр. Шағын несиелендіру аз мөлшерде қаржыландырудың негізгі элементі ретінде дәстүрлі банктік қарыздар алуға шамасы келмейтін өте кедей «ұсақ кәсіпкерлерге» несие берумен ерекшеленеді. Ауылда халықтың 47 пайызы өмір сүреді десек, олардың 18 пайызының табысы өмір сүру деңгейінен төмен екен. Ауыл халқының кедей болуының негізгі себебі үй шаруашылығының өнімділігі мен табыстылығын арттыру үшін қаражат табу мүмкіндігінің шектеулі болуы.