Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдаланудың тиімділігін көтерудің теориялық аспектілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Апреля 2013 в 18:46, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың міндеті:
1. Кәсіпорынның негізгі қорлардың құрылымдық бөлімдерімен қамтамасыз етілуі мен жалпы және жеке көрсеткіштері бойынша пайдалану деңгейін анықтау, негізгі қорларды пайдаланудың қызмет көрсету көлеміне әсер етуін есептеу, кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану деңгейін зерделеу және негізгі қорларды тиімді пайдалану резервтерін ашып қарастыру.
2. Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану жолдарын жақсарту ерекшеліктерін анықтау.
3. Негізгі қорларды тиімді

Содержание работы

КІРІСПЕ...........................................................................................................3
1 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Негізгі қорлардың экономикалық мәні мен маңызы...........................5
Негізгі қорлардың тозуы мен амортизациясы.............................................12
2 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫ ТАЛДАУ
2.1Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану тиімділігін талдау...............................................................................................................19
2.3Кәсіпорынның негізгі қорларының амортизациясын есептеу ............22
3КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫН ЖАҚСАРТУ
3.1Негізгі құралдарды тиімді пайдалану шаралары..................................28
3.2Амортизацияны есептеудің жеделдетілген тәсілін қолдану және негізгі капиталының ұдайы өндірісі..........................................................................32
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................37
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................39

Содержимое работы - 1 файл

эканомика Динара.docx

— 92.96 Кб (Скачать файл)

Негізгі құралдарды моральды тоздыратын факторлар:

1.Өндірістегі жабдықтар  мен жабдықтардың жаңаруы (ескі  машиналарды жаңа, неғұрлым өнімділеуіне  ауыстыру);

2.Технологиялық процестің  жетілуі (жаңа технология кезінде  қолданыстағы машиналар мен жабдықтарды  пайдалану мүмкін емес);

3. Шығарылған өнім номенклатурасының  жаңаруы мен өзгеруі (бұл орайда  ескі машиналар мен жабдықтар  жаңа өнім шығаруға жарамсыз);

4. Тауар өндіруге арналған  машиналар мен жабдықтардың санын  азайтуға субъектіден талап ететін, кейбір тауалар сұраныстың азаюы;

5. Жұмыс күшінің, білікті  қызметкерлердің еңбекпен қамтылуындағы,  өндірістің географиялық орналасуындағы  өзгерістер.Олар өндіріс көлемін,  пайдаланылатын машиналар мен  жабдықтардың санын азайтуға  талап етуі мүмкін;

6. Өнеркәсіптің өңдеуші  салаларындағы шикізат құрамының  жиынтығындағы өзгеріс, өнімнің  жекелеген түрлерін өндіру қажеттілігі.  Бұлар өнеркәсіптің өндіруші  салаларындағы өндіріс көлемінің  қысқаруына әкеп соқтыруы мүмкін. Моральды тозудың нәтижесінде  физикалық тозу басталғанға дейін  негізгі құрал объектілерін жаңасына, неғұрлым үнемдісіне ауыстырады. Моральды тозуды болдырмас үшін  негізгі құрал объектілерін қайта  құрады және жаңғыртады. Мұражай  және қылқалам құндылықтарынан  кітаптардан, фундаментальді кітапханалардан,  фильмдер қорынан, сәулет пен  өнердің ескерткіші болып табылатын  үйлер мен ғимараттардан басқа  негізгі құралдардың барлығы  моральды тозуға бейім.

Амортизация – бұл қызмет мерзімі ішінде активтің амортизацияланатын құнын жүйелі бөлу түрінде тозудың  құнмен көрсетілуі, басқалай айтсақ, есептелген амортизация сомасы белгілі бір  кезең ішінде пайдаланған немесе тұтынған негізгі құралдардың құнын  көрсетеді. Амортизацияланатын құн  пайдалы қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін сыныққа, қалдықтарға айналатын  қосалқы бөлшектердің болжанатын құны ретінде негізгі құралдардың  түсуі кезінде анықталатын бастапқы құн мен жою құны арасындағы айырманы білдіреді. Амортизациялық жарналар (аударымдар) әрбір есепті кезең үшін өнімдердің тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің элементі және шығысы ретінде танылады.

Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша  жасалынады.

Амортизация нормасы- бұл  амортизациялық аударымдардың жылдық сомасының негізгі құралдардың  жылдық орташа құнына қатынасы.

Негізгі құралдарға амортизация (тозуын) есептеудің басты мақсаты  олардың құнын өтеу көзін таба білуден тұрады.  Бұл көз амортизацияны  шығыстарға, шығындарға қосу есебінен жасалады.  Амортизациялық жарналардың  сомасын көбейту немесе азайту шығыстарды бұрмалауға алып келеді, мұнан жиынтық  жылдық кірістің көлемін, кірістерді бұрмалау орын алады, демек, салық салудағы дәлсіздіктерге әкеліп соғады.

Жұмыс істеген бүкіл кезең  ішіндегі амортизациялық жарналардың  жалпы мөлшері амортизацияланатын құнға немесе бастапқы және тарату құндары арасындағы айырмаға теңестірілуі тиіс.

Амортизацияның әдістері

Амортизация кәсіпорында  ай басында бар негізгі құралдарға есептеледі. Кіріске алынған негізгі  құралдар  келесі айдың бірінен  басталып есептеледі, ал шығысқа шығарылған негізгі құралдар  келесі айдан  бастап есептеуі  тоқтатылады.

Ол бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында 2420 «Негізгі құралдардың  құнсыздануы мен амортизациясы» шотында жүргізіледі.

№ 16 ХҚЕС талаптарына сәйкес амортизацияның 4 әдісі бар: 

  • құнды біркелкі есептеп шығару әдісі;
  • өндірістік әдіс;
  • кумулятивтік әдіс;
  • кемімелі-қалдық әдісі.

Құнды біркелкі есептеп шығару әдісі.

Құнды біркелкі есептеп шығару әдісі неғұрлым қарапайым әдіс болып  саналады. Осы әдіс бойынша объектінің амортизацияланатын құны негізгі құралдардың  жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің шығындарына бір  қалыпты қосылып отырады. Бұл  әдіс бойынша амортизациялық аударым  мөлшері тек қана объектінің жұмыс  істеу мерзімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделген. Бұл  әдіс бойынша әр есепті жылда негізгі  құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі құралдарының барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құн мен қалдық құнының айырмасын объектінің пайдалану  кезеңіндегі есеп беретін жылдардың  санына бөлу арқылы есептеліп  шығарылады. Бұл әдіс бойынша, яғни құнды біркелкі есептен шығару әдісі қолданылғанда  негізгі құралдарға есептелетін  амортизациялық аударым сомалары жыл  сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 КӘСІПОРЫННЫҢ   НЕГІЗГІ   ҚОРЛАРЫН   ПАЙДАЛАНУДЫ ТАЛДАУ

 

2.1  Кәсіпорынның негізгі капиталын пайдалану тиімділігін талдау

 

Кәсіпорынның  негізгі  капиталдың жалпы соммасында  әдетте негізгі қорлар  үлкен үлес салмақты алады. Олардың санына , құнына , техникалық деңгейіне, пайдалану тиімділігіне байланысты кәсіпорынның соңғы нәтижелері тәуелді: өнім өндірісі, оның өзінідік құны, пайда, рентабелділік, қаржылық тұрақтылықтың жағдайы. [15,245б.]

Негізгі құралдарды пайдалану  тиімділігін жалпылама сипаттау үшін рентабелділік (пайданың негізгі  өндірістік қорлардың ортажылдық құнына қатынасы), қор қайтарымы (өндірілген немесе өткізілген өнімнің құнын  ҚҚС-ғын,  акциздерді алып тастағаннан  кейін сомасын негізгі өндірістік қорлардың ортажылдық құнына қатынасы ),  қорсыйымдылық ( қорқайтарымның кері көрсеткіші), өнімнің  өсімінің бір  теңгесіне салынған күрделі салымдардың  үлесі көрсеткіштер анықталады.  Сонымен бірге салыстырмалы үнемдеу  де есептеледі:

± Ү нөқ = НӨҚ1  –  НӨҚ0  х IЖӨ                         (17) 

мұнда, 

НӨҚ1 , НӨҚ0 -   сәйкесті  бзистік  және  есептік жылдарда негізгі  өндірістік қорлардың ортажылдық құны;

IЖӨ - өнім өндірісінің  көлеміінң индексі.

Қорлардың ортажылдық құнын  есептеу барысында  тек қана өзіндік  негізгі құралдар ғана емес жалға  алынғандар, резервтегі және жалға  берілгендер  де есепке алынады. [13,313б.]

Жеке көрсеткіштер кейбір машиналар, жабдықтар, өндірістік алаңдарды  саипатту үшін пайдаланылады. Мысалы сменада  жабдықтың бір данасына шаққан өнім көлемі, өндірістік алаңның 1 шаршы  метіріне өнім өндірісі.

Талдау барысында өсы  көрсеткіштердің динамикасы, олардың  деңгейі бойынша жоспардың орындалуы , шаруа аралық салыстырмалар зерттеледі.

Негізгі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігінің жалпылама  көрсеткіші ретінде қор рентабелділігі болып табылады. Оның деңгейі тек  қор қайтарымына емес сонымен  өнімінң рентабелділігіне байланысты. Осы көрсеткіштердің ара байланысын келесідей көрсетуге болады:

                 П            ЖӨ              П 

R нөқ = ---------- = ----------  х ---------- = ҚҚ  х Rжө  ,                          немесе

              НӨҚ         НӨҚ            ЖӨ

 

                 П            СӨ              П 

R нөқ = ---------- = ----------  х ---------- = ҚҚ х Rсө         (18)

                  НӨҚ         НӨҚ            СӨ

 

мұнда,

R нөқ – негізгі өндірістік қорлардың рентабелділігі;

П - өнімді сатудан алынған  пайда;

НӨҚ – негізгі өндірістік қорлардың ортажылдық құны;

ЖӨ, СӨ - сәйкесті  өндірілген немесе сатылған өнімнің құны;

ҚҚ – қорқайтарымы;

Rжө, Rсө  - өндірілген немесе сатылған өнімнің рентабелділігі. [13,432б.]

  «К & К - TALDYKORGAN» ЖШС-нде негізгі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігін  талдау үшін келесі кестені есептегенде мынандай қорытындылар шығады.

 

Кесте 1 - Негізігі қорларды пайдалану тиімділігін талдау үшін бастапқы мәліметтер

 

Көрсеткіш

2008

жыл

2009 жыл

2009жыл 

2008 жылдың өзгерісі

Өндірілген өнімнің көлемі(ЖӨ), мың тг

96000

100800

+ 4800

Өнімді өткізуден алынған  пайда, мың  тг

17900

19296

+1396

Ортажылдық құн, мың тг:

  • негізгі өндірістік қорлар (НӨҚ);
  • активті бөлігі (НӨҚ @)

-жабдықтардың бірлігі  (Б)

 

12715

7680

120

 

14000

8400

127,27

 

+1285

+720

7,27

Үлес салмақ, коффициент:

-қорлардың активті бөлігі (ҮС@ )

 

0,604

 

0,6

 

-0,004

Қор рентабелділігі

(R нөқ),%

140,8

137,8

-3,0

Өнімнің рентабелділігі (Rжө), %

18,65

19,14

+0,49

Қор қайтарымы, тг:

-негізгі өндірістік қорлардың(ҚҚнөқ)

-активті бөлігінің (ҚҚ@)

 

7,55

12,5

 

7,20

12,0

 

-0,35

-0,5

Технологиялық жабдықтардың ортажылдық көлемі (К)

 

64

 

66

 

+2

Барлық жабдықтар жұмыс  жасағаны (Т), мың. сағ

Оның ішінде жабдықтардың бірлігімен:

-сағат (Тбір)

-ауысым(Ау)

-күн (Күн)

 

240

 

3750

500

250

 

226,51

 

3432

470,4

245

 

-13,49

 

-318

-29,6

-5,0

Жабдықтардың ауысымдық  коэфициенті(Кау)

 

2

 

1,92

 

-0,08

Деректер көзі: «К & К - TALDYKORGAN» ЖШС-нің 2008, 2009 жылдардың бухгалтерлік балансы


 

Бұл кестені талдағанында келесі қорытынды жасауға болады: негізгі өндірістік қорлардың рентабелділік  деңгейі 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда 3% төмен. Қор рентабелділі және өнімнің  рентабелділігі өзгергені есебінен анықтау үшін абсолютты айырмалар  әдісін пайдалануға болады.

Қор рентабелділіктің өзгерісі келесі есебінен анықтауға болады:

  • негізгі өндірістік қорлардың қор қайтарымы есебінен:

R нөқ  =   ∆ ҚҚ  х Rжө =(7,20 – 7,55)х18,65 = - 6,53%      (19)

            - өнім өндірісі рентабелділігі  есебінен:

R нөқ  = ҚҚ  х   ∆Rжө = 7,20(19,14 – 18,65)= +3,53%        (20)

Бұл есептен қарап отырғанымыздай қор қайтарымы 0,35-ке  төмендегеніне  байланысты негізгі өндірістік қорлардың  рентабелділігі 6,53%  төмендеді. Ал өнімнің  рентабелділігі 0,49%-ға көбейгендіктен  қор рентабелділігі 3,53%-ға көбейді. Нәтижесінде қор рентабелділігі 3,5%-ға төмендеді(6,53-3,53).

Негізгі өндірістік қорлардың  қор қайтарымына әсер ететін бірінші  деңгейлі факторларына негізгі өндірістік қорлардың жалпы сомасында қорладың активті бөлігінің үлесінің өзгеруі  және қорлардың активті бөлігінің  қор қайтарымының өзгеруі  әсер етеді:

ҚҚ = ҮС@   х  ҚҚ@                                                            (21)  

Берілген мәліметтерден  абсолютты айырмалар әдісімен факторларлық есептің нәтижесінде келесі шығады:

-активті бөлігінің үлес  салмақтың өзгеруіне  байланысты  қор қайтарымы 0,05 тг. азайды((0,6 - 0,604) х 12,5 = -0,05тг)

- активті бөлігінің   қор қайтарымының өзгергеніне  байланысты қор қайтарымы 0,30тг  азайды((12,0 – 12,5) х 0,6 = -0,30тг)

Нәтижесінде қор қайтарымы  0,35теңгеге азайды.

Қорлардың активті бөлігінің  қор қайтарымы (технологиялық жабдықтардың)  оның құрамынан, жұмыс істеген уақытынан  және ортасағаттық өнімділігінен тәуелді.

Талдау үшін келесі факторлық  моделді пайдаланады:

                К х Тбір  х СағӨ

ҚҚ@  = ----------------------                                                   (22)  

                 НӨҚ @

 

Жабдықтардың қор қайтарымының факторлық моделін кеңейтуге  болады егерде жабдықтың бірлігінің жұмыс істеген уақытын  жұмыс  істеген күнін (Күн), ауысым коэфициентін (Кауыс) және сменаның  орташа ұзақтылығын(Ұ) көбейтсе. [19.291б.]

Технологиялық жабдықтың  орташа жылдық құны  оның санын(К) бірлігінің орташа құнына (Б)  көбейту арқылы есептеуге болады:

Информация о работе Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдаланудың тиімділігін көтерудің теориялық аспектілері