Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 20:14, реферат
Кәсіпорынның шығаратын тауарларының мөлшерін рынокқа ұсынуы, оны өндіруге кететін шығындарына және сол тауарлардың рынокта сатылатын бағаларына тікелей байланысты болады. Бұдан шығатын қорытынды, тауарларды өндіру және оны сатуға кететін шығындарды білу кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі тиімділігінің басты жағының бірі болып саналады.
Кәсіпорынның іс-әрекетіндегі басты көрсеткіштердің бірі — өнімнің өзіндік құны. Бұл өнімді өндіруге және оны сатудағы ақшалай нысанында көрсетілетін шығындардың жиынтығы. Сөйтіп, жалпы өндірістік тиімділігін анықтайды.
Өзіндік құнның экономикалық мазмұны — жұмсалған шығындардың орнын толтыру және соның есебінен өндірілетін барлық элементтердегі жай ұдайы өндірісті, өндірістік қорларды және жұмыс күштерін қамтамасыз ету. Осы арада, кәсіпорынның өзіндік құнының маңызды элементтері: амортизация, жұмсалған материалдық ресурстардың құны, еңбекақы — бұл шығындардың басты статьялары.
Сонымен қатар, кәсіпорын бір уақытта басқа да шығындарды іске асырады: өздерінің қызметкерлеріне сыйлық, банктік несиеге процент төлеу, әлеуметтік объектілерді ұстау, бюджеттен тыс қорларға аударым жаряаларын жасау — бұл шығындар кәсіпорынның қосымша шығындарын құрайды.
Өзіндік құн тиімділіктің мынадай маңызды көрсеткіштері: пайда және пайдалылығының деңгейі мен серпінін анықтайды. Өзіндік құнның маңызы оның орындалу функцияларымен анықталады.
1. Өзіндік құн өнім құнының кең бөлігі болып табылады. Мұның мәнісі, өнімнің өзіндік құны арқылы өндіріс қаражаттарын жұмсауды қамтамасыз етеді.
2. Өзіндік құн көтерме сауда бағасын қалыптастырудың негізі болып табылады, оның есепсіз жүргізілуі бағаның құрылуына негіздеме бола алмайды.
3. Өзіндік құнның негізінде пайданы, кейбір бұйымдардың пайдалылығын, яғни оларды шығарудың мақсатқа сай екендігін есептеу.
Кәсіпорынның өзіндік құны, жалпы табысы және пайдасы Жалпы табыс
Материалдық шығындар Еңбекақы Пайда
Өндірістің шығындары (өзіндік құн) Таза табыс
Өткізу
көлемі
Бұл айтылғандардан өнімнің өзіндік құнына деген көзқарасты төмендетуге болмайтындығын көруге болмайды. Өзіндік құнның деңгейіне кәсіпорынға қатысы бар жәнеқатысы жоқ факторлар ықпал етеді Мысалы, кәсіпорынға табиғи жағдайлар, оның ішінде шикізат көздерін және өнім тұтынушыларда территориялық қашықтығы, шикізатқа баға деңгейі, отын, жабдықтар, электроэнергия және көлік тарифтері және т.б.
Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар екі негізгі белгілермен топтастырылады:
• шығындардың бастапқы элементтерімен;
• пайда болу және міндет жүктеу сипатымен.
Экономикалық элементтердің шығыстарын топтастыру өндіріс шығындар сметасын дайындағанда қолданылады. Бұл топтастырудың мәні — әрбір шығынның элементі өнімнің өзіндік кұнының жиынтығына қосылады. Сонымен, мына төмендегі шығын элементтері бөлінеді:
• материалдық шығындар (кайтарылма қалдықтар құрамынан шегеру);
• еңбекақыға жұмсалған шығындар;
• әлеуметтік сақтандыруға аударым;
• зейнетақы қорына аударым;
• жұмыспен қамтылу қорына аударым;
• амортизация;
• басқа да шығындар.
Экономикалық ғылым жүйесіндегі бухгалтерлік
есептің
орны
Бізге белгілі, табиғат туралы
білімдердің жиынтығы, қоғамның тарихи өмірі ғылымның үлкен бөлігін алған. Бұл жиынтықтар дамудың әр кезеңінде тұрақты болып қала бермейді, яғни табиғат заңдылықтары мен қоғамның тарихи өмірі өзгеріп отырады. Сонымен,
экономикалық ғылым және барлық ғылымдар экономиканы және оның дамуын қарастырады.
Бухгалтерлік есеп
білім жүйесі
ретінде экономикалық құбылыстарын және процестерін зерттеуімен
тығыз
байланысты. Бухгалтерлік есептің зерттелетін құбылыстардың ішкі
маңыздылығы және оның байланыстары
мен заңдылықтары
бухгалтерлік есеп дамуының ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік
береді. Нақты
көрсетілген
шынайы критериийдің соңы, елдердің практикалық қызметтері болып келеді.
Басқаша
айтсақ,
шынайы білім практикамен тексеріледі.
Практикалық қызметтің сұрақтар щеңбері өзіндік маңызды мағынасын қамтамсыздандырып алып өз кезегінде ғылыми өндірулерді
тереңдетуге
ықпал
етеді. Бұл
жағдай
басқа ғылым
салаларында бухгалтерлік есеп элементтерін
күшейтеді.
Бухгалтерлік есептің басқа пәндермен өзара байланысын схема түрінде
көрсетуге
болады:
Информация о работе Кәсіпорындардың шығындары, олардың түрлері және оларды талдау