Кәсіпорындардың шығындары, олардың түрлері және оларды талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 20:14, реферат

Краткое описание

Кәсіпорынның шығаратын тауарларының мөлшерін рынокқа ұсынуы, оны өндіруге кететін шығындарына және сол тауарлардың рынокта сатылатын бағаларына тікелей байланысты болады. Бұдан шығатын қорытынды, тауарларды өндіру және оны сатуға кететін шығындарды білу кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі тиімділігінің басты жағының бірі болып саналады.

Содержимое работы - 1 файл

Кәсіпорын.docx

— 24.12 Кб (Скачать файл)

Тақырыбы: Кәсіпорындардың шығындары, олардың түрлері және оларды талдау,

өндірілетін өнімнің өзіндік құнын талдау,өндіріс шығындары төмендеуінің негізгі бағыттары.

 

Кәсіпорынның шығаратын тауарларының мөлшерін рынокқа ұсынуы, оны өндіруге кететін шығындарына және сол тауарлардың рынокта сатылатын бағаларына тікелей байланысты болады. Бұдан шығатын қорытынды, тауарларды өндіру және оны сатуға кететін шығындарды білу кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі тиімділігінің басты жағының бірі болып саналады.

Шығындар — бұл кәсіпорын өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады. Кәсіпорын шығындары өндірістік белгісіне қарай 3 түрге бөлінеді:

•    өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететін шығындар. Бұл капиталдың ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар;

•    өндірісті ұлғайтуға және жақартуға кететін шығындар. Әдеттегідей, бұл жақа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы шығындары;

•    өндірістің әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық қызмет көрсету және осыған ұқсас басқа да мұқтаждарға кететін шығындар. Олар негізінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады.

Өндірістік шығындардың жіктелуіСьшыптау белгілері Сыныптау  белгілері Шығындардың бөлшектенуі

1 Экономикалық элементгер                Шығындардың экономикалық элементтері

Өзіндік құнның статьялары Өзіндік құнның

калькуляция статьялары

3 Технологиялықпроцестерге қатыстылығы Негізгі, қосымша

4. Құрамы Бірэлементтік, кешенділік

5. Өнімнің өзіндік құнына қатысудың тәсілі Тікелей, жанама

6. Өндірістік процестегі ролі Өндірістік, өндірістен тыс

7. Мақсатқа сәйкес жұмсау Өндірістік, өндірістік емес

8. Жоспарға қатысумүмкіншілігі Жоспарлы, жоспарсыз

9. Өігімнің көлеміне қатысы Тұрақты, ауыспалы

10 Шығу мерзімділігі Күнделікті, бір жолғы

11. Дайын өнімге қатысы Аяқталмаған өнімге кететін шығындар, дайын өнімнің шығындары 

Практикалық маңызы болатын ең тұрақты және ауыспалы шығындарға бөлу. Тұрақты шығындар осы кезеңдегі уақыт ішіндегі сомасы өнімді өндіру және оны сатудың мөлшеріне, құрылымына тікелей тәуелді болмайды. Тұрақты шығындарға жататындар: міндетті заемдық ақылар, есепті төлемдер, ғимараттар және жабдықтардың амортизациясы, сақтандыру жарналары және т.б.

Ауыспалы шығындар — бұл осы кездегі уақытта өнімді өндірудің мөлшеріне және сатылуына тәуелді болмайтын шығындар. Мысалы, еңбекақы шығындары, Шикізаттар, отын, энергия, көлік қызметі және т.б. Тұрақты және ауыспалы шығындардың арасындағы айырмашылықтың елеулі маңызы бар. Тұрақты шығындар керек десе, жалпы алғанда, өндірілмеген өнімге де төленуге тиісті, ал ауыспалы шығындармен кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерту жолымен басқаруы мүмкін.

Шығындар зкономикалық және бухгалтерлік болып ажыратылады. Экономикалық шығындар деп кәсіпорңның ресурстарды пайдаланғаны үшін жеткізушілерге төлейтін төлемдердің барлық түрлерін айтады. Олар екі түрден тұрады: сыртқы (анық немесе ақшалық) ішкі (күңгірттік немесе өзінен-өзі түсінікті). Сыртқы шығындар — бұл ресурстарды жеткізушілерге ақшалай түріндегі төлемдері; шикізаттар төлемдері, материалдар, отынеңбекақы, тозуды есептеу және т.б. Бұл топтағы шығындар бухгалтерлік шығындарға жатады. Кәсіпорынның ішкі шығындары күңгірт, өзінен өзі түсінікті сипаттамада болады. Олар кәсіпорын иелерінің қарамағындағы ресурстарды өндірісте пайдаланғанын нақтылап көрсетеді: жерді, ғимараттарды, олардың жеке еңбектері және т.б. үшін кәсіпорын ресми төлемейді.

Информация о работе Кәсіпорындардың шығындары, олардың түрлері және оларды талдау