Экономикалық өсу: негізгі факторлары және оны қамтамасыз етудің мемлекеттік іс-шаралары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 20:42, реферат

Краткое описание

Экономикалық өсу деп экономикалық өмірдің қозғалысы, экономика элементтерінің даму үрдісі (өндіру көлемі, баға деңгейі, жұмыссыздық деңгейі және т.б.) түсініледі.
Экономиканың сандық және сапалық өзгерістері, өсу мен құлдырауы – экономиканың дамуын құрастырушылар. Құлдырау экономика дамуының кері серпінінде көрінеді. Экономикалық өсу тұрғындардың, өмір сүру деңгейін көтеруді қамтамасыз ету үшін қажет.

Содержание работы

Экономикалық өсудің мақсаттары, типтері, факторлары.
Экономикалық өсу және қоршаған орта.
Экономикалық өсудің модельдері.
Адам капиталы өсудің маңызды факторы ретінде.
Экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің негізгі әрекет ету бағыттары.
Өндірістің тиімділік көрсеткіштері.

Содержимое работы - 1 файл

5.doc

— 96.50 Кб (Скачать файл)

Экономикалық  өсу: негізгі факторлары және оны  қамтамасыз етудің  мемлекеттік  іс-шаралары

Жоспары:

    1. Экономикалық өсудің мақсаттары, типтері, факторлары.
    2. Экономикалық өсу және қоршаған орта.
    3. Экономикалық өсудің модельдері.
    4. Адам капиталы өсудің маңызды факторы ретінде.
    5. Экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің негізгі әрекет ету бағыттары.
    6. Өндірістің тиімділік көрсеткіштері.

 

  1. Экономикалық өсудің мақсаттары, типтері, факторлары.

 Экономикалық өсу деп экономикалық өмірдің қозғалысы, экономика элементтерінің даму үрдісі (өндіру көлемі, баға деңгейі, жұмыссыздық деңгейі және т.б.) түсініледі.

Экономиканың сандық және сапалық өзгерістері, өсу мен  құлдырауы – экономиканың дамуын құрастырушылар. Құлдырау экономика дамуының кері серпінінде көрінеді. Экономикалық өсу тұрғындардың, өмір сүру деңгейін көтеруді қамтамасыз ету үшін қажет.

Экономикалық өсудің тұрақтылығы – экономикалық саясаттың ең бір басты мақсаты.

 Ұлттық экономиканың  өсуін мөлшерлеу үшін келесі  көрсеткіштерді пайдаланады: жалпы  ішкі өнім (ЖІӨ) және жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ).

ЖҰӨ - елде жыл ішінде шығарылған барлық дайын өнімдер  мен қызметтердің жалпы рыноктың құны.

Экономикалық ғылымда  экономикалық өсудің үш негізгі факторларының тұрпаттары бөліп көрсетіледі ұсыныс факторы және сұраныс  факторы, бөлу факторы.

Ұсыныс факторы деп өндіріс көлемінің өсуін жүзеге асыру мүмкіндігінің жағдайы түсініледі. Олардың құрамына енетіндер:

а) табиғи ресурстардың саны мен сапасы;

ә) еңбек ресурстарының  саны мен сапасы;

б) негізгі капиталдың көлемі мен сапасы;

в) пайдаланылатын технологиялар;

ғ) ғылыми жұмыстар.

Ұсыныс факторы экономикалық өсу үшін, әлеуетті мүмкіндіктерді көрсетеді. Шынайы экономикалық өсу өсіп келе жатқан ресурстар көлемін нақты пайдаланумен байланысты, яғни соларға сұранысты қамтамасыз етудің қажеттігі.

Экономикалық өсу факторларының екінші турпаты сұраныс факторы болып табылады:

а) қоғамдағы жиынтықты  табыс пен шығындардың деңгейі;

ә) табыстар мен шығындардың  құрылымы;

б) қоғамдағы еркін  капиталдың болуы;

в) кредиттік қатынастар жүйесінің дамуы;                             

ғ) тутынушылардың кредит алуының мумкіндігі.                  

Факторлардың үшінші турпаты – бөлу факторы.

Мәселе, тиімді бөлу жолға  қойылған жағдайда ғана, қолда бар  ресурстардың үдемелі саны өнім  көлемінің өсуіне жол ашады.

Бөлу факторына темендегілерді жатқызуға болады:

а) өндіріс факторлары мен өндіріс ресурстарын оңтайлы орналастыру;

ә) қоғамдағы табыстарды бөлу сипаты;

б) елдің экономикалық құрылымының өзгерістері;

в) елдегі баға серпіні;

 ғ) экономикадағы  инфляциялық беталыстар.

Бөлу факторының маңызды элементтері өндіріс ауқымының бірі болып табылады.

Экономикалық  дамудың турпаттары

Экстенсивті. Өндіріс факторын молайту-яғни, өндірістің бұрынғы техникалық негіздерін сақтау кезіндегі қолданатын ресурстардың сандық көбеюі (жұмыспен қамтамасыз етудің санын көбейту, негізгі өндіріс қорларының сапасын сақтау кезіндегі инвестиция көлемінің өсуі және т. б.).

Интенсивті. Өндіріс үдерісінде өндірістің көбірек жетілген   факторларын пайдалану, сондай-ақ өндіріс әлеуетін пайдалануды жақсарту (ҒТП), шеберлікті көтеру, өндірістің ұйымдастырылуын жақсарту, экономиканы құрылымдық қайта құру)

 

  1. Экономикалық өсу және қоршаған орта.

Экономикалық өсудің мәні өмір сүру деңгейінің жоғарылау  мүмкіндіктерін кеңейтеді. Оның негізінде әлеуметтік бағдарламалар, кедейлікті жою, білім мен ғылымның дамуын; экологиялық мәселелерді шешу мүмкіндіктері туады. Экономикалық өсу экономиканың өндірістік мүмкіншіліктерін ұлғайтады, ресурстар шектеулігінің мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Соған байланысты ресурстардың жаңа түрлері, тауарлар мен қызметтер өндірісін кеңейті және алуан түрлілігін қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жоғарылатуға мүмкіндік беретін өндірістік үрдістердің жаңа технологиялары пайда болады. Алайда ол өз бетімен көптеген экономикалық, әлеуметтік, экологиялық мәселелерді шешуге қабілетсіз.

Сондай-ақ экономикалық өсу нақты шығындарға ие:

  • Альтернативті шығындар, яғни болашақтағы тұтынуды ұлғайту және экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін ағымдағы тұтынуды азайту. Экономикалық өсудің негізінде капитал қорының өсімін қамтамасыз ететін инвестициялар болып табылады. Инвестиция мәселесі – уақытаралық таңдау мәселесі. Бір жағынан, экономикалық өсумен гүлденуге әкелетін өндірістік инвестициялық тауарлардың инвестициясының өсуі ағымдағы қолданатын тауарлар мен қызметтердің өндірісіне бағытталатын ресурстарды шектейді. Екінші жағынан, инвестиция негізін бір табыстың жартысы болатын қорлар құрайы (БТ = Т (тұтыну) + S (қор)). Қолда бар табыс көлеміне қарап болашақтағы тұтынуды жоғарылату, қордың инвестиция көлемін өсіруді қамтамасыз ету үшін қазіргі уақытта тұтынымды қысқартуға әкеледі.
  • Инвестициядан кемімелі қайтарыммен байланысты шығындар. Қосымша капитал бірлігінің көмегімен өндірілетін қосымша шығарылым өсуімен капитал қоры қысқарады. Капиталдан кемімелі қайтарымы бойынша жоғары қорлар мен инвестициялар алғашқы уақытта өте жоғары өрлеуге әкеледі, бірақ өсім экономикаға капиталдың үлкен қорын жинаған сайын баяулайды. Осылай қорлардың өсу нормасы тек қана экономикалық өсудің «уақытша эффектісіні береді». Сәйкесінше, ұзақ мерзімді кезеңде қорлардың жоғары болады: еңбек өнімділігінің жоғары болуына немесе жоғарғы табысқа әкеледі, бірақ бұл көрсеткіштердің баяу өсуі байқалады. Бұны тек қана технологиялық прогресс қана қамтамасыз ете алады.
  • Қоршаған ортаның ластануымен байланысты шығындар. Тұрақты экономикалық өсуді тек қана технологиялық прогресс қамтамасыз етеді. Бірақ көптеген жаңалықтар мен ашылулардың  қолданылуы. Бір жағынан, экономикалық өсу мен өмір сүру деңгейін жақсартса, екінші жағынан, қоршаған ортаның ластануы мен экологиялық апаттардың тууына әкеледі.

 

  1. Экономикалық өсудің модельдері.

Көп факторлы модель өсуге, аталған барлық факторлардың әсерін болжайды. Осы факторлардың барлығының өзара әрекеті туралы жалпы түсінікті  өндірістік мүмкіншіліктер қисығы береді. Ол өндірілген өнімдердің варианттар санына факторлардың әр түрлі қосындысы қалай әсер ететінін көрсетеді. Кез келген ұсыным факторларының күшеюі (санының көбеюі мен ресурстар сапасының жақсаруы және техникалық прогресс) өндірістік мүмкіншіліктер қисығын оңға жылжытады.

Екі факторлы модель өзіне  еңбек пен капиталды ғана қосады. Американдық экономист Денисонның мәліметі бойынша, өнім өсуінің 2/3 еңбек (капитал) өнімділігінің өсуі арқылы, 1/3 – еңбек шығынын (еңбекті) өсіру арқылы іске асырылады.

Екі факторлы модельдің  екі вариантын құруға болады: біріншісінде ҒТП ескерілмейді; екіншісінде ескеріледі.

Егер ҒТП қатыспаса, онда капиталдың қорлануы бірте-бірте  соңғы өнімділікті төмендетуге  әкеледі және экономикалық өсуді  тежейді. ҒТП қолданған кезде капитал мен еңбекті  өнімділікті болып - ҒТП инвестицияның өсуін әкеледі.


14-сурет.

 

Инвестициялар экономикалық өсуге әр түрлі әсер етеді. Олардың  біреуі еңбек шығынын үнемдеуге  және капитал шығынын өсіруге  әкеледі. Оларды еңбек сақтағыш (трудосберегающий) деп атайды. Басқа инвестициялар еңбекке қарағанда, капиталды салуды айтарлықтай қысқартады. Оларды капитал сақтағыш (капиталосберегающими) деп атайды. Еңбекті және капиталды тең үнемдегендегі инвестицияларды нейтралды деп атайды.

 

  1. Адам капиталы өсудің маңызды факторы ретінде.

Көптеген жылдар бойы экономикалық өсу аясат әзірлеу жөніндегі мамандар мен саяси жетекшілер қолданатын негізгі мақсаттық көрсеткіштердің бірі болып  саналып келді, олар тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің саны неғұрлым көп болса, адамдардың тұрмыс деңгейі де соғұрлым арта түседі деген терең тамыр  жайып қалыптасқан көзқарасқа сүйенді, және мұндай тәсіл ең озық тәсіл деген пікірді ұстанды.

Адам дамуының тұжырымдамасы, экономикалық дамудың дәстүрлі теориясынан анағұрлым ауқымды. Экономикалық өсудің дәстүрлі әдістері адам тұрмысының сапасын арттырумен емес, ал ЖІӨ ұлғайтумен байланысты. Адам ресурстары дамуының тұжырымдамасы негізінен адам рөліне өндірісі үрдісіндегі факторлардың бірі ретінде қарайды, оны түпкі мақсаттан гөрі, құрал есебінде анықтайды. Әл-ауқат тұжырымдамасында адам даму үрдісіндегі өзгерістердің таратушысы емес, ал бенефицарийі ретінде қаралады. Базалық мұқтаждарды қанағаттандыру тұжырымдамасы халықтың қолайсыз жағдайлардағы топтарына материалдық тауарлар мен қызмет көрсетулер ұсынуға баса назар аударады да, барлық салаларда адам мүмкіндіктерін ұлғайтуды ұмыт қалдырады.

Осы тәсілдерден адам дамуы  тұжырымдамасының айырмасы, ол өндіріс  пен тауарларды бөлуді, адам әлеуетін ұлғайту мен пайдаланудыбіртұтас етіп біріктіреді. Тұжырымдамада қоғам дамуындағы барлық мәселелерді – экономикалық өсу жұмыспен қамтылу, саяси еркіндік немесе адам мүдделеріне көзқарасы тұрғысынан мәдени құндылықтардың талдауын қарастырады. Сонымен, аталмыш тұжырымдамада адам таңдауының мүмкіндіктерін ұлғайтуға бағытталады.

Осы тұжырымдаманың басты  жорамалы былай: адам дегеніміз –  мақсат, ал экономиалық өсу –  құрал, яғни экономикалық өсу мен  тұтыну көлемі өзіндік мақсат ретінде  емес, ал қоғам дамуының жоғары деңгейіне  жетудің құралы есебінде қаралады.

Экономикалық өсу адам қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін материалдық базаны кеңейтуді білдіреді. Алайда қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесі халықтың арасында ресурстарды  бөлуге және оларды пайдалануға, сондай-ақ мүмкіндіктерді, әсіресе жұмысқа орналасу саласындағы мүмкіндіктерді бөлісуге де байланысты болады. Демек, экономикалық өсу мен адам дамуы арасындағы байланыс автоматт болып табылмайды.

 

  1. Экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің негізгі әрекет ету бағыттары.

Еңбектің өнімділігі мен өмір сүру деңгейінің өсуіне мемлекеттің  жүргізетін экономикалық саясаты үлкен  әсер етеді. Ең алдымен, экономикалық саясат көмегімен мемлекет физикалық және адамдық капитал көлеміне әсер ете  алады. Егер экономикалық капитал қоры көбейсе, елдің экономикалық потенциалы өсіп, экономика болашақта тауарлар мен қызметтердің көп көлемін өндіре алады. Сондықтан, егер үкімет өнімділіктің өсуін және экономикалық өсу мен халықтарының өмір сүру деңгейін жоғарылатқысы келсее, төмендегідей келесі саясаттарды жүргізуі керек.

  1. Ішкі инвестициялар мен қорларды ынталандыру. Экономикада капитал қорының өсуі инвестициялар көмегімен жүргізіледі. Неғұрлым экономикадағы инвестиция үлесі көп болса (мысалы, Жапония, Оңтүстік Корея),соғұрлым экономикалық өсу қарқыны жоғары болады. Капитал қорының өсімі еңбек өнімділігіне әсер еткендіктен, экономикалық өсудің негізгі шарты- инвестицияның көбеюі. Инвестиция негізін қорлар құрайды. Егер қоғам аз тұтынып, қорды көп жинаса, инвестиция үшін көп ресурстар иеленеді.
  2. Ел капиталының меншікке алудағы шектеулерді жойып, инвестицияларды шекарадан ынталандыру. Шамасы капиталдың өсуі тек ішкі инвестициядан ғана емес сонымен қатар, шетелдік инвестициядан да болады. Шетелдік инвестициялар елдің экономикалық өсуін қамтамасыз етеді. Шетелдік капитал көмегімен жасалған фирмалардың шетелге кеткен жарты табысына қарамастан қаржыландырудың шетелдік көзі елдің экономикалық потенциалын өсіріп, өнімділік деңгейімен еңбек төлемін жоғарылатады. Сонымен қатар, шетелдік инвестициялар дамушы елдерге дамыған елдердегі жасалатын және қолданылатын жаңа технологиялар түрін игеруге көмектеседі.
  3. Білімді ынталандыру. Білім – бұл адамдық капиталға инвестициялар. АҰШ-та статистика мәліметтері бойынша оқуға кеткен әр жыл жұмысшылар жалақысын орта есеппен 10%-ке өсіреді. Білім – оны алған адамның өнімділігін арттырады. Бұл мемлекеттік білім пайдасына аргумент болып табылады. Бұл арада негативті құбылыстың бірі болып «ақылдың сатылуы», яғни жоғары білімді және квалификациялы мамандардың кедей елден жоғары өмір сүруі деңгейіндегі бай елдерге эмиграциясы.
  4. Зерттеулер мен жобаларды ынталандыру. Өмір сүру деңгейінің өсуінің көп бөлігі зерттеулер мен жобалардан тұратын технологиялық білімнің өсуі арқасында болады. Уақыт өте келе білім қоғамдық игілікке айналады, сондықтан біз оны бәріміз қолдана отырып, басқалардың да жағдайын жақсартамыз. Зерттеулер мен жобалар гранттармен ынталандырылуы, салықтың төмендеуі мен патенттердің меншік құқығына уақытша берілуі оңайлатылуы тиіс.
  5. Меншік құқығын қорғау және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Бұл саяси бағытталудың маңыздылығы:
  6. институционалдық негіздің ішкі инвестицияның көбеюі үшін және әсіресе шетелдік инвестицияларды тарту үшін;
  7. технологиялық прогрестің өсуінің ынтасы- интеллектуалды меншікті қорғау.
  8. Еркін сауданы ынталандыру. Еркін сауда технологиялық жетістік тәрізді. Ол елге бүкіл өнімді өндіртпей басқа мемлекеттерден олар тиімдірек өндіретін өнім сатып алуға мүмкіндік береді. Дамушы елдерге жиі естілетін аргумент ол: жаңа жас салаларды шетелдік бәсекеден қорғау және оған протекционистік саясат жүргізу (халықаралық сауданы шектейтін немесе жабатын саясат). Бұл аргумент дамыған елдермен сауданың кеңеюі дамушы елдерге шығындарды үнемдеп, тиімді емес өнімді шығармау үшін ғана емес. Сонымен қатар, жаңа әлемдік техникалық және технологиялық жетістіктермен қолданғандықтан тұрақсыз.
  9. Халықтың өсуін бақылау. Жақсы әл-ауқатты қамтамасыз ету үшін өндіріс қарқынының өсуі халықтың өсу қарқынынан артық болуы керек. Соның арасында халықтың өсу қарқынының жоғары болуы басқа факторларды «жіңішкертіп» жібереді және экономикалық өсудің мүмкіндігін азайтады. Жергілікті халықтың тез қарқынмен өсуі капитал-сайымдылықты, яғни бір жұмысшыға келетін капитал көлемі, ал ол төмендесе еңбек өнімділігінің төмендеуі мен халықтың жұмыс деңгейін төмендетуге әкеледі. Ерекше мәселе ол халықтың өсуіндегі адамдық капитал жүйелілігінің өзгеруі. Халықтың тез өсуі, яғни балалар мен жастар үлесінің көбеюі, білім беру жүйесіне, әсіресе, дамушы елдерде өте қомақты қиындықтар туғызады.

 

  1. Өндірістің тиімділік көрсеткіштері.

Елдің экономикалық өсуін  сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді қарастырамыз. Бұрын атап өткендей, ондай көрсеткіштер – ЖІӨ, ЖҰӨ, ҰТ, сондай-ақ осы көрсеткштер елдің  тұрғындарының санына да қатысты  болып табылады.

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – белгілі бір кезең уақытында оның экономикалық аумағында елдің экономикалық резидентімен шығарылған, соңғы тауарлар мен қызметтердің сомалық рыноктық құны.

Экономикалық ғылымда  «экономикалық резидент» түсінігінің  ерекше мәні бар. Экономикалық резидент, сол елдің экономикасына жыл бойына немесе одан көбірек мерзімде өзінің экономикалық мүддесіне байланысты, оның ұлты мен азаматтығына тәуелсіз, экономикалық бірлік (кәсіпорын немесе үй шаруашылығы) болып табылады.

Сөйтіп, ЖІӨ ні есептегенде, материалдық өндіріс пен қызмет көрсету аясындағы кәсіпорындардың өнімдерінің жиынтық кұны есептеледі (олардың ұлттық ерекшелігінен тәуелсіз), сондай-ақ сол елдің экономикалық аумағында орналасқан, үй щаруашылығының табыстары, сонымен бірге олардың мүддесі, оны қабылдаған елдің экономикасымен ұзак кезең уакыты ішінде байланысты болуы тиісті (жылдан кем емес).

Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) - өзінің қызметін жүзеге асыратын, аумақта тәуелділіктен тыс, ұлттық экономикалық бірлікпен шығарылған, барлық соңғы тауар мен қызметтердің рыноктық құнының сомасы.

ЖҰӨ мөлшерлеу үшін ЖІӨ  көрсеткіштері бір жағынан, сол  елдің шетелден кәсіпорынмен және жеке тұлғамен алынған пайдалары мен  табыстары арасындағы айырмашылықты, екінші жағынан, сол елде шетел кәсіпорнымен және шетел жеке тұлғасымен алынған пайдалар мен табысты қосады.

ЖІӨ және ЖҰӨ-нің көрсеткіштері  жалпы көрсеткіштер болып табылатындықтан негізгі капиталдық (өтелем) тұтынуынан шегерусіз есептеледі.

Өтелім,, яғни негізгі капиталды тұтыну, оның физикалық және моральдық тозуы нәтижесінде, есептік кезең ішінде негізгі капиталдың құнының азаюын керсетеді.

Ішкі және ұлттық өнім теория жүзінде таза негізде, яғни негізгі  капиталды тұтынуды шегерумен анықталады. Мұндай жағдайда, елдің, экономикалық дамуын сипаттайтын тағы да екі макроэкономикалық көрсеткіш - таза ішкі өнім (ТІӨ) және таза ұлттық өнім (ТҰӨ) пайда болады.

Ұлттық шоттар жүйесіне (ҰШЖ) сәйкес, ЖІӨ көрсеткіштерін пайдалану  ұсынылатын елдердің экономикалық дамуын бағалау үшін БҰҰ мүшелері елдерінің статистикалық органы жұмыс істеуі тиіс.

Жалпы ішкі өнім үш негізгі  әдіспен есептелуі мүмкін:

1. Өндірістік әдіспен  - елде шығарылған, жалпы қосымша  кұн сомасы ретінде.

Информация о работе Экономикалық өсу: негізгі факторлары және оны қамтамасыз етудің мемлекеттік іс-шаралары