Экология в экономике

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Марта 2012 в 23:28, реферат

Краткое описание

Қазақстанда қалыптасқан экологтық-экономикалық жағдай табиғат қорғау саясатын басқарудың арнаулы технологиясын дайындауды талап етеді. Қазақстан Республикасының 2010 жылга дейін дамуының стратегиялық жоспарында алдағы он жылда табиғат ресурстарын және қоршаған ортаны қорғау жөнінде келесі міндеттерді шешу қажеттілігі атап өтілген:

Содержимое работы - 1 файл

Экология-экономика.doc

— 138.50 Кб (Скачать файл)

3.  Түйықталған су және газ айналымдарының циклын құру экологиялық қауіпсіздік позициясы түрғысынан қарағанда негізгі мәселелердің біріне жатады, яғни түйықталган су және газ айналымдарын құру. Мысалы, Ресейдің "Тулачермет" өндірістік бірлестігінде түйықталған газ айналымы циклы ұйымдастырылған, ол суперфосфатты және басқа да фосфорлы тыңайтқыштар өндіру үшін жасалған, өз кезегінде ол қоршаған ортаның фториттермен ластануына жол бермейді.

4. Кәсіпорынды кооперациялау, аумақтық өңдірістік кешенді құру. Көптеген жағдайда бір өндірістің қалдықтары екінші бір өндірістің шикізаты болып табылады. Осыған байланысты "қалдықтар" терминін "аяқталмаған өндіріс өнімдері" терминімен ауыстыру жөнінде ұсыныстар ғылыми әдебиеттерде кездеседі. Мы­салы, Бразилияда қант тростнигі өндірісінің қалдықтарынан ішкі жану двигателіне қолданылатын спирт жасалынады.

Әр түрлі елдерде "қалдықтар банкі" атты жүмыстар жүргізілуде, яғни әр түрлі өндіріс салаларының қалдықтарын бір жүйеге келтіру қажеттігі туындайды.

 

 

    Кәсіпорындағы экологиялық менеджмент

 

Кәсіпорыңдағы экологиялық менеджмент дегеніміз қоршаған ортаға жасалатын қысымды болдырмау мақсатында экономикалық дамудың қарқынын арттырудың тиімділігін қамтамасыз ететін басқару тетіктерінің жүйесін айтады.

Экологиялық менеджмент келесі 3 сатыға болінеді:

-       Таңдау. Бүл сатыда жаңа кәсіпорын caлу, ескі кәсіпорынды қайта құру немесе жаңарту туралы шешім қабылдауда өндіріс экономикасында экологиялық қауіпсіздік қағидасын қатаң ұстану қажет. Мүнда өнім қауіпсіздігінің сызбасы әзірленеді.

-       Жедел талдау. Яғни жобалардың кептеген варианттарының ішінен таңдап алынған өндіріс үлгісін жедел тестіден өткізуді айтады. Жедел талдау – сәйкес параметрлер жиынтығы бар кесте немесе матрица. Оларды талдау (баллмен сараптау) жүргізу, қайта құру немесе жаңарту жөніндегі кейінгі қызметтердің бағыттарын алдын ала тандауға жол береді.

-       Жобаға дейінгі сатыда жедел талдау мәліметтері экологиялық бизнес-жоспарды қалыптастыру жөніндегі бағдарламаларға айналады. Бизнес-жоспар кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын, сонымен қатар ашылатын мүмкіндіктер мен қауіптерді зерттейді.

Экологиялық менеджменттің басты міндеті қоршаған ортада болатын қауіптің алдын алу немесе кәсіпорынның өсу мүмкіндігін анықтауда болып отыр. Менеджер-экологтың қағидасының негізгі мазмұнына қоршаған ортаға кеткен шығындар дер кезінде қайтарылуы жатады.

Кәсіпорын үшін тиімді және балансқа келтірілген табиғатты пайдаланудың тиімділігі экономикалық тиімділікпен анықталады:

а) табиғи ресурстарды үнемдеу, қалдықтарды қайта өңдеу, айыппұлға төлемдерді төмендету нәтижесінде шығындарды азайту;

ә) "жасыл" тауарлар, бәсеке, жаңа өткізу нарықтары есебінен табыстардың өсуі; стратегиялық тиімділікке кәсіпорын имиджі,      еңбек өнімділігінің өсуі, экологиялық талаптардың тез орындалуы және тағы басқалар жатады. Ресейдің нарықтық қатынастарға өту жағдайында экологиялық мәселелер жөніндегі менеджер-консультанты ескірген технологиялардың қоршаған ортаны ластаудың негізгі көзі болып табылатынын, әдетте энергияны көп қажет ететінін, қосымша жанармай ресурстарын пайдалануды талап ететінін, қауіпті қалдықтардың пайда болатынын ескертеді. Сондықтан олардың орын алуы қоршаған ортаны қорғауға кететін шығындармен қайтарылуы тиіс.

Экономиканың құрылымдық қайта күрылуы экономиканы экологияландыру саласындағы заңдардың өзгеруі, яғни технологиялық үрдістердің мемлекеттік стандарттарының тек қоршаған ортамен ғана емес, сонымен қатар өмір сүру ортасы сапасының қалпына келуін, табиғи объектілерге зиян келтірмейтін өнімдер алуды қамтамасыз ететін өндіріс мақсатын анықтаумен өзара әрекеттесе отырып, қатаң жағдайда жүргізілуі керек.

Өндірісті экологиялық бағытта басқару әр кезендегі жоспарлау мен бақылау жүйесін білдіреді:

1) өндірістік бағдарлама құру. Егер бұл жаңа кәсіпорын болса, онда бағдарлама жасау, жобалау, сараптау, рүқсат ету қүжаттамаларын алу және тағы басқа сатыларының сақталуын ескереді. Егер ескі кәсіпорын жаңартылып жатса, онда экологиялық зиянды өнім ендірістен алынып тасталады, ескірген қүрал-жабдықтар мен ескі технологиялар жаңаға алмастырылады;

2)   құрал-жабдықтардың жүмысының жағдайын әзірлеу және тексеруді күнтізбелік жоспарлау;

3)   өндірістік бақылау;

4)   сапаны жоспарлау және бақылау.

Жобалау деңгейінде менеджментті жүзеге асыруда біліктілігі төмен жобалаушылар кәсіпорынның қоршаған ортаға әсерінің мүмкін салдарын көрсетуге тырысады. Ондай жобалар әдетте ірі болып корінеді. Экологиялық талаптарды орындау жөніндегі іс-шаралар, әдетте ескі жобалардан алынады. Жоғары білікті жобалаушылар әдетте үйлесімді құжат жасайды, онда қоршаған ортаны қорғау мәселелері негізді және нақты болып келеді. Бүл мэселелерді шешу үшін әрқайсысына үйымдастыру- техникалык іс-шаралар таңдалып алынады.

Қоршаған ортаға әсер етуді бағалау маңызды экологиялық зиян қаупі пайда болғанда жүргізіледі және оның салдарын болжау үшін, сонымен қатар кәсіпорынның қоршаған ортага кері әсерін азайту тәсілдерін табу үшін пайдаланылады.

Кәсіпорындағы экологиялық менеджменттің құрамы экологиялық сараптаманы да құрайды. Кәсіпорындағы экологиялық бакылаудың маңызды шарасы — экологиялық тексеру болып табылады. Ол кәсіпорын басшылары тарапынан экологиялық жағынан жүйелі қүжатты түрде бағалауды ескереді. Бүл кәсіпорында экологиялық бақылау жүйесін құру арқылы жүзеге асырылады.

Ірі кәсіпорындар жоғары деңгейдегі экологиялық қызметті құра алады. Бұл көбіне шығындары қайтарыла алатын және экономикалық тиімділік әкелетін көп шығынды талап етеді. Орташа кәсіпорындарда экологиялык сүрақтар жөніндегі менеджер-кон­сультант маманы болуы тиіс. Экологиялық аудит жүмыстарының ең ірі сұрақтары аудитор, кеңес беру, инжиниринг фирмаларының көмегімен шешіледі.

¥сақ кәсіпорындар осындай фирмалардың қызметін пайдаланады немесе экологиялық мәселелерді тәуекелділікті өз мойнына ала отырып шешеді.

Аудиттің басты міндеті - жазалау емес, кәсіпорынды пайдаәсының бір бөлігін жоғалту ғана емес, сонымен қатар өндірісті жабуға әкелуі мүмкін, қоршаған ортаны ластау салдарын болдырмауды іздестіру.

Аудиторлық қызметті жүргізуді талап етіп отырған кәсіпорын оның тексеру жүмыстары үшін ақы төлейді.

Экологиялық сүрақтар жөніндегі менеджер-колнсультант мына мақсаттарға қол жеткізуді көздейді:

1.    Қоршаған ортаны қорғау және сақтау;

2.    Өндіріс және жақын жатқан орта шеңберінде адамдардың денсаулығын қамтамасыз ету;

         3. Табиғи ресурстарды үнемді және балансқа сай жұмсау.

Менеджер-консультант кәсіпорындағы экологиялық қауіпсіздікке толық жауап береді.

 

 

     Табиғатты қорғау қызметін қаржыландыру көздері

 

Экономиканы қайта құру жагдайында кәсіпорынның табиғат қорғау саласындағы қаржыландыру кұрылымы да өзгереді, кәсіпорынның өз экологиялық мәселелерін шешуге кеткен қаражаттарын пайдалану көбейеді.

Әрине, табиғат қорғау қызметін қаржыландыруда барлық деңгей бюджеттері үлкен рөл атқарады. Бюджет қаражаттарын пайдалануда ең бастысы – кәсіпорынның республикалық және муниципалдық деңгейдегі ірі экологиялық бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысуы басты рөл атқарады.

Бюджеттен тыс қаржыландыру бюджеттен тыс мемлекеттік қорлардан жүргізіледі. Қорлар қоршаған ортаны ластағаны үшін кәсіпорындардан, мекемелерден, азаматтардан төлем, айыппұлдар ретінде түсетін қаражаттардан құралады. Қорлардың қүрылуы табиғат қорғау қызметін бұзғаны үшін түсетін қаражаттардың көлеміне тікелей байланысты.

Қоршаған ортаны қорғауға пайдаланылатын кәсіпорын қара-жаттары мына жолдармен алынуы мүмкін:

1)  арзан ресурстарды пайдалану;

2)  бір өнім бірлігіне келетін энергетикалық шығындарды азайту;

3)  қазіргі ресурс үнемдеу технологияларын енгізу;

4)  өндірісті экологияландыру, соның нәтижесінде кэсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін көтеретін экологиялық таза өнім алу;

5)              қалдықтарды қайта өндеу және тағы басқалар.
Экологиялық менеджменттің мақсатқа жетуінің басты шарты

кәсіпорын қызметін қаржылық талдау — қаржылық тиімділікті, қаржыландыру қажеттілігін және шыгындардың орнын жабуды талдау.

Өндірісті экологияландыру кезіндегі қаражаттардың басты көзі қоршаған ортаны қорғау мүдделерін толық есептеу. Ол үшін жобалық-сметалық кұжат әзірленеді.

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Табиғи ресурстардың бағалануы жалпы адамзаттың бағаға деген қатынасынан туындайды және адамзат қоғамы алға қоятын бағалау критерияларын қоса, ресурстарға тән қасиеттерді сәйкестендіруден құралады. Адамзаттың тұтыну түріне байланысты табиғи ресурстардың бағалануы материалдық, әлеуметтік-саяси, эстетикалық және т.б. болуы мүмкін.

Экономикалық бағалау (кең мағынада) – қоғамдық талаптарды өндіріс және  тұтыну арқылы қанағаттандырудың негізі ретінде табиғи ресурстардың (ТР) пайдалылығын анықтау және осы ұғым экономикалық көрсеткіштерде түсіндірілген..

Орманның 11 миллионнан астам гектарлары жыл сайын қырылады. Егер орманды  алқаптың 1950 жылдарда 15% орналасса, онда қазiр тек қана 7%. Ғаламшар келесi онжылдықта ендi бас оттегiнiң көзiнен айрыла алады. Жиналған қалдықтардың саны үнемi өседi. Егер қажетті шаралар қолданылмаса онгда, ғалымдардың есептеуінше қалдықтар 10-15 жылдардан кейiн бес метрлi жiкпен бiздiң жер жаба алады. Атмосфераға өртеудiң нәтижесiнде әр түрлi отын құрастыратын көмiрқышқыл газдың жыл сайын 20 миллиард шақты тонналары лақтырылады. Атмосферадағы көмiрқышқыл газдың көлемі бiртiндеп өседi және соңғы 100 жылдарға 10%ке қарағанда көп үлкейдi. Атмосфера жиналған көмiрқышқыл газ ғарыш кеңiстiгiне жылулық сәулеленуге қарсы тұрмай, өз кезегiнде, ауа райының глобалдi өзгерiсiне алып келген жылу болуға тұтқыр кедергi келтiредi. Соның әсерінен келесі ғасырдың ортасында температура 2-5 градусқа көтеріледі.

Мұның бәрі, қарап отыратын болсақ, негізінен адамдардың табиғатты пайдалану арқылы экономикалық пайда табуының арқасында туатын жайттар. Кез келген кәсіпкер өзінің тығырыққа тірелгенін қаламасы анық.. Сондықтан да сол кәсіпорындарда  экологиялық зардаптарға қарамастан тығырықтан шығуды таңдары анық.. Бүгінгі таңда экономиканы ғана таңдамай ғаламдық проблемаларды ойлайтын  уақыт жетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Жаңаша өнеркәсіптік кәсіпорын өнімнің көптеген түрлерін өндіреді. Материалдық өндіріс сферасына дайын өнімді өндіруден гөрі шикізаттың қамтылуы көп қиындық тудырады. Қазіргі өндірістік кәсіпорын өте күрделі технологиясымен, операциялардың көптілігімен, соның негізінде пайда болатын көптеген қалдық түрлерімен сипатталады. Ал, қалдықтың кейбір түрлерінен тағы өнім өндіру үшін қоймаларда сақталады немесе қалдықтар кейде олардан бөлініп шығатын газдар, ағатын сулар жэне қатты өнімдер түрінде жоғалып кетеді. Өндіріс қалдықтарына өнім өндіру үрдісінде пайда болатын немесе өзінің тұтынушылық қасиетін жартылай немесе толық жойған, сонымен қатар шикізатты физика-химиялық немесе механикалық өндеу арқылы өнімін алу өндірістік үрдістің негізгі мақсатына жатпайтын, шикізатты қайта өндеу үшін немесе өңдеуден кейін дайын өнім ретінде қолданылатын шикізат, материалдар немесе жартылай фабрикаттар түрлері жатады.

Өнеркәсіптік кәсіпорынның үздіксіз дамуы міндетті түрде өндіріс қалдықтарының көбеюіне, оларды сақтау, шоғырландыру, көму, ұстау немесе залалсыздандыру шығындарының артуына әсерін тигізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Информация о работе Экология в экономике