Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Марта 2012 в 23:28, реферат
Қазақстанда қалыптасқан экологтық-экономикалық жағдай табиғат қорғау саясатын басқарудың арнаулы технологиясын дайындауды талап етеді. Қазақстан Республикасының 2010 жылга дейін дамуының стратегиялық жоспарында алдағы он жылда табиғат ресурстарын және қоршаған ортаны қорғау жөнінде келесі міндеттерді шешу қажеттілігі атап өтілген:
Экологияны қорғауды ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері
Қазақстанда қалыптасқан экологтық-экономикалық жағдай табиғат қорғау саясатын басқарудың арнаулы технологиясын дайындауды талап етеді. Қазақстан Республикасының 2010 жылга дейін дамуының стратегиялық жоспарында алдағы он жылда табиғат ресурстарын және қоршаған ортаны қорғау жөнінде келесі міндеттерді шешу қажеттілігі атап өтілген:
- су ресурстары тапшылығын қысқарту (кәсіпорындардың сусыз өмірі жоқ), сумен қамтамасыз ету деңгейін көтеру;
- табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жүйесін ұтымды пайдалану;
- өндіріс қалдықтарын пайдалану деңгейін көтеру;
- экологиялық білімді арттыру.
Қазіргі таңда және алдағы уақытта табиғат ресурстарын үнемді және ұтымды пайдаланумен қатар экологияны қорғау мәселелерін дұрыс шешкенде ғана ұлттық экономиканы қарқынды дамытуға болады. Әрине табиғат байлықтарын ұтымды пайдалану қоғам мен табиғаттың өзара байланысын табиғат зандылықтары негізінде өндірістің даму міндеттеріне сүйене отырып, сонымен қатар биосфераны қорғауды негізге ала отырып жүргізілуі тиіс.
Биосферада болатын үрдістерді және оның адамныц шаруашылық қызметіне әсерін зерттеу және тек экологиялық қалдықсыз немесе аз қалдықты өндірісті ұйымдастыру табиғат ресурстарының сарқылмауына және табиғат Кәсіпорынның үздіксіз жұмыс істеуі және қарқынды дамуы шикізат, материалдар мен жер қойнауларынан алынатын қазба байлықтарының қорын толассыз пайдалануды талап етеді.
Табиғатты пайдалану экономикасының негізгі атқаратын міндеттеріне халық шаруашылығында табиғат байлығын тиімді пайдалану, табиғатты қорғау, экономикалық басқару механизмін зерттеу және жетілдіру жатады. Экономикалық басқару механизмі табиғатты пайдалануға байланысты үш кезенді қамтиды: жақсарту (қалпына келтіру, қорғау), игеру және ұқсату.
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Табиғатты қорғау қызметін қаржыландыру көздері
2. Кәсіпорындағы экологиялық менеджмент
3. Қалдықсыз өндірістерді құрудағы негізгі қағидалар
4. Қалдықсыз және аз қалдықты өндірісті ұйымдастыру
5. Өндірістік кәсіпорынның табиғатты ұтымды пайдалану жолдары
6. Өндіріс қалдықтарынан экологияны қорғауды ұйымдастыру
7. Экологияны қорғауды ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Өндіріс қалдықтарынан экологияны қорғауды ұйымдастыру
Кейбір өндіріс қалдықтарының құрамында бағалы компоненттер болатындықтан оларды материалдық өндіріске қайта пайдалану тиімді болады. Қалдықтарды тиімді пайдалануды және оған қажетті күрделі қаржыны анықтау үшін ең маңызды мәселе болып осы қалдықтардың көлемін анықтау, соның ішінде оларды кешенді пайдалануды жоспарлау үшін болашақтағы көлемін анықтау жатады. Қалдықтардың пайда болуы және жинақталуын есепке алу және пайдалануды жоспарлау коптеген әдістемелік, ғылыми-зерттеу, ұйымдастыру техникалық, экономикалық, статистикалық және басқа да мәселелерді шешуді талап етеді. Көп тонналы қалдықтардың ең коп көлемі болып саналатын салаларға қара және түсті металлургия, химия және көмір өнеркәсібі, энергетика және тағы басқа салаларды жатқызуға болады. Аталған салалардағы технология сипатына негізгі өнімді өндіріп қана қоймай, сонымен қатар басқа салаларда қолдану үшін бағалығы жоғары өндіріс қалдықтарының және жанама өнімнің көп санын алуды жатқызуға болады. Мысалы, азот және күкірт қышқылдарын өндіруде әрбір 1000 тонна өнімге келетін 20 тоннаға дейін азот тотығы мен күкірттің қос тотығы атмосфераға төгіледі, колчеданнан күкірт қышқылын алу үшін 1000 тонна күкірт қышқылынан 600 т тұқыл қалады. 1000 тонна шойынды қорыту барысында атмосфераға 40 т қатты бөліктері, 30 т қос тотықта күкірт және 50 т күкірттің тотығы жіберіледі. Отын электростанцияларында 1 млн кВт саг. электроэнергияны өндіру кезінде 10 т түтін мен 15 т қос тотықты күкіртпен ауа кеңістігі ластанады. Сары түсті фосфорды өндіру кезінде 1 т тауарлық өнімге 11 т алюминий, кальций және магний тотықтарынан тұратын отты-сүйық шлак пайда болады екен. Мұның бәрі атмосфераны ластап қана қоймай тірі организмдерге (адам, жәндік, жануар, өсімдіктер) үлкен қауіп туғызады. Кез келген технология белгілі бір табиғат шикізатына есептеліп дайындалады, сондықтан ең күрделісі болып қандай кәсіпорындарда қалдықтарды дайындау және пайдалану жүргізілетіні негізгі мәселе қатарына жатады. Көп жағдайда кәсіпорындар қалдықтарды әрі қарай бөлуді дайындау және қандай құрал-жабдықтарда өнделетіні жөніндегі қажетті мәліметтермен қамтамасыз ете алмайды. Осыған байланысты өндірістік кәсіпорындарда қалдықтармен қоршаған ортаны ластамау жөнінде өз бағдарламалары, техника мен технологиясы, қаржы ресурстары болуы қажет.
Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында қалдықтарды пайдалану деңгейін көтеруге басты назар аударылған. Онда өндіріс және тұтыну қалдықтарының мониторингін жүргізу, қоршаған ортада зиянды қалдықтарды көмудің әсерін бағалау, ресурстар мен энергияны сақтау технологиясын белсенді түрде жүргізу, қалдықтарды пайдалану және қайта өңдеу жөніндегі жүмысты ынталандыру сияқты өзекті мәселелер атап көрсетілген.
Өндіріс қалдықтарымен экологияны бүлдіруден қорғауды үйымдастыру үшін келесі шаралар жүргізілуі тиіс:
- қалдықсыз өнім өндіретін технологияны тандау;
- табиғатты қорғау қорына кәсіпорындардың аударатын төлемдер жүйесін қүру.
"Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңның 29 бабына сәйкес қоршаған ортаны ластағаны үшін өңціріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін ұйымдардың, азаматтардьң және кэсіпорындардың телемін қатаң түрде талап етіп, қажетті жағдайда төлем мөлшерін жоғарылатылған түрде алу шаралары қарастырылған.
Табиғатты ұтымды пайдалануда "қалдықсыз технология" деген үғым бар. Бүл түсінік соңғы дайын өнімге қатысты болады және ол өнімнің ұзақ қызмет ету мерзімімен, көп рет пайдалану мүмкіндігімен, жөндеу жүмыстарының жеңіл болуымен, өндірістік циклға оралудың оңайлығы немесе істен шыққан кезде экологиялық зияны жоқ түрге айналумен сипатталады.
Қалдықсыз технологиялық үрдістер теориясы табиғатты қорғаудың негізгі зандарына сүйене отырып, екі негізгі алғы шарттарға негізделеді:
- бастапқы табиғат ресурстары әр түрлі өнімдер дайындалуы үшін бір рет өндірілуі қажет;
- өндірілетін өнімдер тікелей мазмұны бойынша пайдаланылған соң жаңа өндірістің бастапқы элементіне салыстырмалы түрде тез айналуы тиіс.
Қалдықтардың пайда болу көздеріне төмендегілер жатады:
- шикізаттардағы қоспалар, яғни берілген өндіріс дайын өнім алуда пайдаланылмайтын компоненттер;
- шикізатта пайдалы өнімнің қалып қоюы, соның әсерінен өндірістік үрдістің толық жүрмеуі;
- жанама химиялық реакциялардың әсерінен пайдаланылмайтын заттардың пайда болуы.
Шикізатты толық және кешенді пайдалану шикізатта пайдаланылмай қалған заттардың санын азайтады, өнім өндіруде ши-кізаттан қалдыққа кететін пайдалы заттар көлемін көбейтеді.
Өндірістік кәсіпорынның табиғатты ұтымды пайдалану жолдары
Табиғатты пайдалану дегеніміз адамның барлық іс-қимылының нәтижесінде қоршаған ортаға тікелей және жанама түрде әсер етуін айтады. Табиғатты ұтымды пайдалану - қалпына келмейтін ресурстарды кешенді қолдану арқылы материалдық өндірістің дамуына байланысты қоршаған ортаны жоспарлы, ғылыми негізде қалыптастыруы. Қалпына келмейтін ресурстарға төмендегідей циклды қолдану керек:
- өндірістің түтынуы - екінші ретті ресурстарды сактау қалпына келетін табиғи ресурстарды қайта өндеу жағдайында.
Биосферада болып жатқан үрдістерді және адамның шаруашылық іс әрекеттерін зерттеу нэтижесінде экологиялық қалдықсыз және аз қалдықты өндіріс құрып, табиғи ресурстардың азаюын және қоршаған ортаның азуын тоқтатуға болады.
Адамдардың шаруашылық іс әрекеті табиғи эко-жүйелер қағидасы бойынша құрылуы керек, яғни шикізаттарды және энергияны тиімді пайдалану арқылы, демек мұнда бір ағзалардың қалдықтары келесілеріне өмір сүру ортасы болып келуі мүмкін.
ХХ-ғасырда адамзат ғылыми-техникалық революция негізінде шикізаттардың келесідей техногендік айналымына келді.
Бүгінгі күні белгілі болып отырғандай табиғатты "жаулап алу" уақыты қайтымсыз өтіп кетіп оның заңдылыктарын түбегейлі қайта тану кезеңі басталды. Бірақ тәжірибедегі қалдықтар көлемі өндіріс және халық санына қарағанда 2-3 есе кобірек. Қалдықтар ағымы табиғатты ластауда, олардың токсикалық компоненттері жерді, ауаны, өзендерді, теңіздерді және көлдерді бүлдіруде. Оның себебіне өндірістің аз ғана уақыт ішінде табыс тапқысы келетінінде болып отыр. Бірақ кез келген өндіріс басшысы тіршілікті зиян келтіру арқылы табыс табуды ойламауы басты талап болуы тиіс. Яғни келесі ұрпаққа тиісті ресурстарды толық пайдаланбауы керек. Осы түрғыдан келгенде табиғатты пайдалану мәселесін көтерген кезде табыс табу түсінігін түбегейлі өзгертуіміз керек.
8-сурет. Шикізатты ұтымды пайдалану жолдары.
Шикізаттың техногенді айналымы: БШ - бастапқы шикізаты, ҚТ - қоршаған ортаға таралуы, Қ - қалдықтар, ҚМР - қайта өңделетін материалды ресурс, ЕР — екінші ретті ресурсы, УР - утили-зацияланбайтын ресурстар.
Осы айтылғандардан табиғатты ұтымды пайдалануға жалпы анықтама құрастыруымызға болады. Табиғатты ұтымды пайдалану дегеніміз — өндірісті дамыту және биосфераны сақтау мәселелерін қарастыратын табиғаттың ғылыми заңдары негізінде кұрастырылған қоғам мен табиғаттың бір-бірімен іс-әрекеттер жүйесі.
Шикізаттардың техногенді айналымы сызбасында көріп отыр-
ғанымыздай табиғи айналымдарға қарағанда ол көптеген бөлім-
дерде түйықталмаған.
Қалдықсыз және аз қалдықты өндірісті ұйымдастыру
"Қалдықсыз технология" термині ең алғаш 1972 жылы Ресей ғалымдары Н.Н. Семенов жэне Н.В. Петросянов-Соколовтар үсынған. Ал батыс Еуропа елдеріңде аз қалдықты және қалдықсыз технология терминінің орнына "таза" және "едэуір таза технология" термині қолданылады. "Қалдықсыз технология" дегеніміз адам қажеттілігіне қажетті табиғи ресурстарды және энергияны ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мен қоршаған ортаны қорғауда ғылыми әдістерді және кұралдарды тәжірибелік тұрғыда қолдану болып табылады.
Ғылыми әдебиеттерде басқа да терминдер кездеседі, мысалы "қалдықсыз технологиялық жүйе" (ҚТЖ). Қалдықсыз технологиялық жүйе дегеніміз бұл шаруашылық іс-әрекеттер нәтижесінде қоршаған ортага зиянды әсерін тигізбейтін бөлек өндіріс немесе өндірістер жиынтығы. "Қалдықсыз технология" түсінігіне тек қана өндірістік үрдістер бойынша емес, сонымен қатар бұл түсінікке соңғы өнімдерді жатқызуға болады. Мысалы:
— бұйымның көп уақыт қызмет етуі;
— көп рет қолданылу мүмкіншілігі;
— жөндеу қарапайымдылығы;
— өндірістік циклға қайтып оралу жеңілдігі немесе қатардан шыққаннан кейінгі экологиялық зиянды емес нысанға ауысуы.
Қалдықсыз технологиялық үрдістер теориясы табиғатты пайда-ланудың негізгі заңдарына сай екі алғы шартқа сүйенеді:
— бастапқы табиғат ресурстарынан барлық мүмкін болатын өнімдер бір рет толық өндірілуі тиіс;
— өндірілетін өнімдер қолданыстан кейін тіке бағыттар бойынша жеңіл түрде жаңа өндірістің бастапқы элементтеріне айналуы керек.
Мұндай үрдістің сызбасы былай болып келеді: "сұраныс-дайын өнім-шикізат". Бірақ бұл сызбаның әрбір сатысы энергия шығындарын қажет ететін түйықталмаған жүйеде табиғи ресурстарды тұтынатын ендірісті көрсетеді. Үрдістің толық тұйықталмағандыгының екінші кедергісіне бүл материалдардың тозуынан олардың қоршаған ортаға таралуы жатады.
Өндірістің қалдықсыздық деңгейін бағалау өте күрделі мәселе болып табылады және өндірістің барлық салаларына бірдей жүргізіле бермейді.
Жалпы өндірістің қалдықсыз жүмыс істеу деңгейін кешенді түрде бағалау мыналарға негізделуі қажет:
- тек қалдықсыздық деңгейін ғана емес, сонымен қатар табиғи ресурстарды пайдалану деңгейін есептеу;
- қарапайым материалдық балансқа негізделіп өндірісті бағалау, яғни соңғы өнімнің шикізаттар және жартылай фабрикаттарға қатынасын анықтау;
- қалдықсыздық деңгейін әр өнім бірлігіне шаққандағы қалдық саны арқылы.
Қалдықсыздық деңгейін нақты анықтау үшін қалдықтардың улылығына түзетулер енгізу керек. Тек қана салмағы арқылы білу мүмкін емес, мысалы, содалық өндіріс қалдықтары және гальваникалық цехтарда жасалған қоспа. Бір өнім шығаратын біртекті өндірістердің технологиялық сызбаларына салыстырмалы талдау жасау үшін олардың жобалау сатысындағы қалдықтардың зияндылығына түзетушілік коэффициент қолдануы мүмкін.
Энергетикалық шығындарды есептеу үшін қалдықсыздық коэффициентін ескере отырып өнімнің энергосыйымдылығын қарастыру қажет, тек осы жағдайда ғана қарастырылып отырған өндірістің қалдықсыз жүмыс істеуінің объективті керсеткіштерін алуымыз мүмкін. Электроэнергия өндірісіндегі жылу энергия станцияларының қоршаган ортаны ластау ауқымы, өндірісті жаңарту арқылы қол жеткізген экологиялық басымдықтарды минимумға әкелуі мүмкін. Мысалы, түсті металлургияда қалдықсыздық деңгейін шикізатты кешенді қолдану коэффициенті арқылы білеміз (көп жағдайда 80% асады). Көмір өндіретін өндірісте осы коэффициент 75%-дан аспаса ол қалдықсыз болып саналады.
Қалдықсыз өндірістерді құрудағы негізгі қағидалар
Қалдықсыз өндірістерді кұрудағы негізгі, кағидаларға шикізатты кешенді пайдалану, түбегейлі жаңа және жүмыс жасап тұрған технологияларды жаңарту, түйықталган су жэне газ айналым циклоңдарын қүру, кәсіпорындарды кооперациялау және аумақтық-өндірістік кешендер құру жатады.
1. Шикізатты кешенді пайдалану. Өндіріс қалдықтарына белгілі бір себептерге байланысты қолданбаган немесе қолданып бітпеген шикізаттың бір бөлігі жатады. Сондықтан да шикізатты кешенді пайдалану проблемасы экология жағынан да, экономика жағынан да маңызды мәселе болып табылады.
Табиғи ресурстарды кешенді пайдалану қажеттілігі, біріншіден, қоршаған ортаны ластап жатқан өндірістік кәсіпорындардың көлемінің өсуіне, екіншіден, оны тиімді жүмсауына тығыз байланысты болады. Өйткені минералды шикізаттар қоры шектелген. Қазіргі кезде шикізаттар бағасы тоқтаусыз өсуде. Өз кезегінде бағалардың өсуі қалдықсыз және аз қалдықты өндірістің тез дамуына әкеледі.
Қалдықтардың негізгі көздеріне мыналар жатады:
- шикізат қоспалары, яғни дайын өнім алу үшін осы өндірісте қолданылмайтын компоненттері;
- үрдістің толық жүрмеуі;
- қолданбайтын заттарды қалыптастыратын химиялық реак-циялардың пайда болуы.
Шикізатты ұтымды және кешенді пайдалану оның қолданылмаған санын азайтуға, дайын өнімдердің ассортиментін көбейтуге, бүрын қалдықта кеткен шикізат бөлігінен жаңа өнім шығаруға ықпал етеді. Мысалы, түсті металлургияда әрқашанда минералды шикізатган алынатын элементтер саны өсіп отырады. Жердің биосферасында табылған 90 элементтен түсті металлургия кәсіпорындарында келесідей элементтер алынған.
Мысалы, құрамында мысы бар рудаға 25 элемент кіреді, оның ішінен 21 элемент алынады. Полиметаллургиялық шикізаттардан 18-элемент алынады және 40-тан аса өнімдер алынады. Түсті металлургиядағы табиғи шикізаттардан алынатын пайдалы элементтер үлесі ең жоғары болып табылады, ол 80 пайызға дейін жетуі мүмкін. Өндірістік үрдістің әрбір сатысында өнім шығарудың көтерілуі қалдықтар санының азаюына әкеп соғады және шикізаттардың кешенді пайдалануын жоғарылатады. Кері реакциялардың жүруіне радикалды қүрал болып технологияның өзгеруі ықпалын тигізеді.
2. Түбегейлі жаңа және жүмыс жасап түрған технологияларды дамыту. Бүл технологиядағы ең негізгі кезең болуға тиісті. Мысалға алатын болсақ, атом өңдірісінің негізіне қоршаған ортаны ластамау немесе зияндылықты төмендету қағидасы қойылған. Атоммаштағы "радон" кәсіпорынында барлық технологиялық сызбаларда қалдықтарды көму әдістері өте жоғары деңгейде. Қара металлургияда жаңа технологиялық сызба қүрылған, ол ортаның ластануын төмендетуге мүмкіндік береді.