Халыкаралық экономикалық интеграция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 22:18, реферат

Краткое описание

Ұлттық, шаруашылықтар бір-бірімен халықаралық еңбек бөлінісі, өндіргіш күштер, өндірістік қатынастар арқылы әр түрлі деңгейде және әр қилы түр-сипатта көрінетін өндірістік, ғылыми-техникалық т. б. байланыстар кешені. Сонымен қатар дүниежүзілік шаруашылықтың даму процесі өз негізінде қайшылықты сипатта бола отырып, орталықтан алшақтау (ұлттық жіктелу) және орталыққа ұмтылу (ұлтаралық бірігу) процестерінің бір мезгілдегі әрекеттесуінің нәтижесі ретінде де көрінеді. Дүниежүзілік шаруашылықтың тұтастыққа ұмтылу тенденциясы қазіргі кезеңде өте айқын және оның болашағы зор.

Содержание работы

Кіріспе 2
Халықаралық еңбек бөлінісі және елдердің өзара байланысының өсуі 3
Халықаралық экономикалық интеграция 7
Қорытынды 9
Пайдаланған әдебиеттер 11

Содержимое работы - 1 файл

Халыкар.экон.интегра.doc

— 80.50 Кб (Скачать файл)

      Өндіргіш  күштерді интернационаландыру бүкіл  дүниежүзілік шаруашылықтың бір-бірімен  байланысын тереңдете түседі. Халықаралық  еңбек бөлісінің жетістігін қолдана отырып дүниежүзілік шаруашылыққа енетін әрбір ел қоғамдық еңбекті үнемдеуге мүмкіндігі бар. Әсіресе, қажетті машина, жабдықтар, тұтыну тауарлары, қызмет көрсету өндірісінің жаңа түрлерін жасай отырып, оларды басқа да елдермен алмасуы керек. Халықаралық еңбек бөлінісінің бүкіл дүниежүзілік мүмкіндігін пайдалану нәтижесінде елдер арасында экономикалық қатынастар қалыпты, жан-жақты байланыстардың болуына жағдай туады.

      «Ескіден  келе жатқан Ұлттық, жергілікті тар шеңбермен өз өндірісінің өнімімен шектелудің, орнына жан-жақты қатынастар мен Ұлттардың арасында бір-біріне байланысы күшейе түседі».

      Бүкіл дүниежүзілік халықаралық еңбек  бөлінісі - халықаралық экономикалық тұрақтылық пен әлемдегі бейбітшілікті орнатудың басты факторы болып табылады.

Халықаралық экономикалық интеграция

 

      Бірнеше ұлттық шаруашылықтың бірігіп аймақтық экономикалық жүйе құрауын халықаралық экономикалық интеграция процесі дейміз.

      Осы интеграциялық құрылымға — Еуропалық  экономикалық қауымдастық (ЕЭҚ) жатады. ЕЭҚ 1957-ші жылы құрылып, оған алғашқына алты мемлекет енді: Бельгия, Голландия, Италия, Люксембург, Франция, Германия.

      Ал, 1973-ші жылы терт мемлекет қосылды: Англия, Дания, Исландия, Греция, 1986-шы жылы қаңтардан бастап Испания, Португалия қосылып — «Еуропа он екілігі» дүниеге келді. Ұлттық Еуропа парламенті құрылып, өз мәжілісін Страсбург (Франция) қаласында өткізеді. Қызмет саласына қауымдастықтың бюджет-каржы істерін бақылау жатады. ЕЭҚ-тың үкіметаралық органы болып Министрлер Советі жатады. Министрлер Советінің шешімі серіктес-мемлекеттің заңдарымен пара-пар саналады. Совет жұмысының аясына қауымдастық қызметінің негізгі сұрақтары толық енеді. Әр мемлекеттің басшысы Совет мәжілісіне жарты жыл төрағалық жасайды. Төрағалықтың алмасуы алфавиттік ретпен ауыстырылады.

      Еуропалық экономикалық қауымдастық территориясында енген елдерден кеден салығы алынбайды. Сондықтан тауар, қызмет ету, капитал мен жұмыс күші өз ара еркін козғалып отырады.

      Жан басына шаққанда азық-түлік өндіруді Еуропалық экономикалық қауымдастық елдері АҚШ-ты басып озды. Энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етіп, автомобиль шығаруда Жапония мен АҚШ-қа басты бәсекелес болды.

      Ал, 1967-ші жылы Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің  сауда-экономикалық тобы (АСЕАН) құрылды. Оған алты мемлекет мүше болды: Бруней, Индонезия, Малайзия, Сингапур, Таиланд, Филиппин. Латын Америка территориясында 1980-ші жылы сондағы елдерден ең ірі экономикалық сауда тобы құрылды. Мақсаты — аймақтағы сауда мен экономикалық ынтымактастықты дамыту, басқа елдермен сауда-экономикалық байланыстарды ұлғайту, келешекте латынамерикандық жалпы нарықты құру болып табылады. Бұл кауымдастыққа 11 ел кіреді: Аргентина, Бразилия, Венесуэла, Колумбия, Мексика, Парагвай, Перу, Уругвай, Чили, Эквадор. Штаб-пәтері Монтевидо (Уругвай) қаласында орналасқан.

      Ал, 1992-ші жылы ақпан айының 17-де Солтүстік америка жалпы нарығы (НАФТА) құрылды. Оған: АҚШ, Канада, Мексика елдері мүше болды. Олардың ұйғаруынша: Канада — табиғи (орманды) ресурстарды, Мексика — мұнай мен арзан жұмыс күшін жіберіп отырады.

      Сондай-ақ, 1991-ші жылы желтоқсан айында бұрынғы кеңес Одағына кірген республикалар егеменді мемлекеттер Декларациясын қабылдап Одағының Шартына қол қойды. Сөйтіп, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) пайда болды.

      Жана  реформалау жағдайында олардың араларында калыпты экономикалық қатынастар түрі осы кезге дейін табылған жоқ. Экономикалық әріптестіктің тиімді схемасының қалыптасуын Еуразиялық төртіліктің (1996 ж.) шартынан байқаймыз. Оған: Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Белоруссия елдері енді. Кеден одағы құрылды. Бірігудің нәтижесі өз жемісін беріп келеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды

     Қазақстанның  сыртқы саудасы – ұлттық экономиканың дамуында маңызды роль атқарады. «Қазақстан – 2030» бағдарламасына сәйкес, ұлттық экономикамыз таяу арадағы 10-15 жыл ішінде сыртқы сауда көлемін өрістетеді.

     1. Қазіргі таңда, республикамыздың  ХЕБ-не қатысу мүмкіндігін айқындайтын  экспорттың басым бөлігі –  бұл шикізат және шикізат кешенінің  өнімі.

     2. Импорттың тауарлық құрылымында  машиналар мен құрал-жабдықтың  үлесі өсіп келеді.

     Бұл жағдайда, табыстың үлкен деңгейі бар тұтыну тауарларының жеткілікті түрдегі жоғары үлес салмағы сақталып қалады. Тамақ өнімдерін әкелуді шектеу немесе толық тыйым салу сияқты уақытша шаралар оң нәтиже бермейді және бере алмайды. Өйткені еліміздің тамақ және жеңіл өнеркәсіп саласы дағдарысты жағдайда тұр.

     3. Бір жағынан, өткен кезеңде,  экспорттық шығарулардың географиялық  бағытталығы дамыған капиталистік  елдер пайдасына қарай өзгерді,  бұл өзгеріс сыртқы сауданы  либерализациялаумен байланысты  болды; екінші жағынан, алыс шет ел бойынша сыртқы сауданы бөлу де маңызды өзгерістерді туындатты. Шығыс Еуропа елдерімен сауда жасау күрт төмендеді. Бірінші орынға Ұлыбритания, Германия, Италия, Нидерланды, Швейцария сияқты Батыс Еуропа елдері шықты.

     Дамыған елдер нарығына шығу үшін, бағасы бойынша да, сапасы бойынша да бәсекелесе алатын өнім болуы тиіс;

     4. Экспорт пен импорт көлемдері  арасында тікелей және өте  тығыз баланыс бар. Экспорттың  даму деңгейімен импорттың даму  деңгейі байланысқан, өйткені  экспорттың жай-күйі республиканың халықаралық есеп айырысулар кезіндегі төлем қабілеттілігін айқындайды. Экспорттың дамуы, жақсаруы және оның құрылымының диверсификациясы Қазақстанның басқа елдермен өзара экономикалық қарым-қатынасын анықтайды. Экспорттық даму деңгейі – елдің ХЕБ-не қатысуының шынайы шатттарын қалыптастырады. Сондықтан экспорттың дамуы салыстырмалы түрдегі артықшылықтары бар немесе болашақта сондай артықшылықты ала алатын салалардың немесе өндірістердің құрылуын және қолдау көрсетілуін талап етеді;

     5. ҚР-ның экспортының дамуы және экспорттық мүмкіндіктің өсуі. Өйткені, экспорттың ресурстардың жетіспеушілігі маңызды түрдегі импорттың қысқаруына әкеледі, ал импорттың қысқаруы – бұл халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуіне, жекелеген тауар түрлері өндірісінің қысқаруы немесе мүлдем тоқтап қалуына әкеліп соғады.

     6. Сауда шарттарының жақсаруына  ықпал еткен маңызды факторлардың  бірі – салыстырмалы түрдегі  макроэкономикалық тұрақтылыққа  қол жеткізу және шет елдік  инвестицияларды белсенді түрде  тарту.

      Қорытып айтқанда, 1991 жылдан берi тәуелсiздiк тұғырына қонған Қазақстан дүние жүзiнiң көптеген елдерiмен терезесi тең деңгейде дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынас орнатты. Осы уақыт iшiнде елдiң сыртқы саудадағы күш-жiгерiнiң арқасында орасан зор тарихи маңызы бар мiндеттер орындалды, ол дүниежүзiлiк аренадан беделдi өз орнын алды. Сондай-ақ, Қазақстан шекарасының өн бойында берiк халықаралық-құқықтық негiзге сүйенетiн қауiпсiздiк, тату көршiлiк және достық белдеуi жасалды. Қазақстанның экономикасындағы оң өзгерістер осы тұжырымымызды дәлелдей түседі.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланған әдебиеттер

 
  1. Халықаралық экономикалық қатынастар. Алматы: 2002
  2. Қазахстан в современном мире (статистические данные)/Сост. Т.Ж.Жумасултанов. – Алматы, 1992
  3. Канамори Х. Экономика Японии: современное положение и перспективы развития//Экономист.- №17.-1992
  4. Отчет по ИЧР за 1992 г. ПРООН ООН
  5. ҚР Президентінің Ұлттық валютаны енгізу туралы жарлығы. –1993, 12 қараша
  6. Статистический бюллетень Министерства финансов РК. №9.-1999

Информация о работе Халыкаралық экономикалық интеграция