Халыкаралық экономикалық интеграция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 22:18, реферат

Краткое описание

Ұлттық, шаруашылықтар бір-бірімен халықаралық еңбек бөлінісі, өндіргіш күштер, өндірістік қатынастар арқылы әр түрлі деңгейде және әр қилы түр-сипатта көрінетін өндірістік, ғылыми-техникалық т. б. байланыстар кешені. Сонымен қатар дүниежүзілік шаруашылықтың даму процесі өз негізінде қайшылықты сипатта бола отырып, орталықтан алшақтау (ұлттық жіктелу) және орталыққа ұмтылу (ұлтаралық бірігу) процестерінің бір мезгілдегі әрекеттесуінің нәтижесі ретінде де көрінеді. Дүниежүзілік шаруашылықтың тұтастыққа ұмтылу тенденциясы қазіргі кезеңде өте айқын және оның болашағы зор.

Содержание работы

Кіріспе 2
Халықаралық еңбек бөлінісі және елдердің өзара байланысының өсуі 3
Халықаралық экономикалық интеграция 7
Қорытынды 9
Пайдаланған әдебиеттер 11

Содержимое работы - 1 файл

Халыкар.экон.интегра.doc

— 80.50 Кб (Скачать файл)

  ЖОСПАР 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

 

     XX ғасырдың екінші жартысы дүниежүзілік  шаруашылықтың жедел даму дәуірі  болды. Бүгінгі қарама-қайшылықты  әлемнің тұтастығы көптеген ортақ  мүдделерден өз көрінісін тауып  отыр. Оларға дүниежүзілік шаруашылық  шеңберіндегі ұлттық экономикалардың өзара тәуелділігі, халықтар арасындағы дамып келе жатқан мәдени қарым-қатынастар және әр түрлі мәдениеттер мен өркениеттердің өзара байланыстары жатады. Өздерін дүниежүзілік шаруашылықтың социалистік жүйесіміз деп келген елдер тобының бірнеше ондаған жылдар бойғы оқшаулану тенденциясы тоқталғаннан соң дүниежүзілік шаруашылықтың бірлігі мен оның экономикалық заңдарының жетекші рөлі айқын көріне бастады.

     Дүниежүзілік  шаруашылық өндіргіш күштердің тарихи ұзақ уақыт дамуының объективті нәтижесі. Бұл процестің негізінде ұлттық шеңбердегі және халықаралық сферадағы өндірістің қоғамдастырылуы жатыр. Өз кезегінде, қоғамдастыру өндірістің қоғамдық сипатының күшеюінің белгісі болып табылады. Тұтас алғанда, жеткілікті дәрежеде өзіндік, дара халық шаруашылық кешендері бола тұрса да, дүниежүзілік шаруашылық жүйесімен көптеген арналар арқылы байланысқан ұлттық шаруашылықтар әлемдік өндірістің тұлғалары болып саналады.

     Ұлттық  шаруашылық шеңберінде қоғамдық, ұдайы  өндірістің негізгі процестері жүзеге асады. Тарихи тұрғыдан дүниежүзілік шаруашылық XIX—ХХ ғасырларда дүние жүзі халықтарының басым көпшілігінің әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы нәтижесінде қалыптасты.

     Дүниежүзілік  шаруашылық пен ұлттық шаруашылық объективті біртұтас, сонымен қатар қарама-қайшылықты. Бұл жерде дүниежүзілік шаруашылықты ұлттық шаруашылықтардың тек жай ғана қосындысы деп қарастыруға болмайды, ол барлық элементтері өзара әрекеттесетін және өзара тәуелді көп укладты экономикалық кеңістік ретінде көрінеді.

     Ұлттық, шаруашылықтар бір-бірімен халықаралық еңбек бөлінісі, өндіргіш күштер, өндірістік қатынастар арқылы әр түрлі деңгейде және әр қилы түр-сипатта көрінетін өндірістік, ғылыми-техникалық т. б. байланыстар кешені. Сонымен қатар дүниежүзілік шаруашылықтың даму процесі өз негізінде қайшылықты сипатта бола отырып, орталықтан алшақтау (ұлттық жіктелу) және орталыққа ұмтылу (ұлтаралық бірігу) процестерінің бір мезгілдегі әрекеттесуінің нәтижесі ретінде де көрінеді. Дүниежүзілік шаруашылықтың тұтастыққа ұмтылу тенденциясы қазіргі кезеңде өте айқын және оның болашағы зор.

     Дүниежүзілік  шаруашылық біртұтас, сонымен қатар  қайшылықты экономикалық механизм ретінде  экономикалық заңдардың, құн, бәсеке, қоғамдық еңбекті үнемдеу, халық шаруашылығы  салаларының арақатысы және халықаралық еңбек бөлінісі мен интеграциялық процестердің т. б. функционалдық өзара байланыстардың ықпалымен айқындалады. Дүниежүзілік шаруашылықтың дамуындағы неғұрлым жалпы заңдылықтарды жекелеген және топтасқан елдердің экономикаларының ашық сипатының күшеюімен, шаруашылық өмірдің интернационалдық мәнінің өсуімен, ең алдымен техникалық прогрестің дамуымен көрсетуге болады. 
 

Халықаралық еңбек бөлінісі және елдердің өзара байланысының өсуі

 

      Экономикалық  ғылымда халықаралық еңбек бөлісі туралы төмендегідей негізгі экономикалық теориялар қалыптасты.

      Халықаралық еңбек бөлісінің негізгі ілімін абсолютті және салыстырмалы артықшылық теориясы құрайды. Классикалық осы  теория Адам Смит мен Давид Рикардоның XVIII ғасырдағы еңбектерінде айтылған. Аталған теорияның пайымдауынша: әрбір ел басқа елге қарағанда, еркін нарық жағдайында өндірісіне аз шығын жүмсайтын тауарға маманданғаны дұрыс. Осы теорияның олқылықтары мынада: мұнда еңбек бөлісінің жүзеге асуын қысқарған үдісте — екі ел мен екі тауарға арнап қарастырған. Демек, бұл салыстырмалы артықшылықтың жалпы моделі ғана.

      Қазіргі қалыптасып отырған жағдайда халықаралық  еңбек бөлісіне кептеген факторлар  әсер етеді.

      ХІХ-ХХ ғасырдың басында халықаралық еңбек  бөлісін дамытуда жаңа тенденциялар пайда болып, салыстырмалы артықшылық теориясына белгілі өзгерістер енгізуді талап етті. Ол швед экономистері Эли Хекшер мен Бертели Олиннің өндіріс факторы теориясында көрсетілген еді. Олардың теориясы ХХ-шы ғасырдың 30-шы жылдарында дүниеге келген.

      Кептеген  елдердегі халықаралық өндірістің мамандануын осы авторлар үш фактордың - еңбек, капитал және табиғи ресурстармен қамтамасыз етілудің эр түрлілігімен түсіндіреді. Мысалы, «арзан еңбектің» артық болуы еңбек кеп жұмсалатын енім (текстиль, киім, пайдалы қазбаны алу) өндірісіне маманданып, капитал артықтығы — капитал кеп жұмсалатын енім (машина, ірі құрал-жабдықтар) өндірісіне мамандануды айқындайды. Аталған теория халықаралық еңбек бөлісіне шындық тұрғысынан толық түсінік бере алады.

      Американ  экономисі В. Леонтьев 1953-ші жылы Э. Хекшер мен Б. Олин теориясына тағы бір фактор косты. ОңДа^елдердегі білікті және біліксіз еңбекті ескеру халықаралық еңбек бөлісіне кәдімгідей әсер ететінін айтты.

      Қазіргі кезде американ ғалымы, социолог Майкл  Портнердің 1961-ші жылы ашқан «технологиялық алшақтық» теориясы ерекше орын алады. Оның айтуынша, халықаралық нарықта жаңа тауардың пайда болуы жаңа технологиямен, жаңа ғылыми-техникалық потенциалмен байланыстырылып, олар жаңа тауарды аз шығынмен шығаруға ықпал жасайды.

      Жаңа  енген техниканы ынталы пайдаланатын фирмалар мен корпорациялар халықаралық өндірістің мамандануында жаңа кездерді жасайды.

      Соңғы жылдары өнеркәсібі дамыған елдердегі  экономистер «өнімнің өміршең циклы» теориясына ерекше мән беріп, практикада Қолдануда. Бұл теорияны дүниеге  әкелген американ ғалым-экономистері — Раймонд Верной мен Эдвин Линевилд. Осы теория халықаралық монополияның дүниежүзілік нарықтағы стратегиясынан нәр алады.

      Өнімнің пайда болуының бірінші фазасы кезінде  монополия ішкі нарық сұранымын  қанағаттандырады. Екінші фазада монополия басқа елдердегі ендірушілер санын арттыруға ұмтылып, өндіріс шығындары алғашқы екі фазадағы жағдайға Караганда темен болады.

      Халықаралық еңбек бөлісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әртүрлі саласын белгілі түрге мамандандырады. Қорытындысында, өндіріс нәтижесін, ғылыми-техникалық қызметтер, тауарлармен алмастыру жағдай туғызып, халықаралық сауда дами түседі.

      Халықаралық еңбек бөлісінің пайда болуы, оның дамуы мен тереңдеуі өндіргіш күштердің өсуімен анықталады. Халықаралық еңбек бөлісінің қалыптасуы ірі машина өндірісіне байланыстырылып, одан шикізат пен жанар-жағар өнімдерін барынша арттыруды талап етеді. Көптеген елдерде қаланың өсу урбанизациясын тудырып, азық-түлік тауарларына, ауыл шаруашылық өнімдеріне сұранымды кәдімгідей арттырады.

      Халықаралық еңбек бөлісін негізінен үш типке  бөледі: жалпы, жеке және ерекше. Жалпы  халықаралық еңбек бөлінісі дегеніміз (бұл Ұлттық экономикадағы қоғамдық еңбек бөлісіне тән) еңбек бөлінісінің  өндіріс саласымен жіктелуі. Мысалы: өндеу мен кен қазу әнеркісібі, ауыл шаруашылығы мен өнер кәсіп т.б. Бұл жағдайда жеке елдердің территориялық мамандануы калыпты табиғи-климаттық жағдаймен айқындалады. Ал, халықаралық еңбек бөлінісінің байқалуы экспорт — елдердің индустриалдық, шикізаттық және аграрлық бөлуінен білінеді.

      Жеке  халықаралық еңбек бөлінісі дегеніміз  елдердің дараланған белгілі өндіріс  саласының дайын өнімге мамандандырылуын айтамыз. Халықаралық еңбек бөлінісінің  бұл түріне жоғары деңгейдегі өнеркәсіптің жіктелінуі тән.

      Ерекше  халықаралық еңбек бөлінісі деп әртүрлі елдердің дараланған тетік, деталь, агрегаттар мен өнім компоненттерін дайындауды айтамыз. Осы аталған технологиялық стадиясы - өндіргіш күштердің жоғары дамыған дәрежесіне сай келеді және ол ең жоғарғы тип болып табылады.

      Халықаралық еңбек бөлінісінің аталған типтері  кебіне қабысып жатады. Қазіргі жағдайда ерекше халықаралық еңбек бөлінісінің  басымды болу тенденциясы анық байқалады. Сондай-ақ оның барлық типтері деталді және кооперациялық мамандандырылумен толықтырылып, өндіріс процесі кооперацияланады. Мысалы, американың «Форд Моторс» концерні құрастыруға қажет материалдарды 25 мың шетел фирмасынан сатып алады. Осындай жағдай «Рено» (Франция), «Фиат» (Италия), «Тойота» мен «Ниссан» (Жапония) концерндерінде және т.б. байқалады.

      Өндіргіш  күштердің өсуі, халықаралық еңбек  бөлісінің тереңдеуі шаруашылық өмірді интернациялануына алып барады. Немесе елдер мен халықтардың арасындағы тұрақты экономикалық байланысты дамытып, ұлғаймалы өндіріс процесінің Ұлттық шеңберден шығуына ықпал жасайды. Өндіргіш күштердің интернационалануының өсуі, оның бүкіл дүниежүзілік масштабтағы экономикалық прогресті қамтамасыз ету шеңберін арттырады. Халықаралық айырбас көбінесе түрлі елдердегі кооперативті кәсіпорындардың арасындағы тауардың жеткізілуін ертерек келістіретін орын түріне айналды. Өндірістің кең көлемді дамуы шикізат пен жанар майды ғаламдық деңгейде қамтамасыз етуді алға қояды және енімді жаппай экспортауды талап етеді. Импорттық шикізат пен жанар майды тұтыну АҚШ-та 1\3 есе құраса, Батыс Еуропада шамамен 2\3, Жапонияда 4\5 шамасында.1 Кәсіпкерлер ұлттық нарықтың шеңбер ауқымына ерекше назар аударуда. Экспортқа жалпы Ұлттық өнімнің АҚШ пен Жапонияда - 10%, Канада, Франция, Германия, Англия, Швеция, Италияда - 20-25% шығарылады екен.2

      Өндіргіш күштерді интернационаландыру бүкіл дүниежүзілік шаруашылықтың бір-бірімен байланысын тереңдете түседі. Халықаралық еңбек бөлісінің жетістігін қолдана отырып дүниежүзілік шаруашылыққа енетін әрбір ел қоғамдық еңбекті үнемдеуге мүмкіндігі бар. Әсіресе, қажетті машина, жабдықтар, тұтыну тауарлары, қызмет көрсету өндірісінің жаңа түрлерін жасай отырып, оларды басқа да елдермен алмасуы керек. Халықаралық еңбек бөлінісінің бүкіл дүниежүзілік мүмкіндігін пайдалану нәтижесінде елдер арасында экономикалық қатынастар калыпты, жан-жақты байланыстардың болуына жағдай туады.

      «Ескіден  келе жатқан ұлттық, жергілікті тар  шеңбермен өз өндірісінің өнімімен шектелудің орнына жан-жақты қатынастар мен Ұлттардың арасында бір-біріне байланысы күшейе түседі».

      Бүкіл дүниежүзілік халықаралық еңбек бөлінісі - халықаралық экономикалық тұрақтылық пен әлемдегі бейбітшілікті орнатудың басты факторы болып табылады.

      Ғылыми-техникалық қызметтер, тауарлармен алмастыру жағдай туғызып, халықаралық сауда дами түседі.

      Халықаралық еңбек бөлісінің пайда болуы, оның дамуы мен тереңдеуі өндіргіш күштердің өсуімен анықталады. Халықаралық еңбек бөлісінің қалыптасуы ірі машина өндірісіне байланыстырылып, одан шикізат пен жанар-жағар өнімдерін барынша арттыруды талап етеді. Көптеген елдерде қаланың өсу урбанизациясын тудырып, азық-түлік тауарларына, ауыл шаруашылық өнімдеріне сұранымды кәдімгідей арттырады.

      Халықаралық еңбек бөлісін негізінен үш типке  бөледі: жалпы, жеке және ерекше. Жалпы  халықаралық еңбек бөлінісі дегеніміз (бұл ұлттық экономикадағы қоғамдық еңбек бөлісіне тән) еңбек бөлінісінің өндіріс саласымен жіктелуі. Мысалы: өндеу мен кен қазу өнеркісібі, ауыл шаруашылығы мен өнер кәсіп т.б. Бұл жағдайда жеке елдердің территориялық мамандануы калыпты табиғи-климаттық жағдаймен айқындалады. Ал, халықаралық еңбек бөлінісінің байқалуы экспорт — елдердің индустриалдық, шикізаттық және аграрлық бөлуінен білінеді.

      Жеке  халықаралық еңбек бөлінісі дегеніміз  елдердің дараланған белгілі өндіріс саласының дайын өнімге мамандандырылуын айтамыз. Халықаралық еңбек бөлінісінің бұл түріне жоғары деңгейдегі өнеркәсіптің жіктелінуі тән.

      Ерекше  халықаралық еңбек бөлінісі деп  әртүрлі елдердің дараланған тетік, деталь, агрегаттар мен өнім компоненттерін дайындауды айтамыз. Осы аталған  технологиялық стадиясы - өндіргіш күштердің жоғары дамыған дәрежесіне сай келеді және ол ең жоғарғы тип болып табылады.

      Халықаралық еңбек бөлінісінің аталған типтері  кебіне қабысып жатады. Қазіргі жағдайда ерекше халықаралық еңбек бөлінісінің басымды болу тенденциясы анық байкалады. Сондай-ақ оның барлық типтері деталді және кооперациялық мамандандырылумен толықтырылып, өндіріс процесі кооперацияланады. Мысалы, американың «Форд Моторс» концерні құрастыруға қажет материалдарды 25 мың шетел фирмасынан сатып алады. Осындай жағдай «Рено» (Франция), «Фиат» (Италия), «Тойота» мен «Ниссан» (Жапония) концерндерінде және т.б. байқалады.

      Өндіргіш  күштердің өсуі, халықаралық еңбек  бөлісінің тереңдеуі шаруашылық өмірді интернациялануына алып барады. Немесе елдер мен халықтардың арасындағы тұрақты экономикалық байланысты дамытып, ұлғаймалы өндіріс процесінің Ұлттық шеңберден шығуына ықпал жасайды. Өндіргіш күштердің интернационалануынын өсуі, оның бүкіл дүниежүзілік масштабтағы экономикалық прогресті қамтамасыз ету шеңберін арттырады. Халықаралық айырбас көбінесе түрлі елдердегі кооперативті кәсіпорындардың арасындағы тауардың жеткізілуін ертерек келістіретін орын түріне айналды. Өндірістің кең көлемді дамуы шикізат пен жанар майды ғаламдық деңгейде қамтамасыз етуді алға қояды және енімді жаппай экспорттауды талап етеді. Импорттық шикізат пен жанар майды тұтыну АҚШ-та 1\3 есе құраса, Батыс Еуропада шамамен 2\3, Жапонияда 4\5 шамасында.1 Кәсіпкерлер ұлттық нарықтың шеңбер ауқымына ерекше назар аударуда. Экспортқа жалпы Ұлттық өнімнің АҚШ пен Жапонияда - 10%, Канада, Франция, Германия, Англия, Швеция, Италияда - 20-25% шығарылады екен.

Информация о работе Халыкаралық экономикалық интеграция