Банк қызметінің бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:50, курсовая работа

Краткое описание

Нарық жағдайында банк жүйесі екі деңгейде болады: Орталық банк (эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесінде коммерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды қағаздарды алып-сатумен айналысады.

Содержимое работы - 1 файл

Банк тауекелдилигин сақтандыру.doc

— 121.50 Кб (Скачать файл)

Банк қызметіне құрылтайшылық бақылау бірнеше формада жүргізіледі: басқарма қызметіне бақылау кеңесінің жүргізетін; ревизиялық комиссия; акционерлерінің бақылауы.

Акционерлер банк жетекшісімен өткен қаржылық жылдағы, оның қызметінің нәтижелері жайлы қажетті мәліметтерді алуға, қорытындыланатын банк қызметіне тікелей бақылау жасауға құқылы және олар бақылау қорытындысын акционерлердің жиналысында жариялайды.

Бақылауды жүргізу үшін акционерлер сараптамашыларды, аудиторларды, т.б. шақыра алады.

Шет елдерде әрбір жеке елде, тарихи даму мен әр түрлі саяси экономикалық факторлар әсерінен қалыптасқан банктердің қызметіне бақылау мен қадағалаудың өзіндік жүйесі бар.

Мысалы, Англияда соңғы кезге дейін банктің жұмысын реттейтін арнайы заңдар болған жоқ, ал оларға жасалатын бақылау жасырын және қағаз жүзіндегі сипатта болды.

Бұл елдегі банктер акционердлік компаниялар туралы жалпы заңмен реттеліп отырды. 1979 жылы заң бойынша банктік қызметті міндетті түрде лицензиялау және жалпы ұлттық зақтандыру қоры құрылды. 1987 ж банктік заң ірі қарызды беру ережесін, банктердің бірігу тәртібін, аудиторлық тексерулерді анықтады. Дегенмен де Ұлыбританиядағы банктік қызметке жасалатын  бақылау бүгінгі таңда да басқа елдерге қарағанда формалды және онша қатаң емес.

 

 

 

 

3 Банк қызметінің бағыттары

3.1 Қазақстандағы Банктік жүйенің даму тарихы.

Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихымен тығыз байланысып келді. Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: Мемлекеттік  банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие  банктері мен басқа да несиелік мекемелер кіреді.

Ресейдің Мемлекеттік банкі (өз қызметін 1860 жылы бастады) барлық несие жүйесінің Орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақша шығарудың монополиялық құқығына ие болды.Сөйтіп, 1914 жылы Ресейдің Мемлекеттік банкі бұл іске барлық акционерлік коммерциялық банктердің салымдары мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін және есептік – қарыздық операциялардың 1/3 бөлігіне жуығын жұмылдырды. Басқа елдердің орталық эмиссиондық банктеріне қарағанда, Ресейдің Мемлекттік банкі тек банктерді ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауданы, қор жинаушыларды да несиелендірді. 1914 жылдың қарсаңында ол 10 кеңсе 124 бөлім мен мемлекеттік қазынашылықтың 791 тіркелген кассасына иелік етті.

Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк 743 филиалымен) қарыз капитал нарығында басымдық жағдайға ие болып, 1914 жылы шоғырланудың жоғары дәрежесіне жетті.Орта және ұсақ буржуазиялық қызмет көрсету үшін мынадай ұсақ несиелік мекемелер қызмет атқарды: өзара несие беру қоғамы (11081), қалалық қоғамдық банктер (343).

Ипотекалық несие жүйесі – мемлекеттік дворяндардың жер банкі мен мемлекеттік жер банкі, 10 акционерлік жер банктері, 36 қалалық несиелік банктер мен ипотекалық несиенің басқа да банктерінен құрылды.

Несиелік мекемелердің ішінен, әсіресе, деревнялардағы дәулетті адамдарға қызмет көрсететін несиелік копперация кеңінен танылды. Ол қарыз жинақ  кассалары мен несиелік серіктестіктерден тұрды.

1917ж Қазан революциясынан кейін банк ісін ұйымдастыруда мемлекеттік монополия қағидасы іске асырылды. Елде Мемлекеттік банк құрылды, кейіннен жеке коммерциялық және басқа да банктерді ұлтшылдандыру нәтижесінде, бәрі бір мемлекетке жататын, салалық және аумақтық банктер құрылды. Банктік жүйенің бір құрамдас бөлігі мемлекеттік жинақ кассалары болды.Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында мемлекеттік банктермен бірге:кооперативтік және жеке, мемлекеттік- капиталисттік, соның ішінде шетел капиталының қатысуымен де мемлекеттік емес несиелікмекемелер құрылды. 1922 ж.деревнялар мен майдагерлік өнеркәсіпті жандандыру мақсатын көздеген несиелік және қарыздық- жинақ серіктестіктері мен олардың одағы ұйымдастырыла бастады. 1924 ж. ауыл шаруашылық копперацияларына салым қабылдау,қарыз  беру  мен  есеп айырысудағы делдалдық нысанында несиелік операцияларды жүргізу рұқсат етілді.1926 ж. 1сәуір қарсаңынды КСРО-да 16 185 серіктестіктер  құрылған еді, бұллардың ішінде 2426- несиелік және қарыздық жинақ, сондай-ақ 12424- ауыл шаруашылық серіктестіктері болды.

1922 жылдан бері сауданы, өнеркәсіпті несиелендіру үшін өзара несиелендіру қоғамы, сонымен бірге, Оңтүстік- Шығыс мемлекеттік –капиталисттік  акцияонерлік банк және шерел капиталының қатысуымен Ресейлік комерциялық банк құрылды.

Экономикалық социалистік секторының дамуына қарай кооперативтік  және жеке несиелік  органдар өз маңызын жоғалтты және қызметін тоқтатты. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру  несиелік кооперациясын қажет етпей, оны 1931 жылы таратты. Жеке секторда сауда және  өнеркәсіп саласынан ығыстыру өзара несиелендіру қоғамы қызметінің оралуына әкеп соқты. Басқа несиелік органдар қызметтері мемлекеттік салалық банктерге : Промбанк , Цекомбанк, Всекомбанк, Орталық ауыл шаруашылық банкі және 1922-1925жж. құрылған басқада банктерге көшеді.

КСРО-да банктік реформа 1987-1988 жылдары жүргізілді. Нәтижесінде, КСРО Мембанкі мен КСРО Құрылыс банкін (Стройбанк) құру негізінде: Өнеркәсіп құрылыс банкі (Промстройбанк), Агроөнеркәсіп банкі және Тұрғын үй-әлеуметтік (Жилсоцбанк) ; КСРО Мембанкінің құрамына кіретін жинақ кассалары жүйесінің негізінде: Жинақ банк, ал Сыртқы сауда (Внешторгбанк) негізінде: Сыртқы экономбанк (Внешэкономбанк) құрылды. КСРО Мембанкі кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық және несиелік-есеп айырысу қызмет көрсетуін тоқтатты. Ол елдің Орталық банкі деп жарияланды.Банктік құрылымды қайта құру банк ісіндегі КСРО Мембанкі монополиясын жоюы керек еді. 1988 жылға дейін КСРО Мембанкі-Орталық, коммерциялық және инвестициялық банктердің қызметін атқаратын әмбебап несиелік мекеме болды.

70-жыл бойы КСРО-ның банктік жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда қатаң орталықтандыру мен шоғырландыру, несиелік-банкті ықпал ету әдістемелерінде әкімшілік, өктемдік, ұсақ-түйек регламенттеу, сондай-ақ шаруашылық органдардың қызметінде де ұсақшыл регаменттеу басым болды. Қалыптасқан ақша-несиелік қарым-қатынастар тәжірибесі, пайда болып келе жатқан нарықтық қатынастар шарттарына сай келмеді.

Өз тәуелсіздігін алғаннан кейін 1990  жылдың желтоқсанында Қазақстан бірден нарықтық экономика талаптарына жауап беретін меншікті банктік жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында, елдегі банктік реформаның бастамасы болып табылатын «Қазақ КСР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» Заң қабылданды. Республикалық Мемлекеттік банк облыстық басқармалары мен бөлімшелері бар ҚР Ұлттық  банкіне айналды. Республикалық Өнеркәсіп құрылыс банкі акционерлік-коммерциялық Тұран банкіне, Агроөнеркәсіпбанк –Қазақстан Республикасы акционерлік-коммер-циялық Агробанкіне, Республикалық Жинақ банкі – ҚР акционерлік-коммер-циялық Жинақ банкіне ауысты. 1993ж. бұл банктер акционерлік банктер болып қайта өзгерді, ал Жинақ банкі Қазақстан Республикасы Халықтық банк деген атқа ие болды.

 

 

 

3.2 Банктерді жетілдіру және олардың әрі қарай дамыту

 

Бұл банктерді жетілдіруге байланысты бір қатар шаралар 1994ж. орта кезінен басталып, 1995жылға дейін жалғасты.

Бірінші кезекте 1994жылы Ұлттық банктің ұсынысы бойынша Кабинет Министірлігінің Қаулысына сәйкес арнайы құрылған комиссия агроөнеркәсіп банкіне санатция процесін жүргізіп, ондағы орталықтандырылған несиелерге (шаруашылықтардың нақты төлем қабіетілігінің ескермей, Жоғарғы Кеңес пен Үкіметтің шешімі бойынша өткен жылдардағы берілген) байланысты мерзімі өткен қарыздарда Агроөнеркәсіп банкінің баланысынан Қаржы Миниістірлігінің қарамағында құрылған ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау мемлекеттік қорынығң баланысына беру шараларын іске асырды.

Екінші кезекте Қазақстан ӘлемБанкін 1994 жылдың орта кезеңінде Мемлекеттік Экспорттық –Импорттық банкке (қазіргі Эксимбанк)  және әмбебап акционерлік ӘлемБанкке бөлу шаралары жүзеге асты. Сөйтіп, ол уақыттағы ӘлемБанктің жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі 35% құрады. Бұл бір жағынан ӘлемБанктегі мемлекеттің қаржысы мен мемлекеттік емес акционерлер қаржыларын өзара бөлуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан ӘлемБанктегі монополияны жоюға мүмкіндік жасады. 

Үшінші кезекте,мемлекеттік мамандандырылған Халық банкін әмбебап банкке түрлендіру шаралары жүргізілді. Түрлендіру мынадай үш кезеңді қамтыды:

Бірінші-кезеңде  (1995 жылдың бірінші жартысын) мемлекеттік емес акционерлерден акцияларын сатып алу жолымен жүз пайыз мемлекеттік меншікті қалпына келтіру және оның жарғылық капиталын ұлғайту мақсатында мемлекеттен жалға алған ғимаратын Халық банкінің меншігіне беру, сондай-ақ 01.01-1992ж. жағдайға байланысты халық салымдарын индексациялау жүйесін анықтау міндеті белгіленді.

Екінші кезеңде: (1995ж. екінші жартысында және 1996ж.) халық банкіне пластикалық дебеттік және кредитік карточкаларды енгізу және олардың қолданылу ауқымын кеңейту міндеті жүктелді.

Үшінші кезеңде: (1997ж. ішінде)халық банкісінің алдында Ұлттық банк белгілеген пруденциалдық нормативтерге сәйкес 01-01-1998ж. бастап салымдарды мемлекеттің толық кепілдемесінен ұжымдық сақтандыруға негізделген аралас сақтандыру жүйесіне өтуге дайындық жасап және жекешедендірудің бірінші кезеңін бастау міндеті тұрды.

Төртінші кезеңде: әмбебап банк-Тұран банкіндегі мемлекеттің үлесі  (61%, 1999 жылдың сәуіріне) анықталып ондағы негізгі борышқор кәсіпорындардың бір бөлігі 1995-жаңадан құрылатын медетші банкке берілетін болды.

Бесінші кезеңде әмбебап банк – Кредсоцбанктегі мемлекеттің үлесі -40,3%  (1994 жылдың сәуіріне) анықталды. 1995 жылдың қаңтар айының аяғына таман оның жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесін сату бағдарламасын Ұлттық банк даярлауға тиіс болды.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Сонымен, біз қай тәуекелдіктің банктік қызметте болатыны және оны төмендетудің негізгі әдістерін қарастырдық.Мұндай шараларды жасау тәуекелдік шеңберіндегі банк стратегиясының маңызды компоненті болып табылады.Демек, нарық шарушылығындағы банктік қызметтің басты тәуекелдікті және банкротты төмендету  арқылы операциялардан түсетін пайданы барынша жоғарылатудан тұрады.

Банк стратегиясы төмендегідей қағидалардан құралады:

-қалайда арзанға сатып алу;

-рентабельдік мөлшерлеме бойынша оны және көрсетілген қызметтерді сату;

-келесідей жолдармен тәуекелдік зияндарын төмендету:

Сенімді клиенттер таңдау және кепілдемелер алу, операцияларды диверсификациялау және әр түрлі қарыздық капиталдар нарығын игеру.

Қазіргі кездегі банктік нарық тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез келген операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан банктік қызмет үшін тәуекелдікті мүлдем жою емес, оны алдын ала болжап, ең төменгі деңгейге идейін жеткізу маңызды болып табылады.

Тәуекелдік негізінде ықтималдылықты, ал нақтырақ айтсақ, банктің қаржылық операцияларды жүргізу кезінде өз ресурстарының табысы бір бөлігін жоғалту немесе қосымша шығын шығару қаупін түсіндіреді. Банктік қызмет зиянсыз болуы үшін келесі категорияларды ескеру керек: жоғалтулар, шығындар, залалдар.

Банктік қызметке тән тәуекелдікті сипаттайтын жалпылама көрсеткіш ретінде жоғалтуларды, банктік табыстың төмендеуі ретінде түсінеміз. Осы көрсеткіш өзінде шығын мен залалды үйлестіреді, сондықтан тәуекелдік деңгейін жақсы бейнеде сипаттайды. Тәуекелдік пен жоғалту түсініктері өзара тығыз байланысты. Сол себептікті тәуекелді жоғалту категориясын қолдану арқылы сан жағынан да бейнелеуге болады. Бұл тәсіл тәуекел теориясының дамуы үшін негіз болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Абрамова, М.А., Александрова, Л.С.Экономическая теория [Текст]: учебное пособие.- М.:Юриспруденция, 2001.- 400 с.

2.Байысова, Ә.     Экономикалық білім беруді дамыту:

// Экономика негіздері.-2005.- N 2.- 36-38 б.

3.Банк қызметі туралы: ҚР құқықтық актілер жиынтығы.- Алматы: Юрист, 2005.- 177 б.

4.Жалпы экономикалық теория:оқулық / Ө. Қ. Шеденов;

Қ. Жұбанов атын.Ақтөбе мем. ун-ті.- толықт.және қайта өңдел.2-бас.-Ақтөбе. 2004.- 455 б.

5.Зиябеков, Бейсенбек.     Банк-экономиканың өзегі

ғана емес, мемлекеттің діңгегі болуы керек:[Экономика]// Жаңа ғасыр.- 2006.- №2.- 36-38 б.

6.Қазақстан халқының экономикалық белсенділігі 1995-2004 : статистикалық жинақ / жинақты әзірлеуге  жауапты: Н. Кривко, А. Қатарбаева, Г. Семибратова; ред. басқ.: Қ. Әбдиев; Қазақстан Республикасы

Статистика агенттігі.- Алматы: Қазстатақпарат, 2005.- 100 б.

7.Қазақстан экономикасының нақты секторындағы баға : Статистикалық анықтамалық / Жауапты ред.: Н. Кривко, Л. Горовых ; ауд. К. Н. Омарбекова;

ред. Қ. Әбдиев.- Алматы, 2003.- 218 б.

8.Лащев, Александр Михайлович.     Макроэкономика СПб. [и др.]: Нева : ОЛМА Медиагрупп, 2006.- 256 с

9.Мамыров Нүрғали, Тілеужанова, Манатжан.Макроэкономика: Оқулық / ҚР білім және ғылым м-трлігі, Т. Рысқұлов атын. Қазақ Экон.ун-ті.- Алматы: Экономика, 2003.- 432 б.

10.Мамыров, Нұрғали Құлшыманұлы ж.б.  Микроэкономика [Мәтін]: оқу құралы / Мамыров,Нұрғали Құлшыманұлы, Есенғалиева, Қаламқас Сембайқызы, Тілеужанова, Манатжан Әшімқұлқызы.-Өңд., бас.- Алматы: Экономика, 2004.- 420 б.:

11.Мамыров, Нұрғали. Ұлттық экономика: даму және кадр сапасы: [Көкейкесті]// Егемен Қазақстан.- 2005.-  22 маусым.- 3 б.

12.Мананов, Бекен Бақтыбекұлы, Молдақұлова, Ғазиза Мұхамедиқызы. Халықаралық экономикалық  статистика [Мәтін]: оқу құралы / ҚР білім және

Информация о работе Банк қызметінің бағыттары