Банк қызметінің бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2012 в 20:50, курсовая работа

Краткое описание

Нарық жағдайында банк жүйесі екі деңгейде болады: Орталық банк (эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесінде коммерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды қағаздарды алып-сатумен айналысады.

Содержимое работы - 1 файл

Банк тауекелдилигин сақтандыру.doc

— 121.50 Кб (Скачать файл)

Сонымен, қазіргі кезде банктік индустрия көбірек бәсекелестік қабілетті болды.

Әр түрлі қаржылық институттар арасындағы болған дәстүрлі ерекшеліктер тез өшірілуде. Бәсекелестердің көбі өз қызметін ұлттық шекара шеңберінен тыс жерлерге таратып глобальды көлемде қызмет ете алды. Бұдан басқа заң жағынан қойылатын шектеулермен ұсталынбайтын көптеген нарық субъектілері пайда болды, бұл бұларға бәсекелестік күресте сөзсіз артықшылық берді.

Біздің елде банктік жүйедегі өткір бәсекелестік туралы айту әлі ерте. Бізде банктер саны көп, бірақ олар әлі де бәсекелестікке қабілетсіз.

 

 

 

 

 

2 Банктік қызметтердің қалыптасуы

 

Нарықтық экономикаға көшу жағдайында банктік салада  банк әр түрлі операцияларды жүргізу кезінде өзіне қабылдайтын тәуекелдік бақылау дұрыстығының маңызы артады.

Нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты тәуекелдік түсінігі банктер өміріне нақты кіруде. Жоспарлы экономика жағдайында банктер қатал түрде КСРО Мембанкісінің  жоспар – нұсқауы бойынша қызмет етті, сондықтан банктік тәжірибеде «тәуекелдік» деген түсінікте болған жоқ. Егер клиенттің шотында есеп айырысу құжаттарын төлеу кезінде ақша қаражаттары болмаған жағдайда  банк автоматты түрде оған төлем несиесін ұсынатын.

Қазіргі кездегі банктік нарық тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез келген операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан банктік қызмет үшін тәуекелдікті мүлдем жою емес, оны алдын ала болжап, ең төменгі деңгейге идейін жеткізу маңызды болып табылады.

Банк тәуекелдігі дегеніміз не? Тәуекелдік негізінде ықтималдылықты, ал нақтырақ айтсақ, банктің қаржылық операцияларды жүргізу кезінде өз ресурстарының табысы бір бөлігін жоғалту немесе қосымша шығын шығару қаупін түсіндіреді. Банктік қызмет зиянсыз болуы үшін келесі категорияларды ескеру керек: жоғалтулар, шығындар, залалдар.

Банктік қызметке тән тәуекелдікті сипаттайтын жалпылама көрсеткіш ретінде жоғалтуларды, банктік табыстың төмендеуі ретінде түсінеміз. Осы көрсеткіш өзінде шығын мен залалды үйлестіреді, сондықтан тәуекелдік деңгейін жақсы бейнеде сипаттайды. Тәуекелдік пен жоғалту түсініктері өзара тығыз байланысты. Сол себептікті тәуекелді жоғалту категориясын қолдану арқылы сан жағынан да бейнелеуге болады. Бұл тәсіл тәуекел теориясының дамуы үшін негіз болып табылады.

Шығындар. Банктер өз қызметі барысында белгілі бір шығындар шығарады. Бұл салымшыларға төленетін пайыздар; басқа қаржылық институттардан қарызға алынатын несиелік ресурстар үшін төлем; есеп айырысу операцияларымен, бағалы қағаздармен байланысты шығындар; жұмыскерлерді, ғимараттарды, т.б. ұстауға кететін шығындар.Шығын категориясына қатысты тәуекелдік, көзге көрінбейтін жағдайларға байланысты белгіленген мөлшерден көбірек шығын шегу нәтижесінде пайда болады.

Табысты толық ала алмай немесе көзделген мөлшерден артық шығынның жұмсалу формасында көрініс табатын залалдар.Алдағы операцияларды, есептеулерге жасалатын талдаудың жеткіліксіздігінен немесе жағдайдың болжана алмауына  байланысты болады. Сол секілді залалдар тәуекелдігі нашар несиелік портфельмен (ресурстарды нашар орналастыру), конъюктураның толық есеплінбеуімен байланысты болғанда банкке әрқашан қолайсыз жағдайларға ұшырауына қауіп төндіреді. Жалпы кез келген қызмет түрі міндетті түрде белгілі бір тәуекелмен байланысты. Нарық жағдайында жұмыс істейтін кез келген кәсіпорын сияқты банк те жоғалтулар мен банк тәуекелдігіне ұшырауы мүмкін.

Шынында да, банк жетекшілері пайданы жоғарылатуға тырыса отырып, шығын мен зиянды барынша азайтуға ұмтылыс жасайды.

Мұның барлығы белгілі бір шамада бір-біріне қарама-қайшылық тудырады, оған банк иелері мен оның салымшыларының мүдделерінің қарсы келуі негіз болады.  Біріншілер, қосымша пайда табу үшін тәуекелдікке  баруға дайын болса, ал екіншілер үшін, банкке сеніп тапсырылған қаражаттардың сақталуы ең маңызды. Табыстылық пен тәуекелдіктің арасындағы  ықшамды қатынасты ұстап отыру, банкті басқарудың біршама күрделі мәселелерін құрайды.

Банк үшін негізгі тәуекелдік түрлері оның портфельімен байланысты болып келеді, яғни банктің қаражатына жұмсалынған қаржылық активтермен байланысты.

Тәжірибеде төрт басты портфельдік тәуекелдік түрлері белгілі: несиелік, өтімділік, пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелі, валюталық тәуекелдік.

Несие тәуекелдік- қарыз алушының өз қаржылық міндеттемесін орындамауымен байланысты банктік қарыз бойынша төлем төлемеу тәуекелдігі.

Ол қарыздар портфельінің сапасымен тікелей байланысты. Несие тәуекелдігін үш түрге бөлуге болады: қиянатшылық жасау тәуекелдігі, шетел несиелері бойынша тәуекелдік, ішкі заимдар бойынша төлем төлемеу тәуекелдігі.

Қиянатшылық жасау- 1991-1993 жж біздің республикамызда банктің үмітсіз қарыздарының неғұрлым көп таралу себебі.

Тексеру нәтижесінде маусымды егіндік жұмыстарға, астық жинауға, меншікті қаражаттарды толықтыруға бөлінген мақсатты несиелік ресурстардың көзделген мақсатында пайдаланылмауы туралы көптеген фактілері анықталған. Мұндай жеңілдік несиелері басқа банктерден алған несиелер бойынша қарызды өтеуге машиналар сатып алуға бағытталған. Сондай-ақ бұл несиелерді нарықтың мөлшерлеме бойынша коммерциялық құрылымдарға қайта сатып валютаға айналдыру , т.б. жағдайлар жиі болып отырған.

Қиянатшылық жасау – банктік жүйеде 80-жылдардың басында кеңірек тарап, олардың үлесіне АҚШ-тағы барлық банкротқа ұшыраған банктердің жартысынан астамы түскен. Бұл жерде банк директорлары мен жоғары лауазымды қызметкерлердің әріптестеріне, туыстарына, достарына, «достық» несиелерді ешқандай да қамтамасыз етусіз және қарыз алушыны қаржылық жағдайын тексерусіз бергендігі туралы сөз қозғалады.

 

2.2 Банктің басқару құрылымы

 

Банк жүйесін ұйымдастыру белгілеріне қарай филиалсыз банктерге, бөлімшелері бар банктерге және банктік топтарға бөлуге болады. Көптеген елдерде банк жүйесінің бір типі берілген, ал Қазақстанда дамымаған түрдегі банктік ұйымдардың барлық түрлері бар.

Ұлттық банктің рұқсатымен банктер Қазақстан Республикасы аумағында және одан тысқары жерлерде банктерін аша алады, ал өздерінің өкілеттілігін- Ұлттық банкінің  келесі  бір хабарлауымен ашады.

Банк филиалы- бұл бас банктің берген құқықтары шегінде банктік операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме. Банк филиалы заңды тұлға болып саналмайды, дербес балансы болмайды және өзінің бас банкі берген қаражаттар мен өкілеттіліктер шегінде қызмет етеді.

Банк өкілдігі -депозит тартудан басқа белгілі бір банктік операцияларды орындайтын және өз атынан, банктің тапсырмасымен жұмыс жасайтын заңды тұлға болып табылмайтын, құрылымдық бөлімше.

Еншілес банк – жарғылық қордың   50 % -нан астамы бас банкіге тиесілі, заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме.

Қазақстан бұрынғы КСРО-ның монополиялық банктік жүйесін қабылдады. Бұрынғы мамандандырылған банктері (Тұранбанк, Кредсоцбанк, Агроөнеркәсіпбанкі, Әлембанк, Халық банкі) республиканың барлық аумағында өздерінің бөлімшелерін иеленіп, жаңадан құрылған коммерциялық банктер де сондай өз филиалдарын құрды (мысалға, Қазкомерцбанк, Центркредитбанк, Темірбанк және т.б.)

Әлемдік банктік тәжірибеге қарағанда, бөлімшелері бар банктердің артықшылығы – олар бас банктің толық бақылауында және оның балансында болады.

Бірақ жоғарыда аталған мамандандырылған банктердің иерархиялық құрылымы болды. Олардың бас кеңсесі Алматыда орналасқан, оған облыстық басқармалар бағынса ал соңғысына аудандағы бөлімшелер бағынышты болып келді.

Шетелде банкі филиалдары заңды тұлға болуға және дербес мекеме ретінде тіркелуге құқылы. Көптеген банктердің филиалдары тұтыну несиесі, лизинг, факторинг, жылжымайтын мүлікті мерзімін ұзартып сатуға және т.б. маманданды.

Қазақстандағы соңғы уақыттарда құрылған барлық коммерциялық банктер филиалсыз, яғни шоғырланған болып келеді.

Батыс еуропа банктік жүйесінде ірі банктердің азғана топтары елдің барлығында өз бөлімшелерінің торабын ашу үшін аумақтық шек қою деген жоқ.

1988 жылы Германияда 6 ірі коммерциялық банктердің 3108 бөлімшесі, ал барлық банктік институттардың (жинақ банктері мен несиелік кооперативтерді қосқанда) филиал саны 39,7 мыңға теңесті. Франция, Канада, Италия, Жапония және т.б. елдердің банктерінің бөлімшелері мен филиалдары да көптеп саналады.

АҚШ-тағы  банкі жүйесі біршама өзгеше құрылған. Штаттардың заңында жекелеген банктерді ашуға шек қойылады. Сондықтан, кейбір штаттар қала шегінде, егер оның бас кеңсесі сол қалада болса ғана, банктерге филиалдар ашуға рұқсат береді, өзгелері- штаттың аумағында ғана ашуға, ал үшіншілері бөлімшелердің ашылуына мүлде тиым салады. Бірде-бір банкі өз штатынан тысқары жерде өзінің филиалын аша алмайды. Осыған сәйкес бұл елде жалпы ұлттық филиалдар торабы жоқтың қасы.

Банкі бөлімшелерін ашуға қойылатын шектеулер штаттағы сепаратизм дәстүрінен және ірі банктердің монополиялық қорқынышынан келіп туындайды. Дегенмен де, бірқатар жағдайларға байланысты (өндірісті орталықсыздандыру, автомобиль жолдарының дамуы, қаладан тыс жерлерде сауда орталығының ашылуы, халықтың қала төңірегіне жаппай қоныс аударуы және т.б.) банк филиалдарының торабы тез арада өсуде: 1970 жылы 22,9   мыңнан 1988 жылы 50,4 мыңға дейін.

Бөлімшелер мен филиал тораптарының кеңірек таралуы банкке: бас банктің толық бақылауында болуға, операциялар шеңберінің кеңеюі және депозиттер тарту үшін көптеген аумақты жаулап алуға және осындай факторлар есебінен пайданы ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Теріс жағы ретінде мұнда бас кеңсе тарапынан бақылаудың қиындығы және монополиялық процестердің күшеюін айтуға болады.

Банктің ұйымдастырудың осындай және өзге де формасын таңдау көптеген факторлармен анықталады: банктің стратегиялық міндеттерімен, оның бөлшек сауда нарығына қатынасымен, сол мекемеде қабылданған басқарудың жалпы философиясымен. Қазіргі тәжірибеде банк торабын орталықсыздандырған түрде басқару қолданылады, себебі ол барлық сұрақтарды дербес түрде шешуге мүмкіндік береді.

Банктің ұйымдастырылу құрылымы және соған сәйкес операциялары орталықсыздандыру дәрежесі, бірінші кезекте жалпылама түрде анықталады. Сондықтан да банктің бір-екі бөлімшесі болатын болса, онда орталықтан басқаруды жүзеге асыруы тиімді. Кез келген жағдайда да барлық жүйені тиімді жедел басқарудың болғаны міндетті, өйткені шешім қабылдау барысында кешігу, бас кеңсе мен

 

2.3 Банктік қызметті бақылау мен қадағалау

 

Банктік жүйенің елдің экономикасында алатын ролі мен орны ауқымды. Сондықтан несие-банктік сфера мемлекеттік органдар жағынан мұқият бақылау мен талдаудың объектісі болып табылады. әрбір елде банктік қызметті әртүрлі аспектілерде реттеп отыратын, өзіндік бақылау мен құқықтық актілер жүйесі жұмыс істейді. Республикамызда банктерді бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының банктік  және басқа да заңдарының сақталуын қамтамасыз етуге, шаруашылық-қаржылық қызметті және банктегі оның мекемелерінде жұмысты ұйымдастыруды кезеңдік тексеруге бағытталған кешенді шаралар жиынтығы ұсынылады.

Банктер үстінен жасалатын бақылау мен қадағалауды: халықаралық, мемллекеттік, аудиториялық және құрылтайшылық деп бөлуге болады.

Республикада банктер үстінен халықаралық бақылауды Дүниежүзілік банк , Халықаралық валюталық қор, т.б. жүзеге асырады. Олар республикаға өз несиелері мен экономикасын нарыққа көшіру барысында қаржылық және ғылыми-техникалық көмек көрсете отырып, белгілі бір талаптар мен шарттар қояды. Мысалы, елде инфляцияны белгілі бір шекке төмендету, банктік реформа бойынша олардың ұсыныстарын есепке алу т.б. Сонымен  қатар, елдегі экономикалық жағдайдың дамуымен бірге- банктік жүйенің жұмысы мен жеке банктердің қызметін де бақылап отырады.

Мемлекеттік бақылау ведомствадан тыс және ішкі ведомствалық болады.

Банктер үстінен ведомствадан тыс бақылауды Президент жанындағы Қаржылық бақылау Комитеті, Жоғары Кеңестік бақылау палатасы, бас салықтық инспекция, құқық қорғаушы органдар жүзеге асырады.

Олар банктік қызметі әр түрлі бағыттар бойынша тексереді: шаруашылық және операциялық, бухгалтерлік есеп пен есеп берудің жағдайын, заңдық және нормативтік талаптардың сақталуы, клиенттер мүдделерінің қорғалуы, ақша-несие саясатының дұрыс жүргізілуі және т.б.

Банктер қызметіне қадағалау және ішкі ведмоствалық бақылауды банк жүйесінің жоғары буыны- Ұлттық банк өзінің Қадағалау  департаменті арқылы жүзеге асырады.

Аудиторлық бақылауды  арнайы және тәуелсіз аудиторлық мекемелер, бақылау палаталары, ассоциациялары жүзеге асырады. Аудит өз алдына банктердің қызметіне бақылаудың тәуелсіз нысаны болып табыла отырып, ол ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Банк қызметінің сыртқы аудиті лицензиясы бар арнайы тәуелсіз аудиторлық ұйымдармен немесе лицензиясы бар тәуелсіз жеке аудитормен ақы төлеу келісім-шарты негізінде жүргізіледі.

Аудиторлық ұымдар және аудиторлар бухгалтерлік есеп пен есеп берудің нақтылығын тексере отырып, қаржы-шаруашылық операциялардың заңдарға сәйкестігі мен олардың мәліметінің растығын бекітеді; іс жүргізу дұрыстығын, құжат айналымының ұйымдастырылуын келісім-шарт жасау шарттары мен несиенің қамтамасыз етілуін бақылайды; төлемдердің уақтылы төленуін, кассалық тәртіптің сақталуын, т.б. жағдайларды тексереді.

Өз қорытындысында аудиторлар жіберілген қателер мен кемшіліктер бойынша кеңестер мен ұсыныстар береді.

Ішкі аудит жетекші бақылау формасын білдіреді және оны жүзеге асыру үшін банкте арнайы ішкі бақылау бөлімі құрылады. Оның негізгі міндеті: бөлімшелерге берген банк жетекшілерінің нұсқауларын дұрыс орындалғанына, банктік қызмет және оның жеке қызмет пен бөлімдердің әлсіз жерлерін анықтау, материялдық және қаржылық құндылықтарының сақталу қуіпсіздігін тексеру және қамтамасыз ету, т.б. жатады.

Информация о работе Банк қызметінің бағыттары