Қазіргі жағдайда қаржыны басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 17:59, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу жұмысныың өзектілігі. Қаржыны жалпы басқару Қазақстан Республикасының заң шығару қызметік жүзеге асыратын елдің ең жоғарғы өкілді органы — Парламентке жүктелген. Палаталардың бірлескен отырысында Парламент республикалық бюджетті және Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, бюджетке өзгертеулер мен толықтырулар енгізеді, салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды, мемлекеттік қағаздар мен республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді.

Содержание работы

Кіріспе......................................................................................................................3
I. Қаржыны басқарудың теориялық негіздері................................................7
1.1 Қаржыны басқару мәні мен құрылымы ..........................................................7
1.2 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару.......................10
II. Мемлекеттік қаржыны басқару және жетілдіру жолдары..................................................................................................................
2.1 Қазақстан Республикасындағы қаржыны басқаруды ұйымдастыру...........................................................................................................
2.2 ҚР Қаржы министрлігі, оның мемлекеттік басқару органы........................
Қорытынды............................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................32

Содержимое работы - 1 файл

курсовой.doc

— 130.50 Кб (Скачать файл)

Жергілікті бюджеттердің атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілдік берген мемлекеттік органдар, мәслихаттардың тексеру комиссиялары болып табылады.

Үкімет уәкілдік берген мемлекеттік орган:

1)  мәслихаттардың тексеру комиссияларына бақылау жүргізу актілерін, сондай-ақ ақпарат беру үшін жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау жоспарларын жібереді;

2)   Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергілікті бюджеттер қаражатының нысаналы және тиімді пайдаланылмауын тыю мен оған жол бермеу жөнінде шаралар қолданады;

3) жергілікгі бюджеттердің қаражатын пайдалануда бақылау объектілері лауазымды адамдарының әрекеттерінде қылмыс белгілері, Қазақстан Республикасының заңдарын өзге де бұзу фактілері анықталған жағдайда бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына береді;

4)  жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау саласында кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды ұйымдастырады.

 

 

2.2 ҚР Қаржы министрлігі, оның мемлекеттік басқару органы

 

Бүгінде Қазақстанның қаржы  жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады:

    • мемлекеттік бюджет жүйесі;
    • арнаулы бюджеттен тыс қорлар;
    • мемлекеттік кредит;
    • жергілікті қаржы;
    • шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;
    • халықтың қаржысы.

      Қаржы  қатынастарының алғашқы үш бөлігі жалпымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржылаға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады. Шаруашьшық жургізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.

Жергілікті  қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды кұрамы болып табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік рөлі, оның құрамы мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарға жүкгелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси-экономикалық бағыттылығымен анықталады.

Қаржыны басқару стратегиялық, яғни қаржыны жалпы басқару және оперативтік басқару болып ажыратылады. Стратегиялық басқару қаржы ресурстарын келешекте болжау арқылы анықтауда, мақсатты бағдарламаларды және басқаны іске асыруға арналған қаржы ресурстарының ауқымын белгілеуде көрінеді. Оны дәстүр бойынша мемлекеттік биліктің және басқарудың жоғарғы органдары — Президент аппараты, Парламент, Үкімет, Қаржы министрлігі жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Президентіне көп жағдайда Президент аппараты арқылы қаржыны басқаруға үлкен өкілдік берілген. Президент стратегиялық жоспарларды, республикалық бюджетті және оның орындалуы туралы есепті әзірлеу тәртібін белгілейді, мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялық жоспарларды бекітеді. Президент Үкімет актілерінің іс-қимылын бұзады (алып тастайды) не түгелдей немесе ішінара тоқтатады. Ол Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасын және екі мүшесін қызметке тағайындайды, ол органдардың жұмысы туралы ақпаратты тыңдайды.

Қаржыны жалпы басқару  Қазақстан Республикасының заң шығару қызметік жүзеге асыратын елдің ең жоғарғы өкілді органы — Парламентке жүктелген. Палаталардың бірлескен отырысында Парламент республикалық бюджетті және Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, бюджетке өзгертеулер мен толықтырулар енгізеді, салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды, мемлекеттік қағаздар мен республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді.

Парламенттің жұмыс органдары тұрақты негізде жұмыс істейтін сенат пен мәжілістің тұрақты комитеттері — Экономика, қаржы, бюджет комитеттері болып табылады. Комитеттерде заңнамалық актілер оларды Парламенттің палаталарында дауысқа салуға енгізгенге дейін анықталады.

Қазақстан Республикасының  Үкіметі — Министрлер Кабинеті Республика Президенті белгілейтін тәртіппен  республикалық бюджетті әзірлеу  мен өзгертуге қатысады. Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді.

Жалпы қаржыны басқарудағы Үкіметтің құзыры оның атқарушы биліктің органы ретіндегі мәртебесімен анықталады және мыналарды қамтиды:

    • әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асырудың стратегиялық және тактикалық шараларын әзірлеу;
    • мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық бағдарламаларды, индикативтік жоспарларды әзірлеу;
    • республикалық бюджетті әзірлеу және оны атқару;
    • елдің қаржы жүйесін нығайту жөніндегі шараларды әзірлеу және жүзеге асыру, мемлекеттің қаржы, валюта және материал ресурстарын жасап, пайдаланған кезде заңдылықтың сақталуына бақылауды қамтамасыз ету;
    • құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асыру;
    • мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастыру;
    • аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешу;
    • сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру, басқа мемлекеттермен, ынтымақтастық пен халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі шараларды әзірлеу;
    • елдің Конституциясымен айқындалған мәртебеге сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 3 қыркүйектегі № 962 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы қағидаға сәйкес Министрлік басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте мемлекеттік бюджеттің атқарылуы және атқарылуын бақылау, мемлекеттік меншікті басқару, есепке алу және пайдалануын бақылау, банкроттық рәсімдерінің және дәрменсіз борышкерді тартудың соттан тыс рәсімінің жүргізілуін бақылау, бухгалтерлік есеп жүйесін және қаржылық есептеме аудитін реттеу саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады./16, 1 б./

Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

    • республикалық бюджеттің атқарылуын және жергілікті бюджеттердің атқарылуына кассалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
    • салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін және өзге де бюджетке түсетін түсімдерді, міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақытылы аударылуын, шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетін түсімдер бөлігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылуын қамтамасыз ету;
    • өз құзыры шегінде республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының тиімді және мақсатты пайдалануын бақылау;
    • мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін арттыру;
    • мемлекеттік салық саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
    • банкроттық рәсімін жүргізуге (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), сондай-ақ соттан тыс рәсімде дәрменсіз борышкерді таратуға мемлекеттік бақылау;
    • алкоголь өнімдері мен этил спиртінің өндірілуін және оның айналымын мемлекеттік реттеу;
    • өз құзыры шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін жүзеге асыру;
    • Министрліктің құзыры шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

Қаржы министрлігі жүйесіндегі ең көбі жергілікті қаржы органдарының аппараты, ол облыстық, қалалық, аудандық қаржы 6асқармалары мен бөлімдерін, салық комитеттерін қамтиды. Олар басқару жөніндегі жұмыстарды жүргізеді, яғни жергілікті бюджеттердің атқарылуымен, ішкі шаруашылық резервтерді анықтаумен және шаруашылық кешенінің және әлеуметтік-мәдени сфераның барлық буындарында ресурстарды үнемдеуді іздестіру мен айналысады, шаруашылық органдарды қаржыландыруды жүзеге асырады және олардың қаржы қызметін бақылап отырады. Қаржы және салық органдары жергілікті әкімшіліктің бағынышында болады.




Информация о работе Қазіргі жағдайда қаржыны басқару